Ата- ананың мiндетi:
Бала тағдырына жауаптылықпен қарап, оның дамуына жағдай жасау.
Отбасы психологы, педагогы және дәрiгерi бола бiлу. Ол үшiн мектептегi сабақтарға қатысып, қажеттi әдебиеттердi оқу. Отбасында ең бастысы - бұл бiр-бiрiне сыйластықпен қарап, ортақ қызығушылықтары мен iстерiнiң болуы, шыдамдылық пен әрқайсысының қорғалған және оның жеке басының құндылығының болуы.
Тәрбиемен кездейсоқ жағдайда ғана емес, үнемi айналысу.
Баланы тәрбиелеудi өзiңнен бастау. Тәрбие - жеке өнеге оқыту емес, бұл- отбасының бар тыныс - тiршiлiк әрекетi.
Баланы сүю және оған деген сүйiспеншiлiктердi жылы сөзбен, ыстық мейiрiммен жеткiзу.
Баламен қатарлас бiр деңгейде сөйлесу. Балалар өз- өзiне ешқашан кiшкентай болып көрiнбейдi, олар өзiн үнемi үлкен ретiнде сезiнедi. Балаларда өзiндiк әрекеттi тәрбиелеу.
Егер де өз принциптерi мен ұғымдары болмаса, балаға жақындамау керек. Бағыттау, кеңес беру, бiрақ бала пiкiрiмен санасу.
Балаңыз мектепке баруға дайын ба?
Бес жаспен алты жастың аралығында бәрi баласын оқуға беруге, шәкiрт қатарына қосуға асығады. Сәбидiң бәрi оқушы партасына отырып, Әлiппенiң бетiн ашуға шынында бiр мезгiлде әзiр боп, бiр мезгiлде “пiсiп-жетiлеме?” Осы ретте сәбидiң мектеп есiгiн ашуға әзiр, әзiр емесiн қалай жаңылмай, тап басып анықтауға болады? - деген сұрақ туады. Бұл орайда қазiр психолог мамандар ұсынатын, сыннан өткен тәсiлдер көп. Солардың кей бiрiне тоқталайық.
1-ТӘСIЛ. Балаңызға жаңадан бiрнеше ойыншық әкелiңiз. Бiр минуттай ғана уақыт қолына ұстатып, көрсетiңiз. Содан кейiн оларды алып қойып, бiр қызықты ертектi дауыстап оқи бастаңыз. Оқиға шиеленiсiп, ең қызықты тұсына келген сәтте оқуды доғарыңыз да, балаңыздан “әрi қарай тыңдайсың ба, әлде жаңа ойыншықтарыңмен ойнайсың ба?” деп сұраңыз. Балаңыз ертекке қызықушылық танытып, аяғына дейiн тыңдағысы, не болып, не қоятынын бiлгiсi келсе, мектепке баруға дайын, оқуға “пiсiп-жетiлiп тұр” – деген сөз. Ал ойыншыққа ықыласы ауып, ойынды қаласа, шәкiрттiктiң ауылы алыс, оны қолға алу әлi ерте болғаны.
2-ТӘСIЛ. Балаңызға мектеп ойынын ойнатыңыз. Оның оқушы әлде мұғалiм болғысы келе ме, соған назар аударыңыз. Оқуға әзiр тұрған бала, сөз жоқ, оқушы болады, кiтап оқып, қағаз жазуды қалайды. Ал дайын болмаса машақаты көп оқушылықты қойып, мұғалiмдiкке жармасады.
Баланың мектепке алты жастан әлде жетi жастан баратынын байқататын негiзгi көрсеткiштiң бiрi – есте сақтау қабiлетi. Оны анықтаудың жолдары да аз емес. Мысалы, тау, пеш, таға, терезе, етiк, күшiк, балға, қаламсап, шай, балық дегендей бiр-бiрiмен мағыналық байланыс жоқ сөздердi қағазға түсiрiп алып, балаға анық, ашық дауыспен оқып берiңiз. Содан кейiн есiнде қалған сөздердi қайталап айтуын сұраңыз. 5-6 жасар сәби осындай сөздiң алғашқы оқығанда кемiнде 5-еуiн, екiншi, үшiншi рет оқығанда 9-10-ын есте сақтап қалуы тиiс. Бiрер сағаттан кейiн қайталап сұрағаныңызда да бiр-екеуден артық ұмытпауы шарт. Бұл орта көрсеткiш. Егер балаңыздың есте сақтауы бұдан төмен болса, мектепке баруға әлi дайындауларыңыз керек.
Ол үшiн төмендегi көрсетiлген массаждар мен жаттығуларды орындауға болады. “Нүктелiк” массаж.
1нүкте – сөйлеу аппаратының аймағында қан айналымын жақсартады. /астыңғы ерiннiң ортасы/
2 нүкте – бұл саладағы массаж мұрынның кiлегейлi қабығының қан айналымын жақсартады. Мұрын арқылы еркiн тыныс алып, тұмау тез қайтады. /мұрын шетi/
3 нүкте – бұл саладағы массаж есту мүшелерiне әсер етедi. /құлақ асты/
4 нүкте – бұл аймақтағы массаж қиялдауды серпiлтiп, қабылдауды жақсартады. /қас арасы/
Қол бұлшықтарын дамытуына арналған жаттығу. Балаға орындауға ұсыныңыз:
қолды бүгiп, қол ұштарын иыққа қойып бiрнеше айналмалы қимылдар жасау. Ең алдымен артқа, содан соң алға.
қолды алға қарай созып, оны еркiн ұстау. Сосын қол бiлезiгiне айналмалы қимылдар жасау.
Қол бұлшық еттерi мен саусатарын дамытуына арналған жаттығулар.
қол саусақтарын жан-жаққа таратып қайта жинау.
қол саусақтарының жастықша ретiнде қосу.
Баланың ағзасын сауықтандыру бойынша жоғарыда көрсетiлген iс-әрекет бағыттарынан басқа баланы жылдам, тез, шапшаң аяқ киiмiнiң бауын /етiк, кроссовка т.б./ байлауға, киiмiнiң түймелерiн, тағуды, үстiндегi киiмiн өзi киiп, шеше бiлуге үйрету қажет. Сондай-ақ ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға, шамасына қарай үй iшiндегi жұмыстарды атқаруға үйрету.
Мектептегi оқу балаға психикалық тұрғыдан зор талап қояды. Бес жасар бөбектiң бiр нәрсенi 10-15 минуттан артық қарауға да, тыңдауға да шыдамы жете бермейдi. Тез шаршайтыны, тез жалығатыны, көңiл-күйiнiң құбылмалығы оны сабақты игеруiне, ұғынуына кедергi келтiредi. Ол не нәрсенi де қызығып есiне сақтамаса, керек екен, қажетi бар екен, - деп есiне сақтамайды. Баласын бес жастан оқуға берген, берем деген ата-ана мұның бәрiн саралап, салмақтауы қажет. Қатарынан қалып қояды деп қорқып, дайын емес сәбидi бес жаста мектепке тықпалағаннан пайда жоқ. Бала кемелiне келгесiн өзi-ақ қуып жетедi.
Достарыңызбен бөлісу: |