56
Шырыштар – Mucilagines (Слизи)
Шырыштар
–
mucilagines (жекеше, атау жалғауы mucilago жекеше, ілік
жалғауы – mucilaginis). Бұл өсімдік материалдарынан су күшімен шырыш
шығарып алу, немесе ағаш шайырын (смоланы) суда еріту арқылы
өндірілетін сұйық дәрілік зат түрі. Шырыштар тітіркендіргіш заттарды ішке
және тік ішекке (per rectum) тағайындағанда
олардың жергілікті әсерін
бәсеңдету үшін қолданылады. Әдетте шырыштарды сумен тең мөлшерде
немесе суға қарағанда жартылай мөлшерде алу керек. Рецептте
шырыштардың дайын түрін көрсетеді
немесе оларды фармакопея
нұсқауларына сәйкес даярлауға болады.
Официналдық шырыштар:
1. (Mucilago Seminis Lini –
кендір ұрығынан
алынатын шырыш (кендір ұрығының 1 бөлігін ыстық судың 30 бөлігімен
араластырып, 15 минут бойы шайқайды), 2. Mucilago Saler-Сүйсін
(
ятрышник) шырышы (сүйсін ірі ұнтағының 1 бөлігін судың 99 бөлігімен
араластырады). Мұнымен қатар ветеринарияда: крахмал шырышы (Mucilago
Amyli) және трагакант шырышы (Mucilago Tragacanthae) кең тараған.
Крахмал шырышын төмендегі тәсілмен даярлайды: бидай крахмалының 1
бөлігін салқын судың 4 бөлігімен араластырады да оны 45 бөлік ыстық сумен
ақрындап, бірте-бірте
қосып отырып араластырады, суыстық болуы керек
бірақ қаинтпау қажет. Шырыштарды салқын жерде 2 күнге деиін сақтаиды.
Рецепті үлгілері:
Rp.: Chlorali hydrati 60,0
Mucilaginis Amyli
Aquae destillatae āā 500,0
M. D. S.
Жылқыға 1 рет клизма жасауға
Шырындар – sirupi.
Құрамында жеміс экстрактісі және дәрілік заттары бар қанттың
концентрацияланған сулы ерітіндісі Олардың құрамына 62- 64 % қант кіреді.
Шырындар ұзақ уақыт сақтауға төзімді. Ветеринарияда олар carrigens ретінде
қолданылады.
Фармакопеяның 8 басылымына сәйкес қарапайым шырын (sirupus
simplex s. sirupus saccharatus) қантты суда еріту жолымен дайындалады (640
бөлек қант және 360 бөлек су).
Официналдық шырындар:
1) Sirupus Althaeae –
жалбызтікен шырыны,
2) Sirupus Ferri iodati –
йодты темір шырыны, 3) Sirupus Glucyrrihizae – мия
тамыр шырыны, 4) Sirupus Ipecacuanhae – ипекакуан шырыны, 5) Sirupus Rhei
–
ақ рауағаш шырыны, 6) Sirupus Rubi Idaei – таңқурай шырыны, 7) Sirupus
simplex -
кәдімгі қант шырыны.
Достарыңызбен бөлісу: