65
ағысы, Қармақшы қыстағының маңы, аңызға айналған есімі әлемге машһур ұлы адамның ескі қорымы (пантеоны) тұрған жер.
Қорқыт ата туралы сан-қилы аңыз-әңгімелер қазақ арасында ерте кезден-ақ кеңінен тараған. Солардың бірі Қорқыттың туылуына байланысты. Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Оны жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт туылар алдында күллі әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басып тұрыпты. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қатты қорқыныш сезімі билейді. Сыр бойы мен Қаратау өңірінің аспаны да қараңғы тартып, қарауытып кетіпті. Сондықтан бұл маңай “Қараспан” аталыпты. Ашық күн тастай қараңғы түнге айналған қорқынышты күні туылғаны үшін баланың атын “Қорқыт” деп қойған екен.
Қорқыт анасынан туылған бойда-ақ тілі шығып, сөйлеп кетіпті. Қорқыттың өмірге калай келгені туралы ерте заман қобызшылары мен бақсы-жыраулары айтатын өлең-жырлар бар:
Қорқыт туар кезінде
Қараспанды су алған.
Қара жерді кұл алған
Ол туарда ел корқып,
Туған соң әбден қуанған.
Сонымен, Қорқыт туралы, сол дәуірде Қаратау қойнаулары мен Сырдария бойында тұрған қалалар, елді мекендер, күмбездер, кешендер туралы аңыздар қазақ халқының арасында дәл осы күнге дейін айтылып жүр. Өйткені бұл аңыздар тарихта болған шын оқиғалармен тығыз байланысып, ұштасып жатады. Мәселен, Қорқыт есіміне байланысты ел арасында көп айтылатын сиқырлы шаһарлардың бірі — Баршын-кент. Бұл кала шынында да Сыр бойындағы сол дәуірдегі ең көрнекті қала болғанын тарихшы-археологтар дәлелдеп отыр. Баршын-кент сұлудың қаласы деген сөз. Оны қазақтаар соңғы кезге дейін “Қыз қала” деп атап келді. Аңызда Алпамыс батырдың сүйген жары Баршын-сұлу (яғни Гүлбаршын) осында түрған делінеді. Ал, тарихшылаар XII ға-сырдын, атақты ғалымы өз жырларын түркі, араб және парсы тілдерінде жазған дарынды ақын X. Баршынұлығының осы қалада туылып, осында өмір сүргенін дәлелдейді. Қорқыттың туған, жүрген, тіпті мазары түрған жер-
66
лер жөнінде толып жатқан аңыз-әңгімелер бар. Бұлардың бәрі күй атасы, жыр атасы, ақылгөй Қорқытка деген ел-жұрттың ізет-құрметінен туындаған болса керек. Соның өзінде мұндай аңыз-әфсаналардың бірқатары тарихи шындыққа жақын тұрады.
Енді оғыз-қыпшақ дәуірінің эпикалық туындысы “Қорқыт ата кітабының” мазмұны, тақырыбы, жеке қаһармандары, жырдың көркемдік ерекшелігі мен тілі туралы әңгімелейік.
“Қорқыт ата кітабы” он екі жырдан, басқаша айтсақ, он екі оғыз-намеден тұрады дедік. Кітап желісі бойынша солардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтелік.
I. “Дерсеханұлы “Қорқыт ата кітабында” сюжеті
Бұқаш туралы жағынан казақ эпосымен үндес болып
жыр”. келетін сарындар көп кездеседі. Әсіре-
се бір балаға зар болған әке-шешенің мүшкіл хәлі жөніндегі хикаялар жиі ұшырайды. Әрине, мұның өзіндік сыр-себептері бар. Патриархал-ру қауымының ұғымы бойынша, тек еркек кіндікті бала ғана семьяның, ру-тайпаның, жалғасы, қауымның болашақ тірегі саналған. Сол себепті той-жиындарда ер баласы бар аталар ең сыйлы орынға отырып, оған зор қошамет көрсетілетін болған.
Міне, “Қорқыт ата кітабының” бірінші хикаясы — Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр осындай сюжетке құрылған:
“Ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша, Баяндыр хан жылына бір той жасп, оғыз бектерін қонаққа шақыратын еді. Бұл жолы да солай істеді. Тойға түйеден — бура, жылқыдан — айғыр, қойдан — қошқар сойылсын деп жарлық берді. Сол күні бір жерге ақ отау, бір жерге қызыл отау, енді бір жерге қара отау тіктіріп қойды. Тойға жиылған бектерден ұл баласы барларын ақ отауға, ұлы жоқ, бірақ қызы бар кісілерді қызыл отауға, ұлы да жоқ, қызы да жоқ қонақтарды қара отауға кіргізді. Қара отауға кірген қонақтарға қара қойдың етін беріп, қара киізге отырғызды. “Не ұлы, не қызы жоқ жандарды тәңірінің өзі қарғаған, бізде солай етеміз” деді Баяндар хан.
Дерсе ханның үлы да, қызы да жоқ еді. Ол бұл қорлыққа шыдай алмай, қара отаудан шығып кетті. Қайғымен қан жұтып жылады”.
Нақ осы арада мықтап ескеретін бір жәйіт бар. Ислам діні 67
әйелді ұдайы кемсітіп, оны адам санатына қоспайтыны мәлім. Тіпті әйелдің атын да айтқызбайды, “пәленшенің әйелі” немесе “түгеншенің қызы” деп күйеуінің не әкесінің атымен шақырады. Әйелмен ақылдасу — ер кісі үшін сұмдық ұят саналғаны мәлім.
Ал, ежелгі оғыз-қыпшақтар әйелді зор қүрмет тұтқан. Қорқыт ата осы оқиғаларды жырлаған кезде Сыр бойына мұсылман діні енді ғана етек жайып келе жатыр еді. Әйелдері әлі матриархат кезіндегі праволарынан толық айырыла қоймаған секілді.
Бұған осы бірінші жырдағы Дерсе ханның тойда қара отауда отырып, қара қойдың етін жеп, баласыз болғанына қайғырып қайтқанда әйеліне айтқан зарлы мұңы дәлел. Ол әйеліне сырын айтып ақтарылады, мұңын шағады:
Бару галгил башум бахти эвум такти
Эвдан чыкуп йәрийанда салви бойлум
Топуғында сармашанда қара сачлум
Қырылу йайа баңзар чатма қашлум
Қоша бадам сығмайна тар ағызлум
Куз алмасына бақзар ал йанаклум
Кавунум вирагим дулагим
Горурмисан налар олды.1
Жолма-жол аудармасы:
Келші бері, басымдағы бақытым, үйімдегі тірегім,
Сен үйден шыға бергеніңде көзіме кипаристей көрінесін
Тобығыңа түсетін қара шашың бар сенің
Қосылып тұрған қастарың — тартқан садақ секілді,
Қос бадам салса симайтын оймақ-ауыз өзіңсің.
Күзгі алмадай қызарып, жүзіқ сенің жайнап тұр,
Піспеген менің түйнек-қауынымсын,
Маған не болғанын сен білесін. бе?
Ақыры әйелінің кеңесі бойынша Дерсе хан аш-жалаңаштарға қыруар көп қайыр-садақа беріп, ата-бабасының аруағына сиынып, тәңірден бала тілейді. Күндердің күнінде әйелі босанып, бір бала туады. Бала он бес жасқа толады. Бір күні достарымен асық ойнап жүргенде ханның семіздіктен құтырған бұқасы босанып кетіп, балаларға тап береді. Барлық балалар қашып кеткенде Дерсе ханның ұлы қорықпай, дәу бұқаны жұдырықпен ұрып жығады. Содан бала Бұқаш аталып кетеді.
1 Китаби дәдә Горгуд. Бақы, 1862, 17-бет.
Бұдан кейінгі беттерде келтірілген өлең жолдары да кітаптың осы басылымынан алынды.— Н. К-
68
Бұған риза болған әкесі ұлына енші беріп, оны бектер қатарына қосады.
Бірақ Дерсе ханның күншіл нөкерлері әкесін баласына қарсы айдап салады. Бір күні Дерсе хан аң аулап жүріп, өз баласын өзі атьш кетеді. Бір сүмдыктың болғанын жүрегі сезген анасы өзінің қырық нөкер қызымен баласын іздеп жолға шығады. Айдалада елім аузында жатқан ұлының жарақатын анасы ақ сүтімен емдеп, аман алып қалады. Сол кезде опасыз некерлері. Дерсе ханның өзін өлтірмек болады. Батыр Бұқаш әкесінің жауларын қырып салып, Дерсе ханды тұтқыннан босатады.
Қорқыт ата Бүқаштың ерлігін жырлаған екен. Бірінші жыр осымен аяқталады.
Бұл секілді мотив қазақ эпосында көп қолданылады. Қазақ дастандарында алып батырлар осылайща “әулиеге ат айтып, корасанға қой айтып” ата-бабалар қабіріне түнеп айтылған көп тілектерден кейін барып қана туылады. Осылайша өмірге келген болашақ батырлар өсе келе ел-жұртының қорғаны, қамқоршысы болып шығады. Қазақ халық эпосында Ертөстік, Алпамыс сияқты батырлардың бәрінің туылуы осы дәстүрге құрылған.
Жырда Дерсе ханның өзі секілді әйелінің де соңына ерткен қырық некер қыздары бар. Сондай-ақ баласының жарақатын анасы өзінің ақ сүтімен емдейді. Жырда архаизм сөздер көп. Мұның бәрі Бұқаш батыр туралы жыр ете ерте дәуірде, алғашқы қауымда айтыла бастағанын аңғартады.
II. “Салар Алдымен Қазан Салар (немесе Салар Қазан -
Қазанның үйін деп те атала береді) жөніндегі аңыз -
жау шапқаны -әңгімелерді айта кетейік. Қазан- Салар —
жаиындағы жыр”. Қорқыт ата кітабының” басты қаһарманы. “Оғыз-наме” жырының суреттеуі бойынша, алып батыр Қазан — Қорқыт атаның замандасы. Ол оғыз-кыпшақтардың ұлы қорғанышы Баяндыр ханның күйеу баласы, “таулы құстың ұрпағы, Түр-
кістанның тірегі, Қарашақ таудың қабыланы, Қоңыраттың иесі, хан Ораздың атасы...”
Белгілі тарихшы Әбілғазының айтуынша, Қазанбектің жақсы көретін, әрі ордасының көп түрған жері, батырдың сиынып, ас-садақа беретін орны — Қазықұрт тауы болған. Ескі аңыздар бойынша, осы тауда ерте кезде ұлы адамдар тұрған киелі үңгір болған екен. Батырлар осында “Алтын қабақ” -
69
атысқан. Ақындар домбыра, қобыз тартып, жыр шығарған. Қорқыт ата осы Қазықұрт тауына жиі келіп, Қазанбекті мақтап өлең айтқан:
Қазықұрт тауындағы үңгір тасты
Салар Қазан барып көркейтті.
Онда ата-бабасына садақа таратты.
Ит Бешене оны көріп есі кетті.
Бір қазанға қырық бір аттық етін салды.
Ол қазанды сол қолымен көтереді,
Оқ қолымен елге жүріп үлестіреді
Алыптар, билер, көремісін, Қазанбектің кім екенін
“Салар Қазанның үйін жау шапқаны жайындағы жырдың” негізгі тақырыбы — оғыздардың көрші тайпалармен өзара қарым-қатынасы деуге болады. Көрші ру-тайпалармен өзара карым-қатынас — оғыз-қыпшақ дәуіріндегі ең көкейтесті мәселе болғанын тарихи деректер дәлелдейді. Сонымен бұл жырда сол дәуірдің ең маңызды деген мәселелерінің бірі жырланған.
Салар Қазан жырының сюжетін қысқаша ғана баяндап шығудан бұрын халық ауыз әдебиетінде жиі кездесетін мынадай бір жай туралы айта кетейік. Қазақтың ежелгі ертегі-аңыздарында алыптар жеті күн, жеті түн бойы тырп етпей, тылсым ұйқыда жатады. Мұндай ұзақ ұйқыға кететін батырлар қырғыз, алтай елінің ертегі-лерінде де кездеседі. Қорқыт ата дастанында да осындай мотив бар.
Аң аулап жүріп Қазан Салар бір күні ұзақ үйқыға кетеді. Мұны сезген жау қолайлы сәтті пайдаланып қалу үшін оғыздар қолбасшысының ордасына тұтқиылдан шабуыл жасайды. Батыр өз үйін қоруға ұлы Оразды үш жүз нөкерімен тастап кеткен еді. Әрине, ол жеті мық әскері бар пешенектерден жеңіліп қалады. Сонын, өзін-де Қазанбектің әйелі — Бөрте қатын жауға қарсы қас батырша ерлікпен күреседі. Бірақ екі жақтың күші тең емес еді. Жау Қазан Салардың үйін тонап, әйелін, баласын тұтқындап әкетеді.
Пешенектер Қазан Саларды жеңу құрметіне ұлан-ғайыр той жасайды. Олар Қазанбекті мұқата түсу үшін сол тойда батырдың әйелі Бөрте сұлуға шарап құйғызып қоймақ болады. Бірақ Бөрте сұлу өзінін, де, күйеуінің де арнамысын қорғап қалу үшін ажалға бекем бел буады. Сөйтіп, ол қасындағы қырық кызметші қызға: “Менің кім екенімді айтпаңдар” деп бұйырады. Пеше-
70
нектер бұларға келіп:—“Іштеріңде қайсың Бөрте сұлусың?” деп сұрағанда қырық қыз бірдей: “Мен!” деп жауап береді. Сонда жау жағының ханы жан шошырлық жарлық береді: “Қазанбектің тұтқында жатқан баласын сойып, етін боршалап, қазанға қуырып, сосын сол етті мына қырық қатынға әкеліп беріңдер. Қайсысы етті жемесе, сонысы осы баланың анасы, яғни Қазанбектің қатыны болады” дейді.
Мұны есіткен Бөрте қатын ұлының қасына барып сұрайды:
— Балам, сенің етіңді жейін бе, әлде жаудың төсегіне жатып, әкең Қазанбектің намысын аяқ асты етейін бе?!
— Әмірші-ана! Мейлі, дұшпан мені сойып, етімді боршалай берсін. Менің етімді қуырып, бектердің қырық қызына таратсын. Олар бір-бір түйір етімді жеп болғанша, сен екі түйір етімді же, ана! Тек сенің кім екеніңді дұшпан білмесін! Әкемнің ар-намысын қас жауымыз аяққа баспасын! Ар-намыс жолында жан пида, әмірші-ана!
Міне, бұл сюжеттен оғыз елінің бұрынғыдай бытыраңқы емес, бәрі бас қосып жауға қарсы шыққанын, олар өз әміршісі Қазанбекке арқа сүйеп, оны зор тірек керетінін, оған толық сенетінін көреміз. Ең бастысы — ар-намысты тірі тұрғанда қолдан бермеуге жан салаты-нын аңғарамыз. Әсіресе ананың ар-намысына дақ түсіруден қатты қорқатын болған. Мұны біз Қазанбек пен Шиоклі-Мәлік арасындағы диалогтан айқын көреміз.
Қазанбек анасы Шашақтының ар-намысын сақтап калу үшін барлық мал-мүлкін беруге, тіпті ұлын және әйелін жау тұтқынында қалдыруға да әзір. Бір қызығы — “Қорқыт ата кітабындағы” осы бір эпизод атақты тарихшы Әбілғазының “Шежіре-и-түрк” атты шығармасында елес беріп, біршама қайталанады. Әбілғазы былай деп жазады: “Ол кезде Бешене елінің бір патшасы бар еді, аты — Таймандық. Ол келіп Еңкештің (“Қорқыт ата кітабы” бойынша Салар Қазанның) үйін тонады. Шашақтыны өзімен бірге алып кетті. Үш жылдан кейін Еңкеш көп дүние беріп, анасын босатып алды. Қайтып келген соң алты айдан кейін Шашақты бір ұл бала туады. Еңкеш сонда анасына “бұл ұлды қайдан таптың” деп таяқпен ұрып басын жарады. Шашақты айтты: “Қараңғы түскенде жау келді.
Сен қорыққаныңнан қуарып, қашып кеттің (Қорқыт жыры бойынша — ұйықтап жаттың). Мен түйеңе мініп, сенің соңыңнан ерген
71
едім, Ит Бешене ізімнен қуып жетті, түйенің басын ұстап қыза-раңдай бастады. Үстіме мініп ойнады, ерік-сезімімді билеп алды, осы ұланды ішіме салды”. Бұл баланың шыққан тегі Ит Бешене елінен болғандықтан оған Ирек деп ат қойды. Түріктер арасындағы дәстүр бойынша иттің атын Ирек немесе Серек деп қояды”1.
Рас, Қорқыт дастанында пешенектер Қазанбектің анасьш емес, әйелін тұтқындайды. Әйтсе де Қорқыт жырында да анасын тұтқындағанын меңзеп айтатын тұстары бар. Мәселен, Қазанбек пен пешенектердің әскер басы Шиоклі-Мәлік диалогына назар аударайық:
Қазанбек айтты:— Ей, бешене, сен менін, қарт анамды алып кеттің ғой! Менің анамды өзіме қайтар!
Шиоклі-Мәлік айтты:— Сенің қарт анаңды біз алып кеттік, ол енді біздікі, оны саған бермейміз. Біз оны Жай-хан поптың ұлына береміз. Жай-ханның баласынан ол ұл табады...”
Бұл жыр Салар Қазанның жеңісімен, той-думанмен аяқталады. Аңызда осы оқиға жөнінде былай дейді: “Бір күні Қазанбек Ұлан ұғлы, Таулы құстың ұрпағы, біз міскінінің үміті, Амет суының арысланы, Қарашықтың қабыланы, Хан Ораздың әкесі, Баяндыр ханның күйеуі, Қоңыраттың иесі, қалың Оғыздардың бақыты, барлық жігіттің арқасы Салар Қазан орнынан тұрды. Тоқсан басты алтын үйін кара жерге тіктірді. Тоқсан жерге қалы кілем төсетті, сексен жерге алтын кесе, тостағандар койдырды”. Жыр осылай той-думанмен аяқталады. Бұдан шығатын қорытынды: “Қорқыт ата кітабындағы” аңыз-әңгімелер құрғақ қиялдан емес, тарихи оқи-ғалар негізінде туған. Сол кене заман адамдарының достық қастық, жақсылық, жамандық, ар-намыс, адамгершілік т. б. толып жатқан мәселелер жөніндегі түсінік-ұғымын бұл жырлар бүгінгі ұрпаққа айна-қатесіз, бұлжытпай жеткізіп отыр. Әсіресе сол кездегі оғыз-қыпшак. жұртының дәстүрлі салт-санасын, әдет-ғұрпын, мораль-дық-этикалық пайымдауларын көз алдымызға толық елестетеді. Қазан Салар жырының ел қорғау, ар-намыс үшін күресу, ізгі ниетті болу женіндегі ой-пікірлері мәңгі ескірмейтін асыл қағидалар болып, ұрпақтан-ұрпаққа рухани мұра ретінде жалғаса береді.
1 А. Н. Қононов. Родословная туркмен, сочинение Абу-лТазихана Хивинского. М.,—Л., 1958, с, 73—74.
72
Бұл екінші жырда күллі оғыз-қыпшак елінің топтасқан бірлігі, достығы, беріктігі зор шабытпен жырланады. Тек осы жырда ғана оғыз-қыпшақ елінің барлық бектері, алыптары түгелдей дерлік тілге тиек болады. Ал, бұдан басқа жырларда Қорқыт ата дастанының бектері, алыптары бүйтіп бас қосып, бірікпейді, әрқайсысы жеке дара жүріп әрекет жасайды. “Қорқыт ата кітабының” ең соңғы хикаясында, яғни он екінші жырында оғыз бір-біріне жауласқан екі топқа бөлініп кетеді. Сонымен, екінші жыр — оғыз-қыпшак, жұртының күш-қуаты, езге тайпалар алдында даңк-дәрежесі, беделі өрлеп тұрған кезеңді көркем сезбен бейнелеген.
III. “Қам-Бураұлы “Қорқыт ата кітабына” негіз болған ежелгі
Бамсы-Берек жө- жырдың бірі — Қам-Бура-Бамсы-Берек ніндегі жыр”. ұлы Бамсы-Беирек туралы жыр. Қам-Бураны жырда Байбері деп те атай береді. Бұл жырда ерліктен гөрі романтикалық сарын басымырақ деуге болады.
“Бамсы-Бейрек” жыры өзінің композициялық құрылысы жағынан “Алпамыс батыр” жырына өте жақын. Ал, сюжеттік тұрғыдан бұл екі жырдың бірінші және екінші бөлімдері бірін-бірі қайталайды. Басқаша айтсақ, Бамсы-Бейрек пен Алпамыстың дүниеге келуі, сүйген қызына үйленуі, батырлардың жау қолына қапылыста тұтқынға түсіп, ұзақ жылдар бойы зынданда жатуы, сүйген жарының басқа біреумен үйлену тойының үстінен шығуы, жыр қаһармандарының мұрат-мақсатына жетуі, т. б. екі жырда да бір-біріне ұқсас болып келеді.
“Қорқыт ата кітабындағы” бүл үшінші жыр былай басталады: Ұлы хан Баяндыр жерінен (орнынан) түрды. Қара жердің үстіне ақ ордасын тіктірді, көк жүзіне шалқыған биік шатырларын көтерді, мың жерге жібек қалы кілемдер төсетті, іш оғыз бен сырт оғыздың бектері Баяндыр ханның тойына жиналды.
Ол тойға Қам-Бура (яғни Байбөрі) де келді. Баяндыр ханның қарсысында садаққа сүйеніп Қара-Кене ұлы Қара Бодау тұрды. Оң жағында Қазанұлы Ораз тұрды, сол жағында Қазылық-қожаұлы Жүгенек тұрды. Байбөрі оларды керіп “ах!”—деді есінен жаңылып, орамалын қолына алып боздап жылады. Бұны есітіп қалың оғыз арқасы, Баяндыр ханның күйеуі, Салар Қазан тізесімен жүгіне отырды да, Байберінің жүзіне қарады, тағы сұрады:
— Байбөрі бек, неге боздап жылайсың?— деді.
73
Байбөрі айтты:
— Хан Қазан, қалай жыламаймын, неге боздамаймын, менің ұлым да, туғаным да, күшім де жоқ. Бұл не деген қорлық?! Алла мені қарғаған. ...Егер менің ұлым болса, ол хан Баяндырдың қарсысында тұрмас па еді, ол менің сүйенішім, қуанышым, мақтанышым болмас па еді”1.
Бұл сөзді естіген кезде тойда отырған билер жүзін көкке қаратып, қолдарын жоғары көтерген күйлерінде Байбөріге ақтілек айтады:
— Тәңір саған бір ұл берсін!— дейді. Сол сәтте оғыз Бижан да тәңірден бір қыз бала сұрайды. Тойға жиналған бектер оған да баталарын береді. Ақыры жақсылардың тілегі қабыл болып, Байбө-рінің әйелі бір ұл туады. Атын — Бамсы-Бейрек деп қояды. Оғыз Бижаннан да бір қыз бала туылады. Оны Бану-Шешек деп ат қояды. Бұл екі нәрестені бесікте жатқанда атастырьш кояды.
Қыз бен жігіт ер жетеді. Бір күні айдалада ақ аулап жүрген Бамсы-Бейрек бүлақ басында тігулі түрған қы-зыл шатырды көреді. Сөйтсе, ол Бану-Шешектщ шатыры екен. Кең жазира далада “Қыз бөрі” ойыны басталады. Ойын шарты бойынша, қыз қашып, жігіт оны қуалайды. Ақыры Бамсы-Бейрек қызды қуып жетіп, екеуі танысады. Қыз бен жігіт бір-біріне жүзік беріседі.
Бамсы-Бейрек қызды айттыруға адам жіберейін десе, кыздың ағасы 'Қарашар барған адамдардың басын кесіп өлтіре береді екен. Құдалыққа Қорқыт атаны жібереді. Қылышпен Қорқытты шаппақ болғанда Қарашардың қолы қарысып қалады. Сосын Қарашар қалың
мал сұрайды:
Келеге түспеген мың үлек,
Биеге түспеген мың айғыр.
Саулық көрмеген мың қошқар,
Құйрығы мен мойыны жоқ мың ит,
Мың бүрге сұрайды.
Қорқыт өз кереметімен бәрін тауып береді. Үйлену тойы болады. Бірақ дәл сол түні жау шауып, Бамсы-Бейректі тұтқындап әкетеді. Ол көп жыл зынданда жатады. Ақыры қобыз тартып, ғажайып өнерімен жау қолынан құтылып шығады. Қөп қиыншылықтар көріп барып, Бану-Шешекке үйленеді.
X. Г. Қөроғлы. Огузский героический эпос— М., 1976.
74
Бұл жырдың эпикалық қаһармандары бәрі дерлік “Алпамыс” жырынын, геройларымен бірдей, ұқсас болып келеді. “Алпамыс” жыры Орта Азия, Кавказ жерін мекендеген көп тайпаларға мұра болған өте көне дәуір туындысы. “Алпамыс” жыры —“Қам-Бураұлы Бамсы-Бейрек жөніндегі жырдың” бір түрі. “Алпамыс” жырын оғыз-қыпшақ тайпалары жүздеген жылдар бойы айтып келген. “Алпамыс” жырының ежелгі дәуірдегі аты “Бамсы”, “Бамыс”, “Мамыс”, “Алып Мамыс”, осыдан бірте-бірте келіп “Алпамыс”, “Алпамса”, “Алпамша” атанып кеткен.
Бұл ғажайып жырды Сыр бойының ақындары, сондай-ақ қарақалпақ, өзбек шайырлары осы күнге дейін ежелгі нұсқасы бойынша өзгертпей жырлайды.
“Қорқыт ата кітабының” осы үшінші жырында қазақ қауымына тән салт-сана, әдет-ғұрып басым болып келеді. Мәселен, осы жырдың мына шумақтары қазақтың жоктау өлеңдерін еске салады:
Савук савук суларыны сұрар олсаң,
Ағам Бейрагун ічіді іді.
Ағам Бейрак кедәлі ічарум йоқ,
Тавла, тавла шахбаз атлары сұрар олсаң,
Ағам Бейрагун бініді іді,
Ағам Бейрак гедәлі бинарум йоқ.
Мазмұны:
Суық-суық сулардан сұрар болсаң,
Ағам Бейрак солардан ішкен еді,
Ағам Бейрак кеткелі одан ішкенім жоқ.
Үйір-үйір қыран құстай жүйрік атардан сұрасаң,
Ағам Бейрак соларға мінген еді,
Ағам Бейрак кеттелі мінгенім жоқ.
Тағы бір мысал: Жаңа туған ұл (Бамсы-Бейрак) мен кызды (Бану-Шешек) бесікте жатқан кезінде атастырып қою — қазақтардың көне дәуірден келе жатқан салты. Сондай-ақ қызды алыс жерге ұзату да сол заманның тарихи қажеттілігінен туған салт еді. Бұл салтты оғыздар да, қыпшақтар да берік ұстаған. Мұның өзі бір-бірінен алыс жатқан елдердің өзара әскери, т. б. одақ құру қажеттілігінен өмірге келгені мәлім. Дешті-қыпшақ заманында ел басқарған, қол бастаған адамдар қыздарын Сыр бойынан, Жайық жағасынан қиырдағы Қырымға, тіпті Мысырға дейін ұзататын болған. Мұндай оқиғалар көрінісін Бамсы-Бейрек жырынан аңғару қиын емес.
75
IV. “Қазанбектің Төртінші жырдың негізгі такырыбы
баласы Оразбектің — бектердің балаларын тәрбиелеу
тұтқынға түскені мәселесі. Сол заманның дәстүрі бойын-
туралы жыр”. ша, он бес-он алты жасқа толған ер балалар міндетті түрде әскери өнерді үйренетін болған. Мұндай бала-жігіттерді ересектер өздерімен бірге қан майданға ертіп барып жүрген. Қолына қару ұстап, жаудың қанын төкпеген жігіттерді ешкім сыйламаған, тіпті адам санатына қоспаған. Ең жаман қасиет — қорқақтық, опасыздық саналған. Жаудан қорқып қашқандарды өз әкелері-ақ қатал жазалап отырған.
Оғыз-қыпшақ дәуірінің, жаугершілік заманының осы бір шындығын “Қазанбектің баласы Оразбектің тұтқынға түскені туралы жырдан” айқын көруге болады. Бұл жырдың сюжеті қарапайым:
Қазанбек ер жетіп, есейіп келе жатқан жастардың құрметіне ұлан-асыр той жасайды. Той қызығы қызып жатқанда Қазанбектің сол кол жағында — нағашысы Аруз-қожа, оқ жағында — інісі Қара-Көне, ал қарсы алдында — садаққа сүйеніп баласы Ораз түр екен. Қазанбек оң жағына қарады да — масайрап күлді, сол жағына кез тастағанда — бойын қуаныш сезімі билеп кетті, ал қарсы алдында түрған баласына көзі түскен бойда-ақ жанары жасқа толып қалды. Сонда Қазанбек ұлына қарап, өзінің неге жылағанын түсіндіреді.
Он, жағыма қарадым да — інім Қара-Көнені көрдім,
Ол қан төкті, бас кесті — сый-сияпат, құрметке ие болды.
Сол жағыма қарадым да — нағашымды кердім,
Ол қан төкті, бас кесті — сый-сияпат, құрметке ие болды.
Қарсы алдыма қарадым да — сені көрдім,
Сен (мына жарық дүниеде) он алты жыл өмір сүрдің
Сен садақ тартып та, қан төгіп те көрген жоқсын ғой,
Мен өлетін де күн туады, ал сен (жалғыз) қаласың. Ержүрек оғыздардан сый-сияпат алған жоқсың.
Бірақ Ораз өз міндетін жақсы түсінеді. Ұлына соғыс өнерін үйретпеген әкесінің өзі айыпты екенін айта келіп.Ораз былай дейді:
Баласы әкесінен үйренбей ме,
Әлде әке баласынан үйрене ме?!
Сен мені қан майданға апардың ба?
Қылыш сермеп, бас Кесіп көрсеттің бе?
Қазанбек бар айып өзінде екенін мойындап, сол жіберген қателігін түзету үшін Оразбекті аң аулауға ертіп шығады. Әкесі өзінің
жауды қырған жерін керсетпек
76
болады. Қазанбектің қамсыз жүргенін сезген жау әскері бұларды аңдып тұрып шабуыл жасайды. Жауға тойтарыс беруге әзірленіп жатып Қазанбек ұлына:—Таса жерге барып алдымен менің қалай шайқасқанымды көр, үйренесің,— дейді. Сөйтіп, Қазанбек жау әскерін жалғыз өзі қой қораға түскен арлан қасқырдай қан жоса етіп қыра бастайды.
Әкесінің ерлігін көріп, арқасы қозып кеткен Оразбек өзінін жас нөкерлерімен соғысқа кірісіп кетеді. Ол әкесінен рұқсат сұрамай, қан майданға шығады. Ерлік көрсетеді. Бірақ тәжірибесіз жас жігітті қарсы жақ қолға түсіріп алады.
Қазанбектің қасындағы бектер:—“Балаң қорқақ, қашып кетті!” деп әкесін азғырады. Ол тіпті жалғыз ұлын өзі өлтірмек болды. Бірақ жыр соңында Оразбектің ерлігі анықталады. Оразбек жау қолында аяқ-қолы байлаулы жатып та дұшпанға берілмейді. Ол өзін құтқаруға келе жатқан әкесіне қарап өлеңмен өтініш айтады:
Әке сен мұнда келме, жауға тұтқын боласың,
Мен өлімнен қорықпаймын, тек сен аман бол.
Екеумізден бірдей айырылып, шешем жесір қалмасын.
Казанбек жауды жеңіп, үлкен той жасайды. Жұртқа қымбат тарту-таралғылар береді. Бұл хикаяны Қорқыт ата жыр етіп айтады.
Міне, бұл жырдың мазмұнынан негізгі идеясы айқын көрініп тұр. Қорқыт дастаны жастарды соғыс өнерін білуге, ар-намысты жоғары ұстауға, ел басына күн туғанда тайсалмай жауға қарсы шығуға, ал жауды жеңе алмаған жағдайда намысты қолдан бермей, ел-жұрт үшін ерлікпен ажалға бас тігуге үндейді.
“Доқа-қожаұлы Қорқыт жырының бесінші тарауы —“Доқа-
Достарыңызбен бөлісу: |