біріншіден, сол практиканы ұйымдастыру мен ӛткізудің, сол практиканың
студенттердің кәсіби-тұлғалық деңгейлерінің дамуына қаншалықты әсері
барын және оны жетілдіру жолдарын қарастыру,
екіншіден, студент-
практиканттың практиканы сапалы ӛтуін кафедралардың, мектептің
қызметімен тығыз байланыстығымен, ӛзара әрекетте қарастыру,
үшіншіден,
педпрактиканы басқару арқылы оның дамуын қарастыру деп түсіну керек.
Ал
сапаны басқару мәселесі бойынша ойымызды шетелдік
тәжірибелердің ішінде Жапондық ӛнімнің жоғары сапасына жету жолындағы
қозғалыстың негізін салушылардың бірі профессор Каору Исикаваның
«Сападан үнемдеуге болмайды, ӛйткені сапаның ӛзі үнем» деген сӛзінен
бастаған жӛн деп ойлаймыз. Доктор Исикава сапаны басқару әдістері
негізінде барлық жерде бірдей және бір принциптер әр түрлі салаларда және
әр түрлі елдерде қолданылуы мүмкін деп есептейді. Ғалымның осы пікіріне
сүйене, жапондық сапаны басқару әдістерін білім беру саласына да
қолдануға
болады деп тұжырымдаймыз.
Жапонияда сапаны басқару мәселесі мемлекеттік саясат деңгейіне
кӛтерілген. Негізгі акцент жұмыс орнында сапаны бақылайтын адамдармен
бірлесе жұмыс істейтін атқарушыларды (жұмысшыларды) сапаны
қамтамасыз ету жӛніндегі қызметке тарту үшін жасалады. Жапонияда
жүмысшылар күрделі статистикалық әдістерді қолдануға қолыжетіп қоймай,
оларды сапа проблемасы – әрбір жапондықтың проблемасы деп, кӛздерін
жеткізе алады. Сапаны басқарудың жапондық үлгісі – барлық салада,
олардың буындарында, бірінші басшыдан бастап тӛменгі буындағы
қызметкерлерге дейін сапаны қамтамасыз ету үшін орындайтын, біртұтас
процесс болып есептеледі.
Қазір біздің елімізде де сапаны басқару мәселесіне назар аударылуда.
Оған Қазақстан Республикасының Президенті- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
2010 жылғы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық ӛрлеу – Қазақстанның
жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы «Адам-елдің
басты байлығы. Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең
алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы,
кӛңіл-күйлеріне байланысты. Жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық
талаптарға жауап беруі тиіс.» деген бағдарлық ойы дәлел.
Сонымен қатар «
Қазақстан Республикасындағы білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының»
«Білім беру менеджменті» бағытындағы «Білім беруде сапа менеджменті
жүйесі принциптерінің бірі етіп мониторинг нәтижелерін есепке ала отырып,
білім беру процесін тұрақты жетілдіру принципін енгізу және 2013-2014
жылдары облыстарда Сапаны бағалау қызметін құру қажет» деген бағдар
сапаны басқару мәселесінің біздің елімізде де мемлекеттік деңгейде қарала
бастағанының дәлелі. Олай болса, жоғары білім сапасын басқару кезек
күттірмейтін мәселе болып отыр. Сонымен, бүгінгі күні қозғап отырған
«дайындап жатқан педагогтарымыздың сапасы қандай, сапаға қол жеткізудің
жолдарын ойластырдық па, сапаны қалай басқаруға болады?» деген
сұрағымыздың ӛзектілігі айқындала түседі.