Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


Мал қора ауасындағы аммиак мөлшерін анықтау



жүктеу 4,64 Mb.
бет7/9
Дата10.12.2017
өлшемі4,64 Mb.
#3719
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.7 Мал қора ауасындағы аммиак мөлшерін анықтау



Жұмыстың мақсаты: мал қорасы ауасындағы аммиак мөлшерін анықтауға арналған әдістермен, құралдар және қондырғылармен танысу

Аммиак (NH3) – улы, өзіне тән күшті тітіркендіргіш иісі бар түссіз газ, 1 мг газ 1,314 мл көлемді алады. Қорада аммиак азотты заттардың (несеп, нәжіс, ластанған төсеніш, азық) ыдырауы нәтижесінде жинақталады. Оның ауадағы рұқсат етілетін концентрациясы 20 мг/м3 көп емес. Ауадағы аммиак мөлшерін сандық және сапалық әдістермен анықтайды.


2.7.1 Аммиакты сапалық анықтау:

1) ауада аммиак болса тұз қышқылымен ылғалданған ыдыстың тығынының үстінде ақ тұманды бұлт тәрізді бөлінетін хлорлы аммоний түзіледі.

2) дистильденген суға матырылған қызғылт лакмус қағазы аммиак қатысуымен көгереді; куркумді ылғалды қағаз – қызғылттанады (қоңыраяды); бромтимолблаумен боялған қағаз – жасылданады немесе көгереді. Бояудың байқалу дәрежесі қора ауасының аммиакпен қанығу деңгейіне байланысты.

3) ауадағы аммиактың жоғары концентрациясы (1,5-2 мг/м3 және жоғары) иіскеу арқылы анықталады.



2.7.2 Аммиакты сандық анықтау:

Мал қора ауасындағы аммиак мөлшерін сандық тұрғыда анықтау үшін колориметрлік немесе титрометрлік әдісті және әмбебап газ анализаторын (УГ-2) қолданады.

Титрометрлік әдіс – күкірт қышқылының ауадағы аммиакпен байланыса алу қабілетіне негізделген. Байланыспаған күкірт қышқылы мөлшерін сілтімен титрлеп анықтайды.

2.7.3 Ыдыс, құралдар мен реактивтер:

1) аспиратор немесе сыйымдылығы 2 л болатын екі құмыра;


2) сіңіргіш – 1 шт; 3) барометр, термометр; 1 мл ертіндісі 0,17 мг аммиакқа (1 мг аммиак константалы жағдайда 1,314 мл көлемді алады) сәйкес келетін 0,01 н. күкірт қышқылы ертіндісі; 4) 1 мл ертіндісі 1 мл 0,01 н. күкірт қышқылы ертіндісіне сәйкес келетін;
5) 0,01 н. күйдіргіш натр ертіндісі; 6) индикатор – 0,1 % қышқыл ортада қызғылт түс, сілтілі ортада – сары, бейтарап ортада – қызылсары түс беретін метилоранж ертіндісі.


Сурет 11 – Құмыралардан жасалған аспиратор

Анықтау барысы

1) зерттелетін қора ауасын аспиратор құмырасына толтырады, одан жалғанған ыдыстар принципі бойынша су ағып кетеді.

2) сіңіргішке 20 мл күкірт қышқылы ертіндісін құйып, оны аспираторға жалғайды. Зерттелетін ауаны (2 л) сіңіргіш арқылы сорады, мұнда күкірт қышқылы аммиакты байланыстырып, күкірт қышқылды аммоний түзіледі. Ауаны сорғаннан кейін, сіңіргіш құрамына 1-2 тамшы индикатор қосады да күйдіргіш натрий ертіндісімен титрлейді.

Есептеу мысалы: Мысалға, 20 мл күкірт қышқылы ертіндісінен 8оС температурада және 750 мм сын. бағ. барометрлік қысымда 2 л зерттелетін ауа өтті делік. Күкірт қышқылы ертіндісін титрлеуге 10 мл NaOH шығындалды.

Cәйкесінше аммиакпен 10 мл (20 – 10 = 10) H2SO4 ертіндісі байланысты, оның 1 мл – і 0,17 мг немесе 0,223 см2 (0,17 х 1,314 = 0,223) аммиакқа сәйкес.

Осылайша, 2 л зерттелетін ауада 1,7 мг (0,17 х 10 = 1,7), немесе 2,23 см2 (10 х 0,223 = 2,23) аммиак бар. Сіңіргіштер арқылы өткізілген ауаның көлемі (2 л) оны 0оС пен 760 мм сын.бағ. келтіргеннен кейін 1,975 л тең болады. Осыдан 1 л зерттелетін ауада 0,86 мг/л (1,7 / 1,975 = 0,86) аммиак бар.


13-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу

Зерттеу аймағы

Құмыраның нақтылы көлемі,

мл


Ауа температурасы,

оС

Барометрлік қысым,

мм сын.бағ.



0оС пен 760 мм сын. бағ. қысымдағы құмыра көлемі, мл

Аммиак мөлшері, мг/м3

0,5 м биіктікте еденде
















1,2 м биіктікте еденде
















Орташа


















2.8 Мал қора ауасындағы күкіртсутегі мөлшерін анықтау



Жұмыстың мақсаты: мал қорасы ауасындағы күкіртсутегі мөлшерін анықтауға арналған әдістермен, құралдар және қондырғылармен танысу.

Күкіртсутегі (H2S) – өткір білінетін иісі (борсыған жұмыртқа) бар түссіз ұшқыш газ. Мал қорасы ауасында күкіртсутегінің жинақталу көзі күкірті бар белокты заттардың ыдырауы мен жануарлардың белокқа бай азықпен азықтандырғандағы және асқорытуының бұзылуындағы ішек бөліністері болып табылады. Күкіртсутегінің молекулалық салмағы 17 мг. Ауада рұқсат етілетін концентрациясы 10 мг/м3 көп емес.

Мал қорасы ауасындағы күкіртсутегі мөлшерін сандық және сапалық әдістермен анықтайды.

2.8.1 Күкіртсутегіні сапалық тұрғыдан анықтау:

1) сіркеқышқылды қорғасынның сілтілі ертіндісіне матырылған сүзгі қағазы, күкіртсутегі қатысында - қараяды.

2) натрий нитропруссиді сіңген сүзгі қағазы күкіртсутегі қатысында қызыл-күлгін түске боялады.

3) күкіртсутегінің біршама концентрациясы (0,0034 мг/л немесе 3,4 мг/м3 және одан жоғары) қора ауасында иіскеп анықталады.



2.8.2 Күкіртсутегін сандық тұрғыдан анықтау: Күкіртсутегін қора ауасында сандық тұрғыдан анықтау үшін көлемді (титрометрлік) әдісті және әмбебап газ анализаторын (УГ-2) қолданады.

Титрометрлік әдіс күкіртсутегі қоспасы бар ауаны йодтың сулы ертіндісі арқылы сорғанда, йодты сутегі қышқылын түзіп күкіртсутегінің байланысқа түсуіне негізделген. Ауа өткізгеннен кейінгі йод ертіндісінің титрі төмендеуі бойынша күкіртсутегінің мөлшері туралы тұжырымдайды.

Ыдыс, құралдар мен реактивтер: 1) Аспиратор немесе 2 л екі құмыра; 2) Сіңіргіш; 3) Бюретка; 4) 200 мл колба; 5) Барометр;
6) Термометр; 7) 0,01 н. йод ертіндісі; 8) 0,01 н. натрий гипосульфиты ертіндісі; 9) 0,5 %-ды крахмалдың сулы ертіндісі.

Анықтау барысы

Зерттелетін қораның ауасын аспиратор құмырасына сорады, одан жалғанған ыдыстар принципі бойынша су ағып кетеді. Сіңіргішке 20 мл йод ертіндісін құйып, оны аспираторға жалғайды да, зерттелетін ауаны (2 л) сорады.

Алдымен гипосульфит ертіндісінің титрін тексереді. Ол үшін 20 мл 0,01 н. йод ертіндісі құйылған колбаны алып, 0,01 н. гипосульфит ертіндісімен ақшыл – сары түске дейін титрлейді, содан кейін


3 тамшы крахмал ертіндісін қосып, толық түссізденгенше титрлеуді жалғастырады.

Қолданылған йод ертіндісіндегі (зерттелетін ауа өткізілген) йод қалдығын анықтау үшін сіңіргіштегі ертіндіні 0,01 н. натрий гипосульфиты ертіндісімен, 1 мл крахмал ертіндісінің қатысуымен көк түсі жойылғанша титрлейді.

Есептеу мысалы: Мысалға, ішінде 20 мл йод ертіндісі болған сіңіргіш арқылы 10оС температурадағы және 757 мм сын. бағ. барометрлік қысымды 2 л ауа өткізілді делік.

20 мл йод ертіндісін бірінші рет титрлегенде 19 мл 0,01 н. гипосульфит ертіндісі шығындалды. 20 мл йод ертіндісі арқылы +13оС температурада және 750 мм сын. бағ. атмосфералық қысымда 2 л ауа жіберілгеннен кейін 20 мл қолданылған йод ертіндісін титрлеуге 14,7 мл гипосульфит ертіндісі шығындалды. Сәйкесінше, күкіртсутегіні сіңіргенге дейін 20 мл йод ертіндісіне 19 мл, ал сіңіргеннен кейін 14,7 мл гипосульфит ертіндісі кеткен. Күкіртсутегімен байланысқан йод ертіндісінің мөлшерін анықтау үшін пропорция құрамыз:


19 : 20 = 14,7 : х

Х = 20 · 14,7 / 19 = 15,5 мл.
Күкіртсутегімен байланысқа түскен йод ертіндісінің мөлшері: 20 – 15,5 = 4,5 мл тең. 1 мл 0,01 н. йод ертіндісі 0,17 мг күкіртсутегіне тең, 1 мг күкіртсутегі 0оС пен 760 мм сын. бағ. қысымда 0,6497 көлемді алады. Сәйкесінше, жіберілген ауа көлемінде 0,497 мл (4,5 х 0,17 х 0,6497 = 0,497) күкіртсутегі болған.

20 л жіберілген ауа көлемі 0оС пен 760 мм сын. бағ. қысымда 18,86 л тең. 1 л күкіртсутегі мөлшері: 0,0264 мг (0,497 : 18,86 = 0,0264) құрайды.


14-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу

Зерттеу аймағы

Жіберілген ауаның нақтылы көлемі,

мл


Ауа температурасы,

оС

Барометрлік қысым,

мм сын.бағ.



0оС пен 760 мм сын. бағ. қысымдағы жіберілген ауа көлемі, мл

Күкіртсутегі мөлшері, мг/л

0,5 м биіктікте еденде
















1,2 м биіктікте еденде
















Орташа


















жүктеу 4,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау