«Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмы істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет паспорты.
1
Көрсетілетін қызметті беруші
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Батыс Қазақстан облысының қала және аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
2
Көрсетілетін қызметті тұтынушылар
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі
3
Көрсетілетін қызметтің нысаны
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
4
Көрсетілетін қызметті ұсыну орны
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті беруші;
3) тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші болмаған жағдайда кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) арқылы жүзеге асырылады.
5
Көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі
Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған;
2) ауылдық округтің әкімі – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;
3) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады.
6
Қажетті құжаттар
1.
көрсетілетін қызметті берушіге, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне не Мемлекеттік корпорацияға:
2.
1) жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3.
2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тіркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы);
4.
3) жұмыс орнынан анықтама;
5.
4) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтын құжат.
6.
Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде расталған кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
7.
Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті
алушының жазбаша келісімін алады.
7
Көрсетілетін қызметтің құны мен ақы
төлеу тәртібі
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8
Көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;
тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтің әкіміне құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты көрсетілетін қызметті берушіде немесе ауылдық округтің әкімінде – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушіде немесе ауылдық округтің әкімінде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 минут.
9
Көрсетілетін қызметті көрсету
нәтижесі
ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама
10
Нормативтік-құқықтық актілер
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәурдегі №279 «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс
істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.
11
Қосымша ақпарат
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің
www.economy.gov.kz
. интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі
бірыңғай байланыс орталығы
: (1414).