Қаулысымен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы



жүктеу 176,25 Kb.
Дата05.03.2018
өлшемі176,25 Kb.
#11403

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 16 қазандағы

1315 қаулысымен



бекітілген

 

 

«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы
автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандарты



1. Жалпы ережелер

 

1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі.

«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменттері (бұдан әрі - аумақтық орган) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - ХҚКО) арқылы балама негізде www.con.gov.kz  интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша, www.e.gov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz  «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледi.



 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі



 

2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімдері:

аумақтық органға жүгінген кезде:

1) өтініш берілген сәттен бастап - бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға паспорт беріледі не жазбаша дәлелді бас тарту беріледі;

2) осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген өтінішті тапсыру кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;



3) паспортты алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;

мына:

1) ХҚКО-ның аудандық бөліміне жүгінген кезде:

паспорт беру бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттар аумақтық органға жеткізілетін 2 күн және ХҚКО-ға орындалған құжаттар жеткізілетін 2 күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);

2) ХҚКО-ның облыстық бөліміне жүгінген кезде:

паспорт беру бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттарды және өтінішті қабылдау беру күнi мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмiне кiрмейдi);

3) осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;

4) паспорт алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;

портал арқылы қызмет бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі аумақтық органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігіндегі сыртқы (көрнекі) жарнама объектісіне паспорт (бұдан әрі - паспорт) беру не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

Аумақтық органға паспортты қағаз тасығышта алуға жүгінген кезде, паспорт электрондық құжат нысанында ресімделіп, басып шығарылады, аумақтық органның мөрімен және оның басшысының қолымен расталады.

5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызмет:

1) аумақтық органға жүгінген кезде:

демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аумақтық органның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын, дүйсенбі мен жұма аралығында көрсетіледі, түскі үзілісі бар;

қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;

мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtс.gov.kz  («Автомобиль жолдары комитетi» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде) және көрсетілетін қызметті алушы үшін аумақтық орган үй-жайларының ең көрнекі жерінде орнатылған стенділерде орналастырылған;

2) ХҚКО-на жүгінген кезде:

демалыс және мереке күндерін қоспағанда, ХҚКО-ның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, күн сайын, дүйсенбі мен сенбі аралығында көрсетіледі;

қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;

мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат ХҚКО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz  және ХҚКО үй-жайларында орнатылған стенділерде орналастырылған;

3) порталда - тәулік бойы көрсетіледі;

мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат «электрондық үкімет» 1414 бірыңғай байланыс орталығына өтініш жасау арқылы ұсынылады.

7. Мемлекеттiк қызметті алу үшiн мынадай құжаттар ұсынылады:



аумақтық органдарға немесе ХҚКО-на жүгінген кезде:

көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын құжаттар:

1) осы стандартқа 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш;



2) түстік шешімі және өлшемдері бар объекті эскизінің көшірмесі немесе оның түпнұсқасы (ХҚКО-на берген кезде - ХҚКО-ның қызметкері сканерден өткізеді және электрондық сұрау салуға тіркейді);

3) тұтынушының өкілі жүгінген кезде - уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжат;

тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттар:

1) жеке басын куәландыратын және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжаттардың мәліметтері (нотариалды расталған жағдайда);

құжаттарды қабылдаған кезде аумақтық органның немесе ХҚКО-ның қызметкері құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен немесе құжаттардың басып шығарылған электрондық көшірмелерімен салыстырып, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады;

осы стандарттың осы тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде аумақтық органда не ХҚКО-да мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:

1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған аумақтық органның лауазымды адамының немесе ХҚКО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты көрсетіледі;

портал арқылы жүгінген кезде:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі электрондық сұрау салуға тіркелген түстік шешімі және өлшемдері бар объектінің эскизі;

портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметтің нәтижесі, күні мен уақыты көрсетілген мемлекеттік қызметті ұсыну үшін сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама-есеп жолданады.

8. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартудың негіздемесі:



1) осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген құжаттардың автомобиль жолдары саласындағы белгіленген нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келмеуі;

2) «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында көзделген негіздер негіздеме болып табылады.



Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 7-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

 

 

3. Шағымдану тәртібі



 

9. Аумақтық органның лауазымды адамының немесе ХҚКО қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша және www.con.gov.kz  интернет-ресурсына аумақтық органның немесе ХҚКО-ның басшылығына жүгінеді.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» бірыңғай байланыс орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (бұдан әрі - Комитет) төрағасының атына мынадай мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, қабылдау бөлімінің телефоны 8 (7172) 24-33-83.



Жұмыс кестесі демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін бес күндік жұмыс аптасын құрайды.

11. Мынадай:



ХҚКО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, www.con.gov.kz  интернет-ресурсында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар арқылы ХҚКО басшысына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95 мекенжайы бойынша шағым беріледі;

аумақтық органның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша аумақтық органның басшысына немесе 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимаратының мекенжайы бойынша шағым беріледі.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

13. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады.

14. Көрсетілетін қызметті алушы шағымының қабылданғанын растау үшін шағымды қабылдаған адам талон береді, онда нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетіледі.



Шағым тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде қаралады.

15. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» бірыңғай байланыс орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.



 

 

4. Өзге талаптар



 

16. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және ХҚКО арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескерілген талаптар жоқ.


«Халықаралық және республикалық

маңызы бар жалпы пайдаланымдағы

автомобиль жолдарының жолақ

бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама

орналастыруға рұқсат беру»

мемлекеттік қызмет стандартына



1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
Автомобиль жолдары комитеті аумақтық органдарының
тізбесі

 

Р/с



Бөлімшенің атауы

Толық заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық поштаның мекенжайы

1

2

3

4

1.

«Ақмола облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Көкшетау қаласы, Уәлиханов көшесі, 193, 2-қабат

8 (7162) 770589

akmola-priemnaya@mail.ru

2.

«Алматы облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 28, 2-қабат

8 (7272) 559046

almodkad@mail.ru

3.

«Атырау облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Атырау қаласы, Исатай көшесі, 5, 2-қабат

8 (7122) 290677, 290149

aouKRTI@mail.ru

4.

«Ақтөбе облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 89, 301-бөлме

8 (7132) 546571

aktobeKRTI@mail.ru

5.

«Шығыс Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Өскемен қаласы, Буров көшесі, 67, 2-қабат

8 (7232) 240813

guad_vko@mail.ru

6.

«Жамбыл облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Тараз қаласы, Тәуке хан көшесі, 1а, 2-қабат

8 (7262) 316004

uad_zhamb@mtc.gov.kz

7.

«Батыс Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Орал қаласы, Ихсанов көшесі, 44/1, 2-қабат

8 (7112) 511051

uad.zko.uralsk@mail.ru

8.

«Қарағанды облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 50а, 3-қабат

8 (7212) 514309

karguad@mail.ru

9.

«Қызылорда облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 18, 2-қабат

8 (7242) 277706

ouad_kzlorda@mail.ru

10.

«Қостанай облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Қостанай қаласы, Хәкімжанова көшесі, 7, 4-қабат

8 (7142) 558221

kostouad@yandex.ru

11.

«Маңғыстау облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Ақтау қаласы, 22-шағын аудан, 2-қабат

8 (7292) 605276

mouad@mail.ru

12.

«Павлодар облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 180, 2-қабат

8 (7182) 571925

pouad@mail.ru

13.

«Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Петропавл қаласы, Интернациональная көшесі, 61, 415-бөлме

8 (7152) 365096

uad_sko@mtc.gov.kz

14.

«Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Шымкент қаласы, Жібек жолы көшесі, нөмірсіз, 2-қабат

8 (7252) 51-31-19

ugdorstroi@mail.ru

 

«Халықаралық және республикалық



маңызы бар жалпы пайдаланымдағы

автомобиль жолдарының жолақ

бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама

орналастыруға рұқсат беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрлігі

Автомобиль жолдары комитетінің

_____________ облыстық департаменті

 

_____________________________________________________

(басшының Т.А.Ә.)

_____________________________________________________

(жеке тұлғаның Т.А.Ә. не

_____________________________________________________

заңды тұлғаның толық атауы)

_____________________________________________________

(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын

_____________________________________________________

куәландыратын құжаттардың деректемелері

_____________________________________________________

байланыс телефоны, мекенжайы)



Өтініш

 

Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға паспорт беруіңізді сұраймын.

 

Күні _______      Алушы _________________________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе

_______________________________________________________________________________________

заңды тұлғаның не уәкілетті тұлғаның

_______________________________________________________________________________________

атауы, қолы)

 
жүктеу 176,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау