43
Шошқа майының су тартқыштығын және
судың оның терісіне терең
сіңе алатын қасиеттерін ескеру керек. Шошқа майына қарағанда ланолин
теріге аз сіңеді, бірақ ол да суды жақсы тартады. Сондықтан терең әсер ету
үшін сүртпе майларды шошқа майына ланолинге немесе олардың қоспасына
араластырып жасайды. Вазелин, парафин, сондай-ақ парафин және глицерин
сүртпе майлары үстіртін әсер етуі үшін (жұмсарту және қорғау үшін) таза
күйінде қолданылады.
Сүртпе майларды былай жазады: официналдық майлардың
құрамындағы
заттарды айтпай-ақ,
атын ғана көрсетеді; магистральдық
майлардың құрамындаға
барлық заттарды тізіп, рецептте M. f. unguentum
D.S.
формуласымен аяқтайды.
Егер магистральдық сүртпе майдың негізгі рецептте көрсетілмесе, оны
вазелинге қосып жасайды.
Рецепт үлгілері:
Сиырға:
Rp.: Unguenti Ichthyoli 10% - 150,0
D.S. Терінің зақымдалған
жерлеріне жағу үшін.
(официналдық сүртпе май)
Rp.: Ichthyoli 15,0
Vaselini ad 150,0
M.f. unguentum
D.S. Сүртпе майлар
(магистральдық сүртпе май)
Официналдық сүртпе майлар:
1) Unguentum campohoratum –
20 % камфора сүртпе майы;
2) Unguentum Hydrargyri albi, Unguentum Hydrargyr praecipiti flbi –
сынаптың
10% ақ сүртпе майы,
3) Unguentum Hydrargyri cinereum –
сынаптың 30 % сұр сүртпе майы,
4) Unguentum Hydrargyri oxydati –
сынаптың 2% сары сүртпе майы,
5) Unguentum Kalli iodati –
калий йодидінің 10% сүртпе майы,
6) Unguentum Plumbi subacetici s. Unguentum Plumbi acetici-
қорғасын сүртпе
майы,
7)Unguentum Plumbi tannici s. Unguentum ad decubitum-
емдеуде
қолданылатын қорғасын-танинді сүртпе майы,
8) Unguentum sulfuratum compositum –
күрделі күкірт сүртпе майы,
9) Unguentum sulfuratum simplex-
қарапайым күкірт сүртпе майы,
10) Unguentum Terebinthinae –
скипидардың 20% сүртпе майы,
11) Unguentum Wilkinsoni–
Вилькинсон сүртпе майы,
12) Unguentum Zinci –
цинк сүртпе майы.
44
Пасталар дегеніміз құрамына 25 пайыздан
және одан да көп пайыз
ұнтақ тәрізді заттар кіретін қою сүртпе майлар. Оларды сүртпе майлар
сияқты, сонда көрсетілгендей сonstituens қосып жібереді.
Пасталардың сілтілік (pastae causticae) және терілік (pastae dermaticae)
түрлері бар. Сілтілік пасталардың құрамына: Kalium causticum, Acidum
arsenicosum, Hydrargyrum bichloratum, Zincum chloratum, Calcaria usta т.б.
кіреді.
Пасталар дәрілік және форма түзгіш заттардан тұрады. Егер пастаның
құрамында 25 пайыздан ұнтақ заттар аз болса, онда индифференттік заттарды
қосады: цинк тотығың (Zincum oxidum),
бидай крахмалды, (trictii Amylum)
тальк (Tallcum), т.б. ұнтақ заттарды.
Пасталарды былай жазады: официналдық пастаның құрамындағы
заттарды айтпай-ақ, атын ғана көрсетеді; магистральдық пастаның
құрамындағы барлық заттарды тізіп, рецептіні M. f. pasta D.S. формуласымен
аяқтайды.
Официналдық паста – біреу –
Pasta Zinci salicylata Lassari s. Unguentum
Zinci salicylatum
Сиырға:
Rp.: Kalii caustici
Calcii hypochlorosi, āā 15,0
Amyli trictii 5,0
Aquae destillatae ad 100,0
ut. f. pasta
D. S
Rp.: Pastae Zinci salicylatae 100,0
D. S.
Линименттер - қою, сұйық немесе іркілдек тәріздес, сыртқы ағзаларға
қолдануға арналған жұмсақ дәрілік зат түрі.
Олар жұққыш майларды
сілтілердің судағы ерітінділерімен немесе дәрілік заттардың сабынды –
спирттік немесе сулы – сабынды ерітінділерімен араластыру арқылы, сол
сияқты қатты майлар мен май тәрізді заттарды керекті еріткіште
(хлороформда, скипидарда т.б.) еріту арқылы алады.
Линименттер сыртқа (теріге жағу) қолданылады, олар теріге тез сіңеді,
бірақ олардың бір жерге тигізетін әсері қысқа болып келеді. Линимент
Достарыңызбен бөлісу: