Аязбай м. Д., Имандосов а. Т., Семернин а. Н. Жолаушылар тасымалын жобалау



жүктеу 1,43 Mb.
бет21/55
Дата15.03.2022
өлшемі1,43 Mb.
#37823
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55
Aiazbai Sholaushlar tasmalyn shobalau.rar-конвертирован01

Тасымалдау түрі бойынша автобустар қалалық, қала маңындағы, қалааралық, туристік, экскурсиялық, мектептік болып бөлінеді.

Ж е ң і л а в т о м о б и л ь д е р өлшемдері бойынша қозғалтқыштың жұмыстық көлеміне (литражына) және орын санына қарай жіктеледі. Қозғалтқыштың литражы барлық мемлекеттерде негізгі критерий ретінде қабылданған. Барлық жеңіл автомобилбдер өлшемдері бойынша: өте кіші, кіші, орта, үлкен, өте үлкен деп аталатын бес класқа бөлінеді. Өте үлкен кластағы автомобиль тасымалдау көлігі ретінде қолданыла бермейді. Бастапқы үш кластың әрқайсысы өз кезегінде екі топқа бөлінеді (2.2-кесте).



Тасымалдау түріне қарай жеңіл автомомбильдер жалпы қолданыстағы (такси), ведомствалық, жеке меншіктегі, жалға берілетін болып бөлінеді.
    1. Автомобильдердің техникалық пайдалану сапасы және оларға қойылатын талаптар

Белгілі бір қолданыс жағдайында пайдалануға жарамдылық дәрежесін анықтайтын автомобильдің кешенді қасиеттері болады. Автомобильді пайдаланудың тиімділігін оның құрылымына тәуелділік тұрғысынан зерттеу оның құрылымының жетілгендігін кешенді бағалау үшін негізгі техникалық- пайдалану сапасын анықтауға мүмкіндік береді. 2.3-кестеде техникалық- пайдалану сапасының кейбір тиімділік көрсеткіштеріне әсері көрсетілген[6].

4.2-кесте

Жеңіл автомобильдердің өлшемдері бойынша жіктелуі




Автомобиль класы

Қозғалтқыш тың литражы, л

Орындар саны

Автомобильдің

құрғақ массасы, кг



Аталуы

Топ

Өте кіші

I

< 0,9

2 немесе 4

< 700

II

0,9 – 1,2

700 – 850

Кіші

I

1,2 – 1,5

4 немесе 5

850 – 950

II

1,5 – 1,8

950 – 1150

Орта

I

1,8 – 2,5

5 немесе 6

1150 – 1250

II

2,5 – 3,5

1250 – 1500

Үлкен



>3,5

7 немесе 8

≥1500




4.3-кесте
Автомобильдің техникалық-пайдалану сапасының тиімділік көрсеткіштеріне әсері


Автомобильдің техникалық-

пайдалану сапасы

Автомобильді пайдаланудың

тиімділік көрсеткіштері

Габариттік өлшемдері мен массасы

Тасымалдаудың материал және энергия сыйымдылығы.

Тасымалдау шығындары


Жолаушы сыйымдылығы



Тасымалдаудың еңбек сыйымдылығы. Өнімділігі.

Тасымалдау шығындары


Жылдамдық қасиеттері



Энергия сыйымдылығы.

Тасымалдау шығындары. Өнімділігі



Қозғалыс қауіпсіздігі

Материал сыйымдылығы.

Тасымалдау шығындары


Пайдалануға ыңғайлылығы



Тасымалдаудың еңбек сыйымдылығы. Материал сыйымдылығы.

Тасымалдау шығындары



Отын үнемділігі

Энергия сыйымдылығы.

Тасымалдау шығындары


Өтімділігі



Тасымалдаудың материал және энергия сыйымдылығы.

Өнімділігі


4.4-кестеде жеңіл автомобильдердің, ал 2.5-кестеде автобустардың техникалык мінездемелері келтірілген.

4.4-кесте

Жеңіл автомобильдердің техникалык мінездемесі


Шыққан жылы


Автомобиль маркасы



Қозғалтқыш

Автомобильдің ұзын дығы, м

Автомобильдің массасы, кг

Отын шығы ны, л/100 км

0 ден 100 км/сағ қа жету уақыты

Ең үлкен жылдамдығы, км/сағ

Жұмыстық көлемі, л

Қуаты, кВт


1970-


1974

ЗАЗ-968

1,20

29,5

3,73

790

8,0

38,0

116

ВАЗ-21011

1,30

50,7

4,04

955

9,5

20,0

140

АЗЛК-408

1,36

37,0

4,25

1080

11,0

33,0

120

ГАЗ-24

2,45

70,0

4,74

1420

13,0

20,2

147

1980-


1982

ЗАЗ-968М

1,20

30,2

3.77

840

8,5

30,0

118

ВАЗ-2105

1,30

50,7

4,13

995

10.0

18,0

145

АЗЛК-2140

1,48

55,2

4,25

1045

10,5

19,0

142

ГАЗ-24

2,45

70,0

4,76

1420

13,0

20,2

147

1988-


1990

ЗАЗ-1102

1,09

37,6

3,71

710

6,8

20,0

140

ВАЗ-2108,9

1,50

54,0

4,01

900

8,6

16,0

155

АЗЛК-2141

1,57

56,0

4,35

1070

10,0

16.1

155

ГАЗ-3102

2,45

77,2

4,96

1470

10,5

16,2

152

1990-

ВАЗ-1111 «ОКА»

0,80

23,0

3,00

655

3,5

23,0

120

2003

ВАЗ-1121 «ОКА»

1,50

54,0

3,45

790

5,5

23,0

180




ВАЗ-2120

1,50

57,0

4,11

1035

5,5

12,5

185

1990-

ВАЗ-2120-такси

1,77

58,0

4,50

1500

8,2

20,0

130

2003

ВАЗ-2121 «Нива»

1,69

58,0

3,74

1210

8,3

19,0

160




ИЖ-2126

1,57

55,0

4,07

1080

8,4

20,0

170




УАЗ-3160

2,70

98,0

4,63

2040

10,4

19,9

150




ГАЗ-3110

2,29

96.0

4,87

1450

8,8

14,2

170




«Волга»




ГАЗ-3111

2,50

114,0

4,85

1550

8.2

12,9

180




«Волга»




ЗИЛ-41047

7,69

232,0

6,33

3335

18,8

13,0

190

4.5-кесте

Автобустардың техникалық сипаттамасы


Маркасы


Тағайын далуы



Орындар саны


Автобус өз мас- сасы, т

Отын шығыны, л/100 км



отыру үшін

түрегеп тұру

үшін


норма

шегі

1. РАФ-9203 «Латвия»

Жалпы

11

-

-

1,7

10,8

2. КАВЗ-685 (Курган)

Қала маңы

үшін


21

7

-

4,1

19,6

3. ПАЗ-672 Павловск)

Қалалық

23

15

20

4,5

24,0

4. ПАЗ-3205

Жалпы

28

8

12

4,4

23,0

5. ЛАЗ-695 (Львов)

Жалпы

34

67

-

6,8

35,0

6. ЛАЗ-697

Туристік

33

-

-

7,5

35,0

7. ЛАЗ-697Р

Қала аралық

41

-

-

8,9

41,0

8. ЛАЗ-4202

Қалалық

25

69

75

8.6

19-24

9. ЛиАЗ-677 (Ликино)

Қалалық

25

74

85

8,4

39,0

10. ЛиАЗ-5256

Қалалық

24

92

98

9,6

21,0

11. «Икарус-280»

Қалалық

37

115

162

12,5

24,0

12. «Икарус-260»

Қалалық

22

75

107

9,1

18,0

13. «Икарус-246»

Қалааралық

(туристік)



46

-

-

10,4

26,0

14. «Волжанин-5270»

Қалалық

32

68

75

1,5

30,0

15. ПАЗ-5272

Қалалық

33

75

80

9,6

24,0

16. «Волжанин-52701»

Қала маңы

41

34

41

11,5

30,0




үшін
















17. ЛиАЗ-52565

Қала маңы

үшін


46

41

45

9,8

21.0

18. АКА-5225

Қалалық

38

90

95

18,0

25,0

19. АКА-6226

Қалалық

38

166

140

28,0

30,0

20. Сармат-6221

Қалалық

32

124

130

25,7

36,0

21. ЛиАЗ-6212

Қалалық

33

145

150

15,2

23,0

22. ТурА171

Туристік

40(48)

-

-

13,0

24,0

23. «Икарус-386»

Туристік

46

-

-

12,8

24,0

24. «Волжанин-5285»

Қала аралық

51

-

-

14,7

24,0

25. МАН FRH-403

Қала аралық

39-44

-

-

18.0

23,0

26. Сармат-42191

Қалалық

21

67

72

9,2

22,0

27. ЗИЛ-325010

«Бычок»


Жалпы

15

-

-

4,6

12,0

28. КАвЗ-3976

Жалпы

16

27

27

4,7

13,0

29. ГАЗ-2752

«Соболь»


Жалпы

10

-

-

2,8

10.0

30. ГАЗ-3221 «Газель»

Жалпы

13

-

-

2,6

11,0

Г а б а р и т т і к ө л ш е м д е р і м е н м а с с а с ы автомобильдің маңызды техникалық-пайдалану сапалары болып табылады. Жолда жүру үшін автомобильдің ең үлкен габариттік өлшемдері төмендегі мәндермен шектеледі: жеке автомобильдің ұзындығы Lа ≤ 15 м ден аспауы тиіс, жартылай тіркеме немесе бір тіркеме тіркелген тартқыштан құралған автопойыздың ұзындығы Lап ≤ 20 метрден аспауы тиіс, екі немесе одан артық тіркемелі автопойыздың ұзындығы Lап ≤ 24 метрден аспауы, биіктігі Н≤ 3,8 метрден аспауы, рессорланбаған бөлігінің ені Вн ≤ 2,65 метрден аспауы қажет[4].

Ж о л а у ш ы с ы й ы м д ы л ы ғ ы q автобустағы жалпы орын санымен анықталады. Қалалық және қала маңындағы автобустар үшін жалпы орын санына жолаушы түрегеп тұратын орындар да кіреді. Автобустың номиналды жолаушы сыйымдылығын шығарушы-зауыт тағайындайды. Қалалық автобустардың номиналдық сыйымдылығын жолаушы отыратын орындықтар саны мен түрегеп тұратын жолаушылар санының қосындысы ретінде анықтайды. Түрегеп тұратын жолаушылардың санын орындықтардан бос болған еден ауданының әрбір шаршы метріне қалалық автобус үшін 5 адамнан, ал қала маңындағы автобус үшін 3 адамнан келеді деп қабылдайды. Ең үлкен сыйымдылықты анықтағанда орындықтан бос еден ауданының әрбір шаршы метріне 8 адамнан келеді деп қабылдауға болады.

Қала аралық автобустардың сыйымдылығы жолаушылар отыратын орындықтардың санына тең[4].

Ж ы л д а м д ы қ қ а с и е т т е р і автомобильдің төмендегі көрсеткіштерімен бағаланады: техникалық жылдамдығы, максималды жылдамдығы, жылдамдықты арттыру қарқыны және динамикалық фактор.

М а к с и м а л д ы ж ы л д а м д ы қ жылжымалы құрамның жылдамдық мүмкіндігінің шегін көрсетеді. Қазіргі кезде автобустар үшін максималды жылдамдықтың ең төменгі шегі тағайындалған. Номиналды сыйымдылықта масималды жылдамдық мәні төмендегі мөлшерден кем болмауы тиіс: қалалық автобустар үшін – 70 км/сағ, жергілікті автобустар үшін ұзындығы 6 – 6,5 м болғанда – 85 км/сағ, ұзындығы 7 – 7,5 м болғанда – 90 км/сағ, қала аралық автобустар үшін – 100 км/сағ, саяхаттық және туристік автобустар үшін – 90 км/сағ.

О т ы н ү н е м д і л і г і автомобильдің әрбір жолаушы-километрге ең кем отын шығынымен жолаушы тасымалын жүзеге асыруға бейімделгендігін сипаттайды. Отынның құны келтірілген шығындардың айтарлықтай бөлігін құрайды. Отын үнемділігінің көрсеткіштері мыналар: ү н е м д і л і к м і н е з д е м е с і , м е н ш і к т і о т ы н ш ы ғ ы н ы , о р т а ш а о т ы н ш ы ғ ы н ы . Бензинмен жүретін қозғалтқыштар үшін отын шығыны 100 км-ге кіші автобустар үшін 20 литрден, орта автобустар үшін 30 литрден, үлкен автобустар үшін 35 литрден аспауы тиіс.

П а й д а л а н у ғ а қ о л а й л ы л ы ғ ы көлікке жолаушының мініп-түсуге және жол жүруге ыңғайлылығымен сипатталады. Көлік жүрісінің жайлылығы құрылымдық сапасымен бір қатарда орындықтың өлшемі мен жұмсақтығына, оның қозғалыс бағытына қарағанда қалай орналасуына, өтетеін аралықтың өлшемдеріне, есіктің еніне, баспалдақтың биіктігіне, кузовтың саңылаусыздығына, жылыту мен желдетудің тиімділігіне, тәуліктің қараңғы кездерінде жарықтандырылғанына және т.б. факторларға тәуелді.



    1. Автомобилдерді пайдаланудың тиімділігі

Көлік құралдарын пайдаланудың т и і м д і л і г і деп тасымалдауды ең кем материалдық және еңбек шығындарымен жүзеге асыруды айтады. Тиімділіктің көрсеткіштері: тасымалдаудың энергия сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, еңбек сыйымдылығы, өнімділігі, өзіндік құны және келтірілген шығындар[4].

Т а с ы м а л д а у д ы ң э н е р г и я с ы й ы м д ы л ы ғ ы (Э) деп нақты автомобильдің тасымалдау үшін шығындаған энергия мөлшерін айтады, ккал/100 жолаушы-км:



Э 100Qт ,

W
(4.1)

мұндағы Qт – тасымалдауға бір жылда жұмсалған автомобиль отыны, л;

 – отынның тығыздығы (меншікті массасы), кг/л;

 – отынның жылу бергіштік қабілеті (калориялылығы), ккал/кг;

W – жылдық тасымалдау өнімділігі, жол-км/жыл.
Т а с ы м а л д а у д ы ң м а т е р и а л с ы й ы м д ы л ы ғ ы (М) деп белгілі бір тасымалдау жұмысына жұмсалған материал мөлшерін айтады, кг/100 жол- км[3]:


M 1000(Gê Gý) ,

WTa ηï

(4.2)


мұндағы Gк – автомобиль конструкциясындағы материал массасы, кг;

Gэ – амортизациялық қызмет мерзімі ішінде пайдалану процесінде жұмсалған материал массасы, кг;

Та – автомобильдің амортизациялық қызмет мерзімі, жыл;

ηï – материалдың өндірісте пайдалану коэффициенті, оны товар

күйіндегі материал массасының Gтов бастапқы күйіндегі массасына

Gисх қатынасынан анықтайды:


ηп

Gтов Gисх
(4.3)


    1. Жылжымалы құрамның паркі

Жоғарыда жеке автомобильдің тасымалдау көрсеткіштері туралы мәселелер қарастырылды. Енді автомобильдер паркінің пайдалану көрсеткіштеріне тоқталайық.

Ж ы л ж ы м а л ы қ ұ р а м н ы ң п а р к і дегенде көлік құралдарының (автомобильдердің, тіркемелердің, жартылай тіркемелердің) ұйымдасып (автокөлік кәсіпорнына, автоколоннаға, отрядқа және т.б.) немесе тек қана жалпы міндетті орындау үшін біріккен тобын түсінеміз[4].

Жылжымалы құрамның паркін пайдалану және оның тасымалдау мүмкіндігі төмендегі көрсеткіштермен сипатталады: парктегі жылжымалы құрамның саны, оның линияда жұмыс атқару үшін көлік мекемесінде болу уақыты, жылжымалы құрамның жолаушы сыйымдылығы, жолаушының көлікпен жүру қашықтығы, жылжымалы құрамның жүрісі, автомобильдердің қозғалыс жылдамдығы және жолаушылар көлікке мініп-түскенде аялдамаларда тоқтап тұру уақыты.



Парктегі автомобильдердің тасымалдау жұмысын анықтайтын көрсеткіштерді екі топқа бөліп қарастыру қолайлы болмақ:

      1. жылжымалы құрамның сандық көрсеткіштері және линияда жұмыс атқару үшін көлік мекемесінде болу уақытын пайдалану;

      2. бір сағатта атқарылған орташа жұмысты тасымалданған жолаушылар саны бойынша да, жолаушы-километр бойынша да сипаттайтын парктің өнімділік көрсеткіштері.

Тасымалдау процесінің дискреттігіне байланысты, жылжымалы құрамның жұмысына есептеулер мен сараптаулар жүргізгенде, белгілі бір дәрежедегі жуықтаулармен, көрсеткіштердің орташа мәндерін пайдаланады.

Бірінші топтың көрсеткіштерін қарастырайық.




    1. Парктегі жылжымалы құрамның саны

П а р к т е г і ж ы л ж ы м а л ы қ ұ р а м н ы ң с а н ы парктің тізімдік құрамы (белгілі бағдарлама бойынша тасымалдау үшін арналған көліктік кәсіпорындар мен ұйымдардың жылжымалы құрамы) және (инвентарлық тізім бойынша саналатын) инвентарлық парк болып бөлінеді. Инвентарлық парк тізімдегі құрамды және арнайы мақсат үшін тағайындалған (линиялық бақылау автомобилдері, техникалық жәрдем автомобилдері, жүргізушілерді жұмыс орнына жеткізуге арналған автомобильдер және т.б. ) көлік құралдарын қамтиды[4].




n

А в т о м о б и л ь д е р д і ң т і з і м д і к с а н ы (Ас):
АД Аi Дп

Ас

п i1 ,



Д Д

(4.5)

мұндағы АДп – тізімде болған барлық автомобильдердің автокөлік паркінде болған

күндерінің саны, автомобиль-күндер;



АiДпi-нші автомобильдің автокөлік паркінде болған күндерінің саны,

автомобиль-күндер;



Д – есептік кезеңдегі күндер саны;

п – көлік құралдарының жалпы саны.

Өзінің техникалық жағдайы бойынша парктегі автомобильдер төмендегіше бөлінеді:



Аиспр – пайдалануға дайын автомобильдер;

Ар – жөндеу талап ететін немесе жөндеуде тұрған автомобильдер;

Аэ – пайдалануға дайын автомобильдердің пайдалануда (яғни линияда) жүрген бөлігі;

Ап – пайдалануға дайын автомобильдердің жұмыс істемей, бос тұрған бөлігі.

Сонда нақты бір күнді алатын болсақ, сол күнгі тізімдегі автомобильдер саны төмендегі құраушылардан тұрады[3]:




Ас

Аэ Ап

Ар . (4.6)

Жылжымалы құрамды пайдалану календарлық (Д) кезең ішінде оның пайдалануда жүрген (Дэ) күндер санымен және күн бойында жұмыс атқарған сағаттар санымен, яғни, нарядта болған (Тн) уақытының ұзақтығымен сипатталады.

А в т о м о б и л ь д і ң п а р к т е б о л у у а қ ы т ы (АДп) оның жұмыс күндерін, техникалық қызметте (ТҚ) және ағымдағы жөндеуде (АЖ) тұрған, демалыс және мейрам күндерін, сондай-ақ ұйымдастыруға байланысты себептермен тұрып қалған күндерін қамтиды[3]:


АД п

АД э АД пр



  • АД пи ,

(4.7)

мұндағы АДэ – жылжымалы құрамның линияда жұмыс атқарған автомобиль- күндерінің жиынтық саны;



АДпр – техникалық қызмет пен ағымдық жөндеуде тұрып қалған автомобиль-күндерінің жиынтық саны;

АДпи – техникалық жарамды жағдайда тұрып қалған автомобиль- күндерінің жиынтық саны.

Автомобильдің техникалық жарамды жағдайда тұрып қалуы көбінесе кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс кестесіне байланысты, атап айтқанда: үзіліссіз жеті күндік еңбек аптасы (жылына 365 жұмыс күні), үзіліспен алты күндік (жылына 305 жұмыс күні) және бес күндік (жылына 253 жұмыс күні) еңбек аптасы бойынша жұмыс істеуіне байланысты болады.

Желідегі жылжымалы құрамның санын анықтауға арналған номограмманың сұлбасы 4.1-суретте келтірілген.


Сурет 4.1-Желідегі жылжымалы құрамның санын анықтауға арналған

номограмма


    1. Парктің техникалық дайындық коэффициенті

П а р к т і ң т е х н и к а л ы қ д а й ы н д ы қ к о э ф ф и ц и е н т і αт техникалық дайын жағдайда тұрған автомобильдердің мөлшерін сипаттайды. Оны жылжымалы құрамның техникалық дайын жағдайда болған автомобиль- күндерінің (АДисп) паркте болған жалпы уақытына қатынасынан анықтайды:




α АДиспр ,

(4.8)



п
т АД

мұндағы АДиспр = АДэ + АДпи.



АДэ – жылжымалы құрамның линияда жұмыс атқарған автомобиль- күндерінің жиынтық саны;

АДпи – техникалық жарамды жағдайда тұрып қалған автомобиль- күндерінің жиынтық саны.

АДп – тізімде болған барлық автомобильдердің автокөлік паркінде болған

күндерінің саны, автомобиль-күндер;



Ш ы ғ у к о э ф ф и ц и е н т і (выхода αв) автомобильдердің жалпы санының қанша бөлігі линияда жұмыс істеу үшін қолданылғанын көрсетеді. Оның сан мәнін төмендегі өрнектен анықтайды:


α  АД э .

(4.9)



п
в АД
мұндағы АДэ – жылжымалы құрамның линияда жұмыс атқарған автомобиль- күндерінің жиынтық саны;

АДп – тізімде болған барлық автомобильдердің автокөлік паркінде болған

күндерінің саны, автомобиль-күндер;


Белгілі бір кезең ішінде бір автомобильдің шығу коэффициенті:
α  Д э ,

в Д (4.10)


мұндағы Дэ – нақты автомобильдің линияда қолданыста болған күндер саны.

Д – есептік кезеңдегі күндер саны;

Бір күндегі жылжымалы құрамның паркінің шығу коэффициенті:



А

α  Аэ .

в (4.11)

с
мұндағы Аэ – пайдалануға дайын автомобильдердің пайдалануда (яғни линияда)

жүрген бөлігі;

Ас – автомобильдердің тізімдік саны
Шығу коэффициенті (αв) техникалық дайындық коэффициентінен (αт) артық болуы мүмкін емес: αт ≥ αв.

    1. Парктің орташа жолаушы сыйымдылығы

Парктің орташа жолаушы сыйымдылығын (qср) кәсіпорынның тасымалдау көлемін жүзеге асыру бойынша потенциалдық мүмкіндігін бағалау үшін пайдаланады:




q j Acj



q j 1
, (4.12)


A
ср

c
мұндағы qj – j-нші маркалы көлік құралының сыйымдылығы, жолаушы;



Асj – j-нші маркалы көлік құралының орташа тізімдік саны, автомобиль.
    1. Жылжымалы құрамның пайдаланудағы автомобиль-сағаты



n

Жылжымалы құрамның пайдаланудағы автомобиль-сағаты (АЧэ) маршруттағы барлық көлік құралдарының тәулік (ауысым) бойындағы жұмысының ұзақтығын сипаттайды:

АЧ э Tмi , (4.13)

i1
мұндағы Тмiжолдама парақ деректері бойынша анықталатын маршруттағы i-нші автомобильдің маршруттағы жұмыс уақыты, автомобиль-сағат.


n

Парктің жүрісі және маршрут бойынша пайдалану жылдамдығы. Парктің жүрісі (Lм) көлік құралының маршрут бойынша жолаушы тасымалының жалпы қашықтығын сипаттайды:
Lм Lмi , (4.14)

i1
мұндағы Lмiжолдама парақ деректері бойынша анықталатын маршруттағы

i-нші автомобильдің маршруттағы жүрісі, км. Маршрут бойынша пайдалану жылдамдығы Vэ, (км/сағ):

V Lм

э АЧ

э

, (4.15)





    1. Парктің өнімділігі

О р т а ш а с а ғ а т т ы қ а т қ а р ы л ғ а н ж ұ м ы с т ы анықтайтын екінші топтың көрсеткіштерін қарастырайық. Жылжымалы құрамның паркі атқарған тасымалдау жұмысы әрбір рейсте атқарылған тасымалдау жұмысының жиынтығынан тұрады.



Парктің өнімділігі оның белгілі бір кезеңдегі жолаушы немесе


жүктеу 1,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау