Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет22/69
Дата21.12.2017
өлшемі2,8 Kb.
#5274
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   69

69
«Жетістік тарихы» кітабы
Сондықтан  оған  мұқтаждарға  диспорттың  инъекцияларын,  
кеңесшілерді қаланың өзіне жылына 2 рет шақырумен әр облыста 
жүргізген маңызды деп санаймын.
Бүгінгі  таңда  мүмкіндіктері  шектеулі  адамдар  үшін  бөгетсіз  ор-
таны  қамтамасыз  ету  мәселелерін  шешудің  көбірек  мүмкіндіктері 
пайда болды. Біздің облысымызға тамаша беделді, бұрынғы жұмыс 
орнындағы адамдардың тарапынан жақсы лебіздері бар, жаңа әкім 
– Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев тағайындалды. Оның шешімінің, 
басқармалар  мен  «Оптимист»  ҚҚ  қызметкерлерінің  жұмысының 
арқасында  біраз  уақыттан  бері  біз  өз  пәтерімізге  көтергішпен  кө-
терілеміз.  Енді  баспалдақтармен  салпаңдап  шапқылау  деген  жоқ 
және арбашамен, Юлечкамен және азық-түлікке толы себетпен кө-
терілгеннен кейін, әрі қарай өмір сүру үшін не күш қалады.
«Инватакси» қызметінің жетекшісі Елена Юрченкоға тамсанудан 
шаршамаймын. Мұндай сервис бұрын бізде болмаған еді: Лена мен 
оның  тамаша  командасының  жұмысының  арқасында  жүруде  про-
блемалары бар адамдар жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 
07.00-ден 19.00-ге дейін жұмысқа, оқуға, спортпен айналысуға, тіпті 
дүкенге  және  демалысқа  көлікпен  бара  алады.  Бұл  егер  шындап 
кіріссе, проблемаларды шешуге болатынының жақсы мысалы.


70
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
ТәУеКеЛГе БеЛ БУЫп, 
ОйғА АЛғАН ІСТІ ЖүзеГе АСЫР
Александр Пархоменко түсірген фотосурет
Александр Васильевич және Александра Васильевна Пархоменко 
отбасының ұлдары Никита 2002 жылы туды. Қазір ол 5-ші сыныпқа 
көшті. Никитаның табысқа жетуінде негізгі рөл атқарған әжесі – 
Ирина Валентиновна Камышова болды. Ол өзінің немересіне қалай 
көмектескенін әңгімелейді. Отбасы Павлодарда тұрады.
Мен мамандығым бойынша педиатрмын. Никита ауырып қалған кез-
де, мен бәрін тастадым да, онымен әже ретінде де, дәрігер ретінде де 
айналыса бастадым.
7  айлығына  дейін  Никита  қалыпты  жетіліп  келе  жатты.  Бәрі  кезек-
ті  АКДС+гепатит+полиомиелит  екпесінен  басталды.  Регресс  біртіндеп 


71
«Жетістік тарихы» кітабы
жүрді. Алдымен бала қуыршаққа айналды – эмоциялар жоғалды, атын 
атап шақырғанға қарауын қойды, бізді де көрмейтін болды. Содан кей-
ін – айналасындағының бәрін қирататын бейне бір Мауглиге ұқсап бара 
жатты... 
Никитаның  папасы  –  кәсіпқой  фотограф.  Ол  ұлының  ғұмырының 
алғашқы күндерінен бастап оны фотоға және үй видеосына түсірді, со-
ның  арқасында  немеремнің  жетілуінің  барлық  сатылары  сақталған, 
оларды көруге және салыстыруға болады.
Біз психиатрдан кеңес алмақ болдық, бірақ ол дәрігер тек 4 жастан 
асқан балаларды қабылдайды, ал уақыт күтпейді. Қалпына келтіру үшін 
неғұрлым қолайлы жас 18 айдан 5 жасқа дейінгі жас шамасы болып та-
былады. Алматыға САТР орталығына бардық. Біз диагноздың анықталға-
нын асыға күттік, білместіктен одан кейін проблема шешімін табады деп 
ойладық. Ол кезде мен аутизм дегеннің не екенін әлі елестетіп көрме-
генмін. Институтта оны оқыған жоқпыз. Оның үстіне өзімнің көп жылдық 
практикамның барысында да мен бұрын ондай балаларды кезіктірме-
гем. САТР қаралу сәтіне Никита сөйлемейтін, көзге тік қарамайтын. Тек 
гиперактивті  ғана  емес,  сонымен  қатар  агрессивті  болды.  Сенсорлық 
проблемалардың асқынғаны сондай, бала жанасқанға төзбейтіні былай 
тұрсын, өзіне киім кигізуге де мүмкіндік бермеді. Өз бетімен тамақ же-
меді. Жас шамасы бойынша базалық машықтары қалыптаспады. Ас қо-
рытуда проблемалар орын алды. Тамақты көрінеу талғап жеді. Нәресте-
лерге арналған сүт негізіндегі пакеттердегі ботқалар – сол уақытта оның 
бар рационы осы болды. 
Бала өте ауыр болды. Біз тіпті бөлек қыдыратын болдық. Көпшілігі 
немеремді  қалыпты  қабылдады,  жанашырлық  танытты,  бірақ  «Мына-
ны әкетіңіз» деген сияқты реакция да болды. САТР тексерілудің нәтиже-
сі көптен күткен диагноз – аутизм және «бала ешқашанда сөйлемейді, 
ешқашанда мектепке бармайды» деген үкім болды.
Мен былай пайымдадым: егер бар нәрсе сынса, демек ненің сынға-
нын табу және жөндеу керек. Мен маман емеспін, менде дайын рецепт-
тер  болған  жоқ,  оларды  іздеу  керек  болды.  Кездейсоқтық  көмектесті 
– мен ауырып қалдым да, Никитаға күтуші шақыруға тура келді. Біздің 
жолымыз болды, күтуші ағылшын тілін біледі екен, және ол Ғаламтор-
дан биомед туралы ағылшын тіліндегі ақпаратты бірінші болып тапты. 
Шет елдерде бірнеше ондаған жылдар бойы биомедті пайдалану жақ-
сы нәтиже беріп келеді. Содан кейін орыс тіліндегі ақпарат пайда болды. 
Мен компьютер сатып алдым, Ғаламторды қосқыздым да, енді өздерінің 
аутист балаларын емдеуде сондай-ақ алғашқы қадамдарын жасап жүр-
ген аналардың сайтын өзім тауып алдым. 


72
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
Биомед  деген  не?  Бұл  аутизмді  емдеудің  альтернативті  биомеди-
циналық тәсілдемесі. Тіректену негізінде, бұл глютенсіз және казеинсіз 
диета,  оған  қоса  дәрумендік-минералды  үстемелер.  Глютен  –  бидай-
дың, қарабидайдың, сұлының, арпаның құрамында болатын протеин, 
желімтік ретінде белгілі. Казеин – сүттің құрамында болатын протеин. 
Ондай балалардың асқазан ішек тракты ол протеиндерді ақырына дейін 
ыдыратпайды, нәтижесінде қорытылмаған қалдықтар қалады, олардың 
морфийге ұқсас құрылымы бар. Аутизм диагнозы бар адам опиаттардың 
әсеріне түседі, яғни, «еріксіз есірткіқұмарға» айналады, бұл «шизофрени-
яға ұқсас» жүріс-тұрысқа, галлюцинацияларға ұласып, онымен коммуни-
кацияны одан сайын қиындатады. Бірақ, өз кезегінде, бұл организмдегі 
басқа бұзылушылықтардың салдары.
Зерттеулер  аутизм  спектріндегі  балаларда  бұзылушылықтар  мен 
аурулардың  бірқатары  төрт  есе  жиі  байқалатынын  көрсетеді:  ішек  бұ-
зылушылықтары; иммунитеттің бұзылушылықтары; детоксикация жүй-
есінің  бұзылушылықтары;  метаболизмнің  бұзылуы  және  мальабсор-
бция  – оның  кезінде  тағамдағы нәрлі  заттектер  қалыпты сіңірілмейтін 
және нәрлі заттектердің (дәрумендердің, минералдардың және басқа) 
тапшылығы орын алатын жағдай). 
Сондықтан,  мидың  жағдайына  нәрлі  заттектердің  созылмалы 
жетіспеушілігі мен токсиндермен улану себеп болады. Жаклин Мак-Кен-
длесс аутизмі бар балалар туралы өзінің тап осылай: «Милары ашыққан 
балалар» деп атағаны кездейсоқ емес. Бұл кітаптың басты тақырыбын 
Ғаламтордан оңай табуға болады.
Аутистерде басым бөлігінде алмасу үдерістері бұзылған, соның нәти-
жесінде  организмде  токсиндер  пайда  болады.  Мұның  бәрі  баланың 
жүріс-тұрысына ықпал етеді. Мысалы, жынды секілді қарқылдап күлу ор-
ганизмде ашытқының көп көлемінің орын алғанының белгісі, сөзі ауыр 
металдардың жүгінен және вирустық жұқпалардың салдарынан жие бұ-
зылады. 
Биомедті ресми медицина мойындамайды, бірақ базалық медици-
налық білімім маған оны бірден қабылдауға көмектесті, мен мұның ал-
дамшылық еместігін түсіндім. Ол түгелдей классикалық медицинаға сүй-
енеді.  Оған  дейін  Никитаның  проблемалары  бөлек-бөлек,  шашыраған 
пазлдар секілді көрінетін. Биомедті зерделеудің барысында олар біртін-
деп біртұтас сурет болып құрала бастады және ақыр аяғында аурудың 
жалпы көрінісі түзді. 
Адам организмі – биохимиялық машина, онда үнемі әлдебір нәрсе 
бірдеңенің әсерінен бірдеңеге айналып жатады. Басқаша айтқанда, ор-
ганизм – оркестр, және оркестрде бәрі де маңызды. Осыдан келіп бүкіл 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау