Қазақ тіл білімі тарихы алматы, 2016



жүктеу 350,49 Kb.
бет6/46
Дата11.01.2022
өлшемі350,49 Kb.
#32175
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Қазақ тіл білімі тарихы

АХМЕТ  БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

 

ХХ ғасырдағы қазақ рухани мәдениеті көшбасшыларының бірі болған Ахмет Байтұрсынұлы — өмірі аңызға, шығармашылығы үлкен маңызға ие болған көрнекті тұлға. Жастайынан тағдыр талқысын көріп өскен Ахметті өсірген де, ғылым мен мәдениеттегі көсегесін көгерткен де — халық үшін еткен еңбегі, елі үшін еңсере жасаған қызметі.



Қазақ тілінің төл оқулығын ана тілінде алғаш жазып, әуелгі терминологиясын қалыптастырған, қазақ тіл білімінің көшбасшысы,  айтулы ғалым А.Байтұрсынұлына дейін жазылған қазақ тілі туралы бірлі-жарым орыс тіліндегі оқу құралдары болғанымен, қазақ тілінде бұл мәселе көтерілмеген еді. Қазақ тілінің грамматикасына тыңнан түрен салған, барлық салалары бойынша алғашқы терминдерін жасап, негізгі жүйесін қалыптастырған ‑ Ахмет Байтұрсынұлы.

А. Байтұрсынұлы Орынбор қаласындағы Ыбырай Алтынсарин салдырған  мұғалімдер даярлайтын “Учительская школаны” 1895 жылы бітіреді де, ағартушылық жұмысқа кіріседі. Содан 13-14 жыл бойы яғни 1895 жылдан 1909 жылға дейін ауылдық, болыстық бастауыш мектептер мен 5-6 жылдық екі сыныптық училищелерде мұғалім болып істейді. Бала оқытумен күнделікті айналыса жүріп, оның негізгі қажеттіліктерін, қиыншылықтарын жақсы біледі.

Ахмет Байтұрсынұлы ұлт мектебінің бойына қан жүгіріп, өз аяғына тұрып кетуі үшін, ең алдымен, оның жазуы, яки түсінікті де сөздің айтылу жүйесін толық белгілей алатын әліпби қажеттігіне әсіресе қатты ден қояды. Сөйтіп, 1910 жылдан бастап қазақ жазуын жаңадан түзумен айналыса бастайды. Өзінің негізгі ғылыми ойларын ғалым 1912 жылдан бастап “Айқап” және “Қазақ” газеттерінің беттерінде жариялайды. Ұзақ ізденістен кейін автордың өзіндік әліпбиі дүниеге келеді. Бұл әліпби негізінен араб таңбасына  негізделген, қазақ тіліне толық икемделген нұсқа саналып, өз кезеңінде жергілікті ұстаздар арасында үлкен қолдауға ие болады. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жазуына үлкен реформа жасайды. 1912 жылдан бастап, бұл ғылыми негізге сүйеніп жасалған қазақ әліпбиі жаңа жазу ретінде іс жүзінде қолданысқа түсе бастайды. Осы кезден бастап көптеген мұсылман медреселері мен қазақ-орыс мектептері жаңа жазу таңбасын қолданады. 1915 жылдың өзінде бұл таңбамен 15-тей қазақ кітабы жарық көреді.

А.Байтұрсынұлы реформалаған араб жазуы өз кезеңінде қазақ мәдениетінің өсіп, қалыптасуына үлкен үлес қосады. Кеңестің қатал саясатының салқынымен латын таңбасына көшкенге дейін бұл жазу қазақ арасына кеңінен тарап, көпшілік қолдауына ие болған. 1924 жылғы Орынборда маусымның 12-жұлдызында өткен “Қырғыз (қазақ) білімпаздарының тұңғыш съезінде” талқыланып, көпшіліктің қолдауына ие болғанымен, 1926 жылы Баку қаласында өткен Бүкілодақтық Бірінші Түркологиялық съезде барынша дәлелдеп баққанымен, Ахмет Байтұрсынұлының ұсынған концепциясы ақырында ұлтшылдық деп айыпталғаны бүгінгі оқырманға таныс.

Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің оқулығын жазуы – қазақ тілінде қазақша жазылған оқулықтың алғашқы бастамасы болды. Автор 1912 жылы мектеп балаларына арнап, қазақша сауаттандыратын әліппені – “Оқу құралын” жазғаннан кейін, мектепте қазақ тілін пән ретінде оқытатын оқу құралын жазуға кіріседі. “Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу – ауызбен сөйлесуден артық даражаға жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды. Жазумен дүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сөйлегенде сөздің қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жаза білуге, қай сөз  қандай орында қалай өзгеріліп, қалайша біріне-бірі қиындасып жалғасатын жүйесін білу керек”,- деп жазады ұлы ғалым (Тіл құрал, 173-бет).

Ахмет Байтұрсынұлының мектеп туралы, оқу-білім туралы ойлары 1914 жылғы “Қазақ” газетінің № 62  санында жарияланған “Мектеп керектері” атты мақаласында  баяндалған. Онда ең әуелі мектеп ісіне керекті нәрсе ретінде білімді, педагогика мен әдістемеден хабары бар мұғалім деген қорытынды жасайды. “Мектептің жаны – мұғалім” – дейді ғалым. Мұғалім қандай болса, оның мектебі де сондай деген тұжырым айтады. Екінші, оқыту ісіне керек құралдар қолайлы, әрі жұрттың бәрі бірдей сыйлайтын сыйлы болуы қажет деген ой айтады. Шынында да, егер ұсынған оқулық сынға ұшырап, қатесі көпе-көрнеу байқалып тұрса, онымен оқу да, оқыту да ауыр екені өзінен-өзі түсінікті. Ғалымның ең қажет нәрсе ретінде тағы да айрықша бағалайтыны – бағдарлама. Оқыту ісі көңілдегідей болып шығуы үшін, оның үлгісі, мерзімді өлшемі болуы қажеттігін дәл тауып, тап басып айтады.

Ахмет Байтұрсынұлы көрнекті ғалым ретінде ғана емес, әдіскер ретінде де көп еңбек еткен. Алғашқы әліппе, оқулық, тіл құралдарын жазумен қатар, осы оқу құралдарын тәжірибе жүзінде қалай пайдалану қажеттігі жөнінде де ғылыми тұрғыдан терең талдаулар жасайды. Бұл тұрғыдан Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдістемелік ғылымның да алғашқы бастаушысы бола алады. “Баяншы”, “Әліппе астары”, “Нұсқаушы”, “Тіл жұмсар” әдістемелік еңбектері мен “Баулу мектебі”, “Жалқылау”, “Қай әдіс жақсы”, “Дыбыстарды жіктеу” атты мақалалары осының айғағы болса керек.

Ғалым өзінің оқулықтарында әріптерді балаларға тез әрі оңай үйрету үшін көптеген әдістерді пайдаланған. Ол өзі жасаған әліппидегі әріптерді үйрету үшін, ең алдымен, оны жазып үйрену үшін, тілдегі дыбыстарды тани білу керектігіне назар аударады. “Әріптерді тани білуді” мақсат ету – таңбаның негізгі белгілерін бағамдауға үйрету. Таңбаның негізгі екі белгісі бар. Бірі – сыртқы тұлғасы да, екіншісі оның мағынасы. А.Байтұрсынұлы осының екі жақтылық белгісін балаға дұрыс пайымдатуға көңіл бөлген. Дыбысты меңгертіп, оның әріптік таңбасын таңбалайды.

1913 жылы жазылған “Қазақша оқу жайынан” деген мақаласында “Бала оқытуды жақсы білейін деген адам, әуелі балаға үйрететін нәрселерін өте жақсы білерге керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек” деп жазады. Мұның өзі, түптеп келгенде, ұстаздың білім-білігінің жоғарылығы, бала зердесін, психологиясын танудағы шеберлігі. Ұстаз – өз білгенін ғана үйретіп қойса, ол ұстаз емес, нағыз ұстаз болу үшін оқушының білуге тиісті нәрсесін үйрету парыз. Балауса бала ұстазының кей осал тұстары болса, оны кешіре алар, ал оның білімсіздігін кешпейді. Білімсіз ұстаз – болашақтың дұшпаны. Бала уақытының ұрысы. Алдында отырған оқушының уақыт атты ұлы қазынасын алуға ешкімнің құқы болмаса керек.

Ахмет Байтұрсынұлының “Баяншы” әдістемелік нұсқауы Қазан қаласынан 1920 жылы жарыққа шыққан. “Сөз басында” автор былай деп жазады: “Үйрену һәм үйрету ең басында қиын. Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы шағылмай, көңілі қайтып, мұқалмайды; оқуға ықыластанып, оқыған сайын қызығады” (Тіл тағылымы, 1992, 323). Мұның өзі қазіргі таңдағы бастауыш мектептерді білім беру ісіне басшы, оның негізгі оқулық жазу жүйесінде басты бағдар, талап болатын ойлар.

Жақсы оқытудың негізгі әдістерінің бірі ретінде ғалым баланың бұрынғы білген білігін ұштау, соның негізінде жаңа хабар ұсынуды басты назарда ұстаған сыңайлы. Айталық, “Дыбыспен жаттығу” үшін, әрбір дыбыстарды саралап алған соң, оны жазу арқылы ұғындыруда мынадай әдіс-тәсіл қолданады: “Жазу дегеніміз – дыбыстың таңбасы. Әр дыбыстың әр елдің таңбасындай таңбасы болады. Таңбасына қарап қай дыбыс екенін танимыз”. ХХ ғасыр басындағы бала үшін өз елінің таңбасын білу – аса күрделі дүние болмаған. Әрбір ата-ана өз елінің, руының таңбасын баласының санасына сіңіріп өсірген. Міне осы жадтағы жазу жүйесін ғалым үлгі ретінде пайымдатып, санаға сәуле түсіріп алып, аналогиялық таным негізінде оның жаңа әріпке тез енуіне, түсінуіне жағдай туғыза алады.

“Оқу үйренгендегі басты мақсат – керек сөзді жаза білу, жазылған сөзді оқи білу. Сөз – дыбыстың мағыналы болып тізілгені. Сөз айту дыбысты ауызбен тізу. Оқуға келген балалар сөйлей білсе де, дыбыстарды тізіп сөз шығара білмейді, Себебі олар сөздің дыбыстан тізілетінін білмейді” – деп жазады ғалым.

“Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді” дегенді мақсат етіп ұстаған ғалым “Қазақша оқу жайынан” атты мақаласында бала оқыту жүйесін құрудың алғашқы бастамаларын көрсетеді. Әліппеден өзге кітаптардың әлі шыға қоймағанына қынжылыс білдірген автор “…әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастау керек. Неге десеңіз, болыстық та, билік те халық та – оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі. …Жаңалыққа жастар мойынын бұрыпқайрылар, халық түзелуінің үміті жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі бәрінен бұрын ескеріліп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс” – деп жазады. Бұлай сөйлеудің ар жағында үлкен мән бар. Орыс  үкіметі жүргізіп отырған оқыту саясаттың ар жағындағы орыстандыру жайы жатқанын терең сезінген ғалым, қазақ балаларын, жастарын қазақша оқытудың жайын осылайша тұспалдап жеткізіп отыр. Сондықтан да қазақ баласының бір парасы орысша оқып жүргенін айта отырып, “орысша оқу орыс қолтығында тұрған жұртқа керек, керек болғанда қазақша оқығанның үстіне керек. Қазақша оқи, жаза білген соң, шама келсе орысша  да білу қажет” екенін анық айтады.

Ғалым оқыту ісіндегі ең басты, әрі маңызды нәрсе  оқуды дыбыспен жаттықтыру деп түсінеді.  “Дыбыспен балаларды жаттықтыру – оқу мен жазу үйретудің негізі. Істің басы түзу басталса, барысы да түзу болмақшы” дегенді нықтай айтады. Бұл пікірлерді қазіргі кезде өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде меңгертуді қолдарына алып жүрген ұстаздар басты бағыт ретінде қолданса мақұл болар еді.

Ахмет Байтұрсынұлының “Бастауыш мектеп” атты мақаласы қазақтың бастауыш мектебі қандай болуы керек? деген мәселеге арналған. Қазақ баласын бірден орысша оқыту жөн бе, болмаса алдымен бастауышта қазақша оқытуды міндеттеу керек пе, орысша білім алған баланың еотеңгі дүниетанымы қала қалыптасады деген ұлт болашағы үшін мәні терең, мағынасы мол  мәселені көтереді. “Бастауыш мектеп, әуелі, миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек, яғни қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір суық қолдан тыныш боларға керек. Қазақ дінге нашар күйден өткен, енді қазақты басқа дінге аударамын деу құр әурешілік” – деп жазады А.Байтұрсынұлы.

Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік бағытта жазылған “Тіл жұмсар” атты еңбегінің мәні зор. Тіл – құралдың жеке бөлшектерін түсіндіру жолын белгілеп берген бұл еңбектің қазақ тілінің әдістемесі пәнінде алатын ролі мен маңызы ерекше болмақ.

“Тіл жұмсар” – қазақ тілін оқыту әдістемесінің басы. Ғалымның өзі көрсетіп бергендей, тіл туралы еңбек жазу бар да, оны балаға оқыту жүйесі бар: “Тіл құрал” қазақ тілі қандай құрал екендігін тұтас түрінде таныту үшін түрлі бөлшектерін, тетіктерін ұсағын ұсағынша, ірісін ірісінше жүйелі тұрған орнында алып көрсетіп танытады. “Тіл жұмсар” сол үлкен құралдың бөлшектерін, тетіктерін балаға шағындап бөлек-бөлек ойыншық сияқты құрал жасап, соларды танытып, соларды жұмсату арқылы барып үлкен құралды танытады” (1992, 336).

“Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі – бір ғана әдісті болу, шеберліктің болуы – түрлі әдісті болу; керек орнында жоқ әдісті табу да қолынан келу”, — деп ой түйіндеген әдіскер-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының жазғандарынан алар тағылым-үлгі мол. Қай кездегі мұғалім не оқытушы болса да, оқыту әдісін көп білуі шарт. Әр әдісті орынды қолдана білсе, қайсыбір әдіс болса да өз орнында орынды көрінері даусыз.

Әдіскер-ғалым оқытудың дұрыс жолға қойылуы үшін, мынадай әдістемелік қағидаларды ұсынады:


  • Жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру;

  • Тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару;

  • Сабақты алдын ала даярлайтын сұраулар қою арқылы ынтасын арттыру;

  • Қажетсіз мағлұматтардан сақтану, баланың ілтипатын қоздыратын қызықты нәрселерді ғана сөйлеп, үйрету;

  • Баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматтардан сақтану, лайықты салыстыру, теңестіру, ұқсастыру, түрлі әдісті оңтаймен оқытуға, жандандыруға тырысу;

  • Алғашқы кездегі оқыту деректің көрнекі болуы. Оған сай жобаларды дұрыс қолдану;

  • Өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы үйрететін нәрсесіне өзі де ынталану, өзі де жақсы көру, оқытушы сүйген нәрселерді оқушы да сүйеді.

Ғалым ұсынып отырған қағиданың қай-қайсысы болса да балаға дәріс беру жүйесінде ешқашан ескірмек емес. Мектеп мұғалімі үшін үнемі есте болатын негізгі ұстанымдар деп бағамдаймыз.

Қазіргі қазақ тілінің негізгі теориялық тұғырын, басты концептуалдық негізін қалаған А. Байтұрсынұлы: «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық даражаға жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды. Жазумен дүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі», ‑  дей келіп, «сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге қай сөз қай орында қалай өзгеріліп, қалайша біріне‑бірі қиындасып жалғасатын жүйесін білу керек» екенін айтады. Мұны ғалымның басты тұжырымдамасының бірі ретінде қабылдаймыз:



  • жазудың рөлі мен маңызы бірінші орынға қойылады;

  • лебіз бен тілдің арасындағы айырма көрсетіледі;

  • дұрыс жазу үшін емлесі анықталуы қажеттігі көрсетіледі;

  • ойдың нақтылығы мен айқындығы сөйлемдегі ішкі жүйенің дұрыс құрылуымен байланысты екені айқындалады.

Бүгінгі қазақ тіл білімінде осы бағыттардың қай‑қайсысы зерттеліп, жүзеге асырылды деген сұрақ қойылады. Өткен бір ғасырлық қазақ тіл білімі тарихындағы зерттеулерге шолу жасап, негізгі зерттеулердің бағыт‑бағдарын айқындау керек. Қазақ тіл білімінің бұдан кейінгі даму бағыттарын белгіліп, оның жүйелі де кешенді дамуының басты қағидаттарын анықтау да басты әрі өзекті теориялық мәселе.

Қараңғылықтың қамауынан алаш жұртын аршып алуға арналып, алғашқы сауат ашу құралы ретінде жазылған “Оқу құралынан” бастап, “Әліп-би”“ мен “Тіл құрал”, “Әдебиет танытқыш” атты зерттеулері мен маса болып ызыңдап елдің ертеңін ойлауға үндеген «Қырық мысал», «Масасы», қазақтың эпостық жыры «Ер Сайынның» алғы сөзі мен түсініктемелерін жазып, 1923 ж. Москвада шығаруы, ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялауы — оның есімін алтын әріптермен қазақ мәдениетінің шежіресіне жазды.

Ахмет Байтұрсынұлының қоғамдық-саяси қызметінің аса құнды тұсы   Орынбордағы 19131918 жылдары Ә. БөкейхановМ. Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығаруы. Газеттің қазақ журналистика тарихында ерекше маңызға ие болуы, жарияланған мақалалардың ұлттық мәселелерді жүйелі саралап және ел өміріндегі ерекше қажетті жағдаяттарға арналуымен байланысты. Ел тағдырының келешегіне саналы түрде алаңдаулы ақын көп қырлы ісімен, дана саясатымен қазақ жастарының рухани көсемі болды. Ахмет Байтұрсынұлының ұлылығы ұлт үшін ұлық істерді бастауымен, алғаш қазақ әліпбиін жасап, қазақ сөз өнерінің теориясын туғызғанымен, тіл ғылымының маңызын терең түсініп, бағалап, тілдік терімсөздерді ұлттық санаға лайықтап жасауымен байланысты. Қазақ сөзінің қисынын келтіріп, өз нақышында жазу үшін сол тілде сауатын ашып, дағдылану керектігін тап басып айту да – ақын ерлігінің бірі. А. Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» атты ұлы Абайға арналып жазылған мақаласы – әдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектердің бірі ретінде бағаланады. Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, көркемдік-эстетикалық сипаты алғаш рет ғылыми тұрғыдан зерделенген-ді. Ал қазақ халқының талай заманалар бойы аңсаған арманын көкжиек төріне шығарып, сол арқылы өзі де биіктеген ақын Сұлтанмахмұт Торыайғыров “Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов … бірі – күн, бірі – шолпан, бірі – айым” деп ұлт азаттық жолындағы күрескер алаш азаматтарын ардақтаған. Ия, қазақтың бір туар арыстары бірін-бірі осылайша марқайта мадақтай, еңбегін  бағалай білген. Қазақ сөзінің қисынын (теориясын) қиыстырып, көркем сөйлеу тілін ғылым тіліне айналдырып, тіл-құрал етіп әдіптеген ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы тіл білімінде де көшбасшы болып, қазақ тіл ғылымы мен әдістемесінің негізін қалады. Қазіргі таңда Байтұрсынұлы жасаған бүкіл терімсөздер қазақ тіл білімінің метатұғыры болып қалыптасып, тілдік тәжірибеде қабылданған, уақыт сүзгісінен өткен, қазақ тіл білімінің  төл ерекшелігін танытатын құндылыққа айналған.

Заманына сай адамы дегендей, болашақ жазудың заманы болатынын көріп, тани білген ғалымның түзген әліпбиі қазақ тілінің фонологиялық сипатын дәл танытып, таңбалай алды.  А.Байтұрсынұлы жазған бұл “Оқу құралы” 1912-1925 жылдар арасында 7 рет қайта басылып шығады.

1926 жылы  А. Байтұрсынұлы “Жаңа Әліп-би” еңбегін жазады. Бұл Мемлекеттік білім кеңесінің ұсынған бағдарламасына сәйкестендіріліп, суреттермен безендіріліп, толықтырылып шығарылады.

Өзі ширек ғасырдай тер төгіп еңбек еткен тағылымы мол еңбегінің пайдасы мен пайымдылығын Ахмет Байтұрсынұлы Бүкілодақтық түркологтар съезінде дәлелдеп береді. Оның пікірінше, араб таңбасы жылдам оқуға, сауатты жазуға аса қолайлы, жастарды сауаттылықққа үйретуге мүмкіндік ашады, баспахана техникасы мен өнімнің құны жағынан алғанда да араб таңбасын қолдану өзінің сыйымдылығы жағынан әлдеқайда арзанға түседі. Ең басты жайт, араб әліппесінің әріп құрамы қазақ тілінің орфографиялық қажетін толық қамтиды. Автордың ұсынған араб таңбасындағы жазуын қазақ жұртшылығы, әсіресе оқытушы қауымы жылы лебізбен қабылдағаны анық. Қазақ тілінің ішкі фонетикалық  заңдылығына негізделіп жасалған бұл әліппилік жүйеде дыбыстық үндесу толықтай сақталды.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің негізгі теориялық тұғырын жасап, оның алғашқы қазықтарын қақты: Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі”,– деп Ахмет Байтұрсынұлы тілді адам санасындағы ойдың күрделі иірімдері мен әр түрлі  психофизиологиялық құбылыстар арқылы қабылданатын ақпараттардың күрделі таңбалық көрінісі ретінде де тануға негіз жасады. Лингвистика теориясының аса күрделі мәселерінің бірі болып табылатын тіл мен ойлаудың арасындағы байланысты көптеген ғалымдар зерттегені белгілі. Бұл тіл білімі, философия, психология, мәдениеттану т.б. сияқты ғылымдардың тоғысуынан туындайтын күрделі ғылыми-теориялық мәселе. 

Ежелгі көк түріктен келе жатқан бітіктің бірінде “Мөр кімнің қолында болса, сол — Сүлеймен” деген сөз бар, сол айтқандай, орыс үстемдігі тұсында қазақ әліпбиі сан ауысты. Алаштың азулы ұлдарының көзі тірісінде кириллицаны енгізуге қанша мықты болса да, үкіметтің шамасы жетпепті. Қазақ зиялылары таңдаған, қалың ел болып қолдап, қолданған Ахмет Байтұрсынұлының төте жазуы арқылы ұлт сауатын ашып, газет-журналдарын шығар бастағаны, 1929-40 жылдар арасында латын таңбасын енгізгені, 1938-дің қырғын-зобалаңынан соң, елдің еңсесін көтертпей, соғыс басталар алдында, заманауи апақ-сапақта кирилл таңбасын зорлап таңғаны да бүгінгіге тарих болғанымен, сол уақыттың шындығы еді.

