77
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
авиацияның дұрыс бағытта дамуын бақылап отыру үшін, мемлекеттің өзінің уәкілетті
органдарының ұйымдастырылуымен жиналған білікті мамандардың тиісті басқа
мемлекеттердің халықаралық тәжірибесін зерттеу барысында, мемлекет үшін барынша
тиімді стратегияны ойластыру нәтижесі
болып табылады
3
.
Бұл арада осы уақыт аралығына дейін Қазақстан Республикасында азаматтық
авиацияға байланысты даму стратегиялары қаралмады ма деген сұрақ туындайды. Әрине де
Даму стратегиялары жасалған болатын. Олар Қазақстан Республикасының бұйрығы
бойынша 1996 жылы «Эйр Қазақстан» қазақстандық тасымалдаушының банкротқа
ұшырағанынан кейін де бірқатар бағдарламалар қабылданған болатын. Осы даму
бағдарламаларын талдап кеткен жөн.
Мысалы, «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарлама аясында көлік инфрақұрылымын
ауқымды модернизациялау жүргізілуде. Бұл 2020 жылға қарай жүк айналымын 1,6 есе және
транзиттік жүк тасымалы көлемін екі есе арттыруға мүмкіндік береді. «Самрұқ-Қазына»
ұлттық әл-ауқат қорының тапсырмасы бойынша «Эйр Астана» әуе компаниясымен 2020
жылға дейін даму стратегиясы дайындалып бекітілген. Оған сәйкес әуе кемелері паркінің
толықтырулары мен жаңартулары бойынша жұмыстар жүргізіледі. Әрине, азаматтық
авиациядағы ұшуларды жүзеге асырудың ең басты талабы – әуе кемелер паркінің
техникалық жағдайының жарамдылығы мәселесі саналды. ИКАО-ның халықаралық
ұшулардың қауіпсіздік бойынша реттейтін қатынастардың бірі – жұмыс істеп жатқан
азаматтық авиацияның құралдарының сапасы екені барлығына мәлім.
2020 жылға дейін «Эйр Астана» әуе компаниясында өзінің 19 жекеменшік
ұшақтарымен қоса, әуе кемелері паркінде 43 әуе кемелері болады. Қазіргі таңда компания 30
әуе кемелерінен, оның ішінде 11 жекеменшігіндегі әуе паркінен тұрады. Бұдан басқа әуе
кемелеріне қызмет көрсету бойынша Қазақстанда инфраструктураны дамыту алға қойылдып
отыр. Сонымен қатар, әуе компания жоспарында, авиациялық инженерияның аймақтық
лидері болып, ұшақтардың түрлі техникалық қызмет көрсетулерін, жөндеуін дамыта отырып,
оларды Астананың эксплуатациялық орталықтарында жүзеге асыру қарастырылған. Осы
жағдай Алматы қаласының базасында жергілікті және шетелдік тасымалдаушыларға қызмет
көрсететін, EASA (Авиациялық қауіпсіздіктің еуропалық агенттігі) стандарттары бойынша
сертификатталған орталық жұмыс атқарады. Барлық шаралар азаматтық әуе кемелерінің
халықаралық ұшуларындағы қауіпсіздік жағдайын құқықтық реттеу негіздеріне келіп
тіреледі. «Эйр Астана» әуе компаниясының жоғары стандарттар мен көрсеткіштерді
ұстанатындығына халықаралық эксплутациялық қауіпсіздік аудитінің (IOSA) нәтижелері
құрайды. Бұл құқықтық реттеу жүйесінің тармағы әуе компанияларының басқару
жүйелерінің және өндірістік қызметін бағалаудың мойындалған дүниежүзілік жүйесі ретінде
танымал
4
.
ИКАО-мен шығарылған кемшіліктердің бірі мамандар жағдайына да аса үлкен көңіл
бөлу қажет. Қазақстандық авиациядағы қызметкерлер саны басқа салалармен салыстырғанда
бірталай аз сандық көрсеткіштер көрсетеді. Мәселенің түпкі жағдайы ұлттық оқыту
стандарттарының сай келмеуінде болып табылады. Тиісті оқу талаптары қамтамасыз
етілмейді
5
.
Азаматтық авиация саласында маңыздылығы бойынша соңғы орын алмайтын -
авиациялық инспекторлар рөлі орасан зор. Қазақстан Республикасында азаматтық әуе
кемелерінің халықаралық ұшуларының жағдайын тексерген кезде қадағалаушылардың басты
және көп кездесетін сындары – авиациялық инспекторлардың тапшылығы болып табылады.
2009 және 2014 жылдары жүргізілген тексеріс нәтижесінде – ревизорлар елде ұшулардың
қауіпсіздігі мен бақылау аясында құзіретті әрі білікті инспекторлардың жетіспеушілігі,
үкіметтің қажетті көлемде әрекет етпейтіндігін белгілейді. Олардың көп бөлігі жұмысқа
жақын арада жалданып, әуе компаниясының сертификация үрдісін тиісті дәрежеде басқаруға
оқытылып үлгермеген. ИКАО ревизорлары мемлекеттік инспекциямен тексерулер жүргізілу
дәйектерін таппады. Қазақстан Республикасындағы авиациялық инспекцияның құқықтық
мәртебесі "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және Қазақстан