Ќауіпті µндірістік объектілерді сєйкестендіру


- параграф. Ұнтақтау және жіктеу



жүктеу 0,85 Mb.
бет2/5
Дата05.03.2018
өлшемі0,85 Mb.
#11393
1   2   3   4   5

3- параграф. Ұнтақтау және жіктеу
62. Жергілікті басқару кезінде диірмендер мен жіктегіштердің іске қосу құрылғылары жабдықты қосатын адам олардың жұмысын бақылай алатындай етіп орналасады.

63. Диірмен ішіндегі жұмысты жүктелім–рұқсатнама бойынша бақылаушы адамның қадағалауымен жүргізу қажет.

64. Диірменнің люкпен төмен жағдайында люк қақпағының тегірін бұрауға немесе босатуға, диірменнің жұмысы барысында ұлулы қоректендірігіш қаптамасының бұрандамаларын бекітуге жол берілмейді.

65. Контейнерлерге шарларды түсіру кезінде жүктеме орнын қоршап және «Қауіпті!» сөзі жазылған плакатты ілу керек. Контейнерлерді көтеру кезінде адамдар одан қауіпсіз арақашықтықта болады. Контейнерлер борттан 100 м төмен деңгейге дейін шарлармен тиеледі.

66. Шарлы қоректендіргіштерді, өзектерді тиеу бойынша тетіктерді пайдалануды технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асыру қажет.

67. Жіктегіштерге қызмет көрсету үшін жұмыс алаңын жіктегіш астауының бортынан кемінде 600 мм төмен деңгейде орналастыру қажет. Жіктегіш астауына қарама-қарсы жақтағы жұмыс алаңдары биіктігі 1000 мм металл қанаттарымен жабдықталады.

Жіктегіште серіппелер мен білте тақтайшаларды көтеру және айналдыру механизмдеріне қауіпсіз қызмет көрсету үшін қанаттары бар көпіршелерді (алаңдарды) жабдықтау қажет, жетек элементтері қоршалады.

68. Металдың орта және ұсақ ұсақтау ұсақтағыштарына түсуінің алдын алу үшін оларды кенмен қоректендіретін таспалы конвейерлер металіздегіштермен, алғыштармен, магнитті шайбалармен және арнайы құрылғылармен жабдықталады.

Жұмыс аймағынан шығарылмаған конвейер таспасынан және магнитті алғыштан металды алу конвейер тоқтатылғаннан және магнитті жүйе өшірілгеннен кейін ғана жүргізіледі.

3. Флотация бөлімдерін, магнитті сепарация бөлімдерін, байытудың электрлік және радиометрлік әдістерін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1- параграф. Флотация бөлімдері
69. Шығын алаңдарында аралық күбіршіктер мен қоректендіргіштерге сұйық реагенттер мен реагенттер ерітінділерін беруді сорғылар көмегімен құбырөткізгіштер бойынша жүргізу қажет. Цианидтер мен күкіртті натрийді құрғақ күйінде процестің тікелей қоректендіру нүктесіне беруге болмайды.

Флотация бөлімдері арқылы реагенттердің біраз бөлігін арнайы жабық ыдыстармен ғана тасымалдауға жол беріледі.

70. Реагенттердің сынамаларын сұрыптауды механикаландырылған құрылғылар көмегімен жүзеге асыру қажет. Реагенттердің сынамаларын қолмен сұрыптау кезінде жұмысшылар ұзындығы кемінде 200 мм тұтқасы бар сынамаалғыштарды пайдалану қажет.

71. Цианидтердің шығын күбішіктерін реагентті алаңдарда жергілікті тартпа желдетумен жабдықталған және құлыпқа жабылатын оқшауланған үй-жайда орналастыру қажет.

72. Жеткізу нүктелеріне цианидтердің реагентөткізгіштерін енгізуді цианид ерітіндісіне еркін қол жеткізу мүмкіндігіне жол бермейтіндей етіп жүзеге асыру қажет. Реагенттер санын олардың жеткізу нүктелерінде өлшеуге жол берілмейді.

73. Реагенттердің аралық күбілерін, шығын күбішіктерін және олармен байланысты коммуникацияларды қажет болған жағдайда реагенттер толық төгілетін авариялық сыйымдылықтармен жабдықтау қажет.

74. Реагентті алаңдардың ағынды суларын флотация бөлімнің дренаж құрылғыларына жеткізбей-ақ арнайы құбыржолдар бойынша жою қажет.

75. Қышқылдарды цианидтер және ксантогенаттар, аэрофлоттар, күкіртті натрий мен гидросульфид ерітінділерімен араластыруға жол берілмейді.

Мыс, мырыш және темір купоростарының, хлорлы мырыш пен хлорлы кальций ерітінділерін күкіртті натрий, гидросульфид және цианид ерітінділерімен араластыруға жол берілмейді, өйткені бұл ретте улылығы жоғары газдардың (күкіртті сутегі және синил қышқылы) бөлінуі және құбырөткізгіштерді бітейтін, ерімейтін тұнбалардың қалыптасуы ықтимал.

76. Камералар шламданған кезде флотация машинасы импеллері блогының айналдырығын қолмен бұрауды бөлінетін ағаш тұғырынан тоқтатылған пеногон жағдайында жүргізу қажет. Қозғалтқышты қосу жұмысшыларды тұғырдан әкеткеннен кейін ғана жүргізіледі.

77. Флотация машиналарын авариялық түсіру және шайылған суларды жинау үшін сорғылары бар зумпфтар (жертөлелер) көзделеді.

78. Қойыртпақтың технологиялық сынамаларын жұмыс істеп тұрған флотокамералардан тікелей алу пеногон міндетті тоқтатылған кезде бұл мақсаттарға арнайы арналған сынамаалғыштармен жүргізіледі.

79. Ауаны пневмамеханикалық және пневматикалық флотамашиналардың камераларына беретін ауаүрлегіштерді дыбысты оқшаулау және шу жұту бойынша іс-шараларды орындай отырып жеке үй-жайларда орналастыру қажет.

80. Жұмысшылардың флотореагенттермен байланысы мүмкін бөлімдерде суық және ыстық су беретін қолжуғыштар орнатылады, теріге тиген заттарды ағынды сумен шая отырып, дереу алып тастайтын құрылғылар, көзді шаюға арналған фонтандар көзделеді.

81. Ауысымның техникалық басшысы реагентті алаңдардың қызмет көрсететін персоналда жеке қорғаныс құралдарының бар болуын және жарамдығын тексеруді технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырады.

82. Пневматикалық флотация машиналарында аэролифттік құбырларды ауыстыру және тазалау кезінде жұмысшылар қорғаныш көзілдірігін киюі қажет.


2- параграф. Магнитті сепарация бөлімі және байытудың

электрлік әдістері
83. Электрмагнитті және магнитті сепараторларды пайдалану кезінде магнитті жүйеге металдан жасалған заттарды жақындатуға жол берілмейді. Электрмагнитті сепараторларды тоқтатқан кезде магнитті жүйенің орамынан кернеу өшіріледі.

84. Құрғақ магнитті және электрмагнитті сепарация кезінде аппаратура тартпа желдету жүйесіне қосылу үшін арналған келте құбыры бар герметикалық қаптамаларға орналастырылады. Жарамсыз және өшірілген желдету кезінде сеператорларды пайдалануға жол берілмейді.

85. Науашалар мен сепараторлардың қарау және көсеу люктары жұмыс кезінде жабық тұруы қажет. Қоректендіргіш науасынан жаңқаны және заттарды қолмен алуға жол берілмейді.

Саңылауды және сепаратор таспасы жүрісінің дұрыстығын реттеуді оның астыңғы жағына бөгде заттарды төсеу арқылы жүргізуге жол берілмейді.

86. Электрсепаратор үй-жайына бөгде адамдардың кіруіне жол берілмейді.

87. Электрсепараторы корпусының тозаң ылғалды өткізуіне болмайды. Корпус герметикасы және барлық люктар болмаған кезде (байқау саңылаулары) оның тігісінде және қалыңдауларда сепараторды қосуға болмайды.

88. Сепаратордың ішкі электрбөлшектеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін есіктер сепаратор жұмысы кезінде оның ашылу мүмкіндігіне жол бермейтін электр бұғаттауымен жабдықталады.

Жоғары кернеу желісінен өшірілген электрсепараторлардың ток жеткізетін бөлшектеріне оларды токтан ажыратуға және индикатормен тексеруге дейін жанасуға жол берілмейді.

Екінші адамның қатысуынсыз электрсепаратор қаптамасындағы есікті ашуға және жабдыққа, қорғағыштарды ауыстыру, кернеуі төмен аппаратурасы жағында байланыстарды тарту және сүрту сияқты жұмыстар түрлерін қоспағанда ағымдағы жөндеу жүргізуге жол берілмейді. Мұндай жағдайда алдын ала кернеу осы аппараттан алынып тасталады.

89. Электрсепаратор машинисі мен түзеткіш құрылғылар операторының жұмыс орындары арнайы диэлектрлі оқшаулаулағыштарды пайдалана отырып жабдықталады.



3- параграф. Күкірт кенін байыту кезіндегі қосымша талаптар
90. Жарылысқауіпті немесе улы булар мен газдардың көп мөлшерде бөлінуі мүмкін өндірістік үй-жайлар үшін, ұсақтағыштардағы шаңның жарылуы кезінде күкіртті газдың бөлінуі мүмкін балғалы ұсақтағыштар бөлімдері үшін авариялық тартпа желдету құрылғысы көзделеді.

91. Балғалы ұсақтағыштардың жұмыс кеңістігінде күкіртті кен шаңы жарылуының алдын алу үшін мыналар қамтамасыз етіледі:

1) жұмыс істеп тұрған ұсақтағыштардың ұсақтау аймағына өңделген буды немесе ұсақшашыранды суды (тұманқалыптастырғыштармен, форсункалармен) тұрақты беру;

2) ұсақтау бөліміндегі барлық электртехникалық жабдықтарды, құбыржолдарды, металл ауа үрлегіштерін, конвейерлер жақтауларын, металл құрылымдарын жерге қосу тізбегінің үздіксіздігін қамтамасыз ету жолымен ұсатқыштарда статикалық электр жиналудан қорғау.

92. Жылытылатын ұсақтау бөлімдерінде және конвейерлік галереяларында (құрғақ ұсақтауда) кендегі күкірттің немесе күкіртті тозаң ошағын өшіру үшін өрт сөндіру крандары бар өртке қарсы су құбырлары, ал жылытылмайтын бөлімдер мен галереяларда өртсөндіргіштер көзделеді.

93. Күкірттік кенді орташа ұсақтау үшін ұсақтағыштарды беттің нөлдік белгісінен төмен орналастыруға жол берілмейді.

94. Балғалы ұсақтағыштар бөлімінде жұмысшыларға ұсақтағыштың жақтауында «жарылыс» кезінде қалыптасатын күкіртті газдан қорғау үшін оқшаулау газқағарлары беріледі.

4- параграф. Кенді байытудың радиометрлік әдістері және

оларды қайта өңдеу процестерін бақылау
95. Радиоактивті және иондаушы сәулелену көздерін (изотоп көздерін гамма және бета сәулелеу, нейтрон, рентгенді құбыршалар және осыған ұқсас) пайдалана отырып байыту мен бақылаудың радиометрлік әдістерін қолдану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет.

96. Сәулелену көздері пайдаланатын және оларды пайдалануға негізделген сепарация, бақылау және талдау әдістері қолданылатын жұмыстар мен процестерді технологиялық регламентпен сәйкестікте жүзеге асыру қажет.

97. Сәулелену көздерін пайдаланатын фабрикалар шекті рұқсат етілетін дозалардан аспайтын деңгейлерге дейін сәулеленудің жиынтық дозасын төмендетуді қамтамасыз етеді.

98. Радиоактивті препараттарды төсеу орындарынан радиоактивті сәулелену тиісті дозиметрлік құралдармен өлшенеді.

99. Жұмыс орындарында санитариялық-эпидимологиялық талаптарына сәйкес гигиеналық нормативтермен белгіленген мөлшерлердің негізгі шегінің артуына жол берілмейді.

Жұмыс орындарында радиоактивті изотоптардың бар болуына және сақталуына жол берілмейді.



4. Гравитациялық байыту әдісі кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
100. Аппараттардың ішкі беттерін шөгіндерден және қалған материалдан тазарту және оларды тексеру, жөндеу мақсатында жуу атанақтарының, ауыр суспензиядағы байыту аппараттарының және гравитациялық байыту аппаратының жұмыстары ішіндегі жұмыстарды жүктелім-рұқсатнама бойынша жүзеге асыру қажет.

101. Гравитациялық байыту аппараттарының жұмыс істеуі кезінде оның қозғалмалы және айналмалы бөліктерімен жанасуға, мойынтіректерді майлауға, аппараттан бөгде заттарды алуға жол берілмейді.

102. Жуылған кен және гравитациялық байыту өнімдерінің сынамасын қолмен алуды бұл мақсатар үшін арнайы белгіленген орындарда жүргізу қажет. Байыту өнімдерінің сынамасын тікелей қозғалмалы тетіктерден қолмен алуға жол берілмейді.

103. Қорғаныс көзілдірігінсіз реттығындарды реттеуге, автореттегіштерді жөндеуге және пневматикалық жетегі бар піспексіз шөктіру машиналарының тетіктерін қарап тексеруге жол берілмейді.

104. Ротор үлгісіндегі реттығынды құрылғыларын пайдалану кезінде ауаны атмосфераға шығаруға арналған терезелер металл торларымен жабылады.

105. Шиберлі құрылғының илеуішін жөндеу немесе ауыстыру, шөктіру машинасының ішкі корпусын тазарту және жөндеу бойынша жұмысты сусыздандыру элеваторының башмагын жөндеу немесе тазарту жұмыстарымен бір уақытта жүргізуге жол берілмейді. Машина корпусында көрсетілген жұмыстарды жүргізу кезінде элеватордың электрлік сызбасы бүлініп, ескерту плакаты ілінеді.

106. Ауыр суспензиялардағы байыту үшін қолданылатын аппараттарда жабдықтың металл бөліктерінен қатып қалған ферросилицияны, ауырлатқыштар мен кенді қорғау көзілдірігінсіз уатуға жол берілмейді.

107. Материалды аппаратқа жеткізетін және байыту өнімдерін алып кететін науашалар еңісі 450 астам болғанда кен мен қойыртпақтың лақтырындысына жол бермес үшін жоғарғы жағынан жабылады.



5. Қойылту, сусыздандыру және кептіру бөлімін пайдалану

кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1- параграф. Қойылту
108. Радиалды қойылтқыштар, пирамида тәрізді және астаулы тұндырғыштар, егер бортының үстіңгі жақтауы жұмыс алаңының деңгейінен кемінде 1000 мм биіктікте тұрғанда, қоршалады.

Борт маңындағы үстінен жабылған пирамида тәрізді тұндырғыштар, егер барлық саңылаулары, жөндеу лазалары мен люктері металл қақпақтарымен жабылса, қоршалмайды.

109. Радиалды қойылтқыштардың, пирамида тәрізді және астаулы тұндырғыштардың борты бойынша жүруге жол берілмейді.

110. Сақиналы науашаға тұруға және қойыртпақ қалыңдығын өлшеу кезінде және сынамаларды сұрыптауда ферманың қоршалған алаңына өтуге жол берілмейді. Қызмет көрсетілетін (өтетін) алаңдарға сақиналы науаша сыртына қойылтқыштардың жылжымалы фермасының жүк артын шығаруға жол берілмейді. Қойылтқыш жетегінің қызмет көрсетілетін алаңдарының ылғалды әрі тайғанақ бетімен жүруге жол берілмейді, қойылтқыштың қозғалмалы фермасына көтерілу таяныштары бар арнайы баспалдақтармен жүзеге асырылады.

Қойылтқыштың сақиналы науашасын тазарту жылжымалы жақтаудың жетегін өшіргеннен кейін жүзеге асырылады.

111. Материалдың сусыздандыру електерінің ені бойынша біркелкі бөлінуін қамтамасыз ететін құрылғылардың құрылымы сусыздандырылатын материалдың лақтырындысына және қойыртпақтың шашырауына жол бермейді.

112. Лабиринттерді шөгінділерден тазарту бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде елек тоқтатылады, електі немесе доғалық елеуішті қоректендіру өшіріледі, іске қосу құрылғыларында: «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» атты плакат ілінеді.

2- параграф. Сүзу аппараттары
113. Атанақты және дискілі вакуум-сүзгілермен жұмыс істеу кезінде секторларды тартуға жол берілмейді.

114. Кектен жақтауларды және төсемдерді тазарту үшін сүзу аппараттарын пайдалану кезінде арнайы күрекшелерді пайдалану көзделеді.

115. Сүзгі-престің қысу құрылғысының жұмыс істеуі кезінде жақтауларды, плиталарды және сүзгі майлықтарын қолдануға жол берілмейді.

116. Кектен сүзгі-престі түсірмес бұрын, ол сұйықтықты барынша жоюға дейін сығылған ауамен үрленеді.

Түсіру бойынша жұмысты бір уақытта кемінде екі жұмысшы жүргізеді.

Үрлеу кезінде ерітіндінің шашырауына жол бермес үшін сүзгі-пресс матамен жабылады.

117. Вакуум-сүзгінің атанағы қосылып тұрған кезде тартқыш сымның үзілген жерін қалпына келтіруге жол берілмейді.

118. Зиянды бөлінділері бар сүзгі аппараттарының жұмысы кезінде тартпа желдету үздіксіз жүргізіледі, нутч-сүзгілер қақпақтармен жабылады.

119. Атанақты сүзгілерде тұнбаны шаю үшін құрылғылар бар болғанда, олар қызмет көрсететін персоналдың шашырандыларынан қорғау үшін қоршалады.

Жылжымалы жақтаулары бар жайма сүзгілері тұнбаны шаюға қолайлы стационарлық алаңдармен жабдықталады.

120. Центрифуга ашық қақпақ, жоғары діріл, асыра жүктелім және тұрақсыз қоректендіру кезінде оның жұмысына жол бермейтін бұғаттаумен жабдықталады.

3- параграф. Буландыру аппараттары
121. Жарамсыз бекітпе арматурасы, қорғағыш клапандары мен монометрлері бар буландыру аппаратында өшірілген тартпа желдету, ашық аппарат кезінде қорғау көзілдірігінсіз және ақаулы қарау шыныларымен жұмыс істеуге жол берілмейді.

Буландыру аппараттары жұмыс істеген кезде тығыздықтардың деңгейін өлшеуді және сынамаларды алуды қамтамасыз ететін буландыру аппараттары осы операцияларды орындаудың қауіпсіз жүйесімен жабдықталады және оларды жүзеге асыру үшін сөндіріледі.

122. Буландыру аппараттарындағы люктер тура желдетуді қамтамасыз ететіндей етіп орналасады, ал қорғаныш клапандардан шығарылатын құбырлар сыртқа шығарылады.

123. Буландыру аппаратын жұмыс істеу кезінде қарауға қарау шынысы арқылы ғана жол беріледі.

Аппараттардың дәнекерленген тігістерін тексеру үшін қозғалмалы құрылғы көзделеді.

124. Қызметкерлер құрамын кіргізу үшін қоректендіретін магистральдарды (булы және сұйық) буландыру аппараттарынан сенімді өшіру, аппараттағы қысымды атмосфералықпен теңестіру және ондағы температураны плюс 400С дейін төмендету көзделеді.

Буландыру аппаратындағы жұмыстар жауапты тұлғаның қатысуымен жүргізіледі

4- параграф. Пештер
125. Пештерді іске қосуды және тоқтатуды, форсункаларды реттеуді пештерге қызмет көрсету бойынша технологиялық регламентке сәйкес жүргізу қажет.

126. Пештерді тазарту және жөндеу кезінде пеш ішіндегі температура 600С артық болғанда адамдардың болуына жол берілмейді.

Пеш қосылып тұрған кезде пештің аузын ашуға, еденді тазартып, кектерді алуға жол берілмейді.

127. Пештің маңында төгілген мазут кұммен себіліп, алынып тасталады.

Шығын күбіршігіндегі сұйық отынның тұтануы кезінде сұйық отын дереу авариялық бакқа шығарылады және өрт сөндіру бойынша шаралар қабылданады.

6. Гидрометаллургиялық процесс кезінде өнеркәсіптік

қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1- параграф. Төмен қысымды жабдықтар
128. Реакторлар мен сілтісіздендіргіштер оларды сұйықтықтармен толтырудың деңгейін бақылайтын техникалық құралдармен, белгі берумен және белгіленген деңгейден артуына жол бермейтін бұғаттаумен жабдықталады.

Компоненттерді, ерітінділерді мөлшерлеу және оларды араластыру газдардың бөлінуі мен қоспалардың шығуы арқылы жүретін қарқынды реакцияларға жол бермейтін автоматтандырылған тәсілмен жүзеге асырылады.

129. Реактордың түсіру штуцерлерін тазалау реакторда сұйықтық болмаған кезде және қоректендіретін құбырөткізгіштер жабылған кезде араластырғыштың толық тоқтауы кезінде ғана жүзеге асырылады.

Ерітінділердің реактор құрылымына авариялық төгілуі үшін тиісті коммуникациялары немесе сыйымдылықтары бар арнайы шығару көзделеді.

130. Реакторлармен жұмыс істеу кезінде олардың қақпақтары тығыз жабылып бекітіледі.

Реакторды жұмысқа қоспас бұрын тартпа және жалпыайналымдық желдету қосылады. Желдету жүйесі қосылғанға дейін реакторды іске қосу мүмкіндігіне тиісті бұғаттаумен және белгі берумен жол берілмейді.

131. Агрессивті орталармен жұмыс істеу кезінде қызмет көрсететін персонал жеке қорғау құрылғыларымен қамтамасыз етіледі және тиісті реактивтермен жұмыс істеу бойынша нұсқамадан өтеді.

2- параграф. Жоғары қысымды жабдықтар
132. Жоғары қысымдағы аппараттарды пайдалануды өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асыру қажет.

133. Жоғары қысымдағы барлық аппараттар рұқсат етілген мөлшерлерден аппарат жұмысы режимінің (қысым, температура) ауытқу мүмкіндігіне жол бермейтін бақылау-өлшеу құралдарымен және қорғағыш құрылғыларымен жарақталады.

134. Жоғары қысымды аппараттарды тиеу және түсіру механикаландырылады. Жоғары қысымдағы аппараттарды қолмен түсіруге авариялық жағдайларда ғана жол беріледі және оны кемінде екі жұмысшы түсірілетін өнімдерге сәйкес келетін құбыржолдар магистраліне жүргізеді.

135. Атмосферасында адамдардың денсаулығы үшін зиян газдардың, аэрозольдардың, қоспалардың болуы мүмкін барлық үй-жайлар тартпа желдетумен жабдықталады, зиян заттардың шекті рұқсат етілетін шоғырлануы артылғаны туралы белгі жүйелері бар тиісті бақылау-өлшеу құралдарымен жарақталады. Адамдардың өзін-өзі ұстау, соның ішінде зиян заттардың авариялық лақтырындысы жағдайында олардың жеке қорғаныс құралдарын пайдалану тәртібі технологиялық регламентпен белгіленеді.



3- параграф. Мышьякты ангидридті өндіру кезіндегі

өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қосымша талаптары
136. Мышьяк тәрізді ангидридті өндіру кезінде барлық технологиялық операцияларды жеке қорғаныс құралдарын пайдалана отырып, герметикалық жүйелерде жүзеге асыру қажет.

7. Құрамында алтын бар кендерді және құмдарды өңдеу

кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1- параграф. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптары
137. Алтын шығару ұйымдарында амальгамация процесін пайдалануға жол берілмейді.

138. Жоғары улы реагенттер пайдаланылатын алтын шығару ұйымдары цехтары мен бөлімдерінің едендері, қабырғалары, төбелері және құрылыс құрылымдары тығыз, майда болып орындалады және ерітінділерді сіңірмейтін, тез жуылатын гидрофобты жабындылармен жабылады.

Таяныштардан басқа тұтас емес қабатаралық аражабындылардың бос шеттеріне биіктігі кемінде 20 см ылғал өткізбейтін бөгеттер орнатылады.
139. Алтын шығаратын ұйымдардың (оның ішінде сыйымдылықтар мен жабдықтар астындағы) едендері ерітінділер мен қойыртпақтың жиналуына жол бермейтін дренажды каналдар мен зумпфтар жағына қарай еңкіш болып орнатылады. Алаңдар мен қабатаралық аражабындыларда орнатылатын жабдық астында төмен орналасқан зумпфтарға немесе сыйымдылықтарға ағызындылары бар дренаж жүйесінің құрылғысы міндетті түрде көзделеді.

Сорғылары бар каналдар мен зупфтардан тұратын едендердің дренаж жүйесі барлық ағынды сулардың жиналуын және олардың технологиялық процеске қайтарылуын қамтамасыз етеді.

140. Екі процес бірыңғай технологиялық тізбекті құрайтын жағдайларды қоспағанда, бір үй-жайда циандауды қышқыл ортада өтетін процестермен біріктіруге жол берілмейді. Бұл жағдайларда ерекше сақтандыру шаралары қабылданады (барлық аппараттардың вакууммен жұмыс істеуі, жұмыс орындарында ауа құрамына үздіксіз бақылау).

141. Технологиялық процестер қышқыл ортада өтетін бөлімдерде жекеленген дренаж жүйелері орнатылады: қышқыл дренажды сулар шығарылмас бұрын бейтараптандырылады.

Бұл бөлімдердің едендері, қабырғалары, құрылыс құрылымдары мен жабдықтары қышқылға төзімді жабындыдан тұрады.

142. Ауаны жергілікті сору:

1) ұйымның ұсақтау бөлімінде - ұсақталу цианисты ортада жүзеге асырылатын, диірмендердің тиеу және түсіру мойындарынан;

2) концентратты кептіру бөлімінде - кептіру пештерінің (атанақтардың) тиеу және түсіру тесіктерінен;

3) мырыш тұнбаларын кептіру бөлімінде – кептіру шкафтарының (пештерінің) тиеу люктерінен;

4) реагент бөлімінде – улы реагенттер бар ыдысты ашу және босату камерасынан, реагенттер қоректенгіштерінен араластырғыштар мен жинау күбірлерінен;

5) өндірістік ағындыларды зиянсыз ету бөлімінде – зиянсыз ету аппаратураларынан;

6) сорбция бөлімінде – шайырды бөлу үшін пачуктар мен електерден;

7) регенерация бөлімінде – регенерация колонкаларынан және реагенттер сыйымдылықтарынан;

8) электролиз бөлімінде - электролизерлерден және графиттелген ватинді жағу үшін пештерден көзделеді.

143. Қалдық газдардың шығарылу жағдайлары жобалау құжаттамасымен белгіленеді.

144. Жоғары концентрациялы жарылыс қауіпі бар және өрт қауіпі бар заттардың бөлінуі мүмкін болатын аппараттардың тартпа желдету жүйелері жарылысқауіпсіз орындалуда көзделеді.



2- параграф. Циандау бөлімі
145. Қызмет көрсететін персоналдың цианисті ерітінділермен (қойыртпақпен) тікелей байланысына жол бермес үшін және жұмыс аймағына улы бөлінулерді төмендету үшін, циандау бөлімінің жабдығы және сыйымдылықтары барынша тығыздалады немесе жергілікті соруы бар жабындармен жабдықталады.

Технологиялық процесті бақылау және жабдықтарды басқару толығымен автоматтандырылып немесе қашықтықтан жүзеге асырылады.

146. Цианисті процестің жабдығы мен сыйымдылықтары ерітіндінің (қойыртпақтың) кездейсоқ құйылу мүмкіндігін ескертетін автоматты құрылғылармен және қайта құю құбырөткізгіштермен жабдықталады.

147. Цианисті ерітінділермен (қойыртпақпен) немесе олардың буларымен жанасатын жабдықтың бөлшектері, құбырөткізгіштер, арматура және құрылғылар цианисті төзімді материалдардан дайындалады, түсті металдан және олардың қорытпаларынан жасалған ал электржетек пен бөлшектер цианидпен байланысудан оқшауланады.

148. Жабылмаған және аспирацияланбайтын жабдықтар мен сыйымдылықтардағы цианисті ерітінділердегі (қойыртпақтағы) қорғау сілтісінің шоғырлануын СаО бойынша 0,01-0,025 %-дан төмен емес деңгейде тұрақты ұстау қажет.

149. Циандау және цианисті ерітінділерді дайындау бөлімдерінде ауа үй-жайлардың жоғарғы аймағынан тартпа желдетумен жойылады.

Ауа сору желдету жүйелерінің ауасы жұмыс аймағындағы белгіленген жұмыс орындарына және өту жолдарына беріледі.

150. Вакуум-сорғылармен сорылатын газ-ауа қоспасы атмосфераға шығарылмас бұрын зиянды компоненттер мен майлардан тазартылады; оның ауа сору желдету жүйелерінің ауа жинау құрылғыларына түсуіне жол берілмейді.

151. Тазарту сүзгілерінен және тұндыру қондырғыларынан алынбас бұрын сүзгілеу қаптары (төсемдері) цианидтер толық жойылғанға дейін сумен шайылады.

152. Сүзгі матасын регенерациялау бойынша барлық жұмыстар (қышқылмен өңдеу, жуу, кептіру) барынша механикаландырылады.

Тікелей сүзгіде сүзгілеу матасын қышқылды жууға сүзгіні қойыртпақтан босатқаннан және оны цианидтарды толық жойғанға дейін сумен егжей-тегжейлі шайғаннан кейін ғана ерекше жағдайларда жол беріледі.

153. Мырыш тұнбаларын кептіруге, ұнтақтауға, сынауға және орауға арналған үй-жайлар циандау бөлімінен оқшауланады және лақтырындыларды технологиялық, санитарлық тазарта отырып, жалпы айналымдық желдетумен жабдықталады.

Мырыш тұнбаларын ашық пештерде кептіруге жол берілмейді; кептіру вакуум астындағы тығыздалған кептіру шкафтарында (пештерінде) жүзеге асырылады.

154. Кептірілген мырыш тұнбалары бар қаңылтыр табаларды салқындатуды вакуум астындағы тығыздалған кептіру шкафтарында жүргізу қажет.

155. Құрамында цианидтер бар өнеркәсіптік ағындарды зиянсыз етуге арналған үй-жайлар басқа үй-жайлардан оқшауланады және қашықтықтан басқарылатын жалпы айналымдық, авариялық желдетумен жабдықталады.

156. Құрамында цианидтер бар өнеркәсіптік ағындарды хлор өнімдерін, реагенттерді пайдалана отырып зиянсыз етуді ауасорғыштар мен бақылау және арақашықтықтан басқару құралдарымен жабдықталған, тығыз жабылған жабдықта ғана жүзеге асыруға жол беріледі.

157. Ұйым аумағынан улы заттардан тазартылмаған арнайы киімді алып шығуға және оның шеңберінен тыс жерге арнайы киіммен шығуға жол берілмейді.

Арнайы киім алдын ала зиянсыз етуден кейін орталықтандырылған күйде жуылып жөнделеді.

Цианисті ерітінділермен (қойыртпақпен) жұмыс істеу тек қана резеңке қолғаптарды, алжапқыштарды және етіктерді пайдалана отырып жүргізіледі; шалбарлар етік сыртына шығарылады. Цианисті ерітінділермен жұмыс істеу орындары жергілікті тартпа желдеткішімен жабдықталады.

158. Циандаудың барлық бөлімдерінде жедел көмек көрсету үшін профилактикалық пунктер орнатылады. Пунктер барлық жұмыс алаңдарында олардан кез келген құрамында цианидтері бар жабдықтарға дейінгі қашықтық 25 м аспайтындай есеппен орналастырылады.

Пунктерге өту жолдары жабдықтармен және коммуникациялармен қоршалуына жол берілмейтін жарықтандырылған, қолжетімді болып орындалады.

159. Профилактикалық пункт у қайтарғыш жинағы, қажетті ыдысы, у қайтарғышты пайдалану бойынша нұсқаулықтары, дәрі-дәрмектері мен тану құралдары бар алғашқы көмек дәрі қорабымен жарақталады.

Профилактикалық пунктіге еденнен 2 м деңгейде орнатылған араластырғыш арқылы шығын келте құбырына берілетін суық және жылы су тартылады.

Шығын келте құбырларында шашыратқышты орнатуға жол берілмейді.



жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау