Астана бейнесі жəне астаналықтардың көзімен ЭКСПО-2017 өткізу
(Əлеуметтік зерттеу қорытындысы)
Астананың Алматыдан Астанаға ауысқанына 16 жыл өтті. Астана осы уақыттың ішінде
кішкентай қаладан дамушы мегаполисқа тез өзгерді. Əлемдік аренада, жас Астананың
жаңа бедел бейнесін құру арқылы өткізілетін активтік саясат оған болысатын өткізілетін
əртүрлі халықаралық шаралар. Мұндай шараларға Астана қаласында өтетін халықаралық
ЭКСПО-2017 көрмесін жатқызуға болады. Астана тұрғындарына арнайы өткізілген сұрау,
олардың Астанаға деген көзқарасы жəне өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне
баға. Сұрау 2013 жылдың 2-ші мамырынан 8-ші мамырына дейін жүргізілді. 18 жастан 65
жасқа дейінгі 500 астаналықтар телефон сұрауына қатысты. Іріктеу репрезентативтілігін
қамтамасыз ету үшін қаланың барлық телефон бекеттері қолданылды. Сонымен, телефон
номерлері генератор көрсеткен кездейсоқ санмен іріктелді. Респонденттерді іріктеу үшін
интервьюерлер жас пен жынысқа байланысты арнайы құрастырылған квотаны колданды
(қала тұрғындарының пропорционалдығына сəйкес). Кейбір анкетаның сұрақтары 2008
жылы
КПЗО-ның
жүргізген
Астананың
ауысуына
алматылықтардың
жəне
астаналықтардың көзқарасына байланысты зерттеудің сұрақтарына сəйкес болды [1].
Сонымен, бізде астаналықтардың осы маңызды оқиғаға берген баға динамикасын
қадағалау мүмкіндігіміз бар.
Алынған сұрау мəліметі бойынша, Астана Қазақстанның ең жақсы қаласы деп, Астана
тұрғындарының 90% есептейді (Бірінші сурет). 2008 жылмен салыстырғанда бұл
қабылдау бойынша астаналықтардың улесі уштен бір есеге өсті: 2008 жылы 56%, ал 2013
жылы 89%. Табиғи жағдайының бағасы практикалық айнымай өзгертеді. 2008 жылы
Алматыға қарағанда, олардың қаласының ауа райы жағдайы жақсырақ деп астана
тұрғындарының 53%-ы санайды. Осындай респонденттердің үлесі 2013 жылы 58%-ды
құрады. 2008 жылы астана Алматыда қалғаны жақсы болар еді деп есептейтін Астана
респонденттерінің көлемі 21% болды. Қазір мұндай респонденттердің үлесі үш есеге
азайды (7, 2%). Астананың ауысуынан адамдардың көбі ұтты деп санайтын
респонденттердің үлесі көбейді, бұл өте маңызды: 2008 жылы 48% болса, 2013 жылы 77%
болды. Осымен қатарлас өте маңызды, егерде астана Алматыда болса, біз сонда тұрар едік
деп есептейтін респонденттердің үлесі азайды (34%-дан 10%-ға дейін). Астана
тұрғындарының 95% қазір Астананы мақтан етеді (2008 жылы 82%). Сонымен, бес
жылдың ішінде Астана тұрғындарының санасында бір жола орнықталған астананың
ұнамды бейнесін көреміз.
1-сурет. Астана қаласы тұрғындарының 2008 жəне 2013 жылдардағы Астана
қаласына берген бағасы, N=500.
Сосын, халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу бейнесіне респонденттердің пікір
ұсынысы. Зерттеу нəтижесін 2-суретте көруге болады, жалпы Астана тұрғындары осы
өтетін шараға ойдағыдай қарайды. Ең бірінші өтетін осы көрменің бедел бейнесіне жəне
мінездемесіне қатысты. Астана тұрғындарының 90% дейін өтетін ЭКСПО-2017 қала
тануына жəне туристік тартымдылық мүмкіндігі артуына сенімді, ал көбі қалаған сапалы
қала Астанада өтетін халықаралық көрме елдің беделін анықтайды деп сенімді санайтын
респонденттердің үлесі 80%, өтетін осы көрме жалпы ел жəне қала бойынша
экономиканың жəне инфрақұрылым дамуына дем беруіне қалыптасады.
2-сурет. Астана тұрғындарының өткізілетін ЭКСПО-2017 берген бағасы, N=500.
Сонымен бірге, көңіл аударарлық жағдай - респонденттердің шамамен үштен бір
бөлігі бұл шараны ұйымдастыруға жұмсалған қаржыны нəтижелірек қолдануға болар еді
деп санайды: ол қаржыны өнеркəсіптің басқа секторларының дамуына салуға болар еді
жəне бұл көбірек нəтиже əкелер еді. Респонденттердің едəуір бөлігі Қазақстанның имиджі
əр түрлі пиар-кампанияларды (оған ЭКСПО-2017 өткізілуін де жатқызады) өткізуге емес,
елдің шынайы жетістіктеріне негізделуі қажет деп санайды. Астана тұрғындарының
бестен бір бөлігінен сəл азы мұндай шаралардың өткізілуі – бұл ақшаның пайдасыз жəне
тиімсіз жұмсалуы деп санайды.
Жасы 50-ден жоғары респонденттер мұндай шаралардың өткізілуі Қазақстанның
танымалдылығы мен туристік тартымдылығын көтеруге мүмкіндік беретініне азырақ
сенетінін атап кетуге болады: бұл жастағы респонденттердің 85 %-ы ғана бұл пікірмен
келіседі. Бұл барлық сұралғандардың орташасымен салыстырғанда 7%-ға аз. Сондай-ақ,
бұл жас тобының өкілдері ЭКСПО-2017 өткізу Қазақстанның жоғары беделін
дəлелдейтініне азырақ сенімділік білдіреді (86 )
Астанада 5 жылдан аз тұрып жатқан респонденттер ЭКСПО-2017 жұмыс
орындарын көбейтуге мүмкіндік беретініне азырақ сенеді (барлық сұралғандардың
ішіндегі 88%-бен салыстырғанда 81%). Қалада 5-10 жылдан бері тұрып келе жатқандар
көрменің өткізілуіне позитивті қарайды: 6%-ы ғана көрменің бұл формасы пайдасыз жəне
шығынды; 13,5%-ы (барлық сұралғандардың ішіндегі 23%-бен салыстырғанда) ЭКСПО-
2017 өткізілуі – ресурстардың қажетсіз оқшауландырылуы деп санайды.
Сонымен қатар, Астанада 20 жылдан көп тұрып жатқан респонденттер (яғни,
қалаға астананы көшірместен бұрын көшіп келгендер немесе сонда туылғандар)
Қазақстанның имиджі пиар-кампаниялардың өткізілуіне емес, елдің ішкі жетістіктеріне
сүйенуі керек екендігіне сенімді: бұл пікірмен Астанада 20 жылдан көп тұрып жатқан
респонденттердің 43%-ы келіседі.
Қазақстанның жаңа имиджін жасау – бұл астананың көшірілуі кезеңінен бастап
жұмыс істеп жатқан міндет болып табылады. Бұл процеске жас астанаға қатысты, соның
ішінде елдің жетекші саяси қайраткерлерімен айтылған ұрандар мен слогандарды
жатқызуға болады. Астана тұрғындарын астанаға қатысты таралған сөздермен
келісу/келіспеуін бағалауын сұрады (3-Сурет).
3 Сурет. Астана бейнесін қала тұрғындарының қабылдауы, N=500.
Астана – Қазақстанның жаңалануы, қарқынды дамуының белгісі, жаңарудың бейнесі,
біздің республикамыздың тəуелсіздігінің белгісі 97%.
Астана – бұл шағын жəне орта бизнестің дамуына үлкен мүмкіндік бар қала 88%.
Астана – бұл мемлекетіміздің қуатты дамуының орталығы 89%.
Астана – мемлекетіміздің ырғағымен бірге соғатын жүрегі 88%.
Астананың жаңа бейнесін құру – Қазақстанның əлемдік саяси аренадағы сəттілік кепілі
89%.
Сауалнамадан алынған нəтижеге сəйкес, қазіргі уақытта Астана тұрғындары берілген
тұжырымдармен бір ауыздан келіседі. Барлығы Астана – жаңа Қазақстанның бейнесі,
мемлекет белгісі деген тұжырыммен келіседі. Əсіресе, Астананың рөліне жəне оның
бейнесіне сонда 5-10 жыл тұрып жатқан қала тұрғындары жағымды қарайды.
Қорыта келе, Астана бейнесі жаңа, белсенді дамып келе жатқан астана ретінде
астаналықтардың санасында берік орнағанын 2008 жылғы мəліметтермен салыстыра
отырып байқауға болады.
Қазақстандық саясаткерлердің алға тартып отырған бейнесі, барлық астана
тұрғындарымен жағымды бағаланады.
Сонымен қоса, Астана тұрғындары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу келешегіне
жалпы жағымды қарайды. Дегенмен, қала тұрғындарының біраз бөлігі бұл көрмені өткізу
қала экономикасының дамуына жағымды əсер етсе де, бұл іс-шараны өткізуге
жұмсалатын қаражатты əлдеқайда тиімді жұмсауға болатынына сенімді.
Əдебиеттер тізімі:
1. Əлімбекова Г.Т. Астаналықтардың жəне алматылықтардың астананы көшіруге
көзқарасы: əлеуметтік зерттеу нəтижелері // Халықаралық ғылыми конференция
материалдары: - Астана: Елорда, 2008 жыл, 328 б. ISBN 9965-06-492-X, 195-201 бб.
Достарыңызбен бөлісу: |