Асыр сүресі
Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим
«Уәл’аср, иннәл инсәәнә ләфи хуср, илләлләзинә әәмәну уа амилус-саалихати уа тауасау билхаққи уа тауаасау биссабр»
Мағынасы:
1. Заманаға ант етемін.
2. Бүкіл адам баласы зиянда.
3. Бірақ, иман келтіріп, ізгі істер істегендер мен бір-біріне ақиқат пен сабырды үгіттескендер басқа.
Фил сүресі
Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим
«Әләм тәра кәйфа фа’алә раббука биасхаабил фиил, әләм иаж’ал кәйдаһум фи тадлиил, уа әрсәлә ’аләйһим тайран әбәбиил, тәрмииһим бихижааратим мин сижжиил, фәжә’алаһум кә’асфим-мә’куул»
Мағынасы:
1. Раббыңның піл иелеріне не істегенін көрмедің бе?
2. Олардың айлакерліктерін босқа жібермеді ме?
3. Оларға топ-топ әбабил құстарын жіберді.
4. Құстар оларға балшықтан күйдіріліп жасалған тастар атты.
5. Осылайша Аллаһ оларды топан тәрізді қылды.
Достарыңызбен бөлісу: |