Балауса
Ақсу қаласындағы дарынды балаларға
арналған мамандандырылған гимназия
«Балауса» журналы 2014 жыл №2
Желтоқсан №2 2014
Мазмұны
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арнап жазылған оқушылар шығармашылығы
Мажинова Эльмира «Менің арманым»
Аманжолова Камила «My dear President»
Калиева Дильназ
«Мен елімнің ертеңімін»
Алихасова Томирис «Елдігімізді сақтаған көшбасшы» атты қалалық мәнерлеп оқу сайысы
Мукышев Жансаят ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған көңілді сөре
Алихасова Томирис «Сөз шебері» мәнерлеп оқу сайысы
Жанкушуков Аманат «Ақсу жұлдыздары» хореографиялық байқауы
Галиева Камила Мектептің үздік ғылыми қоғамы» облыстық конкурсының жүлдегерлері
Касымова Динель Ағылшын тілі пәнінен КИО нәтижелері
Галиева Камила Мектептегі пән олимпиадасы
Амантаева Акмарал Шет тілдер апталығының қорытындысы
Өмірзақов Жәнібек «Инновациялық – педагогикалық идеялар» облыстық фестивалінің жүлдегерлері
Письмиленов Арыстан ЖҚТБ-ға қарсы науқан
Мукышев Жансаят Денің сау болған керемет» атты денсаулық күні
Оқушылар шығармашылығы
Касымова Динель, Амантаева Акмарал «Қазақстан – менің болашағым» атты суреттер байқауы
Балауса жырлар
Айдын Жомартов 4а-сынып оқушысы
Жандос Садыбеков 4а-сынып оқушысы
Адина Сабыржан 4ә-сынып оқушысы
Ұстаздар шығармашылығы
Нургалиева Д.А. «Балаларға арналған жүрек»
Есенгожина А.Е. «Балаларға арналған жүрек»
Балауса
Мектепішілік журнал Тоқсанына 1 рет шығады
«Балауса» журналы 2014 жыл №2
1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні
8-9 сыныптар аралығында Тұңғыш Президент күніне орай шығармалар сайысы өткізілді.
Оқушылар шығарманы қазақ тілінде, орыс тілінде, ағылшын тілінде жазды. Үздік шыққан
шығармаларды көрермендер назарына ұсынып отырмыз.
Менің арманым
Қолыма қалам алған бойда «Осы мен
кім боламын?», «Елім үшін не істедім, не
істей
аламын?»
деген
сұрақтар
көкейімнен кетпей қойды.
Шынымен де, мен елім үшін не істей
аламын?! Әрине, ең алдымен терең де
сапалы білім алу. Мектепті жақсы бітіріп,
жоғары оқу орнына түсіп, ата-анамның,
ұстаздарымның маған артқан сенімдерін
ақтау. «Жақсы жұмыс – жанға тыныс»
деп жақсы жұмысқа таңдау жасаған
абзал. Сонда ғана әр адам өз тағдырының
қожайыны бола алады деп ойлаймын.
Содан кейін мемлекет маған не береді
демей, мен елім үшін не істей аламын деп
ізденіп, ойлану керек. Егер әрбір жас
осылай айланатын болса, онда сол елдің
болашағы жарқын, даму жолы айқын
болады.
Махатма Ганди: «Алтын, күміс секілді
тастарға бағалылық беріп тұрған нәрсе –
оны өндіру жолындағы еңбек қана»,-
деген екен. Демек, тынымсыз, қажырлы
еңбек
ертеңгі
күндеріміздің
ашық
болатынына
кепілдік
береді.
Ұлт
Көшбасшысы – Н.Ә.Назарбаевтың айтар
ойы да, талабы да – осы. «Адамды адам
еткен – еңбек» деп бекер айтпаса керек
қазақ халқының даналары.
Елбасымыздың мына бір сөзінде үлкен
мағына жатыр: «Біздің қоғамда адал
еңбекті терең біліммен ұштастырған ғана
табысқа
жете
алатынын
қаперден
шығармағанымыз абзал»,- дейді. Себебі,
білім – өмірдің қозғаушы күшіне
айналып отыр. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан
алып корпорация болуы керек екендігін
айтады. Ол үшін көп оқып, еңбек ету
қажет. Ал аянбай еңбек ету үшін
темірдей берік тәртіп, терең білім,
төзімділік, талап болуы керек. Яғни, даму
еңбек пен білімнің арқасында келеді.
Сонда ғана ол корпарация өзінің діттеген
мақсаттарына қол жеткізеді. Қазіргі мына
біздердің, жастардың, санасына осыны
сіңіру керек болып отыр. Сондықтан
қажырлы еңбек пен қайратымызды
жұмсауымыз тиіс.
«Ғылым айдынында мен өзімді жағада
ойнап жүрген сәби сияқты елестетемін.
Құдды теңіз жағасынан тас тауып алып,
соны қызықтап жүргендеймін»,- деген
екен Ньютон. Иә, ғылымды, білімді
көмілген күміс пен қазына іздегендей
оқып-үйренсе, үздіксіз ізденіс үстінде
жүрсе, бақыт жолына қолымыздың
жетері анық.
«Болашақтың өзгеруін қаласаң, сол
өзгерісті тап қазір жаса» деген Махатма
Гандидің даналық сөзі біздің Елбасының
сүбелі саясатына сайма-сай айтылған ой.
Өзім болашақта сәулетші мамандығын
таңдамақшымын.
Достарымның
айтуынша, менің бойымда жақсы сурет
салу қасиеті бар. Өзім де сурет пен
сызбалар салғанды қатты ұнатамын.
Алдыма қойған мақсаттарымның бірі –
Қазақстанның сәулет өнерін ары қарай
дамыту.
Елімізде білім мен ғылым саласында
соңғы
жылдары
шапшаң,
терең,
«Балауса» журналы 2014 жыл №2
түпкілікті әрі заманауи реформалардың
жүруі – ұлт болашағы, халық мүддесі
үшін жасалып отырған Президенттің
қамқорлығы деп білемін. Республикалық
бірыңғай «Жас Ұлан» балалар және
жасөспірімдер
ұйымы
Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша
құрылған. Ол өскелең ұрпақты жоғары
рухани – адамгершілік құндылықтар,
демократиялық ұстанымдарға негізделген
қазақстандық
патриотизм
рухында
қалыптасқан ұйым. Елбасы жүктеп
отырған асқаралы жауапкершілікті ақтау
– біздің асыл парызымыз. Себебі, оқыған
жастар ғана еркін еліміздің сенімді
тұтқасы бола алады.
9«ә»-сынып
оқушысы
Мажинова
Эльмира
My dear President
I am going to write about my dear President
of the Republic of Kazakhstan. His name is
Nursultan Nazarbayev. I love him and I will
prove why I love him and why he is the best
president in the world.
First of all we are rich, developing and
happy country. We have everything — good
education,
medicine,
army
and
infrastructure. We live in a rich country. Our
people don't go working to other countries.
Our parents work and make savings for their
children. We drive new cars, live in
comfortable houses and apartments, have
big shopping centers and supermarkets. This
is all thanks to him — our smart and clever
President.
Secondly — we don't have wars like in
many countries. I am kazakh myself and I
am really happy that we — Kazakhs,
Russians, Tatars and all the other nations
live in peace and harmony. We are very
hospitable, stable and international country.
This is also thanks to our sociable and
communicative
President
Nursultan
Nazarbayev.
There also many people who don't like our
President or even hate him. What can I say
about it? Well, I would like to say if you
don't like our President, if you don't like our
country and government, just leave this
country. This is your own problem and the
problem is not in our President, the problem
is in YOU. So, be happy and never
complain. Many other neighboring countries
envy us and our President.
In the end I want to say that I am very lucky
that I live in Kazakhstan and have the best
President on the Earth. We are all lucky
actually. I believe that our Republic will be
the richest, developed and the happiest
country in the world by 2030 with our
wonderful President of the republic of
Kazakhstan
Nursultan
Abishevich
Nazarbayev.
Student in grade 9 «а» Amanzholova
Kamila
«Балауса» журналы 2014 жыл №2
«Мен елімнің ертеңімін»
Эссе
Менің елім - менің Қазақстаным!Осы құдіретті сөзді әрбір азамат асқақ
сезіммен,мақтанышпен айта алады.Себебі біз отаншылдық рухты ту еткен
ұлт пен ұлыстардың ұл-қыздарымыз,қасиетті қазақ топырағында өсіп,мекен
етіп,тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз.
Кез келген мемлекеттің болашағы - білімді жастар.Көзі ашық,көкірегі ояу
кез келген білімді ұрпақ өз Отанының даму жолында аянбай тер төгеді.Яғни
ең әуелі білім алып,жақсы мамандық таңдау - елдің келешегі үшін жасалған
іс. Мен де өскенде біріншіден,елшілік қызмет атқарғым келеді.Елімнің
экономикасын көтеріп,оны ең дамыған елдер қатарына қосуға үлес
қосамын.Қазақстан мен шет елдер арасында достық қарым-қатынасты
орнатқым келеді.Ал екіншіден, өзім көп салалы өнеркәсіптік кешені бар
Қазақстанның
ірі
индустриялы
орталығында,Павлодар
өңірінде
тұрамын.Ендеше туған жерімнің таза экологиялық аймаққа айналуына орай
қордаланған түйткілді мәселелердің шешімін табуға өз үлесімді қосар
едім.Сондықтан мектепті бітірісімен мемлекеттік жергілікті басқару
университетіне оқуға түссем деп армандаймын.Мектебімізде қазір
«Қоршаған ортаның экологиялық мәселелері» деген жоба жұмыс
жасауда.Бұған Елбасымыздың қолдау танытып отырған «Жасыл ел»
бағдарламасы бірден-бір дәлел.Осы мәселемен айналысу ойымда бар.
Зауыттардың көптеп ашылуы экономикамыздың ілгерілеуіне септігін
тигізгенімен,экологиялық тұрғыда халыққа зардабы өте үлкен болатыны
бәрімізге белгілі.Уақыт өте келе таза экологиялық аймақта өмір сүретінімізге
сенімдімін.Экономиканың қарқынды дамуы елдің экологиясына кері әсерін
тигізбейтіндей түрлі жаңа технологияларды ойлап табуда аянбай еңбек
етермін деген мақсатты ұстанамын.
Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң,еліңе жаның ашыса,азаматтық намысың
болса,қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында
жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.Жердің де,елдің де иесі өзің екеніңді
ұмытпа! » дейді.Біз - жаңа ғасыр,жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы,егеменді
еліміздің ертеңіміз,еліміздің экономикасын,мәдениетін,білімін көтеретін
азаматпыз.
Еліміздің болашағы - жастардың болашағы.Сондықтан Қазақстанның
жастары ел болашағының жарқын болуына бір кісідей атсалысуы қажет деп
ойлаймын.Жастар елдің жаңа бет-бейнесін жасап,жаңа идеяларды ұсынатын
негізгі қорғаушы күші.
Калиева Дильназ
«Балауса» журналы 2014 жыл №2
ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған көңілді сөре
21-ші қараша күні Ақсу қаласының
төтенше жағдайлар бөлімімен
бірлесе өткізілген ҚР Тұңғыш
Президенті күніне орай «Өрт сөндіру
элементтері бар көңілді сөре»
жарысы өткізілді. Жарыс 8-10
сыныптар арасында
ұйымдастырылды. Жарыс
жеңімпаздары мадақтамамен және
спорттық құрал - жабдықтармен
марапатталды.
«Елдігімізді сақтаған көшбасшы» атты қалалық мәнерлеп оқу сайысы
2014 жылы 26 қараша күні Ақсу қаласының тарихи-өлкетану
мұражайында Тұңғыш Президент күніне орай «Елдігімізді сақтаған
көшбасшы» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа қала мектептері мен
аудан мектептерінің оқушылары қатысты. Сайыстың шарты бойынша
еліміздің Президентіне арналған бір өлеңді мәнерлеп жатқа оқу болды.
Қорытындылай келе гимназияның 6ә-сынып оқушысы Кунтаева Амина
Тұманбай Молдағалиевтің өлеңін нақышына келтіріп оқуының
нәтижесінде ІІ орынды иеленді. 8-сынып оқушысы Замирбек Серікбол
Маралтай Ыбыраевтың «Елбасыма» деген өлеңін оқи отырып, алғыс
хатпен марапатталды.
«Ақсу жұлдыздары» атты хореографиялық байқауы
2014 жылы 29 қараша күні Ақсу қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар
бастамасын дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ақсу
жұлдыздары» атты хореографиялық байқау өтті. Осы байқауда
гимназияның «Айгөлек» би тобы ІІ орынға ие болды.
«Балауса» журналы 2014 жыл №2
Жеңімпаз - оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!
Жүлдегерлерді спорттағы жетістіктерімен құттықтаймыз!
22-23 қараша күндері Павлодар қаласында "Джиу-
Джитсу бойынша ИРИГУМИ-ГО" ашық
республикалық турнирі өтті. Осы турнирде 5а- сынып
оқушылары Рысымбетова Даяна – І орын (35 кг салмақ
дәрежесінде) және ІІ орын (50 кг салмақ дәрежесінде);
Даулетбеков Даурен – ІІ орынға ие болды.
Құттықтаймыз!
«
Мектептің үздік ғылыми қоғамы» облыстық
конкурсының жүлдегерлері
2014 жылғы 14 қарашада АҒТО «Ертіс дарыны»
Павлодар қаласының № 5 жалпы орта білім беру
мектебінің негізінде алғаш рет «Мектеп
оқушылырының ғылыми қоғамы» облыстық
конкурсын өткізді. Конкурс қорытындысы бойынша
гимназияның «Ізденіс» ғылыми қоғамы ІІІ орынға ие
болды. «Ізденіс» ғылыми қоғамының мүшелерін және
жетекшісі Сыздыков Азамат Жанайдарұлын жүлделі
орындарымен құттықтаймыз!
«Сөз шебері» сайысы
2014 жылдың 14 қарашасы күні қалалық балалар
шығармашылық үйінде 8-10 сынып оқушылары
арасында «Сөз шебері» сайысы өтті. Конкурс
төмендегідей сайыстардан тұрды: «Танысайық» өзін-
өзі презентациялау, «Сөз қойнауында» берілген
сөздерден 4 жолды өлең құрастыру, «Сөзден сөзге»
қатысушы экрандағы мәтінді нақышына келтіріп оқып
шығу керек, «Жарнамада» үй тапсырмасы ретінде
көрермендермен ойын өткізу. Гимназия намысын 8-
сынып оқушылары Замирбек Серікбол мен Аршабаева
Айша қорғады. Өздерінің ой тереңдіктерімен,
шешендіктерімен Серікбол мен Айша алдыңғы
қатардан көріне білді. Серікбол ІІ жүлделі орынды
иеленсе, Айша ІІІ жүлделі орынды ие болды.
«Балауса» журналы 2014 жыл №2
Ағылшын тілі пәнінен КИО нәтижелері
2014 жылдың 30.10 күні ағылшын тілі пәнінен КИО өтті. Олимпиада
қорытындысы бойынша 8-сынып оқушылары Боранбай Бихан – ІІ орынға,
Назымбеков Нұрхат – ІІІ орынға ие болды. Мұғалімі Ризагуль Сериковна.
Оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
Гимназияда мектепішілік пән олимпиадасы өткізілді
2014 жылы 24 қараша күні
гимназияда негізгі пәндер
бойынша мектепішілік
олимпиада өтті. Олимпиадалық
алау жағу құрметіне оқу үздігі
Республикалық пән
олимпиадасының екі дүркін
жүлдегері 11-сынып оқушысы
Қаиржанова Адия және
Республикалық ғылыми жобалар
сайысының ІІІ орын иегері 10-
сынып оқушысы Турапекова
Айым ие болды. Олимпиадаға 8-11 сыныптар аралығында 95 оқушы
қатысты.
Шет тілдер апталығының қорытындысы
2014 жылдың 17-22 қараша
аралығында гимназияда шет тілдер
бірлестігінің апталығы өтті.
Апталықта ағылшын және орыс
тілдерінен ашық сабақтар мен
сыныптан тыс іс-шаралар
өткізілді. Апталық барысында
мектепішілік радиодан «Қазақстан
– менің мақтанышым» тақырыбы
бойынша ағылшын, орыс, қытай
тілдерінде хабарландырулар
таратылып отырды.
«Балауса» журналы 2014 жыл №2
«Инновациялық – педагогикалық идеялар» облыстық фестивалінің
жүлдегерлері
2014 жылғы 21 қарашада АҒТО «Ертіс
дарыны» ұйымдастыруымен Павлодар
қаласының №29 ЖОБМ-де
«Инновациялық-педагогикалық идеялар
республикалық фестивалінің облыстық
кезеңі» өткізілді. Фестивальдің
қорытындысы бойынша гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі Бекбасова
Бахтула Шариповна І орынға және
информатика пәнінің мұғалімі Баядилова
Асем Канатовна ІІІ орынға ие болды. Ұстаздарды жеңістерімен
құттықтаймыз!
ЖҚТБ-ға қарсы науқан
Бүкіләлемдік ЖҚТБ-ға қарсы науқанына
арналған айлық аясында 15 қараша күні
«АҚТҚ жұқтырудың жаңа жағдайын,
Кемсітушілікті, Өлімді болдырмайық!»
атты ұранмен акция және танымдық
сайыстар өткізілді. Шараға 8-10
сыныптан 52 оқушы қатысты. Акция
оқушылардың «Біз нашақорлықсыз өмірді
таңдаймыз» тақырыбында газеттер
қорғаумен басталып, бірнеше бағыттарға
бөлінген орталықтарда жалғасын тапты.
«Денің сау болған керемет»
атты денсаулық күні
4-11 қараша күзгі каникулда
оқушыларды салауатты өмір
салтына баулу мақсатында 6
қарашада «Денің сау болған
керемет» атты денсаулық
күні өтті. Осы күнге арнайы
жоспар құрылып, 1-11
сыныптың оқушыларын
көбірек қамтылды.
Денсаулық күні сап түзеуден
басталды. Сыныптар
арасында әр түрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды
.
3а- сынып оқушысы Амангелді Әмір Алматы
қаласында өткен спорттың бір түрі – стол
теннисі Халықаралық жарысына қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша қаламыздың
намысын ғана емес, республика намысын
қорғаған біздің гимназияның оқушысы Әмір І
жүлделі орынды қанжығасына салды. Жеңісің
құтты болсын, Әмір!
«Балауса» журналы 2014 жыл №2
Оқушылар шығармашылығы
Қазтий Айшат 3ә-сынып
Кабдиев Ислам 3-сынып
Муханова Дильназ 3а-сынып
«Балауса» журналы 2014 жыл №2
Касымова Дария 3ә-сынып
Маутхан Ілияс 3-сынып
Балауса жыр бетінен
Мұғалім
Балаларды жақсы көреді,
Тәрбие, білім береді.
Олар бәрін білсін деп,
Адал терін төгеді.
Қарындасым
Кіп-кішкентай қарындасым,
Өзің қандай сүйкімді едің.
Қарындасым, қара көзім,
Әпке
Қамқор болып жүретін,
Бірге ойнап күлетін.
Әпкем бар менде ақылды,
Оны жақсы көремін.
Наурыз
Көктем келді далама,
Келді сұлу шағала.
Еркелігің еселенді.
Керек екен үлкен төзім.
Айдын Жомартов 4а-сынып
оқушысы
Наурыз айы – жыл басы,
Наурыз келді тамаша.
Наурыз тойын тойлаймыз
Сауық-сайран құрамыз.
Әнге бөлеп даланы.
Әжеме Ұстазыма
Асыл әжем, ардағым, Алғашқы ұстазым өзіңді,
Өзіңмен атты әр таңым. Мейірім төгілген көзіңді.
Қасымда болсаң әрқашан, Есімде мәңгі сақтаймын,
Орындалар арманым. Ақылмен айтқан сөзіңді.
Жандос Садыбеков 4а-сынып оқушысы
Әдепті бала Ана
Мен таңертен тұрамын, Асыл анам аруым
Беті – қолды жуамын, Сені жақсы көремін.
Тамағымды ішемін, Мені бағып өсірдің,
Дереу мектепке келемін. Саған мәнгі қарызбын.
Білімді болсам мен егер
Күнде бестік аламын.
Ата –анамның сенімін
Мен осылай ақтармын. Сабыржан Адина 4ә-сынып оқушысы
Республикалық педагогикалық қашықтық олимпиадасына гимназияның қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Нургалиева Д.А. мен Есенгожина А.Е.
«Балаларға арналған жүрек» тақырыбында эссе жазып жіберді. Бұл эсседе
ұстаздарымыз заманауи тәлімгер бейнесін, оның моральдік және этикалық
келбетін, өмірлік ұстанымдары жөнінде жеке көзқарастарын көрсете білді.
Қашықтық олимпиадасына қатысқаны үшін ұстаздарымыз сертификат алды.
«Балаларға арналған жүрек» (эссе)
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақылдығы
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы
Ұстаз болу – адамның асылдығы ,- деп
ақын жырына өрілген ұстаздықтың ең
бірінші
қасиеті
–
баланы
құрметтеу,балажандылық таныту.Оның
адамшылық бейнесін, жасына қарамай
сыйлау,
құрмет
тұту,
пікірімен
санасу.Бұл
мұғалімнің
терең
дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп
шығады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер –
бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім
оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол
деңгейде болады. Сондықтан ұстазға
жүктелетін міндет ауыр» дегені белгілі.
Ендеше, ХХІ ғасыр ұстазының мақсаты –
жас
жеткіншектерді
жауапкершілігі
жоғары,
парасатты,
адамгершілік
мәдениеті қалыптасқан,өмірге икемді,
ұлтжанды
тұлға
қалыптастыру
болса,тәуелсіз
Қазақстанның
барша
тәлімгер мұғалімдері осы мақсатты
орындауға бейімделген маман болуы
шарт.Бұл жолда қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің ұстаздарына жүктелетін міндет
аса зор деп ойлаймын. Неге десеңіз,
әлемдік жаһандастыру үдерісі жанталаса
шабуыл
жасап
жатқанда
ұлттық
болмысты сақтап қалу үшін өскелең
ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беру керек.
Әдебиетші мұғалім ретінде сөз өнерінің
әсемдік әлемінен, өз ұлтының тарихы мен
теориясынан
білім
беріп
қана
қоймай,жаңа адам,жеке тұлға тәрбиелеп
шығаруға міндеттімін деген көзқарасты
ұстанамын.Себебі,әдебиет
–
өмір
шындығы.Шәкірт өмірді көркем шығарма
арқылы
оқып-үйренеді,үлгі-өнеге
алады,жеке адам ретінде қалыптасады.
Қазіргі қоғамда жас ұрпақ әдебиетті
оқығаннан гөрі интернет желісіне көбірек
сүйенеді, сондықтан да санасын тек
тұрмыс билеп кетпеуі үшін оған қарама-
қарсы қоятын амал – білімді маман ғана
емес ,жақсы тұлға да тәрбиелеу,дамыту
және қалыптастыру.Осындай нәтижеге
жету жолында үнемі ізденуді мұғалімдік
борышым деп білемін.
Кәсіптегі
құндылығым
–
білімім,біліктілігім,дағдым.Кешегі
мұғалім - оқытушы – тәрбиеші - тәртіпке
шақырушы .Қазіргі жаңа форматтағы
мұғалім - нұсқаушы - бағыт-бағдар
беруші,шығармашылығы
бар
шебер
тұлға.Олай болса сабақтарымды сын
тұрғысынан
ойлау
ұстанымдарына
негіздеп,
ұстаздық
тәжірибемде
басшылыққа
аламын.Оқушының
логикалық тұрғыда ойлау жүйесінің
дұрыс қалыптасуына,өз пікірін сыни
тұрғыдан дәлелді жеткізуіне,ізденуіне,
шығармашылық қабілеттерінің дамуына
ықпалының
зор
екеніне
көзім
жетеді.Дәстүрлі
оқытудан
басты
ерекшелігі – білімнің дайын күйінде
берілмеуі,оқытушының
бағыттауымен,оқушының өз бетінше
ізденіп,білімді игеруі,соның нәтижесінде
неғұрлым дамытылған оқушының жеке
тұлғасы
қалыптасады
деген
ойдамын.Ұстаз ретінде әр баланың
жүрегіне тек өз ұлтының тарихы мен
руханияты,дүниетанымы
мен
барша
болмыс – бітіміндегі қасиеттерді ұялата
алсам – ғасырлар бойы аңсаған
тәуелсіздігіне қол жеткізген қазақ
елінің келешегінің тұтқасын ұстайтын
білімді,ұлтжанды
азамат
болып
шығатынына
сенімім
арта
түсіп,еңбегімнің жанғаны деп білемін.
Нургалиева Дария Амантаевна
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
«Балауса» журналы 2014 жыл №2
«Балаларға арналған жүрек»
Ұстаз
жүрегі... Қандай кең,
мейірімді, жылы десеңізші! Әр баланың
жанын түсіне білетін, шәкірті десе ішкен
асын жерге қоятын ұстазға жетер кім бар
бұл әлемде?! Мен – ұстазбын. Өзімнің
осындай қиын да, қызықты маман иесі
екенімді мақтан тұтамын.
Қазіргі
әлемде
болып
жатқан
қарқынды өзгерістер білім беру жүйесіне
де жаңашылдықтар енгізді. Бүгінгі күні
ең басты, маңызды мәселе: «ХХІ ғасырда
нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер
оқушыларды
ХХІ
ғасырға
қалай
дайындайды?». Заманауи тәсілдің ең
негізгі ерекшелігі оқушылардың алған
білімдерін жай ғана иеленіп қоймай,
оларды орынды жерде қолдана білуіне
басты назар аудару болып табылады.
Жаңа форматты мұғалім ретінде мен осы
қағидаларды негізге аламын. Оқушыға
еркіндік бере отырып оқыту – бүгінгі
күнгі менің сабақ беру тәсілдерімнің бірі.
Сабақтарыма жеті модульді кіріктіру
нәтижесінде
үздік
оқушылардың
көлеңкесінде қалып жүрген оқушыларым
бүгін де көшбасшы болып, ерекше
идеяларды табуы, өздерін әр қырынан
көрсетуі – мен үшін үлкен жетістік деп
білемін. Жанындағы құрбыларымен еркін
сөйлесе отырып, берілген тапсырманы
бірігіп
орындауда
оқушылар
өз
бойындағы үрейден арылды.
Менің өмірлік ұстанымым – әрдайым
ізденісте бола отырып, шәкірттерімді
шығармашылыққа баулу. Тіл маманы
болғандықтан,
әр
баланың
мәдени
сөйлеп, мақал-мәтел, фразеологизмдерді
қолдануы мен үшін маңызды деп
санаймын. Әр сабағымда шығармашылық
тапсырмалар
бере
отырып,
шәкірттерімнің
ізденуіне,
шығармашылық қабілеттерінің дамуына
жағдай жасаймын. Бүгінгі жас ұрпақ
көркем шығарманы оқығаннан гөрі
берілген тапсырманы интернет желісі
арқылы
іздегенді
жөн
санайды.
Оқушыларыма көркем шығарманы қалай
оқытамын деген сұрақ туындады.
Бұл сұраққа сабақтарымда жаңа әдіс –
тәсілдерді
қолдану
арқылы
жауап
таптым.
Сын
тұрғысынан
ойлау
модулінің білім
беруді дамыту үшін маңызы зор
екендігіне көзім жетті.
Әр оқушының жүрегіне жол таба
білсем – ұстаздық еңбегімнің зая
кетпегені деп білемін. Қандай жағдай
болмасын
ұстаздық
этиканы
және
моральдық құндылықтарды ұстанамын.
Себебі
мен
–
болашақ
ұрпақты
тәрбиелеуші,
жол
сілтеушімін.
Ал
болашақ
–
жастардың
қолында.
Болашағымыз жарқын да көркем болу
үшін алдымызда отырған жас ұрпаққа
саналы білім мен дұрыс тәлім-тәрбие
беру – біздің ең басты мақсатымыз.
Бұрын біз білімді оқушыларға дайын
күйінде берсек, бүгін шәкірттеріміздің
ізденуіне жағдай жасап, тек қана
нұсқаушы, бағыттаушымыз. Оқушының
жан дүниесін жақсы түсінетін, өз
мамандығын сүйетін, балаға білім беру
құнды қызмет екенін түсініп, осыған
қатысты
нақты
ұстанымдары
қалыптасқан жандар ғана – нағыз
мұғалімдер!
Есенгожина Акмарал Еркеновна
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
«Балауса» журналы 2014 жыл №2
ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБА САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
2014 жылдың 8 желтоқсан күні Павлодар
мемлекеттік педагогикалық институты
негізінде Павлодар облысының 8-11 сынып
оқушылары арасында республикалық
ғылыми жобалар конкурсының облыстық
кезеңі өткізілді. Біздің гимназиядан15
ғылыми жобаның ішінен 10 жұмыс жүлделі
орындарға иеленді: 1 жоба - І орын, 4 жоба –
ІІ орын; 5 жоба – ІІІ орын. «Оқушылардың
ғылыми қоғамының үздік жетекшісі»
номинациясына гимназияның мұғалімі
Азамат Жанайдарұлы Сыздыков ие болды.
Құттықтаймыз!
І орын
1. Успанова А., Амиргалиева М. «Еңбек кітпашаларын электрондық бағдарлау арқылы
зейнеткерлердің құқығын қорғау»
Жетекші: Сыздыков Азамат Жанайдарович
ІІ орын
1. Қабылбекова А., Ермек Ә. «Еліміздегі экологиялық таза, арзан шикізат көздерін
пайдаланудың экономикалық тиімділігі»
Жетекші: Муханова Умут Кабиденовна
2. Темиржанов А. «Ақсу өңіріндегі кездесетін саяқ шегірткелердің биоэкологиялық
ерекшеліктері, олармен күресудің тиімді әдістері»
Жетекші:Т урганбекова Айгуль Токтамысовна
3. Ибрайкина А. «Б.Майлин шығармаларындағы әйелдер бейнесі»
Жетекші: Дюсембаев Аскарбек Култаевич
4. Турапекова А., Кайыржан С. «Желілік маркетинг саласында адам
құқықтарын заңдастырудың жолдары»
Жетекші: Сыздыков Азамат Жанайдарович
ІІІ орын
1. Жұмағұл Ә. «Зависимость уровня тревожности человека от количество времени,
затрачиваемого им на компьютерные игры»
Жетекші: Алькеева Зарукеш Букуровна
2. Жолдас А. «Экономикадан олимпиадалық есептерді шығарудың тиімді әдіс- тәсілдері»
Жетекші: Сыздыков Азамат Жанайдарович
3. Қабылда Ә, Аскарбек Ә. «Қазақстандықтардың қор нарығында пайда табу жолдары»
Жетекші: Сыздыков Азамат Жанайдарович
4. Манат Р., Байгалиев Ә. «Қазақстандықтардың Европадағы антифашистік қарсыласу
қозғалысына қатысу тарихы»
Жетекші:Альдекенова Анар Толыбаевна
5. Өмірзаков Ж, Жандарбек Ж. «Ақсу моноқаласының әлеуметтік инфрақұрылымын
дамыту жолдары.»
Жетекші: Алиаскарова Анара Толеутаевна
Азамат Жанайдарұлын және жүлдегерлер мен жеңімпаздарды, оқушыларды
дайындаған мұғалімдерді құттықтаймыз!
Sharing my thoughts…
Man should dress modestly
It is said that ‘‘clothes count for first impressions only’’, which means
clothes can only help us to look appropriate. They also serve to cover our body.
In his eighteenth word Abai dwells
upon crucial issue such as modesty.
He claims that man should dress
modestly and keep himself clean
and tidy. Only fops spend
more on their clothes that
they can afford and worry
too much over their
appearance.
I
think
nowadays this is very
common
among
young
people and teenagers. Most
of us are afraid of looking
less glamorous than other
kids. Unfortunately some of
my friends think so too.
Abai discussed this problem
many years ago, but we see
that how relevant it is these
days. That is why I totally
agree with the great poet.
There are two types of fops according to Abai. One will pay great
attention to his face,
another will boast about his or her money and power so to make rivals envy
them. It is true today. Even he wrote his words of wisdom centuries ago it is
happening now. Instead of horses there are expensive gadgets and phones. It is
very wrong to think that we can gain distinction by these means. They are
nothing but modern devises which are supposed to make our lives easier.
I wish there were less people who only care about their appearance. It
would be much thoughtful if we spent money on education, personal and
professional development, travelling and books I believe that only knowledge,
reason and can help us to achieve something in life.
Samira Socialova,
«Балауса» журналы 2014 жыл №2
9
th
‘a’ grade
Sharing my experience….
Reading Abai in three languages
I very interested in reading words of wisdom of the great poet Abai. While
reading them I feel how I change and improve myself as a person. On October the
2
nd
I took part in an Olympiad called "Reading Abai in three languages" with the
student of the 11
th
grade Alibek
Kabylda, where we presented our
works.
This Olympiad was great!
There were many other students from
different parts of our region. I got
acquainted with them all. I must
admit that I have learned a lot by
reading words of Abai. For example,
what is it to be a good man, which way to go, what qualities should have a man with a
heart. Now I am waiting for the next Olympiad because I really liked it. As a result
Alibek was nominated and we both got certificates. He as a finalist will go to Abai’s
home town Semei.
I want the whole world to read. I believe that if every person reads his words,
gets rid of his or her bad habits, then every day the world will be better, and people
become more merciful.
Alisher Abenov, 8
th
grade
«Балауса» журналы 2014 жыл №2
Қадірлі оқушылар!
ІІІ тоқсанда «Ұстаздық еткен жалықпас...» тақырыбында сүйікті ұстаздарыңызға
арналған жүрекжарды ойларыңызды біздің редакцияға жіберулеріңізді сұраймыз. Ең
үздік деген ойтолғаулар біздің журналымызда жарияланады. Электронды адресіміз:
esengozhina.akmaral@mail.ru
«Балауса» ақпараттық, әдеби-танымдық газеті
Бас редактор – Галиева Камила
Бас редактордың орынбасары – Өмірзақов Жәнібек
Редакция алқасы:
Бөлім меңгерушісі - Мажинова Эльмира
Жауапты хатшы - Амантаева Акмарал
Дизайнер /фотограф/ - Жанкушуков Аманат
Тілшілер тобы:
Қоғамдық-әлеуметтік жаңалықтар бөлімі - Аманжолова Камила
Мәдениет бөлімі - Касымова Динел
Әдеби бөлім - Алиханова Томирис
Спорт бөлімі - Мукышев Жансаят
Біздің мекен – жайымыз: Әуезов көшесі,58., тел/факс:5-06-25, 6-42-94. Ақсу қаласының
дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы
Достарыңызбен бөлісу: |