93
Астана агломерациясын дамыту шеңберінде Астана қаласынан 100-150 км
радиусында контрмагнит-қалаларын құру көзделеді, оларда өңдеу өнеркәсібінің,
жеке алғанда тамақ және құрылыс салаларының жаңа өндірістері құрылып,
әлеуметтік инфрақұрылым дамитын болады. Осының есебінен елордалық еңбек
нарығына кері әсерін тигізетін халықтың барыс-келіс көші-қонынан келтірілетін
теріс әсер жойылады.
Жұмыспен қамту картасын құру жоспарланады, ол ҮИИДМБ, БЖК-2020
шеңберінде енгізілетін барлық маңызды жобаларды қамтиды, отандық бизнестің
қаджеттіліктеріне ТжКБ мекемелерінің және Халықты жұмыспен қамту
орталығының базасында кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін
бағдарландыруға мүмкіндік береді. Осының есебінен кәсіпорындар кадрлармен
уақтылы қамтамасыз етіледі, ал жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтылады.
Азық-түлік белдеуде өндіріс секторын дамыту және № 2 Индустриялық
парк аумағында жаңа өнідірістерді ашу, кадрларды қайта даярлау және кәсіптік
бағдар беру жөніндегі іс-шараларды іске асыру есебінен елорда 2020 жылға қарай
Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі ең төмен өңірлердің қатарына кіреді.
Әлеуметтік қолдау жүйесін дамыту шеңберінде халықтың осал жіктерін
(балалар және көпбалалы отбасылар, ұзақ уақыт жұмыстары жоқ азаматтар,
оқымайтын және жұмыс істемейтін жастар, жалғыз басты қарт адамдар,
мүгедектер, маргиналды топтар) атаулы әлеуметтік көмекпен қамту, сондай-ақ
арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету қарастырылды.
Сонымен қатар, жоспарлы кезеңде әлеуметтік келісім-шарт тетігін
жетілдіру жүзеге асырылады, оған сәйкес отбасы мүшелері отбасыны әлеуметтік
белсендіру үшін кедергілерді жою бойынша жұмыс істеуге міндеттенеді:
жұмысқа орналасуға, оқуға, өзінің еңбек және кәсіптік дағдыларын қолданудан
табыс алуға. Әлеуметтік қолдаудың осындай нысаны аз қамтылған азаматтардың
әл-ауқатын арттыруға және әрі қарай өсуге алғышарт құруға мүмкіндік тудырады.
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес мүгедектердің тіршілігі
және қоғамға бірігуі үшін тиісті жағдайлар жасауға бағытталатын іс-шаралар іске
асырылады, оның ішінде мына бағыттар бойынша:
-
мүгедектерді заманауи техникалық қосалқы (компенсаторлық)
құралдардағы және арнайы жылжу құралдардағы қажеттілігін қанағаттандыру;
- мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің халықаралық
стандарттарын енгізу;
- заманауи сауықтыру және медициналық-әлеуметтік мекемелер мен
ұйымдардың тапшылығын жою;
- мүгедектердің жұмыспен қамтылуын және оларды кәсіптік даярлауды
қамтамасыз ету.
Мүмкіндіктері
шектеулі
адамдардың
әлеуметтік
инфрақұрылым
объектілеріне кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілген
паспорттаудың негізінде, ЖҚЖК-2020 шеңберінде пандустар, жаяу жүру
өткелдерінде дыбыстық және дыбылдама құралдарын орнату, аялдамалар, жол
белгілерін жайластыру, қолжетімді қоғамдық көліктің санын ұлғайту көзделеді.
94
4-мақсат. Астананы мәдениеттің өңірлік орталығы ретінде дамыту
р/б
№
Индикатордың атауы
Көзі
факт
жоспар
Жауа
птыл
ар
2014
жыл
2015
жыл
2016
жыл
2017
жыл
2018
жыл
2019
жыл
2020
жыл
1.
1000 адамға шаққанда
мәдениет ұйымына
барушылардың орташа
саны;
ММҚБ
1.1
кітапханалардың
Статис
т.
дерект
ердің
негізін
дегі
есепте
мелер
177,0
177,2
177,7
178,6
179,9
181,2
182,9
1.2
театрлардың
307,2
309,2
310,1
317,5
312,3
313,2
314,5
1.3
мұражайлардың
1097,8
1104,7 1 108,2 1134,4 1121,4
1130
1140,1
1.4
концерт
ұйымдарының
1867,8
1879,6
1885,5 1930,1
1908
1922,6 1939,9
2.
Мемлекеттік тілді
меңгерген ересек
халықтың үлесі, %
Ве-
домст.
Дерект
ер
79
80
81
83
85
87
90
ТДБ
3.
Ағылшын тілін
меңгерген ересек
халықтың үлесі, %
Ве-
домст.
Дерект
ер
24
25,0
25
25,5
26
26,5
27
ТДБ
4.
Үш тілді (мемлекеттік,
орыс, ағылшын)
меңгерген ересек
халықтың үлесі, %
Ве-
домст.
Дерект
ер
4,5
4,8
5,0
8,0
9,0
10,0
12,0
ТДБ
5.
Этникаралық қатынастар
саласында мемлекеттік
саясатты оң бағалаған
халық үлесі, %
Ведомст.
деректер
94,8
2
85
87
89
91
93
95
ҚХАХ
Қойылған мақсаттарға жету жолдары
Астана қаласын мәдениет пен оқиғалық туризмнің өңірлік орталығы ретінде
дамыту продюсерлік компанияларды тартумен және елорданы танымал
орындаушылар мен шығармашылық ұжымдардың халықаралық концерттік
турларының бағдарламаларына қосумен мәдени-оқиғалық іс-шаралар қоржынын
құруды көздейді.
Астананың мәдени имиджін ілгерілету және елорданың халықаралық
аренада танымалдығын арттыру мақсатында әлемнің әр елдерінен өнер
қайраткерлерін тарта отырып, бұқаралық іс-шаралар, көрмелер, көрсетілімдер мен
фестивальдар
өткізу,
отандық
ұжымдардың
гастрольдық
сапарларын
ұйымдастыру жоспарланады.
ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезеңінде қала аумағында арнайы концерттік
алаңдар орналастырылады, шетел туристерге бағдарланудың есебімен мәдени
бағдарлама әзірленеді, елордалық мәдениет мекемелерінің репертуары
жаңартылады.
2
80% жоспарында факт бойынша94,8%
Достарыңызбен бөлісу: |