Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


 ЖАЛДАУШЫНЫҢ  ҚҰҚЫҚТАРЫ  МЕН  МІНДЕТТЕРІ



жүктеу 5,08 Kb.
Pdf просмотр
бет60/92
Дата25.05.2018
өлшемі5,08 Kb.
#17303
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   92

 
143
3. ЖАЛДАУШЫНЫҢ  ҚҰҚЫҚТАРЫ  МЕН  МІНДЕТТЕРІ 
 
3.1. Жалдаушының:  
1)  Қызметкерден  Конституцияға,  Қазақстан  Республикасының  қолданылып 
жүрген  заң  жəне  нормативтік  құқықтық  актілеріне,  Жалдаушының  нормативтік 
құқықтық  актілеріне  (оның  ішінде  Жалдаушының  жоғары  дəрежелі  лауазымды 
тұлғалары  өздерінің  өкілеттігі  шегінде  шығарған  бұйрықтарына,  өкімдеріне, 
нұсқауларына жəне тапсырмаларына), лауазымдық нұсқаулыққа жəне осы Шартқа 
сəйкес өзінің еңбек ету (қызмет ету) міндетін орындауды талап етуге; 
2)  өздерінің  құқықтары  мен  мүдделерін  білдіру  жəне  қорғау  мақсатында 
жұмыс берушілердің бірлестігін құруға жəне соған кіруге;  
3)  Қызметкерді  көтермелеуге,  оны  еңбек  туралы  заңда  жəне  Қазақстан 
Республикасының  басқа  да  нормативтік  құқықтық  актілерінде  белгіленген  тəртіп 
бойынша тəртіптік жəне материалдық жауапкершілікке тартуға; 
4) өзіне Қызметкер келтірген зиянның  өтемақысын алуға; 
5)  Қызметкер  Жалдаушының  қаражаты  есебінен  оқыған,  біліктілігін 
арттырған  немесе  қайта  дайындықтан  өткен  жағдайда,  Қызметкерден 
мамандарды  оқыту  туралы  Тараптар  арасында  жасалған  шартта  белгіленген 
мерзімде  жұмыс  істеп  беруді  талап  етуге  немесе  Жалдаушының  нормативтік 
құқықтық  актілеріне  сəйкес  Жалдаушының  Қызметкерді  оқытуға  байланысты 
шығарған шығындарын өтеуге;  
6)  Қызметкер  соттың  шешімі  бойынша  заңсыз  деп  танылған  ереуілді 
ұйымдастыруға жəне өткізуге қатысқан жағдайда, оны жұмыстан босатуға; 
7)  осы  Шарттың  талаптарына  жəне  еңбек  туралы  заңдарға  сəйкес  осы 
Шарттың талаптарын өзгертуге жəне оны мерзімінен бұрын бұзуға;  
8) тығыз жəне күнібұрын болатыны белгісіз жұмыстарды орындау өндіріске 
қажет  болған  жағдайда,  еңбек  туралы  заңдарға  сəйкес  Қызметкерді  белгіленген 
мерзімнен  тыс  жұмысқа,  сондай-ақ  демалыс,  мереке  күндері  жəне  түнгі  жұмысқа 
шақыруға;  
9) өз өкілеттігі шегінде еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық 
актілер шығаруға;  
10)  өндіріске  қажет  болған  жағдайда,  Қызметкерді  өзінің  келісімі  бойынша 
жыл  сайынғы  еңбек  демалысынан  шақырып  алуға.  Мұндай  жағдайда  еңбек 
демалысының пайдаланылмаған бөлігі Тараптардың арасындағы келісім бойынша 
өтіп  бара  жатқан  жұмыс  жылының  ішінде  беріледі  немесе  Қызметкердің  қалауы 
бойынша  келесі  жұмыс  жылының  еңбек  демалысына  қосылады  немесе  еңбек 
туралы заңдарға сəйкес Қызметкерге өтемақы төленеді;  
11)  еңбек  туралы  заңдарда  ескерілген  мерзімге  жəне  сондағы  тəртіп 
бойынша Қызметкерді жұмыстан шеттетуге;  
12)  Қызметкердің  өзі  атқаратын  қызметіне  лайықтылығын    білу  үшін  оның 
біліктілігін тексеруге қақысы бар. 
3.2. Жалдаушының міндеті: 
1) Қызметкерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету, оған еңбек ету (қызмет 
ету)  міндетін  орындау  үшін  еңбек  туралы  заңдарға,  Жалдаушының  нормативтік 
құқықтық актілеріне жəне осы Шартқа сəйкес қажетті жағдай жасау;  
2) Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне жəне осы Шартқа сəйкес 
жұмысын  орындаған  жерде  немесе  тиісті  өтініш  негізінде  Қызметкердің  банктік 
(карточкалық)  шотына  жазу  арқылы  оның  еңбегіне  уақтылы  жəне  толық  көлемде 
ақы төлеу; 
3)  Қызметкерге  өзінің  кəсіби  деңгейін  жəне  біліктілігін  арттыруға  мүмкіндік 
беру;  


 
144
4)  осы  Шарт  заңсыз  бұзылған  жағдайда,  Қызметкерді  бұрынғы  жұмысына 
қайта қою жəне еңбек туралы заңдарға сəйкес материалдық шығынды өтеу;  
5)  Қызметкер  басқа  жұмысқа  заңсыз  ауыстырылған  жағдайда,  оны  еңбек 
туралы заңдарға сəйкес бұрынғы жұмысына қайта қою; 
6)  Қазақстан  Республикасының  нормативтік  құқықтық  актілеріне  сəйкес 
Қызметкерді зейнетақымен қамтамасыз ету; 
7)  еңбек  туралы  заңдардың  жəне  осы  Шарттың  талаптарын  бұлжытпай 
орындау; 
8)  Қызметкерді  еңбек  ету  (қызмет  ету)  міндетін  орындауға  қажетті  құрал-
жабдықпен жəне материалдармен қамтамасыз ету; 
9)  Қызметкерге  Жалдаушының  еңбек  қатынастарын  реттейтін  нормативтік 
құқықтық актілерімен танысуға мүмкіндік беру; 
10)  еңбек  ету  міндетін  орындап  жүргенде,  Қызметкердің  өмірі  мен 
денсаулығына нұқсан келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыру; 
11)  Қазақстан  Республикасының  нормативтік  құқықтық  актілерінде 
ескерілген  тəртіп  бойынша  жəне  сондағы  талаптарға  сəйкес  Қызметкерге  келген 
зиянды өтеу; 
12) жұмыс кезінде Қызметкердің өміріне немесе  денсаулығына қауіп төнетін 
болса, оның жұмысын тоқтата тұру; 
13) Қызметкерге зиянды жəне қауіпті жағдайда еңбек ететіндігі жəне кəсіптік 
ауруға шалдығып қалу мүмкіндігі  туралы алдын ала ескертіп айту; 
14)  Қызметкердің  еңбек  жолын  жəне  оның  зейнетақымен  қамтамасыз 
етілуіне ақша бөлінгендігі туралы мəліметтерді растайтын құжаттарды мемлекеттік 
мұрағатқа өткізу; 
15)  Қызметкердің  өтініші  бойынша  осы  өтінішті  алған  күннен  бастап  бес 
күндік  мерзімнен  кешіктірмей  оған  мамандығы,  біліктілігі,  қызметі,  жұмыс  уақыты 
жəне  жалақысының  мөлшері  көрсетілген  анықтама,  Қызметкердің  біліктілігі  жəне 
оның  еңбек  ету  міндетіне  көзқарасы  туралы  мəліметтер  келтірілген  ұсыныс  
мінездеме, сондай-ақ еңбек туралы заңдарда ескерілген басқа да құжаттар беру. 
 
 
 
 
4. АҚЫ ТӨЛЕУ ТАЛАПТАРЫ 
 
4.1. Қызметкердің  еңбегіне  Жалдаушының нормативтік  құқықтық актілеріне 
сəйкес ақы төленеді.  
Жалдаушы Қызметкерге жалақыны айына кем дегенде 1 (бір) рет төлейді.  
4.2.  Қызметкерге  оның  Жалдаушы  екеуінің  арасындағы  құқықтық  еңбек 
қатынастарына  байланысты  кепілдік  жəне  өтемдік  төлемдер  Қазақстан 
Республикасында қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тəртіп бойынша жəне 
мөлшерде төленеді.  
4.3.  Қызметкердің  ресми  медициналық  құжаттармен  расталған  уақытша 
еңбекке  жарамсыз  болған  кездеріне  Жалдаушы  Қазақстан  Республикасында 
қолданылып жүрген заң талаптарына сəйкес төлейді.  
4.4.  Қызметкерді  жыл  сайынғы  еңбек  демалысынан  шақырып  алған 
жағдайда,  еңбек  демалысының  пайдаланылмаған  бөлігі  Қызметкерге  өтіп  бара 
жатқан  жұмыс  жылы  ішінде  беріледі  немесе  ол  өзінің  қалауы  бойынша  келесі 
жылдың  еңбек  демалысына  қосылады  немесе  еңбек  туралы  заңдарға  сəйкес 
Қызметкерге өтемақы төленеді.  
4.5.  Жалдаушының  нормативтік  құқықтық  актілеріне  сəйкес  Қызметкерге 
тағы өтеусіз жəне қаржылық көмек беруге болады. 
4.6.  Жалдаушы  өндіріспен  тікелей  айналысатын  Қызметкерге  жұмыс 
тоқтатылған  кездегі  уақытқа  ақыны  айына  Қазақстан  Республикасының 


жүктеу 5,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау