Қазақ Әдебиеті нұсқау



жүктеу 34,85 Kb.
Дата11.01.2022
өлшемі34,85 Kb.
#32210
5 n s a- ZHMB



ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ


Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі».

1. Жеті жаста Арыстан баб келді маған,



Хақ Мұстафа аманатын берді маған.

Сол сәтінде-ақ көңілім тауып баян,

Нәпсім өліп, тәңірі жолына түстім мен де, – деп жырлаған түркі ойшылын анықтаңыз.

A) Әл-Фараби.

B) Жүсіп Баласағұни.

C) Махмұт Қашқари.

D) Ахмет Йасауи.

E) Сәйф Сараи.



2. Мақалдағы көркемдік өрнекті табыңыз.

Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді,

Елін сүйген еріне ел тілеуін береді.

A) Теңеу.

B) Синтаксистік параллелизм.

C) Метафора.

D) Метонимия.

E) Эпитет.



3. Би Темірге жыр арнаған жырауды көрсетіңіз.

A) Доспамбет

B) Асан қайғы

C) Ақтамберді

D) Қазтуған

E) Шалкиіз



4. «Сот реформасы туралы жазбалар», «Жоңғария очерктері» еңбектерінің авторын көрсетіңіз.

A) М.Дулатов.

B) Ә.Бөкейханов.

C) Ш.Уәлиханов.

D) А.Байтұрсынов.

E) Ы.Алтынсарин.



5. Абай аулына қонақ болып барған әнші-ақынды көрсетіңіз.

A) Үкілі Ыбырай

B) Балуан Шолақ

C) Біржан сал

D) Ақан сері

E) Жаяу Мұса



6. М.Жұмабаевтың табиғат лирикасына жататын өлеңін анықтаңыз:

A) «Бұлбұл».

B) «Шолпы».

C) «Гүлсім ханымға».

D) «Жазғытұрым».

E) «Қыс».



7. Қасым Аманжолов қызмет атқарған газетті белгілеңіз.

A) «Қазақ».

B) «Дала».

C) «Қазақ үні».

D) «Түркістан».

E) «Лениншіл жас».



8. Жүз жыл жырлаған жүректің иесін белгілеңіз.

A) Сәбит Мұқанов.

B) Жамбыл Жабаев.

C) Ілияс Жансүгіров.

D) Бейімбет Майлин.

E) Сәкен Сейфуллин.



9. М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңі қандай лирикаға жататындығын табыңыз.

A) Саяси-әлеуметтік лирика.

B) Көңіл күй лирикасы.

C) Табиғат лирикасы.

D) Махаббат лирикасы.

E) Қаһармандық лирика.



10. «Ақ Жайық» романының авторын белгілеңіз.

A) Ғ.Мұстафин.

B) Қ.Жұмаділов.

C) І.Есенберлин.

D) Х.Есенжанов.

E) Ғ.Мүсірепов.



11. Әбунасыр әл-Фараби еңбегін көрсетіңіз.

A) "Оғыз қаған жыры"

B) "Құтты білік"

C) "Өлең өнерінің қағидалары"

D) "Қиссалар"

E) "Түркіше Гүлстан"



12. «Атқамінер тойындағы» әкесінің балаға арнайы даярлайтын құрал түрін көрсетіңіз.

A) Балға, балта, найза.

B) Алтын, күміс, тайтұяқ.

C) Ер тоқым, қамшы, жүген.

D) Енші, жасау, киіз үй.

E) Балға, жасау, қамшы.



13. «Қара қазан, сары бала қамы үшін қылыш сермеген» жауынгер жыршыны табыңыз.

A) М.Өтемісұлы.

B) Ақтамберді жырау.

C) Жиембет жырау.

D) Д.Бабатайұлы.

E) Ш.Қанайұлы.



14. Кенесары ханның Жетісуға келгендегі оқиғасын суреттейтін І.Жансүгіров туындысын анықтаңыз.

A) «Құлагер».

B) «Күй».

C) «Күйші».

D) «Дала».

E) «Гималай».



15. Жалынды ақын, жауынгер Қасымның поэмасын анықтаңыз.

A) «Үш бақытым».

B) «Дүниеге жар».

C) «Өзім туралы».

D) «Шәкірт ойы».

E) «Қытай қызы».



16. «Орта ғасырда Француз, Испан, Итальян елдерінің поэзиясында туып

қалыптасқан лириканың ерекше бір түрі – баллада» деген пікір авторын табыңыз.

A) З.Қабдолов.

B) М.Әуезов.

C) З.Ахметов.

D) А.Байтұрсынов.

E) Ғ.Мұстафин.



17. Асан қайғының толғауын көрсетіңіз.

A) "Алаң да алаң, алаң жұрт"

B) "Бөгенбай өліміне"

C) "Есті көрсең, кем деме"

D) "Би Темірге бірінші толғау"

E) "Көк көгершін, көгершін"



18. Үзіндінің авторын белгілеңіз.

Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,

Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып сылаңдап ағады су.

A) С.Торайғыров.

B) М.Жұмабаев.

C) С.Сейфуллин.

D) Ы.Алтынсарин.

E) А.Құнанбаев.



19. Білімділер насихат көп жазады,

Адам үшін уайым жеп жазады.

Байқап оқып отырсам, соның бірі

Дүниені сұм, алдамшы деп жазады - деген өлең жолдары Шәкәрімнің қай шығармасынан алынғанын табыңыз.

A) «Бай мен кедей».

B) «Ажалсыз әскер».

C) «Жасымнан жетік білдім».

D) «Өкінішті өмір».

E) «Дүние мен өмір».



20. Айтарын ашып айтқан, абайламай,

Дариға-ай,

Махамбеттер, Абайлар-ай!- деп тебіренген ақынды табыңыз.

A) Т.Айбергенов.

B) Ә.Тәжібаев.

C) М.Мақатаев.

D) Т.Молдағалиев.

E) Ә.Сәрсенбаев.











Нұсқау: «Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы беріледі».

21. Орхон ескерткіштеріндегі жазулардың негізгі ойы мен мұратын анықтаңыз.

A) әділетсіздікке қарсы шығу

B) оқу-білімге үндеу

C) елге қорған болған батырлар мен көсемдерді дәріптеу

D) көсемдерге қарсы көтеріліске шақыру

E) ел билеушілерге наразылық

F) жақсылық пен жамандықты салыстыру

G) махаббатты жырлау

H) ел тәуелсіздігін аңсау



22. Үйлену салтына байланысты туған өлең-жырларды анықтаңыз

A) Тұсаукесер жыры

B) Беташар

C) Бесік жыры

D) Қоштасу

E) Жар-жар

F) Жоқтау

G) Наурыз жыры

H) Тойбастар


23. Талай жорықтарға қатысқан жауынгер жырауларды белгілеңіз.

A) Шалкиіз

B) Біржан

C) Ақтамберді

D) Сара

E) Ыбырай

F) Доспамбет

G) Шоқан


H) Шернияз

24. Балуан Шолақтың әндерін белгілеңіз.

A) "Ғалия"

B) "Көкек"

C) "Дікілдек"

D) "Балқадиша"

E) "Үлкен Ардақ"

F) "Сырымбет"

G) "Жанбота"

H) "Көкшетау"


25. Ш.Уәлихановтың еңбектерін анықтаңыз

A) "Жоңғария очерктері"

B) "Заман қайтып оңалсын"

C) "Сарыарқа"

D) "Сот реформасы"

E) "Үш қиян"

F) "Ақжайлау мен Сандықтас"

G) "Қырғыздар туралы жазбалар"

H) "Қазақ қалпы"


26. І.Жансүгіровтің «Күйші» поэмасының кейіпкерлерін анықтаңыз:

A) Жақып.

B) Күреңбай.

C) Батыраш.

D) Ахмет.

E) Кене хан.

F) Қарашаш.

G) Ақан сері.

H) Сапақ.


27. Ғ.Мүсіреповтің ана жайлы жазылған әңгімелерін көрсетіңіз:

A) «Ер ана».

B) «Қыз Жібек».

C) «Ақлима».

D) «Тулаған толқында».

E) «Талпақ танау».

F) «Ашынған ана».

G) «Көк үйдегі көршілер».

H) «Өмір ертегісі».


28. М.Әуезовтің 20-жылдары жазған әңгіме(-лер)ін табыңыз:

A) «Татьянаның қырдағы әні».

B) «Батыр Баян».

C) «Жетім».

D) «Қорғансыздың күні».

E) «Айман – Шолпан».

F) «Абай жолы».

G) «Абай».

H) «Кім кінәлі».


29. Құбылтудың (троптың) түрлерін табыңыз:

A) Арнау.

B) Градация (дамыту).

C) Кейіптеу.

D) Антитеза (шендестіру).

E) Литота (кішірейту).

F) Метафора (ауыстыру).

G) Қайталау.

H) Параллелизм (егіздеу).


30. М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» атты шығармасындағы кейіпкерлерді анықтаңыз

A) Дәуренбек

B) Қарабай

C) Сапабек

D) Тома

E) Зигфрид

F) Ерғабыл

G) Жеңіс


H) Ахмет

31. Айтыстың түрлерін белгілеңіз

A) қалжың айтыс

B) жаңылтпаш айтысы

C) еспе айтыс

D) өлі мен тірінің айтысы

E) ежелгі айтыс

F) заманауи айтыс

G) жастар айтысы

H) бәдік


32. Доспамбет жыраудың өлеңін табыңыз.

A) “Мұнар күн”.

B) “Шағырмақ бұлт жай тастар”

C) “Бұл заманда не ғаріп?”

D) “Көлде жүрген қоңыр қаз”.

E) "Азаулының Ыстамбұлдан несі кем?"

F) "Ер Доспамбет"

G) “Күн қайда”.

H) "Алаң да алаң, алаң жұрт"


33. Ақан сері туралы еңбек жазған қаламгер(-лер)ді көрсетіңіз.

A) Мағжан Жұмабаев

B) Ілияс Жансүгіров

C) Ілияс Есенберлин

D) Мұхтар Әуезов

E) Мұхтар Мағауин

F) Сәкен Жүнісов

G) Олжас Сүлейменов

H) Абай Құнанбаев


34. Ш.Құдайбердіұлының еңбек(-тер)ін көрсетіңіз:

A) «Мұсылмандық белгісі».

B) «Үш анық».

C) «Қазақ айнасы».

D) «Ғылым туралы».

E) «Ақын шабыты».

F) «Сентябрь».

G) «Ғалия».

H) «Жамбылға».


35. «Абай жолы» романындағы Абайдың ақын-шәкірттерін көрсетіңіз:

A) Кәкітай.

B) Байсал.

C) Байсал.

D) Әйгерім.

E) Мағаш.

F) Әбіш.

G) Қаратай.

H) Құлыншақ.


36. М.Шаханов «Отырар» дастанының кейіпкерлерін көрсетіңіз:

A) Мақсат.

B) Ерболат.

C) Қайырхан хан.

D) Танакөз.

E) Шыңғыс.

F) Есболат.

G) Шағатай.

H) Айгүл.


37. Үкілі Ыбыраймен айтысқан айтыскерлерді көрсетіңіз.

A) Доскей

B) Біржан

C) Құдайберген

D) Ырысжан

E) Сара


F) Құлмамбет

G) Жамбыл

H) Сүйінбай


38. «Сұлушаш» поэмасындағы Сұлушаш бейнесі лиро-эпостық жырлардағы қай кейіпкерлердің жалғасы іспеттес екенін анықтаңыз:

A) Гүлбаршынның.

B) Баянның.

C) Назымның.

D) Құртқаның.

E) Ақжүністің.

F) Ақбаланың.

G) Хадишаның.

H) Күнекейдің.


39. А, а, а; А, а, б, б; А, а, б, а – ұйқастың түрлерін ажыратыңыз.

A) Кезекті ұйқас.

B) Қара өлең ұйқасы.

C) Егіз ұйқас.

D) Аралас ұйқас.

E) Тармақ ұйқас.

F) Ерікті ұйқас.

G) Шалыс ұйқас.

H) Шұбыртпалы ұйқас.


40. Қ.Аманжоловтың орыс халқының қай ақындарының шығармаларын аударғанын көрсетіңіз:

A) А.Пушкин.

B) М.Лермонтов.

C) И.Гончаров.

D) Л.Толстой.

E) И.Тургенев.

F) А.Твардовский.

G) И.Бунин.



H) Ф.Достоевский.



жүктеу 34,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау