№ 1 тәжірибе.
Пилокарпиннің және антропинның көз қарашығы
ұлғаюына әсері.
Қажеттi заттар:
қоян немесе мысық, 2 көзге тамшылатқыш шыны
(
пипетка), 1% атропин сульфаты – 5 мл, 1 % пилокарпин гидрохлориды – 5
мл
Жұмыс тәртібі:
тәжірибеге алынған жануардың жарыққта көздің
қарашығының көлемін және оң, сол көздің домалақ денесінің біркелкі
жағдайын өлшейді. Көзді ақырын басып, көздің ішкі қысымының дәрежесін
анықтайды. Содан кейін оң көздің қапшығына 1 рет 2 тамшы атропин
ерітіндісін енгізеді. Екінші көзге – 2 тамшы 1% пилокарпин гидрохлорид
ерітіндісін енгізеді. 10-15 минуттан кейін оң және сол көздің қарашығының
көлемін өлшейді. Дәрілік заттар әсер еткеннен кейін пилокарпин енгізген
көзге атропин сульфат ерітінісінің 2 тамшысын енгізеді, ал атропин
енгізілген көзге 2 тамшы пилокарпин гидрохлорид жіберіледі. 10 минут
бақылайды.
Атропиннің әсерінен көздің қарашығы кеңейеді, көздің қысымы
көтеріледі. Пилокарпиннің әсерінен көз қарашығы тарылады. Атропин
әсерінен кеңейген көз қарашығы пилокарпин әсерінен тарылмайды. Атропин
пилокарпин әсерін жояды және пилокарпинделген көз қарашығын кеңейтеді.
67
20 –
сурет
Дәрілік заттардың көз қарашығына әсері
№ 2 тәжірибе.
Пилокарпиннің және атропиннің жалпы әсері
Қажеттi заттар:
қояан, атропин сульфатының 1%-ды 1 мл ерітіндісі, 3
мл 1% пилокарпин гидрохлорид ерітіндісі, 2 және 5 мл-ға шприцтер
инелермен, фонендоскоп, секундомер.
Жұмыс тәртібі:
тәжірибе алдында ішектің жиырылуын фонендоскоп
арқылы тыңдайды, 1 минут ішінде жүрек соғысын және тыныс алу санын
санайды. жануардың мінез-құлқын, көз қарашық көлеміне назарын аударады;
сілекей аққан кезінде оның дәрежесін анықтайды. Дәрілік заттың әсерінен
болған белгілерін анықтаиды. Кеиін тері астына 1 мл 1%-ті пилокарпин
гидрохлорид ерітіндісін енгізеді және дәрілік заттың әсеретуін бақылаиды.
Пилокарпин препаратының белсенді кезеңінде, тері астына 1-2 мл 1%-ті
атропин сульфат ерітіндісін енгізеді және әсер етуін бақылайды.
Заттың мөлшері Минуттан
кейін
уақыттың
бақылауы
тамыр
соғуының
1 мин.
ішіндегі
саны
1 мин.
ішіндегі
тыныс алу
саны
Жалпы
күйі
Бастапқы күйі 1%-ті
пилокарпин
гидрохлорид ерітіндісі 1
мл, тері астына;
1%-
ті атропин сульфат
ерітіндісі 1-2 мл тері
астына
Пилокарпин гидрохлоридті тері астына енгізгеннен кейін итте көзден
жас ағу және сілекей безінің секрециясы көбейеді. Жүрек айнуы (есінеуі, жиі
жалайды), содан құсу байқалады. Ішектің жиырылуы күшейеді, дефекация
белгіленеді. Тыныс алу жиіленген. Көз қарашығы тарылған. Бастапқы
препараттың әсерінен тыныс жиілігі жиіленеді, әрі қарай бәсеңдейді.
Тері астына атропин енгізгеннен кеиін секреция бездерінің қызметі
тоқтаиды. Ауыздың, мұрынның, көздің кілегей қабықтары құрғайы. Егер
итке нан берсе, оны шайнайды, бірақ жұта алмайды, өйткені ауыз қуысында
сілекей жоқ. Ішектің жиырылуы әлсіреген. Жүрек соғуы жиіленген. Қарашық
кеңейген. Тыныс алу жиі болады. Жарықтан қорқуы байқалады.
68
21 –
сурет
Достарыңызбен бөлісу: |