2) куәлердің түсіндірмесі;
3) заттай дәлелдер;
4) құжаттар.
Түсіндірмелер — бұл ауызша немесе жазбаша түрде хабарланатын
оқушының тәртіпсіздік әрекетіне және тәртіптік жауапкершілігіне қатысы бар
мәліметтер.
Заттай дәлелдер ретінде кез- келген заттар таныла алады:
тәртіпсіздік әрекетін жасаған кезде қолданылған;
оқушының әрекеті бағытталған жағдайлар;
тәртіпсіздік әрекетін жасау нәтижесінде алынған ақша, құнды және
басқа да мүліктер;
тәртіпсіздік әрекетінің іздері сақталған заттар және құжаттар.
Құжаттар — бұл тәртіп жөніндегі жаза қолдану туралы сұрақты шешу
үшін жазбаша түрде мазмұндалған маңызы бар мәліметтер. Құжаттар жазбаша
түрде, сондай-ақ басқаша түрде тіркелген мәліметтерді білдіруі мүмкін. Оған
фото және кинотүсірілімдер, аудио және бейнежазбалар, басқа да ақпарат
тасушы көздер сияқты материалдарды жатқызуға болады.
60. Тәртіп жөніндегі жазаға егер Зияткерлік мектеп оқушысы ауырған
жағдайданемесе себепті жағдайлар негізінде (ем қабылдауда болу, туған немесе
туысқан адамдарының қазасына баруы, қарсы тұруға болмайтын жағдайлар-
форс- мажор) тыйым салынуы мүмкін.
61.
Тәртіп комиссиясы тәртіп бұзған оқушыға бұл Ереженің
Қосымшасына сәйкес тәрбиелік шаралар қолданады.
Тәртіп комиссиясының шешімі бойынша бір тәртіп бұзушылыққа жауап
ретінде ықпал ететін бір түрі немесе жиынтық бірнеше түрі қолданылуы
мүмкін.
Егер тәрбиелік шаралар әсер етпеген жағдайда Тәртіп комиссиясы тәртіп
жөніндегі жаза шараларын қолдануға құқылы.
62. Тәртіп жөніндегі жаза шараларына мыналар жатады:
көпшілік алдында кешірім сұрау міндетін қою;
ескерту;
сөгіс;
қатаң сөгіс;
мектептен шығару.
63. Тәртіп комиссиясының оқушыны мектептен шығару түріндегі шара
қолдану туралы қорытындысы шыққан жағдайда, кезектен тыс Педагогикалық
кеңес отырысы шақырылады. Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша оқушы
Зияткерлік мектептен шығарылуы мүмкін.
64. Тәртіпсіздік әрекеттері қарастырылған оқушының, сондай- ақ оның
заңды өкілдерінің құқығы бар:
-тәртіп бұзушылықты қарастырудың жүруімен танысуға, түсіндірмелер
беруге, өтініш білдіруге, дәлелдер келтіруге;
-түсіндірмелер беруден бас тарту жағдайында Тәртіп комиссиясының
мүшелері оқушының түсіндірме беруден бас тартқандығы туралы хаттама
толтырады;
-шешім қабылданғанға дейін Тәртіп комиссиясының жұмыс нәтижесін
жарияламауды талап етуге;
-оқушыға қатысты шығарылған бұйрықтардың және басқа да құқықтық
актілердің көшірмесін алуға.
65. Егер оқушының тәртіпсіздік әрекеттерінен қылмыстық жаза немесе
әкімшілік жаза құрамының белгілері байқалатын болса, Зияткерлік мектептің
директоры бұл туралы заң орындарының қызметкерлеріне ескертеді.
66. Оқушыға тәртіп жөніндегі жаза шараларын қолдану туралы шешім
Тәртіп комиссиясының немесе Педагогикалық кеңестің қорытындысы, олардың
жасаған тәртіпсіздік әрекеттерінің фактілік дәлелдерінің мазмұнын құраған
материалдар негізінде Зияткерлік мектеп директорының жазбаша бұйрығымен
бекітіледі.
67. Оқушыға тәртіп жөніндегі жазаны қолдану туралы негіздеме
көрсетілген бұйрықтың көшірмесі оқушыдан, оның ата- анасынан (заңды
өкілдерінен) оны алғандығы туралы қолхат алу арқылы беріледі. Оқушы бас
тартқан жағдайда оның ата- анасы (заңды өкілдері) бұйрықтың көшірмесімен
қолхат беру барысында танысады, тапсырыс хат негізінде табыс етілгені туралы
ескертумен пошта арқылы жіберіледі.
68. Егер оқушы бұны оқуға деген адал көзқарасымен және тағы да бір
тәртіп бұзушылық болдырмаған жағдайда Зияткерлік мектеп директоры өзінің
бастамасы бойынша, педагог қызметкердің, оқушылардың өзін- өзі басқару
ұйымының өкілдерінің өтініші бойынша оқушыдан тәртіп жөніндегі жазаны
мерзімінен бұрын алып тастауға құқығы бар.
69. Тәртіп жөніндегі жаза алынып тасталған сәттен бастап немесе соңғы
тәртіп жөніндегі жаза қолданылған күннен бастап алты ай өткен соң ол оқушы
тәртіп жөнінде жазасы жоқ деп есептелінеді.
9. Оқушының заңды өкілдерімен өзара әрекеттестік ұйымы
70. Зияткерлік мектептің педагогикалық қызметкерлерінің, әкімшілігінің
оқушының заңды өкілдерімен өзара әрекеттестік ұйымының міндеттері
төмендегідей болып табылады:
мектептің өзін-өзі басқару ұйымының көмегімен заңды өкілдерін оқу
үрдісіне (ата- аналар комитеті, қамқоршылық кеңес, мадақтау жөніндегі және
тәртіп жөніндегі комиссия) тарту;
заңды өкілдеріне оқушыны тәрбиелеудегі педагогикалық білім мен
іскерлік туралы (ата-аналар мектебі, ересектер мен балалардың өзара
психологиялық қарым-қатынас аспектілері туралы бейнематериалдар) білім
беру;
оқу үрдісінде заңды өкілдердің жеке және кәсіби тәжірибесін қолдану;
сыныптың, «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының іс -шараларына
қатыстыру арқылы ата- аналардың белсенді ұстанымдарын қалыптастыру.
71. Оқушылардың заңды өкілдері мен Зияткерлік мектеп педагогикалық
қызметкерлерінің, әкімшілігінің әрекеттестік ұйымы төмендегідей болжам
жасайды:
оқушының тәрбиесі бойынша жанұясының мүмкіндігін анықтау
мақсатында зерттеу жүргізу;
оқушы- ата- ана және жанұядағы жағымдықарым –қатынасты жақсарту
сұрақтары бойынша оқушының заңды өкілдеріне кеңес беру.
72.
Зияткерлік мектеп әкімшілігі, педагогикалық қызметкерлері
оқушының келеңсіз әрекеттеріне қатысты оны түзету және қайталауды
болдырмаумақсатындаоның
заңды
өкілдеріне
балаларының
тәртібіне
байланысты бірлескен шаралар қолдану туралы хабарлауға міндетті.
Оқушының заңды өкілдері мен Зияткерлік мектеп өкілдерінің кеңесу
мақсатындағы әңгімелесуі өткізіледі.
11.Оқушының заңды өкілдерінің міндеттері, құқығы
73. Оқушының заңды өкілдерінің құқығы бар:
1) мектептің оқу үрдісіне, өзін- өзі басқару ұйымының жұмысына
қатысуға;
2) Зияткерлік мектеп жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар білдіруге;
3) оқушының үлгерімі, тәртібі және оқу жағдайына байланысты
ақпараттар алуға;
4) оқушының қызығушылығы мен құқығын қорғауға;
5) оқушыны өзге мектепке ауыстыруға;
6) келісім негізінде оқушыларға арналған қосымша білім беру
қызметтерін алуға;
74. Заңды өкілдер міндетті:
1) Осы Ережені сақтауға және ДББҰ Жарғысымен, Зияткерлік мектеп
Ережесімен бекітілген талаптарды орындауға;
2) оқушыны тәрбиелеу мен оқыту барысында Зияткерлік мектепке қолдау
көрсетуге;
3) оқушыны зиянды әдеттерден сақтай отырып оның денсаулығы мен
қауіпсіздігіне қамқорлық жасауға;
4) оқушыныңоқуы мен өміріне қауіпсіз жағдайлар туғызуға, оның
интеллектуалды және физиологиялық дамуын, рухани қалыптасуын қамтамасыз
етуге;
5) оқу аптасындағы оқушының сабақ және пән бойынша күнделікті сабақ
кестесін білуге;
6) сабақ басталғаннан 10 минут бұрын мерзімде оқушының уақтылы
сабаққа келуін қамтамасыз етуге;
7) оқушы тарапанан сабақ үрдісіне қатысы жоқ бөгде заттардың
мектепке әкелінбеуін қадағалауға;
8) сабақ кезінде оқушыны ұялы телефон қоңырауларымен мазаламауға;
9) оқушы
тарапынан Зияткерлік мектеп сабақтарына қатысуын
қамтамасыз ету, сабақты босату себепті болған жағдайда растаушы құжаттарды
ұсынуға.
Босатқан күндердегі оқу бағдарламасы материалдарын оқушы тарапынан
меңгерілуін қадағалауға;
10) ата-аналар жиналысына қатысуға және әрбір тоқсан сайын үлгерім
табеліне қол қоюға;
11) оқушы кураторымен үнемі байланыста болуға, күн сайын баланың
күнделігін тексеруге және соның растауы ретінде күнделікке қол қоюға.
Куратордан оқушы жайлы ақпаратты электронды пошта, ұялы телефон
арқылы хабарласып алған жағдайда жауап жазу арқылы растауға;
12) педагог қызметкерлер және куратормен алдын ала келісім бойынша
сабақтан тыс уақытта жолығуға;
13) міндетті алдын алу шаралары бойынша жүргізілетін егулерден бас
тарту жағдайларында мектептің медициналық кабинетіне медициналық немесе
алдын алу егулерінен бас тартуды жазбаша түрде Зияткерлік мектеп
директоры атына ұсынуға;
14) Зияткерлік мектеп мәртебесі мен дәстүрлерін қолдауға;
15)Зияткерлік мектеп мұғалімдерінің және басқа да қызметкерлерінің ары
мен абыройын құрметтеуге;
16) Зияткерлік мектепке, мектеп қоғамдастығы мүшелеріне, өзге жеке
немесе заңды тұлғаларға оқушы әрекеті салдарынан келген шығындарды
өтеуге;
17) Зияткерлік мектептің аумағына шекаралас орналасқан аумақта жолда
жүру ережесін сақтауға, машиналарды Зияткерлік мектеп аумағына қоймауға;
18)оқушы тарапынан елеулі немесе ауыр түрде тәртіп бұзушылық
жасалса, зардап шегушілерден жазбаша немесе ауызша түрде кешірім сұрауға.
Даулы мәселелерді шешу
75. Оқушылар өздігінен немесе өздерінің заңды өкілдері арқылы
Зияткерлік мектеп әкімшілігіне жүгінуге құқылы;
1) оқу үрдісін жетілдіру, сабақты оқыту сапасы, кітапхананы, асхананы
пайдалану тәртібі, медициналық және Зияткерлік мектеп қызметтерінің өзге
құрылым қызметтері, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және
оқушылардың мүддесін көздейтін басқа да сұрақтар бойынша өтініш білдіруге;
2) Зияткерлік мектеп оқушылары мен қызметкерлеріне шағымдануға.
76. Оқушылар тарапынан түскен даулы мәселелерді қарастыру
оқушы немесе оның заңды өкілінен мәселенің барлық мән-жайы толық және
нақты фактілермен бекітілген өтініштің негізінде жүргізіледі.
77. Жасырын түрде түскен сұраныстар Зияткерлік мектеп әкімшілігімен
қарастырылмайды.
78. Оқушылар немесе олардың заңды өкілдерін қабылдау Зияткерлік
мектеп Әкімшілігі сол Зияткерлік мектеп директорымен бекітілген кестеге
сәйкес, айына ең кемі бір рет жүргізеді.
13. Қорытынды ережелер
79. Осы Ережелер ДББҰ Басқармасы бекіткен күннен бастап күшіне
енеді.
80. Бұзақылық жасаған тұлғаның жауапкершілігін жеңілдететін немесе
басқа тәсілмен оның жағдайын оңды қылатын, бұзақылығы үшін тәртіптік
өтеуді жоққа шығаратын Ереженің кері күші бар, атап айтқанда, ол осы
Ережелер күшіне енгенше, сәйкес қылмыс жасаған тұлғаларға арналады.
81. Аталмыш Ережелер күшіне енгізілген уақытқа дейін жүргізілген
тәртіп жөніндегі жұмыс тәртіп бұзушылықты қарастыру басталған күні әрекет
еткен Ережелерге сәйкес іске асырылады.
Кіріспе
Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев
Зияткерлік мектебінің концепциясының басты бағытында қазақ тілін
мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ағылшын тілін
әлемдік экономикаға шығатын тіл ретінде дамыту көзделген.
Тіл саясаты оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде үштілділік білім беру
моделі жолға қойылған.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін дамыту Қазақстанның болашағының
дамуы үшін үлкен рөл атқарады. Сол себепті де үштілділік моделі
көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеудің басты мақсаттарының бірі және мектептің
стратегиялық бағытының негізі болып саналады. Назарбаев Зияткерлік мектебі
оқушыларының тілдік құзыреттілікті жоғары деңгейде меңгеруі жоғары білім
алуда, келешек кәсіптік қызметте қолдана білуіне көмектеседі.
Мақсаты:
Халықаралық стандарттарға сай, үштілділік моделін дамыту арқылы
сапалы білім беруді қамтамасыз ету.
Жалпы ережелер
1.Тілдік саясат мектептің барлық талабына жауап береді. Ол білім
процесінің барлық мүшелері: әкімшілік, мқғалімдер, ата-аналар және
оқушылардың күшімен дамуы тиіс.
2. Тіл саясаты іске асырылуы жылына екі рет қаралып отырады.
Стандарттары
Тіл саясатының даму стандартына:
1.Үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені ендіру;
2. Стандарттар мен басқару, Орта мектептің бағдарламасы;
3. Ана тіліне қолдау көрсету және дамыту;
4. Екінші,үшінші тілдерді оқыту, дамытуды қолға алу;
5. Тілдердің байланысы жатады.
Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев
Зияткерлік мектебінің білім жоспары
Назарбаев Зиякерлік мектептері жалпы орта мектептерді (7-сыныптан
бастап) білім бағдарламасымен қамтамасыз етеді.
Оқыту екі тілде жүргізіледі: қазақ, орыс тілдерінде
Тілдерді оқыту, қазақ тілі орыс сыныптарында екінші тіл ретінде
оқытылса, орыс тілі қазақ сыныптарында екінші тіл, ағылшын тілі барлық
сыныптарда бірдей оқытылады.
Ағылшын тілі, қазақ және орыс барлық сыныптарда оқытылады.
Шымкент
қаласындағы
физика-математика
бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі тілдік оқытудың ерекшелектері
1. География пәні барлық сыныптарда қазақ тілінде оқытылады.
2. Қазақстан тарихы 7-9-сыныптарда қазақ тілінде оқытылады.
3. Дүниежүзі тарихы 7-9-сыныптарда орыс тілінде оқытылады.
4.Информатика пәні 7-8-сыныпта орыс тілінде, 9-сыныпта халықаралық
мұғалімдермен бірге, ал 11-12-сыныпта ағылшын тілінде оқытылады.
5. Экономика пәні жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытылады.
6. Құқық пәні 9-сыныпта қазақ тілінде оқытылады.
7. Математика пәні 8-9-сыныпта халықаралық мұғалімдермен бірге
оқытылады.
8. Биология пәні 9-сыныпта халықаралық мұғалімдермен бірге
оқытылады.
9. Химия пәні 9-сыныпта халықаралық мұғалімдермен бірге оқытылады
10.Физика
пәні 9-сыныпта халықаралық мұғалімдермен бірге
оқытылады.
11.Жаһандық перспективалар пәні жоғары сыныптарда ағылшын тілінде
оқытылады.
Саясаттың ерекшеліктері
Назарбаев Зияткерлік мектебінде үштілділік білім беруді қолдау:
1. Пәндердің түрлі тілдерде оқытылуы;
2. Командалық оқыту, қажет болған жағдайда ана тілінде материалды
түсіндіру;
3. Сабақтан тыс факультативтерде, үйірмелерде, мысалы, драмалық, хор,
спорт секцияларында тілдерді кіріктіру;
4. Шығарманың түпнұсқасын оқу үшін мектеп кітапханасын үш тілдегі
кітаптармен қамту;
5. Маңызды құжаттардың үш тілдегі басылымының қолжетімді болуы;
6. Тілді дамыту мақсатында тіл курстарын ұйымдастыру;
7. Шетелде білім алуға жіберу;
8. Халықаралық стандартқа сай оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту
мақсатында, тілдік тәжірибенің қолжетімділігін қарау.
Қатысушылардың рөлі
Күнделікті мектеп өмірінде тілдік саясатты жүзеге асыруда мектеп
әкімшілігі, мұғалімдер, ата-ана, оқушылар бірлесіп жұмыс жүргізуі керек. Бұл
саясат Шымкент НЗМ ФМБ мектебінде жолға қойылған, барлық мұғалімдер
тілді меңгерген. Сондықтан:
1.Мұғалімдер мен оқушылар шет тілін үнемі дамытып отыруы тиіс;
2. Мектеп әкішілігі мұғалімдердің тілді, яғни шет тілін меңгеруіне жағдай
жасап отыруы керек,
3. Мұғалімдер мен оқушылар және әкімшілік сабақтан тыс уақытта өзге
тілді қолдануға жағымды жағдай туғызуы шарт.
4. Ағылшын тілі пән мұғалімдері және өзге де пән мұғалімдері
оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға қолдау көрсетуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |