АДэ – жылжымалы құрамның линияда жұмыс атқарған автомобиль-күндерінің жиынтық саны;
АДпр – техникалық қызмет пен ағымдық жөндеуде тұрып қалған автомобиль- күндерінің жиынтық саны;
АДпи – техникалық жарамды жағдайда тұрып қалған автомобиль-күндерінің жиынтық саны;
Д – есептік кезеңдегі күндер саны;
Дэ – нақты автомобильдің линияда қолданыста болған күндер саны;
U – парктың сағаттық өнімділігі, жол./сағ;
W – парктың сағаттық өнімділігі, жол.-км/сағ; ;
R – маршруттағы қозғалыстың (интервалының) реттелгендік көрсеткіші, %.
КӨРСЕТКІШТЕРДІ АНЫҚТАУҒА ҚАЖЕТТІ ФОРМУЛАЛАР
Көрсеткіштің аталуы Анықтау формуласы
Сыйымдылықты пайдалану коэффициенті γ = Qф/q
Тасымалдаудың энергия сыйымдылығы,
ккал/100жол.-км
Э = (100 Qт λ)/ W
Тасымалдаудың материал сыйымдылығы М = 100(Gк+Gэ)/W Таηп
Тұрғындардың жылжығыштығы Р = П/К
Тұрғындардың көлікпен жылжығыштығы Ртр = Q/ Кж = Q г/ Кж
Тұрғындардың жалпы жылжығыштығы Робщ = ( Пг + Ппр+ Ппр)/Кж
Көлік торабының тығыздығы, км/км2 δ = Lc/F
Жолаушы ағынының біркелкі еместік коэффициенті
ηн = Q
max/Qср
Тәуліктің сағаттары бойынша «» ηч = Qпик /Qср.с
Желінің учаскелері бойынша «» ηуч = Qуч.max /Qср.уч
Қозғалыс бағыты бойынша «» ηнап = Qнап.maх/Qср.уч
Аптаның күндері бойынша «» ηдн = Qдн.max /Qср.дн
Жылдың айлары бойынша «» ηай = Qай.мах/Qор.ай
Перегонның орташа қашықтығы,км lм = lп/(ппо+1)
Автобустың өнімді жүрісі, км Lп = lмпр
Жылжымалы құрамның тәуліктік жалпы жүрісі, км
Lобщ = Lп+ Lо+Lх Lобщ = nрlм+ Lо+ Lх
Жүрісті пайдалану коэффициенті β = Lп/Lобщ
Нөлдік жүріс коэффициенті ω = L0/Lобщ
Жолаушылардың көліктегі орташа жүрісі,
км
lср = Р/Q
Көлік құралының нарядтағы уақыты, сағ Тн = tвоз – tвых– tпер
Тн = Тм + То
Желідегі жұмыс уақыты, сағ Тм = Тдв+ Тпо + Тко
Желідегі бір рейсті орындау уақыты, сағ tр = tдв+tпо+tко
tр = Тм /nр
Айналым рейсінің уақыты, сағ tоб = 2tр
Автобустың қозғалыс интервалы, мин i = tоб60/А
Автобустың қозғалыс жиілігі, авт/сағ j = 60/i
j = A/tоб
Жолаушы айналымы, жолаушы-км Р= Qlcр
Техникалық жылдамдық, км/сағ Vт=lм/tдв
Қатынас жылдамдығы, км/сағ Vс = lм/(tдв+nпоtпо) Vс = lм/( tр– tко)
Пайдалану (эксплуатациялық) жылдамдық, км/сағ
Vэ = Lобщ/ Тн Vэ = lм/ tр
Жолаушылардың ауысу коэффициенті ηсм = Qр/q
ηсм = lм/ lср
Бір рейстегі тасымалданған барлық жолаушылар саны
Qр = qγ ηсм
Статикалық сыйымдылықты пайдалану коэффициенті
γ с = Qфlср/ qlм
Динамикалық сыйымдылықты пайдалану коэффициенті
γ д = Qф/ q
γд = Рф /Рвозм
Сағаттық өнімділік, жолаушы/сағ U= Q/ Тм
Сағаттық өнімділік (жолаушы-км/сағ) W=Р/Тм
Бір рейстегі тасымалданған жолаушы саны (жолаушы)
Бір рейстегі тасымалдау жұмысы (жолаушы-км)
Qр = qηсм Рр = Qрlсрγ д
Рр = qηсмlсрγ д = qlмγ д
Рейс уақыты (сағ) tр = lм/Vт+nпоtпо+tко
Бір рейстегі сағаттық өнімділік (жолаушы/сағ)
Uр = Qр/ tр
Бір рейстегі сағаттық өнімділік (жолаушы-км/сағ)
Тәуліктегі (ауысымдағы) өнімділік (жолаушы-сағ)
Wр= Рр/tр
Uсут = qηсм nр Uсут = QрТм/ tр
Тәуліктегі (ауысымдағы) рейстер саны nр =Тм/tр; nоб=nр/2
Тәуліктегі (ауысымдық) өнімділік Wсут = q lмγд nр
(жолаушы-км) Wсут = РрТм/ tр
А= Qсут/Uр
Желіге қажетті автобустар саны (бірлік)
Жолаушы тасымалдаудың тәуліктік тапсырмасы (ж-шы)
Бір автобустың тәуліктік тапсырмасы (жолаушы)
А = Рсут/ Wр
А = Qсут / Qсут.авт Qсут = Аnрqηсмγ д Qсут = Аlмпрqγ д/ lср Qсут.авт = Lп qγд /lср Qсут.авт = lм пр qγд /lср
Жолаушы тасымалдаудың тәуліктік жоспары (жол.-км)
Рсут
= Qсут lср
Қозғалыстың реттелгендік дәрежесі, % R = (iплан/iфакт)×100%
І КӨЛІКПЕН ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ КӨЛІКПЕН ЖЫЛЖЫҒЫШТЫҒЫ Тұрғындардың қозғалуы және қозғалу түрлері
Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларға байланысты адам өмірінде тұраржай, жұмыс орны, білім, мәдени-тұрмыстық және ағартушылық қажеттіліктерге байланысты оның жылжуға деген қажеттілігі туындайды. Халықтың жылжуға деген қажеттілігі қоғамның даму деңгейімен, оның әлеуметтік структурасымен, қоғамдық өндірістің даму деңгейімен, қалыптасқан тұрмыс салтымен, қоныстану сипатымен және сол сияқты көрсеткіштермен анықталады. Тұрғындар жылжығыштығының өсуі негізінен демографиялық факторлар мен әлеуметтік факторлар есебінен жүзеге асады[4].
Адамдардың жылжуын екі қозғалудың қосындысы ретінде қарауға болады. Адамдардың бір орыннан баруы тиіс екінші орынға дейінгі жылжуын қ о з ғ а л у деп атайды. Қозғалу қарапайым және күрделі, жаяу немесе көлікпен, қайталамалы және кездеспелі болып, қозғалулар тізбегін құрауы мүмкін.
Қ а р а п а й ы м деп жолаушы шыққан пункттен баратын пунктке дейін жаяу барған немесе ауысып отырусыз бір көлік арқылы жол жүріп барған қозғалуды айтады. К ү р д е л і деп жаяу жүру мен көлікке отырып жол жүруден немеесе тек қана көлікпен, бірақ ауысып отыру арқылы жүруден құралатын жол жүрулерді айтады.
Ж а я у ж ү р у және к ө л і к п е н ж ү р у деп жаяу жүріспен жүруді және әртүрлі көлік құралдарын пайдаланып жол жүруді айтады.
Жолаушының көлік құралына отырғаннан бастап, одан түскенге дейінгі қозғалуын к ө л і к п е н ж ү р у деп атайды.
Қ а й т а л а м а л ы деп тұрғындардың таңертеңгісін тұрғын ауданнан зауытқа, ал кешкісін зауыттан үйге қарай бағытталған қозғалуын айтады.
Дәл сол уақыт кезеңінде қарама-қарсы бағытта, яғни таңертеңгісін зауыттан тұрғын ауданға қарай, ал кешкісін үйден зауытқа қарай бағытталған жолаушы ағынын к е з д е с п е л і қозғалу деп атайды.
Х а б а р - о ш а р л ы деп кездеспелі және (немесе) қайталамалы қозғалуларға ие болған екі пункіттің арасындағы орнықты көліктік байланыстарды айтады.
Қозғалулардың қарқынын сандық тұрғыдан сипаттау үшін тұрғындардың жылжығыштығы деп аталатын көрсеткішті пайдаланады. Т ұ р ғ ы н д а р д ы ң ж ы л ж ы ғ ы ш т ы ғ ы дегеніміз бір жылдағы бір тұрғынға шаққанда атқарылатын көлік жәрдемінде және жаяу жүріспен жылжулар саны (Р):
Р П ,
К
(1.1)
мұндағы П – бір жылдағы жылжулар саны;
К – жылжушылар саны.
Тұрғындардың көлікпен жылжығыштығы
Т ұ р ғ ы н д а р д ы ң к ө л і к п е н ж ы л ж ы ғ ы ш т ы ғ ы дегеніміз бір жылдағы бір тұрғынға шаққанда көлік жәрдемінде атқарылатын жылжулар саны (жаяу жүріс бұған кірмейді) (Ртр)[2]:
Р тр
П тр
К ж
Q г ,
К ж
(1.2)
мұндағы Птр– бір жылдағы көлікпен жылжулар саны;
Qг – бір жылда көлікпен тасымалданған жолаушыларлар саны;
Кж – елді мекендегі тұрғындар саны.
А в т о м о б и л ь к ө л і г і м е н ж ы л ж ы ғ ы ш т ы ғ ы дегеніміз бір жылдағы бір тұрғынға шаққанда автомобиль көлігі жәрдемінде атқарылатын жылжулар саны.
Ж а л п ы ж ы л ж ы ғ ы ш т ы ғ ы деп уақыт бірлігі (жыл, тәулік, сағат) ішінде жылжуға қатысқан тұрғындардың барлық тобының жылжулар санының елді мекеннің әкімшілік шегарасында жасаушы тұрғындар санына қатынасын айтады (Робщ)[2]:
Р Пг Ппр Пдр.г ,
(1.3)
К
общ
ж
мұндағы Пг – қалада жасайтын тұрғындар жылжуының саны;
Ппр – қала маңында жасаушы тұрғындар жылжуының саны;
Пдр.г – басқа қаладан келген тұрғындар жылжуының саны.
Жылжығыштықтың п о т е н ц и а л д ы қ , л а т е н т т і к , н а қ т ы , ж ү з е г е а с қ а н , ж ү з е г е а с п а ғ а н , а б с о л ю т т і к , ж а л п ы , б о л а ш а қ т а ғ ы түрлері болады[4].
Достарыңызбен бөлісу: |