Қазақ жазу ілімі ғылымының бастауы А. Байтұрсынұлы еңбектерінде алғаш қалыптасып, негізделді. А. Байтұрсынұлының жазу ілімі саласындағы еңбегі қазақтың төл жазуы – төте жазуды жасауымен, оның фонематикалық ерекшелігін толық ашуымен, әрбір әріптің қазақ дыбысының табиғатымен сәйкес келуін ескергені екенін айту қажет. Қазақ жазу ілімі теориясында әріп саны фонема санымен бірдей болуы жетілген жазу екенін танытады деген тұжырым А. Байтұрсынұлы еңбектері арқылы қалыптасты. Әріптің фонемадан аз болуы түркі тілдеріндегі сингармония заңының сөздің негізгі құрылымы мен мағыналық ерекшелігін аша алу қасиетімен байланысты. Дауыстылардың бірыңғай жуан-жіңішкелігі сөздің барлық буындарында сақталатындықтан, көп таңбадан гөрі, сөздің алдына дәйекші белгісін қою арқылы жазу экономиясына жетуге болатынын табуы – Ахмет Байтұрсынұлының реформаторлығы ретінде танылады. Қазақ тіліндегі жиырма төрт түрлі дыбысты таңбалаудың өзіндік ерекше жолы мен жүйесін ұсынған ғалым “қ” мен “ғ” дыбыстарының ылғи жуан, “к” мен “г”, “е”-нің ылғи жіңішке айтылатынын ескерте отырып, былай деп жазады: “Егерде бұл 19 дыбыстың жуан айтылуы үшін бір белгі, жіңішке айтылуы үшін бір белгі керек десек, .. онда 19 дыбысқа 38 белгі керек болар еді. Бұған дайым жуан айтылатын “қ” мен “ғ”-ны қосқанда дайым жіңішке айтылатын “к” мен “г”, “е”-лерді қосқанда, бәріне 43 белгі (харіп) керек” [1. 324].

“Дауысты дыбыстар сөздің жаны, дауыссыз дыбыстар сөздің тәні есебінде” деп санаған Ахмет Байтұрсынұлы әрбір әріп пен оның айтылу жолын тәптіштеп түсіндіріп, жазу емлесін жасайды. “Дауыссыз дыбыстар дауысты дыбыстардың иелігінде” (328-бет) деп түсіндірген ғалым қазақ тіліндегі үндестік заңының ерекше қасиетін айта отырып, оның айту мен жазудағы нақты әрі табиғи қалпын сақтап, дауыссыздың өзі, шындап келгенде, осы заңға бағынатынын дәлелдейді. Бұл ғылыми шындықты кейінгі ғалымдардың мойындағаны, теориялық-тәжірибелік тұрғыдан анықтағаны тағы шындық.

“Жазу дегеніміз – дыбыстың таңбасы. Әр дыбыстың әр елдің таңбасындай таңбасы болады. Таңбасына қарап қай дыбыс екенін танимыз” деуінде үлкен мән бар” [1. 322]. Демек, ғалым үшін қазақ тілінің айтылымындағы фонема саны мен әріп саны шамалас, дәл келуі керек.

Ғалым дауысты дыбыстардың графемалық қасиетін – “буыншы әріп” ретінде танытады да, олардың мәнін, сөз құрамындағы мазмұндық сипатын ерекше талдайды. Сөз мағынасын анықтайтын дәйекші белгінің маңызын жіті түсіндіреді. Қазақ жазу ілімінің атасы А. Байтұрсынұлы “Дыбысқа сәйкестеп әріп алынбаса, сөздің жазылуы мен айтылуы бөлектенбей қала алмайды” деген ойын бірнеше жерде жұмырлайды, дыбыстар мен әріптер арасындағы қарым-қатынасты терең барлай келе, “дыбыстар мен әріптер арасында сәйкестік күшті болғандықтан, сөздің жазылуы мен айтылуының арасында да сәйкестігі күшті” екенін анықтайды (359-360-беттер). “Тілдегі бар дыбыстың бас-басына арнаған белгісі бар болса”, тәртіпті жазу болатынын қайталай ескертіп отырады (380-бет).

Қазақ жазу үлгісін ағылшын, американ, француз, қытай жазуларымен салыстыра отырып, олардан ерекше екенін дәлел келтіре отырып анықтап, айтылу мен жазылу арасындағы сәйкестігі мол жазулардың қатарына төте жазуды да жатқызады. А. Байтұрсынұлы қазақ жазу ілімі ғылымының негізгі ғылыми-теориялық тұжырымын жасап, тәжірибелік жолын қалыптастырған, фонема мен графема арасындағы қатынастың тереңдігін дәл тауып, айтылу мен жазу арасындағы сәйкестіктің мүмкіндігінше мол, нақты болуына басты назар аударған тұңғыш ғалым.

Қазақ жазу үлгісіндегі тыныс белгілеріне де А. Байтұрсынұлы ерекше мән береді. “Әріптен басқа жазуда қолданылатын белгілерге бүгінге дейін анықтап белгілі ат қойылған жоқ еді. Сүгіретке қарап, біреу олай, біреу былай деп атайтын еді” – дей келіп, негізгі тыныс белгілеріне қазақша ат қойып, бірінші рет айдар тағады: “тыныстық (.), жапсарлық (,), қосарлық (═), тастарлық (–), дәлдеулік («  »), сұраулық (?), лептеулік (!)””[1. 337]. Мұнан байқалатыны, қазақша тыныс белгілерге ат беру, олардың қойылу жолын түсіндіру автор үшін маңызды болған. Қазіргі кездегі тыныс белгі, қосу (+), сұраулық, лептік белгі, нүкте, үтір терімсөздерінің алғашқы жасаушы да   А. Байтұрсынұлы болғанын аңғарамыз.

Әліпби түзген, тыныс белгілерін нақтылаған, жазу үлгісін көрсетіп, графема мен фонема арасындағы сәйкестікті терең талдаған А. Байтұрсынұлы емле тәртібіне, тіл жүйесін оқытуға да ерекше мән береді. Әлем халықтарының емле жүйесінен мол хабары бар ғалым, қазақ сөзінің ішкі болмысына сай келетін жүйені, дұрыс сауаттандыратын емлені қажет санайды. “Сауаттылық негізі жазу” деген жолды берік ұстана отырып (362-бет), “жазу – әріптердің сүгіретін сала тізу, оқу – әріптердің дыбыстарын айта тізу” екенін нақтылайды.

Қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі, ұлы зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы тіл білімінің басты салалары туралы ең алғаш қалам тартқан ғалым еді. Алғашқы сауат ашу құралы ретінде жазылған “Оқу құралынан“ бастап, “Әліп-би” мен “Тіл құралда” қазақ тіл білімінің басты әрі негізгі терімсөздерін жасады. Ахмет Байтұрсынұлының ұлылығы оның тек тұңғыш оқу құралын жазғанымен өлшенбесе керек, ең бастысы алғашқы оқулық тілінің терең халықтығында, сапалылығы мен  біліктілігінде. “Біздің жасынан орысша я ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды, я жазса да қиындықпен жазады. Себебі жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық. Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген”,- дейді автор “Тіл құралдың” кіріспесі ретінде жазған “Сөз басында”. Яғни қазақ сөзінің қисынын келтіріп, өз нақышында жазу үшін сол тілде сауатын ашып, дағдыланған абзал. Ғалым мұны көрегендікпен айтқан. Қазіргі таңдағы тілдік жағдай бұған толық көзімізді жеткізіп отыр. Өзге де тілдік бірлік сияқты терімсөздің де мазмұны мен мағынасы бар,   алайда өзге сөздердегіден ерекше өзіндік сипаты бар. Терімсөздің мағынасы мен мазмұны сәйкес келіп, бір-бірін анықтап, мағына мазмұнды ашса, терімсөз терім сөз ретінде анықтала алады.

Ахмет Байтұрсынұлы тіл білімінің басты салалары туралы ең алғаш қалам тартқан ғалым еді. Алғашқы сауат ашу құралы ретінде жазылған “Оқу құралынан” бастап, “Әліп-би” мен “Тіл құралда” қазақ тіл білімінің басты әрі негізгі терминдерін жасады.

Жалпы терминологияның лексикология мен концептологиямен тығыз байланысы бар екені белгілі. Ф. Риггздің пікірінше, терминолог терминдерді дербес сөздер ретінде қарастырады. Ондай сөздер белгіленетін түсініктерден ауытқымауы тиіс. Лексиколог терминдерді ғылыми түсініктен тыс қарастырады. Өйткені ол сөзді тіл жүйесінің бөлігі ретінде зерттейді. Әрине, терминолог үшін терминдік жүйе терминденуге ұшарайтын түсініктер жүйесіне сай келуі маңызды болып табылады. Концептолог үшін түсініктердің өзара қатынасы олардың жеке тілдік жүйеде көрінісінен әлдеқайда маңызды болатыны айтпаса да түсінікті. (Суперанская А.С. Общая терминология. Вопросы теории. 1989, 21). Термин мен таңбалап тұрған ұғымы арасында үлкен танымдық байланыс болады. Осы табиғи байланысты дұрыс анықтай алған термин ғана ұзақ ғұмырлы.

Өзге де тілдік бірлік сияқты терминнің де мазмұны мен мағынасы бар. Т.Л.Канделакидің көрсетуінде, терминнің мазмұны – оның әуелгі терминдік түсінігі де, мағынасы – термин-сөз ретіндегі сипаты. Терминнің мағынасы мен мазмұны өзге сөздердегіден ерекше. Оның өзіндік сипаты бар. Терминнің мағынасы мен мазмұны сәйкес келіп, бір-бірін анықтап, мағына мазмұнды ашса, термин терме сөз ретінде анықтала алады.

Ахмет Байтұрсынұлының жазған “Тіл құралының” өміршеңдігі мен қажеттілігі әр түрлі сипатта, әр алуан аспектіден бағалана алады. Оның мәнісі профессор Ө. Айтбаев зерттеуінде көрсеткендей “А. Байтұрсынұлы жасаған терімсөздер жүйесі, бір қарағанда, оп-оңай болып көрінгенмен, ол – өте күрделі де терең ізденістер нәтижесінде пайда болған ғылыми туынды” [2. 32. Айтбаев Ө. Қазақ сөзі, — Алматы, 32-бет.]. Терімсөз сөздер – теріліп алынған сөздер. Екінші сөзбен айтқанда, белгілі ғылым саласы бойынша қажетті ұғымды атау үшін теріліп, таңдалып алынған сөздер. Сонда терімсөз сөзінің қазақша аудармасы да өзінен-өзі анықталады. Терімсөз – терім сөз.

Ахмет Байтұрсынұлы жасаған терімсөз сөздердің басты ерекшеліктері деп мыналарды көрсетеміз:


  • анықталатын ұғымның дәлдігі;

  • таңбаланған атаудың қазақилығы;

  • терімсөзінің жалқылық сипатының болуы;

  • терімсөздің нақтылығы.

Автор терімсөздерінің дәлдігі мен нақтылығын саралап, оның сапалық сипатын дәл бағалау үшін өзге жасалған терімсөздермен  немесе басқа түркі тілдерінде, орыс тіліндегі жасалған терімсөздермен салыстыруға болар еді. Ахмет Байтұрсынұлы жасаған кез келген терімсөздің мағыналық сипаты мен негізділігіне, уәжділігіне талдап қарауға, олардың соншалықты дәйектілігіне таңданып, таңырқауға болады. Терімсөздердің ең басты бір ерекшелігі таңдалып алынған сөздердің қазақша ұғымға сәйкес аталатыны. Қазақ балаларына түсінікті сөздер мен атаулар болғандықтан, оны оқыту да жеңіл. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиеді. Автордың өзі көрсеткендей, қазақ балаларын қазақша оқыту дегеннің ең тиімді жүйесі де осындай болса керек. Қазақша ойлаудан, сөзді қазақша түйсінуден туған терімсөздер. Оқушыларға әрбір терімсөз туралы айтқанда, оның тілдік мағынасын ашудан бұрын, оның атаулық, сөздік мағынасын ашып алған тиімді болады. Яғни туынды сөзді немесе түбірді айтпас бұрын, осы сөздердің атаулық мағынасын ашып, анықтап көрсеткен жөн.

Түбір сөзінің қазақ тіліндегі негізгі мағынасы “ағаштың, өсімдіктің жерде қалған түбі“. Ауыспалы мағынасында бір нәрсенің түп-тамыры, төркіні, арғы жағы деген мағынада жұмсалады. Ахмет Байтұрсынұлының түбір сөзін алуының себебі аталған сөздің күнделікті қолданыста сиректеу жұмсалатыны, тек ботаникалық терімсөз ретінде жұмсалатынында болуы мүмкін. Осы мағынадағы негіз сөзі күнделікті қолданыста жиірек жұмсалады, әрі негіз сөзінен көптеген сөздер өрбіп, оның қолданыс жиілігін тереңдетеді. Мысалы: негізі, негізінен, негізгі, негізсіз т.б. Түбір сөзі арқылы тіл біліміндегі ары қарай бөлшектеуге келмейтін сөздің түпкі мағынасын анықтайтын түбір сөзді дәл де анық таңбалауға болады. Сонда, түбір сөзі:

  • күнделікті қолданыста сирек қолданылған;

  • анықтайтын ұғымды дәл берген;

  • қолдануға ыңғайлы.

Демек, көрсетілген терімсөзді басқа сөзбен емес, түбір сөзімен таңбалаудың сөз мағынасының дамуы мен қолданылу сипатында өзіндік ішкі заңдылығы бар.

Кей оқулықтарда түбір терімсөзі мен негіз терімсөзі қатар қолданылып жүргенімен, қазір “түбір“ терімсөзі толық қолданысқа түскен. Әрі түбір терімсөзі мен негіз терімсөзінің арасында айырмашылық пен ерекшелік бар деп қарастырылады. Орыс тіліндегі “корень“ сөзінің беретін ұғымы мен түбір терімсөзінің беретін мағыналары бірдей.




жүктеу 350,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау