Ќауіпті µндірістік объектілерді сєйкестендіру


-параграф. Газ жалынды жұмыстары



жүктеу 0,85 Mb.
бет5/5
Дата05.03.2018
өлшемі0,85 Mb.
#11393
1   2   3   4   5

3-параграф. Газ жалынды жұмыстары
336. Газ жалынды жұмыстары, ашық отты қолдана отырып жүргізілетін жұмыстар технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес рұқсат беру наряды бойынша жүргізіледі.

337. Барлық тұтанатын материалдарды дәнекерлеу және от жұмыстарын жүргізу орнынан кемінде 10 м қашықтықта орналастыру қажет.

Дәнекерлеу бөлімшесінде тез тұтанатын жанғыш заттарды сақтауға жол берілмейді.

338. Дәнекерлеу орнынан кемінде 2 м қашықтықта тұрған құрылыстардың барлық ағаш немесе жанғыш бөліктері дәнекерлеу кезінде таскендір немесе болат табақтармен жабылады.

339. Дәнекерлеу және газ жалынды жұмыстарын жүргізу орындарының маңында отсөндіргішті, жақын арадағы өрт сөндіру құбырына қосылған жеңі бар өрт сөндіру оқпанын немесе 0,2 м3 кем емес судың қоры бар бөшкені, құмы бар жәшікті орналастырады.

340. Газ жалынды жұмыстар жүргізуге арналған оттықтар мен кескіштер кері клапандармен жабдықталады.



14. Ғимараттарды, техникалық құрылғыларды, желдету

қондырғыларын пайдалану кезінде өнеркәсіптік

қауіпсіздікті қамтамасыз ету
1-параграф. Жалпы ережелер
341. Ұйымдар объектілері желдетудің, газ тазартудың, шаңтұтқыштың және ауаны салқындатудың тиімді жүйелерімен жабдықталады.

342. Пайдалы қазбаларды байытумен айналысатын жұмысшылар арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Құрамында табиғи радиоактивтілігі жоғары компоненттері бар кендерді қайта өңдеу және байыту кезінде пайдаланылатын жеке қорғаныс құралдары санитариялық-эпидемиологиялық талаптарының сәйкестігіне жатады.

343. Адамдар ұзақ немесе тұрақты болатын (2 сағатан астам) байыту ұйымдарының барлық өндірістік үй-жайларындағы ауа ортасының параметрлері тексеруге жатады.

Желдету және аспирация қондырғыларымен жойылатын ауа атмосфераға шығарылмас бұрын шаңнан шекті рұқсат етілген шоғырлануға дейін тазартуға ұшырайды.

Тазарту құрылғылары шаңның физикалық-химиялық қасиеттерін ескере отырып орналастырылады.

344. Үлкен ашық су беті бар жабдық орналасқан үй-жайларда конденсаттың ұйымдастырылған ағып кетуін қамтамасыз ететін құрылғыларды орнату көзделеді.

345. Ғимараттардың қабырғалары, төбелері мен ішкі конструкциялары жеңіл жинауды қамтамасыз ететін және цианидтердің, заттардың жұтылуына, жиналуына жол бермейтін әрлеумен орындалады.

346. Ұйымның барлық үй-жайларында шаңды жинау сору пневматикалық құрылғыларының немесе гидрожуудың көмегімен механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі.

347. Едендерді дымқылдап жинау көзделген цехтарда және дымқыл технологиялық процесі бар цехтарда едендер су өткізбейтін жабындымен жарақталады. Судың ағып кетуі үшін еден еңісі кемінде 0,02 (1,80) болуы көзделеді. Негізгі өту жолдарында еден еңісі 0,04 (2,60), қызметтік өту жолдарында – 0,1 (60) аспауы тиіс.

348. Ұйым аумағынан жер үсті ағынды сулары және едендерен аққан сулар ҚН 496 «Жер үсті ағынды суларды тазартуға арналған құрылыстарды жобалау бойынша уақытша нұсқаулыққа» сәйкес тазартылады.

349. Хлор өнімдерін, реагенттерді қолдана отырып құрамында циан бар өнеркәсіп ағындыларын зиянсыз ету аспирациямен, бақылау аспаптарымен және қашықтықтан басқарумен қамтамасыз етілген герметизацияланған жабдықта ғана жүзеге асырылады.

350. Едәуір жылу бөлінетін үй-жайларда шатырдың құрылғысы ластанған ауаның кері ағысының пайда болуына жол бермеуді көздейді. Көп жылу бөлінген кезде (20 ккал/м3 астам) корпустарда желден қорғайтын панельдері бар жарық аэрациялық қол шамдар жобаланады.

351. Өндірістік үй-жайларда жөндеу бойынша жұмыстарды ыңғайлы және қауіпсіз орындау, әйнектерді шынылау және екі жақты тазалау, аэрациялық қол шамдарға және жарық беретін арматураға қызмет көрсету үшін өту жолдары, алаңшалар, арнайы құрылғылар мен керек-жарақтар көзделеді.

352. Едәуір жылу бөлінудің көзі болып табылатын өндірістік жабдықтың бетін термооқшаулаумен жабу қажет.

353. Құрғақ өнімдер мен концентраттарды, дайын концентраттардың орамаларын және шихтовкасын тиеу және түсіру операциялары механикаландырылады және герметизацияланады.

354. Кенді қабылдау бункерлері кеннің басылуының, майысуының, қатуының алдын алатын құрылғылармен жабдықталады. Жұмыс аймағына шаң түсуінің алдын алу мақсатында бункерлерді түсіру және тиеу үшін материалдың біркелкі емес болып келуіне жол бермейтін мөлшерлеу құрылғылары қолданылады. Құрғақ кенге арналған бункерлер-жинақтағыштар мен ыдыстар олардың толып кетуіне және толық түсірілуіне жол бермейтін автоматты құрылғылармен жабдықталады. Бункердегі материалдың қалдық қабаты кемінде 1 м биіктікпен орнатылады.

355. Кенді және аралық өнімдерді беруге арналған ұсатқыштар, тасымалдау таспалары, оларды жабдыққа қайта төгу және тиеу орындары жұмысы өндірістік жабдықпен бұғатталған аспирациялық жүйелермен немесе гидрошаңсыздану жүйелері бар жабындылармен жабдықталады. Жүйенің құрылғыларын бұғаттау жұмыс басталмас бұрын 3-5 минуттың ішінде олардың қосылуын және жабдық немесе жүктемесіз жұмыс тоқтатылғаннан кейін кемінде 5 минуттың ішінде өшірілуін қамтамасыз етеді.

356. Реагент бөлімшесінің, флотация, регенерация, сорбция, қойылту, кептіру бөлімшесінің және қалдықтарды зиянсыз ету бөлімшесінің үй-жайларында ауада қауіптілігі I және II класс улы заттардың шекті рұқсат етілетін концентрацияларының артуы туралы белгі беретін газ талдағыштарды орнату қажет.

357. Дірілді генерациялайтын жабдық үшін дірілдің азаюын қамтамасыз ететін құрылыс, технологиялық және санитариялық-техникалық іс-шаралар кешені пайдаланылады.

358. Шудың көзі болып табылатын жабдық орналасқан аралықтар басқа учаскелерден дыбыстан оқшаулайтын арақабырғалармен бөлінеді.

Деңгейлері жоғары шуды қалыптастыратын негізгі технологиялық жабдық дыбыстан оқшаулайтын қоршаулармен жабдықталады.

359. Мөлшерлеу алаңшаларында орналасқан шығыс сыйымдылықтарынан реагенттерді байланыс күбілеріне, флотациялық машиналарға, агрегаттарға беру жабық коммуникациялар бойынша автоматты герметизацияланған мөлшерлегіштер көмегімен жүзеге асырылады.

360. Жұмысшылардың флотореагенттермен байланысы мүмкін болатын бөлімшелерде ыстық және суық суды беретін жуғыштармен, көзді жууға арналған фонтанмен және теріге тиген заттарды тез жою үшін су ағысымен жуу құрылғыларымен жабдықталады.

361. Концентратты кептіру және түйіршіктеу, оны тиеуге беру процестерін, желдету және газ бен шаңнан тазарту жүйелерінің жұмысын басқару оператор бөлмесінде орнатылған пульттерден жүзеге асырылады. Кептіру агрегаттарына қызмет көрсету орындарында берілетін ауаның температурасын автоматты түрде реттейтін душ қондырғылары көзделеді.

2-параграф. Желдету қондырғыларының құрылғысы және оларды пайдалану
362. Ұйым цехтарын, қоймаларын, үй-жайларын желдетуді орнату жобаға сәйкес жүргізіледі.

363. Жаңадан жөнделген және реконструкцияланған желдету қондырғыларын ұйым басшысы тағайындаған комиссия пайдалануға қабылдайды.

Желдету қондырғыларында шикілік бар болса және жұмысы тиімді болмаса оларды пайдалануға қабылдауға жол берілмейді.

364. Желдету қондырғыларын пайдалану және күту тәртібі технологиялық регламентпен белгіленеді.

365. Технологиялық жабдықтың жұмыс істеуі кезінде барлық негізгі ауа сору-тартпа желдету және аспирациялық қондырғылары үздіксіз жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Желдетудің жарамсыз жүйелері кезінде жұмысы шаң мен газдың бөлінуімен жүргізілетін технологиялық жабдықты пайдалануға жол берілмейді.

Желдету қондырғысы тоқтап қалғанда және зиянды заттардың шоғырлануы жоғарылағанда үй-жайдағы жұмыс тоқтатылады, адамдар таза ауаға шығарылады.

366. Негізгі және қосалқы жабдығы бар желдету және аспирация қондырғыларының жұмысы бұғатталған кезде желдету немесе аспирация жабдығының маңында тікелей қосымша іске қосу құрылғылары көзделеді.

Технологиялық жабдықты онымен бұғатталған желдету жүйесін іске қосуға дейін қосуға жол берілмейді.

367. Желдету қондырғылары алмасатын ауаның көлемін реттеу үшін ауа арналары мен құрылғыларға келетін ауаның жылдамдығын, қысымы мен температураларын бақылау және өлшеу үшін керек-жарақтармен (люктер, штуцер) жабдықталады.

368. Ауадағы шаңның құрамын анықтау үшін сынама алу, жұмыс орындарында ауа температурасын, ылғалдылығын, қозғалысының жылдамдығын тексеру желдету және аспирация қондырғыларын реконструкциялағаннан және күрделі жөндеуден кейін қалыпты пайдалану және технологиялық режимнің өзгеруі жағдайында жүйелі түрде жүргізіледі.

Ауа сынамасын алу орны мен кезеңділігі басшы бекіткен жоспармен немесе кестемен белгіленеді.



15. Құрамында жоғары табиғи радиоктивті компоненттер бар кендерді қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті

қамтамасыз ету тәртібі
369. Радиациялық-қауіпті факторлары бар кенді қайта өңдеу өндірістерінде осы Қағидалардың және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жыл сайын жасалатын кешені жүзеге асырылады.

Ұйымның радиоактивті ластану деңгейін белгілеу үшін радиациялық жағдайды тексерген жөн, бірақ үш жылда кемінде бір реттен.

370. Радиациялық-қауіптілерге жатқызылған кәсіпорындар радиациялық бақылауды жүзеге асыруы тиіс.

Радиациялық фонды тексеруді бақылау нәтижелерін арнайы журналда тіркей отырып, ұйым басшысы бекіткен тізбе бойынша жұмыс орындарында және аймақтарда жүргізу қажет.

371. Радиациялық бақылау мыналарды белгілейді:

1) жұмыс аймағында және онымен аралас жұмыстарды жүргізу аймағындағы радиациялық-қауіпті факторлардың деңгейін;

2) радиациялық жағдайдың радиациялық қауіпсіздіктің рұқсат етілген нормаларына сәйкес келуін;

3) жоғары радиациялық қауіптіліктің негізгі көздерін айқындауды және бағалауды;

4) радиациялық-қауіпті факторлар кешенінің жұмысшыларға әсер ету дәрежесін;

5) сыртқы ортаның радиоактивті заттармен ластану деңгейін және персоналға, кенді қайта өңдеу ұйымы орналасқан ауданда тұратын халыққа радиациялық факторлардың әсер ету деңгейін бағалауды.

372. Радиациялық жағдайы жоғары кенді қайта өңдеу кәсіпорындарын жобалау және пайдалану кезінде жұмысшыларды иондау сәулеленудің әсерінен қорғау, ұйымның өнеркәсіптік ағынды суларды және ауа шығарындыларын радиоактивті, зиянды заттардан тазарту жөнінде қосымша шаралар көзделеді.

373. Ұйымның өнеркәсіптік алаңдарының айналасында мөлшері жобалық құжаттамамен анықталатын санитариялық-қорғау аймағы орнатылады.

