Аудандық балалар кітапханасы



жүктеу 36,98 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі36,98 Kb.
#5361

Аудандық балалар кітапханасы

1948 жылы ауданда 2 кітапхана жұмыс жасады. Оның біреуі балалар кітапханасы. 1958 жылдан бастап алғаш кітапхананың меңгерушісі болып Халиуллина Гүландам зейнет демалысына шыққанға дейін (1993жыл) жемісті еңбек етті.

1980 жылдың қазан айынан бастап Орал облыстық мәдениет бөлімінің бұйрығымен Казталовка аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі болып біріктірілді. Балалар кітапханасы осы жүйеге қосылды. Балалар кітапханасы оқырмандары жас ерекшектеріне қарай топтап, сапалы түрде қызмет көрсету олардың өздеріне тән ерекшелігі болып саналады. Кітапхананың кеңейіп дамуы 1980 жылы орталықтандырылған кітапханалардың біріккенінен кейін басталды. Кітапхананың құрылымы өзгеріп жаңа бөлімдер ашылды. Оқырмандарға қызмет көрсетудің жаңаша түрлері жүзеге асырылып, ақпараттық хабарлама-библиографиялық қызметтер дами түсті. Каталогтар мен картатекалар жүйесі қалыптасты.



Халиулдина Гүландам мектепте тәрбие жұмыстарын жүргізді. Үлкенді сыйлау, отанды сүю т.б. әдеби кештер оздырып отырды. Кітапханада істеген 38 жылын мәдени-ағарту, кітапхана саласында арнады. Қазір зейнеткерлік демалыста.

Әр кездеде кітапхана заман ағымымен астаса қызмет жасап отырды. Осы кезде кітапханашылық қызметке жас маман Мұхамбетова Жұпар келді. 1982 жылдан 1985 жылға дейін әдіскер болып істеді. Осындай жемісті еңбегінің арқасында зейнеткерлікке шықты.

Сол жылдардан кейін балалар кітапханасына жас маман Жардемалиева Маншүк қызметке тұрады. 1987 жылдан бастап аудандық балалар кітапханасында жұмыс жасап келеді. 1998 жылдан 2006 жылдар аралығында аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Балалар кітапханасының тағы бір ерекшілігі «Ертегілер қалашағы» жұмыс жасайды. Тек кітап беріп, алумен шектеліп қана қоймай екі мектеп оқушыларымен және балабақшамен, интернат оқушыларымен, мұғалім, тәрбиешілермен бірігіп мәдени-шаралар әрдайым оздырылып тұрады.

Бүгінде Казталов аудандық балалар кітапханасы - әр бүлдіршіннің рухани сана-сезімінің өсуіне жағдай жасайтын құтты білім мен руханият ордасы. Кітапханада төрт жоғары білімді маман қызмет жасайды. Кітапхана меңгерушісі Есбулатова Мейрамгүл, балалар әдіскері Жұмашева Анаргүл, аға кітапханашы Жардемалиева Маншүк, кітапханашы Егзалиева Жазира. Балаларға әр түрлі бағыттарда түрлі кітап көрмелері шығарылып, картотекалар жасақталып, мәдени шаралар оздырылып келеді. Аудандық балалар кітапханасында оқырмандардың талап-тілектері бойынша анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетіледі. Анықтамалық библиографиялық аппарат - кітапханадағы кітап қорының маңызын толық ашып, жұмыстануға көмегі мол. Кітапханада 14847 дана кітап қоры, 1825 оқырман бар. Жыл басынан бастап кітапхана жаздырып алатын «Ұлан», «Айқын», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Ералаш» газеттері, «Ақ желкен», «Айгөлек», «Балдырған», «Парасат», «Ұлағат» журналдары оқырмандардың сұранымдарын қанағаттандырып, танымдық ізденістерін толықтырады.




жүктеу 36,98 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау