V. Сабақты қорытындылау (3мин)
Міне осымен бүгінгі сабақ та аяғына жетті. Бүгінгі сабақ қызықты әрі танымды өтті деп ойлаймын. Сабаққа деген дайындықтарыңызды байқадық. Барлығың бірдей атсалысып білімдеріңді шыңдадыңдар деп сенемін.
Енді менде Сіздерге деген бір сұрақ бар. Осы «Электрониканың, оның ішінде логикалық элементтердің адам өмірінде алатын орны қаншалықты маңызды деп ойлайсыздар және болашақ мамандықтарыңызға септігі бар ма?» деген сұраққа қысқа да нұсқа жауап қайырып сабағымызды аяқтайық.
VІ. Үй тапсырмасын беру (2мин)
Конспект бойынша дайындалу, қайталау. Қосымша мәліметтер іздеу. Аралас схемалар бойынша зерттеу жұмысын жүргізу. Кітапхана кітабы - Ғ.Айғараева. Радиоэлектроника. 266-268 бет.
VІІ. Бағалау (3мин)
Сабаққа белсенді қатысқан студенттерге бағаларын қою, белгілі-бір бағаны қою себебін талқылау.
Достарыңызбен бөлісу: |