Атырау қаласы, 2018 жыл 2



жүктеу 1,6 Mb.
Pdf просмотр
бет28/63
Дата16.01.2022
өлшемі1,6 Mb.
#32770
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63
 

 

 

 


 

 

21 



 

ІІ. РЕФЛЕКСИЯ – НӘТИЖЕЛІ БІЛІМ АЛУДЫҢ БАСТАУЫ 

 

 «Рефлексия» сөзі латын тіліндегі «reflexio» – «артқа қарау» деген 



ұғымынан  туындайды.  Джон  Дьюи  рефлексиялық  ойлауды  былай 

сипаттайды:  «Қандай  да  болмасын  бір  пікірді  не  білімнің  ықтимал 

көрінісін олардың негіздерін ескере отырып белсенді түрде, толассыз 

және 


мұқият 

қарастыру, 

осының 

салдарынан 

туындаған 

қорытындаларды талдау» (Дж.Дьюи, 15).  

Жалпы алғанда рефлексия зерттеу секілді: адам мұнда өзінің ішкі 

дүниесін  жан-жақты  қарастырады,  яғни  өзін  өзі  зерттейді.  Бұл 

зерттеудің  басты  тақырыбы  адамның  өзі  болып  табылады.  Осы 

тұрғыдан  алғанда  рефлексия  адамның  өзінің  ішкі  ахуалы  мен 

өзгерістерін тануы іспеттес: адам жасап жатқан әрекеттерін бір сәтке 

доғарып,  өзінің  ішкі  жан  дүниесіне  үңіледі,  өзімен  өзі  әңгімелеседі, 

сырласады,  әрекеттерін  талдап,  оларға  баға  береді,  өзіне  «сырт 

көзбен»  қарайды.  Осыдан  кейін  әрекеттеріне  өзгерістер  енгізеді, 

кемшіліктерін 

түзейді, 

оларды 

болдырмаудың 

жолдарын  

қарастырады,  болашақта қандай  істер жасайтындығын жоспарлайды. 

Жалпылама  алғанда,  рефлексияның  қадамдары  мынандай  болуы 

ықтимал:  

1) Аялдама жасау (тоқтау). 

2) Артқа қарау: түсіну, талдау, бағалау. 

3) Өзгерістер енгізу. 

4) Болашақты жоспарлау. 

Рефлексия сыни ойлау арқылы жүзеге асырылады, өйткені мұнда 

дайын  жауап  жоқ,  оны  іздеу  керек,  іздену  қажет,  жобалау  мен 

жоспарлау  керек,  болжам  жасап,  жаңалық  ашу  қажет.  Рефлексия 

күмәндану  мен  терең  ойлануды  қажет  етеді,  мұнда  өз  әрекеттеріңді, 

ойларыңды, ұстанымдарыңды жан-жақты қарастыру керек, өзіңе өзің 

толассыз түрде сұрақтар қойып, оларға жауап табуға ұмтылу.  

Рефлексия - өзіндік тәжірибе, өзін-өзі тану мен өздігімен үйрену 

туралы  ойлану.  Ол  білім  алушыларға  өзінің  үйрену  әрекеттері  мен 

амалдарын  айқындау  мен  нақтылау,  үйренудің  мақсат-міндеттерін 

тұжырымдау,  үйрену  нәтижелерін  сараптап,  ой  елегінен  өткізу 

мүмкіндіктерін береді. 

Сонымен  рефлексияда  адам  әрекеттерін  бір  мезетке  тоқтатып, 

жан-жағына  байыппен  қарап,  өзіне  мынандай  сұрақтар  қояды:«Мен 

кіммін?Қандаймын? Не істеп жатырмын? Осы әрекеттерімнің мақсаты 

қандай? Мен қалай әрекеттенудемін? Бұл маған не береді? Мен мұны 

қалай  қолданамын?  Маған  мұны  қалайша  өзгертуге  болады?  Енді  не 

істеймін?»  Бұл  сауалдарға  ол  өз  алдында  бүкпесіз  шындық 



 

 

22 



 

тұрғысынан адал түрде жауап береді, басқа да сұрақтарды туындатып, 

оларға  да  жауап  іздейді.  Адамның  өзімен  өзі  жасаған  диалогы 

осылайша  жалғаса  береді,  тіпті  үздіксіз  сипат  алады.  Абай  кезінде 

«Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, 

болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал!» 

деп бекер айтпаған болар.  

«Кәсіби даму = тәжірибе + рефлексия» деген формула мұғалімнің 

негізгі  міндеттері  мен  жұмыс  ретін  нақты  көрсетеді.  Әр  сабағынан 

кейін  мұғалім  өзінің  және  оқушыларының  әрекеттерін  талдап, 

олардың жақсы және жақсартуға тұрарлық жақтарын айқындап, келесі 

сабаққа  өзгерістерді  енгізіп  отырса  –  ол  үнемі  даму  үстінде  болады. 

Ал  кәсіби  біліктілігін  күнделікті  түрде,  тұрақты,  үзбей,  толассыз 

дамыту – әр мұғалімнің ең басты міндеті. В.Сухомлинский айтқандай, 

мұғалім үйренуін тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады.     

Оқушыларды  әр  сабақта  рефлексия  жасауға  үйрету  керек. 

Өйткені бала рефлексия жасай алмаған жағдайда, яғни өз әрекеттерін 

түсіндіріп,  оларға  талдау  жасап,  бағалай  алмаса,  онда  оның  берілген 

оқу  әрекеттерін  ғана  орындап,  бірақ  олардың  өзінің  дамуындағы 

маңызын  түсінбейтіндігі  анық.  Басқаша  сөзбен  айтқанда,  рефлексия 

жасай алмайтын оқушы өзінің өзгерістерін де байқамайды.  

Оқушылар да рефлексия арқылы үйренеді, білімін толықтырады, 

дамытады.  Кешегі  күні  білім  беру  жүйесінің  мақсаты  білімді  тұлға 

қалыптастыру  еді,  ал  бүгінде  басты  мақсат  рефлексияшыл  тұлғаны 

өсіру  болып  табылады.  Өйткені  адамның  өзіне  бағытталған  ойы 

тұлғаны  үнемі  өз  әрекеттерін  жан-жақты  талдауға,  таразы  басына 

қойып  бағалауға  жетелейді,  ал  бұл  өз  кезегінде  адамды  жаман 

пиғылдар мен әрекеттерден арылтады. Адам осылайша жетіле береді, 

дами түседі. 

Сондықтан да оқушыларды бүкіл сабақ бойы рефлексия жасауға 

ұйымдастырып  отырған  абзал.Олардың  әрбір  орындаған  тапсырмасы 

да,  бүкіл  сабақ  та  рефлексиялық  әрекеттермен  аяқталғаны  дұрыс. 

Сайып 

келгенде, 



рефлексияның 

баламасы 

«қорытындылау», 

«нәтижесін  айқындау»  болатын  шығар.  Осыған  сәйкес  сабақтағы 

әрекеттер  де,  сабақтың  өзі  де  қорытындыланып,  оның  нақты 

нәтижелері топ ішінде не бүкіл сыныппен талқылануы қажет: 

 

Қалай  орындадық?  Жақсы  мен  жақсартатын  жақтары 



қандай? Неліктен олай болды?  

 



Не білдік? Бұл бізге не берді? Өстік пе, дамыдық па? 

 



Бұны қалай дамыту керек? Енді не істеу керек?  

Рефлексияның  жалпылама  пікір  немесе  тілек  түрінде болмағаны 

жөн  (сол  себепті  де  кең  таралған  «Екі  жұлдыз,  бір  тілек»  деген 



 

 

23 



 

рефлексия  тәсілін  «Екі  жұлдыз,  бір  ұсыныс»  деп  өзгерткен  дұрыс). 

Сондықтан  оқушыларға  ауызша  не  жазбаша  «Тапсырма  (немесе 

сабақ)  ұнады,  жақсы  өтті,  көп  нәрсені  білдім,  қызық  өтті»  деген  еш 

дерексіз,  дәлелсіз  жалаң  сөздерді  келтірудің  орнына  өз  ойларын 

білдіре отырып дәлелмен сөйлесе  онда рефлексияның төмен деңгейде 

болмағандығы.  Егер  рефлексия  жалаң  түрде  жасалса,  мұғалім 

тарапынан  ондай  жауаптарға  түрткі  сұрақтар  қою  арқылы,  пікірді 

шынайы,  толыққанды,  нақты  талдап  үйренуге  мүмкіндік  берілген 

дұрыс(«Неліктен олай ойлайсыз(дар)? Бұл айтқандарыңызды қалайша 

дәлелдейсіз(дер)?  Не  үшін  бұлай  жасадыңыз(дар)?  Қалайша  деп 

ойлайсыз?»)  

Сонда:  

 



«Маған  сабақ  ұнады, 


жүктеу 1,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау