7
өнер дамыды. Тасқа қашап жазу жазатын зергерлер, тасқа
қырнап сурет салатын тас қашаушылар болды. Сақтардың
көсемдері мен батырларын құрметтеп тас мүсін, ескерткіштер
орнату дәстүрі пайда болды. Сақтардың тастан ескерткіш
салу дәстүрі бүкіл Еуропаға бұрын-соңды болмаған жаңалық
болып барды. Жартастарға қашап жазулар жазды, ойып
оюлар салды. Әдебиетшілер, шежірешілер шығармаларын
тасқа қашап жазатын болды. Домбыра мен қобыз, дәп,
сыбызғы, керней, дауылпаз, жетіген, шертер, т.б. музыкалық
аспаптары болды.
Кернейді, дауылпазды соғыста әскерлердің рухын көтеру
үшін пайдаланды.
Жыршы-жыраулары мен биші қыздары болды.
Қайтыс болған адамдарға арнап қаралы әуенді қобызбен
орындады. Жоқтау жырлары айтылды.
Ежелгі сақтардың Шу атты батыры болған. Ол туралы
«Шу батыр» деген дастанның да бар екені белгілі. Бұл дастан
ежелгі сақтар дәуірінде пайда болған. «Шу батыр» дастаны
туралы ғылыми пікірлер жазған түрік ғалымы Н.Банарлы,
қазақтың көрнекті ғалымы Н.Келімбетов болды.
Ежелгі сақ дәуіріндегі балалар әдебиеті өзіндік
ерекшелігімен дараланады. Профессор Алма Қыраубаева
қазақ мәдениеті туралы «Қазақ мәдениеті біздің дәуіріміздің
арғы жағындағы скиф-сақ тарихынан басталып, түріктер
(түркілер – ерекшелеген мен) тарихына жалғасады...
Қазақтың кең даласында еркін жортқан ата-бабаларымыз
бізден екі жарым-үш мың жыл бұрын-ақ ақыл-айламен,
қылыш-найзамен елін, жерін сақтай білді. Дәстүріне берік
болды. Алыс-жақын елдермен байланыс жасады. Қазақта
«Ұлың Үрімге, қызың Қырымға» деген мақал бар. Одан
ұғатынымыз – аталарымыздың атының тұяғы Рим мен
Қырымға дейін жеткендігі. Он бірінші ғасырдағы ғалым
бабамыз Махмұд Қашқари «Түрікше сөздік» деген кітабын-
8
да «Сол кездегі қыпшақтардың мекені Русь пен Румға дейін
созылады» деп жазған. Қазақтар – ежелден өнерлі, шешен,
дана халық...» деп жазды (Ежелгі әдебиет. А., «Өнер», 2008,
136-бет).
Ежелгі сақ дәуіріндегі балалар әдебиетіне жататын «Анар
мен Мұнар» («Анарбай мен Мұнарбай» деген нұсқасы да
бар. М.Ә.) атты ертегіде Анар мен Мұнардың ақыл-парасаты
сөз болады. Ата-бабаларымыздан қалған мұра тасқа қашап
жазылған ескерткіштерді қорғау, ежелден сақталып келе
жатқан жәдігерліктерді көздің қарашығындай сақтау идеясы
сананы сергітеді. Ертегі ежелгі сақтарда әріп таңбасының
болғанынан хабардар етеді.
Ежелгі сақ дәуірінің әйгілі көсемдерінің бірі – Тарғытай.
Тарғытай туралы белгілі тарихшы Геродоттың кітабында көп
деректер бар екені белгілі. Орталық Азия және Қазақстан
түркілері ауыз әдебиетінде Тарғытай туралы ертегілер,
аңыз-әңгімелер, өлең-жырлар көптеп кездеседі.
«Шырақ батыр», «Сақ қызы Күнсұлудың хикаясы»,
«Қобыз үні» деп аталатын ертегілерде Шырақ батырдың,
Күнсұлудың, қобызшы Ерғұланның ақыл-парасаты мен
тапқырлығы жайлы сөз болады.
Ежелгі ғұн дәуіріндегі балалар әдебиеті
Ғұндардың зергерлік өнер ескерткіштерінің қалыпты
жағдайда дамуы олардың білімге, өнерге құштарлығын
арттырды. Қолөнер бұйымдары әлем халықтарының
назарын аударды. Тұрғын үйлер – киіз үйлері болды. Киіз
үйлер көшіп-қонуға ыңғайлы еді. Соғыс кезінде, ел шетіне
жау келгенде қауіпсіз жерлерге тез қоныс аудару әдісін
меңгерді. Осындай жағдайларда киіз үйлер тез жиылып, төрт
дөңгелекті арбаларға, түйелерге, жылқыларға, сиырларға
жүктелетін болды.
Ғұндар балалар мен жасөспірімдерге көшіп-қону
мәдениетін, тасқа жазуды, аңшылық пен соғыс өнерін
9
үйретті.
Ежелгі ғұн дәуіріндегі балалар әдебиетіне «Бала Түмен
туралы аңыздар», «Тәңірқұт Түмен туралы аңыздар», «Тас
зергері Тұрқұт», «Тас зергері Тарғылдың өсиеті», «Мөде
батыр» және «Ақтырна» ертегісі жатады.
Қазақ мифтік әңгімелеріне жататын «Ақпаңбу ақсақал
туралы аңыз», «Қасиетті сәби», «Қызылқан» мифтік
әңгімелері балалар әдебиетін толықтыра түседі.
«Бала Түмен туралы аңыздарда» он екі жасар Түменнің
әкесіне еріп жорыққа қатысуы сөз болады. Әдеби-ғылыми
еңбектерде Түмен – тарихи тұлға. Түмен бала кезінен
аңшылықтың әдіс-айласын үйренген, әскери ойындарды
жетік меңгерген бала ретінде суреттеледі. Бала Түмен өзінің
қарауындағы тоқсан әскермен елді қорғау істеріне қатысады.
Аңызда бала Түмен ақылдылығымен көзге түседі.
«Тәңірқұт Түмен туралы аңыздарда» Түменнің тас
мүсіндерге ерекше ықылас аударатыны сөз болады. Ол тас
мүсіндерді, балбал тастарды жаудан қорғап қалудың жолын
іздеуші, өз халқының мәдениетін көздің қарашығындай
қорғаушы ізгі ниетті жан ретінде суреттеледі.
«Тас зергері Тұрқұт» деген аңызда Тұрқұттың шәкірт
тәрбиелеудегі адалдығы, зергерлердің тасқа қашап жазған,
тасқа ойып салған еңбектерін қорғау туралы өсиеттері арқау
болады. Бұл орайда Түмен хан мен зергер Тұрқұттың ойлары
үндес, сабақтас.
«Мөде батыр» аңызының негізгі идеясы – атамекенді
қорғау. Ғұн елінің жаулары Мөденің жүйрік тұлпарын
сұрайды. Екі елдің арасында кикілжің туып кетпеуі
үшін Мөде тұлпарын беріп жібереді. Ғұн елінің жаулары
енді Мөденің сұлу әйелін әйелдікке сұрайды. Екі елдің
арасында соғыс өртінің тұтанбауы үшін Мөде бір ханымын
беріп жібереді. Әбден дандайсыған жаулары Мөдеден жер
сұрайды. Мөде қаһарына мініп, соғыс ашады. Соғыста
Достарыңызбен бөлісу: |