Ұйымның санитариялық-қорғау аймағында қосалқы және қосымша объектілерді орнатуға, магистральдық автомобиль жолдарын төсеуге жол беріледі. Көрсетілген объектілер шығарындылардың негізгі көздерінен немесе радиоактивті аэрозольдардың ұйымдастырылмаған түсімдерінен қауіпсіз қашықтықта орналасады.

374. Кенді ұзақ мерзімді сақтауға арналған қоймаларды аумағы қоршалуы тиіс жеке алаңдарға орналастыру қажет. Кен қоймаларын орналастыру желдетудің ең қолайлы жағдайларын құру қажеттілігін ескере отырып көзделеді. Жекелеген қоймалық үй-жайлардың арасындағы саңылаулар ені кемінде 20-25 м құрайды.

Өнеркәсіптік алаңдағы кеннің шығыс қоймалары негізгі цехтардың ғимараттарынан кемінде 50 м және әкімшілік-шаруашылық және қосалқы ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 100 м қашықтықта орналастырылады.

375. Технологиялық процесті басқаруды механикаландыру жабдықты реттеу және баптау кезінде иондаушы сәулеленудің немесе үстіңгі қабаттың және ауаның радиоактивті ластануының деңгейі жоғары орындарда қызмет көрсететін персоналдың болуы талап етілмейтіндей етіп орындалады.

376. Әрбір бөлімшедегі бөлінетін шаңның, радиоактивті аэрозольдардың және радонның көлемі технологиялық регламентте белгіленген есептеулер бойынша анықталады.

377. Өзінің сипаты бойынша толық герметизацияланбайтын және оның салдарынан өндірістік үй-жайлардың радиоактивті газдармен және аэрозольдармен ластануының себебі болып табылатын технологиялық операцияларды жеке тұрған үй-жайларға шығарылады.

378. Сүзу процестері үшін тұнбаларды алу және тазарту бойынша кеніш операцияларына жол бермейтін үздіксіз іс-қимылды аппараттар қолданылады.

379. Шаң мен радонның (торон) бөліну көздері болып табылатын барлық аппараттар жұмыс тесіктері ең төменгі қажетті мөлшерлерден тұратын паналармен жабдықталады.

380. Радиоактивті заттардың құрамы жоғары тұздарды кептіру және қыздыру бөлімшелерінде механикаландырылған және автоматтандырылған тиеуі мен түсіруі бар үздіксіз жұмыс істейтін пештер пайдаланылады.

Кептіру және қыздыру бөлімшелерінің барлық аппараттары одан әрі шаңды процеске кері қайтара отырып дайын өнімнен шаңды тұту жүйесімен жабдықталады.

381. Кенді қайта өңдеу ұйымдарының негізгі технологиясының мақсаттары үшін ураны жоқ кеніштердің шахталық (карьерлік) суларын егер олар техникалық шарттарды қанағаттандыратын болса, пайдалануға жол беріледі. Шахталық сулар жиынтық ұзақ өмір сүретін альфа-активтілік бойынша 3·10-9 кюри/л орташа жылдық шоғырлануды сақтағанда бақыланатын аймақта жұмыс істейтін көлікті жуу үшін пайдалануы мүмкін.

382. Судағы табиғи радионуклидтердің құрамы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес гигиеналық нормативтерімен белгіленген рұқсат етілген концентрациядан аспауы керек.

Құрамында радиоактивті заттары бар суағарлардың құбырлары тұрғын үй аудандарынан кемінде 200 м жақын орналастырылады.

383. Шаруашылық-ауыз су су құбырының трассасын сұйық радиоактивті қалдықтарды тасымалдау және сақтау үшін арналған коммуникацияларға қатысы бойынша орналастыру және кез келген жағдайларда құбырларды төсеу жүйесі су құбырына радиоактивті заттардың түсу мүмкіндігіне жол бермеуге тиесілі.


384. Трассада арнайы кәріздің желілері ұйым аумағының шеңберінен тыс өтуі және айыру белгілері көзделуі тиіс. Бұл трассаларда топырақтың бұзылуымен байланысты қандай да бір құрылыс жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

385. Құрамында радиоактивті изотоптары бар ағынды сулар технологиялық процеске қайтарылады, оларды ашық су айдынына жіберген жағдайда - суға арналған рұқсат етілген шоғырлану деңгейіне дейін алдын ала тазартылады. Технологиялық процесте ластанбайтын ағынды сулар техникалық сумен қамту жүйелерінде пайдаланылады.

Өнеркәсіп объектілерінің сұйық технологиялық радиоактивті қалдықтары кәріздің (арнайы кәріз) жеке жүйесі бойынша қалдық қоймасында жойылады.

386. Кенді қайта өңдеу объектілерінің барлық корпустары механикалық қосылумен ауаны сору-тартпа желдетумен жабдықталады. Зиян бөлінулер жоқ болған кезде жеке үй-жайларды табиғи желдетуге жол беріледі.

Радиоактивті ластануы жоғары кендерді бункерлерде сақтаған жағдайда сиретуді тудыру үшін оларда тартпа механикалық желдету құрылғысы көзделеді. Ашық люктерде сору жылдамдығы 1 м/с құрайды.

Шаңданатын жабдықтың паналарынан сорылатын ауаның көлемі есеппен белгіленеді, осылайша ауаны сору жылдамдығы 1,5-2,0 м/с деп қабылданады.

387. Өндірістік үй-жайларды желдету үшін ауаның қажетті көлемін зиянды бөлінулерді рұқсат етілген шоғырлану деңгейіне дейін радиоактивті заттар бойынша және шекті рұқсат етілген шоғырлану деңгейіне дейін жалпы улы заттар бойынша сұйылту және өзге параметрлер бойынша (ауа температурасы, ылғалдылығы) талап етілетін нормативтерді қамтамасыз ету жағдайларына сүйене отырып есеппен анықтау қажет.

388. Тартпа желдету жүйелері үшін ауаны алуды атмосфералық ауада радиоактивті және улы заттардың құрамы 0,1 рұқсат етілген шоғырланудан жоғары емес және жұмыс үй-жайлары үшін 0,3 шекті рұқсат етілген шоғырлануды құрайтын аймақтан жүзеге асыру қажет. Көрсетілген мөлшерлер артқан жағдайда алмасатын ауа міндетті тазартуға жатады.

389. Жергілікті сорғылармен жойылатын және құрамында шаң, радиоактивті, химиялық және жағымсыз иісті заттар бар ауа атмосфераға шығарылмас бұрын тазартуға жатады.

390. Барлық технологиялық жабдық металл сынығына өткізілер алдында оның ластануын 0,50 мк3в/сағ. тең гамма-сәулеленудің экспозициондық мөлшерлемесі қуатының деңгейіне дейін төмендетуді қамтамасыз ететін тазартуға және зарарсыздандыруға ұшырауы тиіс. Жөндеуге жіберілген жабдық гамма-сәулеленудің сол мөлшеріне және беттік ластануға ие болады.

Шекті рұқсат етілген концентрацияларға дейін тазартуға келмейтін жабдықты радиоактивті қалдық ретінде қарау керек.

391. Кенді қайта өңдеу объектілерін пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамысыз ету бойынша жұмыс істейтіндердің жеке қорғанысы мен жеке гигиенасы жөнінде іс-шаралар көзделеді.

Аэрозольдардың бөлінуі орын алатын үй-жайлардағы жұмысшылар ЖҚҚ қамтамасыз етіледі.

392.Санитариялық-қорғау аймағының аумағына іргелес жатқан тұрғын үй массивтері жағынан қалдық қоймасының бөгетінен шамамен 200 м қашықтықта ені 15-20 м орманды қорғау алабын отырғызу қажет.

393. Гидрометаллургия өндірісінің қалдықтарын беру болат құбырлары немесе жабық темір-бетон лотоктары бойынша гидрокөлікпен жүзеге асырылады.

394. Шаңның түзілуіне және радиоактивті аэрозольдардың таратылуына жол бермеу үшін жуу құламасының беті жуылуы бойынша жобалық белгілерге дейін таза топырақпен жабылады. Жабылу қабатының қалыңдығы кемінде 0,5 м құрайды. Жабылған бетке шөп егу қажет.

395. Жер асты суларының радиоактивтілік деңгейін бақылау үшін қалдық қоймасының периметрі бойынша және жер асты сулары ағысының бағыты бойынша сынама іріктегіштер (бақылау) ұңғымаларынан су сынамасын іріктеу жүргізіледі. Ұңғымалардың орналасқан жері және саны ұңғымалардың арасындағы қашықтық кемінде 300 м құрайтындай есеппен гидрогеологиялық жағдайларға байланысты анықталады. Бұл ретте бір-екі ұңғыма санитариялық-қорғау аймағының шегінен тыс жерде орналастырылады.

396. Қалдық қоймасын консервациялау жобалық құжаттамаға сәйкес және жер жұмыстары үшін қажетті техниканы пайдалануға мүмкіндік беретін кондицияларға дейін сұйық фракцияны сүзу және буландыру нәтижесінде жуылған материалдарды табиғи тығыздаудан кейін орындалады.

Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына

қосымша


Ұйым, _____________________________________________________________
Қауіптілігі жоғары жұмысты атқаруға

__________ рұқсат беру наряды


1. Жұмыс атқарушы __________________________________________________

(Т.А.Ә.А., лауазымы)

2. Орындауға тапсырылды______________________________________________

(жабдықтың аты, жұмыс орны, жұмыс көлемінің

____________________________________________________________________

қысқаша мазмұны)

3. Жұмысқа жіберуші _________________________________________________

(Т.А.Ә.А., лауазымы)

4. Жауапты басшы ____________________________________________________

(Т.А.Ә.А., лауазымы, қолы)

5. Жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іс-шаралар:

5.1. Тоқтату __________________________________________________________

(техникалық құрылғының аты)

____________________________________________________________________


5.2. Сөндіру _________________________________________________________

(рубильник, тартпа, магистраль және тағы басқа)

5.3. Орнату __________________________________________________________

(тұйықтар, тұйықтау, белгі лампалар және тағы басқа)

____________________________________________________________________
5.4. Ауа ортасына талдау жасау_________________________________________

(орынды көрсету)

5.5. Қоршау _________________________________________________________

(жұмыс аймағы, плакат ілу)

____________________________________________________________________
5.6. Құдық биіктігі жұмысы кезінде қауіпсіздік шараларын көздеу

____________________________________________________________________

(ағаштар, сақтандыру белдіктері, арқандар және тағы басқалар)
5.7. Ескерту _________________________________________________________
5.8. Теміржол жолдарында қауіпсіздік шараларын сақтау_______________________________________________________________

(белгілер, плакаттар, қоршау, тұйықтықтар және тағы басқалар орнату)


5.9. Маршрут жолын көрсету ___________________________________________

____________________________________________________________________

(қажет болған жағдайда сызбаны қосу)
5.10. Қосымша іс-шаралар _____________________________________________

____________________________________________________________________


6. Жүктелім-рұқсатнама берді___________________________________________

(Т.А.Ә.А., лауазымы, қолы, күні)

7. Іс-шаралар орындалды_______________________________________________

(Т.А.Ә.А., лауазымы, қолы)

____________________________________________________________________
8. Келісілді: _________________________________________________________

(Т.А.Ә.А., қызметі, қолы)

9. Бригада жұмысына рұқсат


р/с.


Жұмыс жүргізу күні және уақыты

Бригада мүшесі

Мамандығы

Жұмыс шартымен таныстым, нұсқаулық алдым (қолы)

Нұсқаулық өткізді (жіберуші, аты - жөні, қолы)


















Бригада жұмысқа кірісті_______________________________________________

(жұмыс атқарушының тегі, қолы, күні, уақыты)

10. Жұмыс үзілісін толтыру




Күні, уақыты

Жұмыс атқарушы жұмыс орнын өткізді

Жұмысқа жіберуші

Жұмыс атқарушы жұмыс орнын қабылдады

Жұмысқа жіберуші




Т.А.Ә.А.

қолы

қолы

Т.А.Ә.А.

қолы

Т.А.Ә.А.

қолы
























Бригада құрамынан шығарылды_________________________________________

(Т.А.Ә.А.)

Бригада құрамына енгізілді_____________________________________________

(Т.А.Ә.А.)

Жүктелім беруші _____________________________________________________

(Т.А.Ә.А., қолы)
Жұмыс аяқталды _____________________________________________________

(уақыты, күні)


Жұмыс орны жиналды, персонал жұмыс орнынан шығарылды.
Жүктелім-рұқсатнама тапсырылды ______________________________________

(жұмыс атқарушының лауазымы, тегі, қолы)


Жұмыс орны, жүктелім-рұқсатнама қабылдадым __________________________

(жұмысқа



____________________________________________________________________

жіберушінің лауазымы, Т.А.Ә.А., қолы)
жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау