Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


Мекеменің нақты құжат түрі бланкісі



жүктеу 5,08 Kb.
Pdf просмотр
бет39/92
Дата25.05.2018
өлшемі5,08 Kb.
#17303
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   92

 
90
Мекеменің нақты құжат түрі бланкісі 
 
 
 
 
 
 
 
      
 
 
 
 
 
Форматы А4 (210Х297) 
Формуляр 
 
Белгілі  бір  құжат  түрін  ресімдеу  үшін  (бұйрықты,  қызметтік  хатты 
жəне т.б.) кестеде тізілген барлық деректеме қажет болмайды, соның 
бірқатары  ғана  қолданылады.  Мұнда  біз  дайындап  отырған  құжатқа 
осы  тізімде  келтірілген  деректемелердің  қайсысын  алу  керек,  оларды 
қалайша орналастыру керек, мұның бəрі стандартта қатаң белгіленген. 
Құжат  формуляры  деп  құжатта  стандартта  белгіленген  ретпен 
орналастырылған деректемелер жиынтығы аталады.  
 
Сөйтіп,  актінің  формуляры,  хаттаманың  формуляры,  бұйрықтың 
формуляры  жəне  т.б.  туралы  айтуға  болады.  Мысалы,  актінің 
формулярына  актілерде  ресімделетін  деректемелердің  тізбесі  мен 
тəртібі кіреді: 
 
 
1. Акті жалпы бланкте ресімделеді. 
 
2. Бекіту грифі (белгісі). 
 
3. Құжат түрінің атауы. 
 
4. Құжатты жасау күні. 
 
Жоғары тұрған органның  
ресми атауы 
 Ұйымның ресми атауы 
(мемлекеттік тілде) 
 
Ұйым туралы анықтама 
мəліметтер 
 (мемлекеттік тілде) 
 
___________ № ___________ 
 
 
 
Баспадан шыққан орыны 
 (мемлекеттік тілде) 
 
 
 
 
 
Қазақстан 
Республикасының 
Мемлекеттік 
елтаңбасы 
 
Жоғары тұрған органның  
ресми атауы 
 Ұйымның ресми атауы 
(орыс тілінде) 
 
Ұйым туралы анықтама 
мəліметтер 
 (орыс тілінде) 
 
 
 
 
 
Баспадан шыққан орыны 
 (орыс тілінде) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
91
 
5. Құжатты жасау орны. 
 
6. Мəтіннің тақырыбы. 
 
7. Мəтін. 
 
8. Қосымшасының бар екендігі туралы белгі (егер қажет болса). 
 
9. Акті жасаушы комиссия мүшелерінің қолдары. 
 
10. Орындаушының тегі жəне телефон нөмірі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
92
4-
ТАРАУ
 
М
ЕКЕМЕЛЕР МЕН КƏСІПОРЫНДАРДАҒЫ 
НЕГІЗГІ ҚҰЖАТТАР
 
 
 
4.1. Ұйымдық-құқықтық құжаттар 
 
 
Кез-келген  мекеменің  қызметі  ұйымдық-құқықтық  құжаттар 
дайындаудан  басталады.  Ұйымдық-құқықтық  құжаттарға:  жарғы, 
ереже, штаттық кесте, жұмыс тəртібі, лауазымдық нұсқаулық жəне т.б. 
жатады.   
 
Ұйымдық-құқықтық  құжаттардың  басты  мақсаты  –  ұйымды  құру, 
құрылымын,  штаттық  кестесі  мен  құрамын  белгілеу,  құрылымдық 
бөлімшелерінің  өзара  қарым-қатынас  жасау  тəртібін,  кəсіпорын 
қызметкерлері үшін ішкі еңбек тəртібін анықтау. 
 
Ұйымдық-құқықтық  құжаттарды  қолданысқа  енгізу  құжаттарды 
тиісті  басшы  (жоғары  тұрған  органның  басшысы  немесе  құжаттың 
санатына байланысты құрылымдық бөлімшенің басшысы) бекіткеннен 
кейін іске асырылады.  
 
Ұйымдық-құқықтық  құжаттардың  қолданылу  мерзімі  шектеусіз 
болады  жəне  ресми  түрде  күшін  жойғанға  дейін  (ескіргенінің  орнына 
жаңасын  енгізгенге  дейін)  заңдық  күшін  сақтайды.  Тəжірибе 
көрсеткендей,  əдетте  кəсіпорын  қалыпты  жұмыс  істеген  жағдайда 
ұйымдық-құқықтық  құжаттар  шамамен  төрт-бес  жылда  бір  рет  қайта 
жасалады  не  өзгеріске  ұшырайды.  Ұйымдық-құқықтық  құжаттарға 
өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  кəсіпорын  басшысының  бұйрығы 
(өкімі) арқылы жасалады.  
Іскерлік  қызметтегі  ең  бір  тиімді  құрылым  –  жауапкершілігі 
шектеулі серіктестік (мұнан былай – ЖШС) екенін өмір көрсетіп отыр. 
 
Ол жұмыс істей бастағаннан-ақ үлкен көлемдегі ұйымдық-өкімдік, 
қаржылық  жəне  басқа  да  іскерлік  құжаттардың  легін қабылдау,  қарау, 
жөнелту,  бақылау  жəне  сақтау  қажеттілігі  пайда  болады.  ЖШС 
жетекшісі  осындай  құжаттар  легіне  əлдебір  себептермен  жете  көңіл 
бөлмеген  жағдайда,  ол  қағаздың  «астында  қалады».  Нəтижесінде 
оның  іскер  əріптестері  өздері  күткен  құжатты  дер  кезінде  ала  алмай, 
жүйкелерін  жұқартса,  оның  өзі  қай  құжатты  кімге  жəне  қашан 
орындауға тапсырғанын есіне түсіргісі келіп қиналады. 
 
Мұндай  жағдайға  түспес  үшін  ЖШС  жетекшісі  іс  қағаздарын 
жүргізуді  тиянақты  ұйымдастыруы  керек.  Енді  осы  жұмысты  қалай 
тиімді шешуге болатынына тоқталайық. 
 
Əрбір  ЖШС-де  болуы  тиіс  құжаттарды  шартты  түрде  мынадай 
топтарға бөлуге болады: 


 
93
1. Құрылтайшылық жəне құқық белгілеуші құжаттар: 
•  Құрылтай шарты жəне жарғы; 
•  Мемлекеттік тіркеу туралы куəлік; 
•  Статистикалық карта; 
•  Салық төлеушінің куəлігі; 
•  Жер теліміне меншік құқы немесе жалға алу жағдайындағы жерді 
уақытша пайдалану құқы туралы куəлік; 
•  Жылжымайтын мүлікке меншігі туралы немесе осы мүлікті жалға 
алғаны жөніндегі шарт туралы куəлік; 
•  Лицензиялауды  қажет  ететін,  яғни,  жарғылық  қызмет  түрлерін 
іске асыру құқына лицензия. 
2. Ұйымдастырушылық құжаттар: 
•  ЖШС-тің құрылымы жəне штат кестесі; 
•  ЖШС-тің  басшыларының  (егер  олар  бірнешеу  болса)  қызметтік 
(лауазымдық) өкілдіктерін бөлу туралы бұйрық; 
•  Ұжымдық шарт; 
•  ЖШС-тің 
құрылымдық  бөлімшелері,  қоғамдық  ұйымдары, 
филиалдары мен өкілдіктері туралы ереже; 
•  ЖШС 
қызметкерлерінің 
(жалдамалы 
персонал, 
құрам) 
лауазымдық нұсқаулығы; 
•  Ішкі  айналымдағы  басқа  құжаттар  (нұсқаулықтар,  əдістемелік 
ұсыныстар жəне т.б.). 
3. Басқару қызметінің құжаттары: 
•  ЖШС-те өткен жалпы жиналыстардың хаттамалары; 
•  ЖШС-тің  басқа  органдары  мəжілістерінің  (басқарма,  бақылау 
кеңесі, тексеру комиссиясы) хаттамалары; 
•  Шаруашылық-қаржылық  қызметінің  негізгі  мəселелері  бойынша 
ЖШС жетекшісінің бұйрықтары; 
•  Мемлекеттік  органдардың  ЖШС  қызметіне  қатысты  мəселелер 
бойынша нормативтік құқылық актілері. 
4. Бухгалтерияның қаржылық жəне есеп беру құжаттары. 
5.  ЖШС  қызметінің  мəселелері  бойынша  мемлекеттік  органдармен 
жəне мемлекеттік емес құрылымдармен арадағы қатынас қағаздары. 
6. Кадрлық құжаттар: 
•  Қызметкерлермен жеке еңбек шарттары; 
•  Қызметкерлердің жеке істері (жеке карточкалары); 
•  Жеке құрам жəне кадрлар бойынша бұйрықтар; 
•  Қызметкерлердің еңбек кітапшалары; 
•  Еңбек  дауларын,  қызметкерлердің  шағымдарын  (арыздарын) 
қарау,  сондай-ақ,  еңбек  тəртібін  бұзу  жəне  өндірістегі 
бақытсыздық жағдайлары фактілерін тексеру бойынша құжаттар 
(материалдар). 
7. Еңбек шарты бойынша құжаттар: 


жүктеу 5,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау