36
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
Кей кездері мүлдем қарапайым нәрселер тығырыққа тірейтін, бірақ
сәтсіздік – ол да нәтиже. Бүгін енді олардың әрқайсысына былай дей
аламын: «Далада
ауа райы, жел. Не киетініңді таңда».
Даму үшін жаңа мүмкіндіктерді іздеп жүріп, біз «Мұхит-арт»
арт-терапия орталығы бар екенін білдік. Бұл орталықта, әдеттегі ба-
лаларға арналған топтармен қатар, ерекше балаларға арналған топ
та бар, біз соған бардық. Балалармен кәсіпқой психологтар, сурет-
шілер, хореографтар, музыканттар, тіпті театр режиссерлері жұмыс
істейді.
Балалардың тобы бір бірінен диагноздарымен және проблема-
ларымен ерекшеленетініне және жас шамалары әр түрлі екеніне қа-
рамастан, орталықтың қызметкерлері олардың әрқайсысына жол та-
бады. Менің ойымша, табыстың сыры қарым-қатынастардан баланы
шектеулікте емес, оның мүмкіндіктерінің негізінде құрылатынында.
Әлімжан мен Дәулет осы орталыққа барып жүрген уақыттың ішінде
оларда тамаша өзгерістер болды: олар тынышырақ, шыдамдырақ
болды, сабақтарға деген әуестік пайда болды.
Бір таңғаларлығы, «Мұхит-арт» арт-терапия орталығына барғанда-
рының арқасында, тек балалар ғана емес, сонымен қатар ата-аналар
да өзгереді. Біз бір бірімізбен қызу араласамыз, өз проблемаларымыз
бен уайымдарымызда жалғыз еместігімізді бұрын-соңды болмаған-
дай
айқын көреміз, оларды шешу жолдарын бірлесіп табамыз.
Менің өмірімде балалармен көшеде қыдыру қиынға соғатын,
таңғалған және мүсіркеген назарларды көрген, ту сыртыңнан әңгіме-
лерді естіген жағымсыз болған кезең болды. «Мұхит-арт» маған оны
еңсеруге көмектесті және қазір мен өз ұлдарымды кез келген қоғам-
дық орындарға жайбарақат апара аламын, олар оған, әрине, өте қу-
анышты.
Қалыптасқан жағдаяттан қашып құтыла алмайсың және оны өзгер-
те алмайсың – бұл өмір, бірақ уақыт өте келе ондай жағдайда өзің
өзгеруге талпынып көруге болатынын түсіну керек. Алдымен мен
екінші білім алып, өз балаларымды жақсырақ түсіну және оларға кез
келген жасында қалай көмектесуді білу үшін психолог болуды ұйғар-
дым. Сонымен қатар, психологиялық білім алу осындай проблемаға
тап болған ата-аналарға кәсіби түрде көмектесуге мүмкіндік береді.
Келесі қадам «Мұхит-арт» арт-терапия орталығында ерекше бала-
лардың ата-аналарына арналған клуб ұйымдастыру болды. Клубтың
мақсаты – өз балалары үшін қайғыратын ата-аналарды эмоционал-
дық нормаға келтіру, оларды өз балаларын қаз қалпында қабылдау-