95
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
и т.д., но и не статичен, является весьма динамичной, постоянно развивающейся
социально – экономической системой.
Список использованных источников
1. Бауржанов К.Ш. Рынок труда и занятость: Учебное пособие. – Алматы:
Экономика, 2010. 23 с.
2. Программа Республики Казахстан «Программа занятости 2020» от 31 марта 2011
года за №316.
3. Татибеков Б.Л. Регулирование рынка труда и занятости человеческих ресурсов
РК в условиях глобализации: Уч. пособие. – Алматы: Экономика, 2012. – 63 с.
4. Карибджанова А.С. Экономика рынка труда: Учебное пособие. – Алматы:
Экономика, 2010. – 105 с.
6. Агентство Республики Казахстан по статистике: http://www. stat.gov.kz.
Франчайзингтің экономикадағы маңызы
Абылкасимова Ж.А , Сағындыкова Қ.А.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Семей қ.
E-mail:
kima1508@mail.ru
Дүниежүзілік тәжірибеде франчайзингті мемлекеттік қолдау кәсіпкерлікті
қолдаумен бірге тұтас жүргізіледі. Яғни, франчайзингті ынталандыру жөніндегі барлық
бағдарламалар шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына ұқсас болып
келеді. Бұл логикаға сәйкес, өйткені, франчайзинг кәсіпкерліктің бөлінбес құрамы болып,
кәсіпкерлік алаңында әрекет етеді.Егер елде кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай
жасалса, онда франчайзинг дами бастайды. Әрине, франчайзингтің дамуына өте көп әсер
ететін кейбір түрлерді: зияткерлік меншіктің қорғалуы, нарықтың айқындылығы,
салықтық мәдениет, халықаралық стандарттар және бизнесмендердің іскерлік қабілеті
тағы басқа атап өтуге болады.
"Франчайзинг" сөзі ағылшын терминінен аударғанда қандай да бір қызметті
жүргізудегі еріктілікке құқықты анықтау мағынасын білдіреді. Орта ғасырларда мұндай
артықшылықтарды кез келген тұрпаттағы коммерциялық қызметке франшизаны беру
жолы арқылы корольдер иемденген. Франчайзинг(ағылш. franchising - құқық,
ерекшелік) кәсіпкерлік, жалғасымды іскерлік ынтымақтастық формасындағы үрдісінде,
ірі компания, жеке-дара кәсіпкерге немесе кәсіпкерлер тобына өнімді өндіруге, тауарлар
сауда-саттығына және осы компанияның сауда маркасымен белгілі бір мерзімге және
белгілі бір шартта қызметтерді ұсынады[1].
Франчайзинг сөзі француз тілінен шыққан, оның « FRANCHISE» сөзін аударғанда
жеңілдік, артықшылық, салықтан босату деген мағына береді. Бұл сөз алғаш рет 1800
жылдары пайдалана басталған, бұл жылдары франчайзинг «байланысты үйлер» атты
жүйе ретінде қалыптасқан. Франчайзинг өз бастауын Еуропа елінде, ортағасырлық
Францияда пайда болған. Ол өз қызметін жалғастырып, барлық Еуропа елдері бойынша,
және көптеген қала басшылары франчайзиді нарықтық саудагерлерге белгілі бір
нарықтық шекте , қандайда бір тауарға қатысты сауда жүргізуге ерекше құқықты ұсыну.
1860 жылы франчайзинг жүйесін «SINGER» деген тігін машинасын өндіруші фабрика ары
қарай дамытып, өзінің өндірісін көркейткен.
Франшиза – франчайзердің франчайзиге сататын толық бизнес жүйесі болып
табылады. Басқаша бұл жүйені франчайзингтік пакет деп атаса да болады. Ол пакетке
әдетте франчайзердің меншігіндегі жұмыс жүргізуге арналған құралдар және тағы да
басқа маңызды материалдар кіреді. Бизнестің әр түрін франшизаға айналдырса болады.
Халықаралық Франчайзинг Ассоциациясы франчайзинг әдісін пайдалануға болатын 65-
тен аса шаруашылық салаларын белгілейді[2].
96
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Елуінші жылдары тез тамақтанудың жаңа концепциясын құрастырғаннан
кейін Макдональдс табысы 1,5 есе көбейіп, 350 000 долларды құрады.Бірнеше мың
долларға
енді
қалаған
адамөзМакдональдсын
ашу
мүмкіндігіне
ие
болды. Франшиза ағайынды Макдоналдтар үшін табыстың бір көзіне айналды.
Бүгінде франчайзингарқылы әлемдік мега-брендтер қыруар пайда түсіріп отыр. Аталған
бизнес-форматтың енді Қазақстанға қалай келгенімен таныса кетсек.
Қазақстандағы франшизаның пайда болуын 1994 жылы Алматыда «Coca-Cola
Bottlers Almaty» зауытының ашылуымен байланыстыруға болады. Бірінші зауыт жылдар
өтісімен өзінің қуаттылығынан тез айырылып, 2005 жылы жаңа мегазауыттың
құрылысына инвестиция салынады. Бұл кәсіпорын бүгінде Орта Азия аумағындағы
жалғыз Coca-Cola мегазауыты болып табылады.Атақты сусын өндірушінің өнімі тек қана
импорт түрінде емес, сонымен қатар ұлттық тауар ретінде де қолжетімді болды
.
90-жылдары Алматыда «Baskin Robbins», «Adidas», «InterContinental» тәрізді басқа
да франшизалық жобалар пайда бола бастады.Қазақстандық франшизалық
агенттіктің мәліметінше, 1994-2004 жылдар аралығында Қазақстанда 15 шетелдік
франшизалық жүйе жұмысын бастап, 1150 кәсіпорын ашылды.2007 жылдан 2011 жылдар
арасында франчайзинг айналымы 100% дерлік ұлғайды және қазіргі таңда шамамен бір
миллиард долларды құрайды. Бұл Қазақстанның франчайзинг секторы бойынша Орталық
Азияда көшбасшы болып табылатынын сенімділікпен айтуға болады. 2002 жылдан бастап
франчайзинг туралы арнайы заң шығарылған, ол заң бойынша шамамен 150
франчайзингтік жүйе және 1000-нан астам франчайзингтік ұйымдар жұмыс істейді.
Қазақстандағы франшизаның аймақтық орталықтары -Алматы, Астана, Атырау,
Қарағанды және Шымкент. Бұл жерде шағын және орта бизнес жинақталып, франшиза
технологиясы да жетіліп жатыр. Франшизалық жобалардың 70 пайыздан астамы
Алматыдан бастау алады. Дәл осы жерде шетелдік франшизалар бірінші бейімделуден
өтіп, кейінірек еліміздің басқа қалаларына таралады[3].
Қазақстандық нарығында шетелдік франшизалық желідегі біріншілік пальмасы
Ресейге өтті. Осыған дейінгі көшбасшы Америка еді. Қазақстан нарығында 100-ден астам
ресейлік франшиза жұмыс істейді. Ал франшизалық нүктелер саны 600-дан асады.
Ресейлік компаниялар үлесі әсіресе соңғы 2-3 жылда көбейіп келеді. Америкалық
франшиза 48 желі және 300 франшизалық нүктеде көрсетілген. Америкалық желілердің
көлемдік қатынаста екінші орында келе жатқанымен, оларға франшизалық айналымның
негізгі үлесі тиесілі. Себебі «Coca-Cola», «Baskin Robbins», «Adidas» тәрізді мега-брендтер
— батыстық өнімдер. Бұдан кейінгі орында Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия
орналасқан. Олар үшін қазақстандық франшизалық нарықтан арнайы «еуропалық блок»
ашуға болады. Қазақстандағы 93 франшизалық жүйенің 287 нүктесі бар. Олардың басым
көпшілігі сәнді брендтердің киімдері мен аксессуарларымен,парфюмералық өнімдермен
сауда жасау сегментінде жұмыс істейді. Еуропалықтар арасында сұлулық салоны мен
қызмет көрсету секторы да үлкен көлемге ие.Еліміздің нарығында сондай-ақ Түркия,
Аустралия, Израиль, Жапония және басқа елдерден келген брендтер жүйесі бар[4].
Шетелдік компаниялардың еліміздің нарығына белсенді жұмыс істей алмау
себептері еліміздің географиялық жағдайымен байланыстыруға болады. Украина мен
Ресей Батыс Еуропаға жақын орналасқандықтан шетелдік франшизалар оңай бейімделеді.
Бізде франшизалар делдалдардың ұзақ тізбегінен өтуге тура келеді.Сауда маркаларының
франчайзингі Қазақстанға тікелей келмегендіктен, тауарлар мен қызметтердің бағасы
қымбат.
Сарапшылардың пікірінше, логистика саласындағы қиындықтарға байланысты
жергілікті нарықта ірі брендтер жоқ.Қазақстанға франшизаның төте жолмен емес, үшінші
елдер арқылы келуін географиялық проблемалармен байланыстырады. Франчайзингтің
кіндігі Еуропа, АҚШ, Қытай, Корея, Жапонияда.Біз ол орталықтардан шалғай
жатқандықтан, Ресей, Түркия арқылы сатып аламыз. Жол шалғай болғандықтан біздегі
тауарлар мен қызметтердің бағасы да қымбат. Біздің елде адам саны аз болғандықтан,
қалалар бір-бірінен тым алыс орналасқан, халық сирек қоныстанған, яғни бізде логистика
саласы дамымаған.Ірі брендердің көп келе бермейтіні содан. Олардың бизнеске құйған