Ас қорыту жүйесінің физиологиясы



жүктеу 41,96 Kb.
бет8/8
Дата11.05.2020
өлшемі41,96 Kb.
#30335
1   2   3   4   5   6   7   8
АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ.docx55

Ауыздағы ас қорыту. Азықты қабылдау, оны шайнау, сіле-

кей мен шылау, жұту процестері ауыз қуысындағы ас қорыту деп

аталады.

Азық қабылдап, су ішудің əр түлікке тəн ерекшеліктері бар.



Жылқылар азықты көру, иіс жəне дəм талдағыштары (анализатор-

лар) арқылы тауып зерттейді де, оны ерін, күрек тістері жəне тілдің

қатысуымен қабылдайды. Жайылымда жылқы шөпті еріндерімен

қамтып, күрек тістерімен тістейді де, басын жұлқып, үзіп жейді.

Дəн, жарма, пішен сияқты азықтарды жегенде негізгі қызметті

ерін мен тіл, ал кызылша, картоп сияқты түйнектерді кемірген-

де – күрек тістер атқарады. Дəн, кебек жəне басқа ұнтақталған

азықтар еріннің қимылы арқылы аз-аздан қабылданады.

Жылқы мардымды шайнайтын малға жатады. Шайнау кезінде

жеген азық тілдің қимылы арқылы азу тістердің арасына түседі,

төменгі жақтың жоғары-төмен қимылдары арқылы ұқыпты түрде

ұнтақталады. Шайнау процесі кезінде еріндер жабық болады.

Азықтың шайналған бөлігі тілдің қимылы арқылы бір ұрттан

екінші ұртқа ауыстырылып отырады, сондықтан жылқы бірде оң,

бірде сол жағымен шайнайды. Бір жағымен жылқы 40 минутқа

дейін шайнай алады. Шайнау процесінің ұзақтығы мен қарқыны

қабылданған азықтың физикалық қасиеттеріне (ылғалдығына,

қоюлығына -консистенциясына), оның құрамы мен мөлшеріне

байланысты. Мысалы, 1 кг сұлыны шайнау үшін орта есеппен 9

минут, ал 1 кг шөпке - 8 минут уақыт қажет. Азықтың əр бөлігін

шайнауға жақ сүйектерінің 30-50 қимылы жұмсалады.

Сиыр азықты негізінен тілдің көмегімен қабылдайды. Олардың

еріні нашар қимылдайды. Сондықтан сиырлар жейтін азықты

тілмен орап үстіңгі жақтың қызыл иек (дентальдық) табақшасына

басып, жұлқи үзіп алады. Ұсақ малдың еріндері қимылдағыш,

сондықтан олар азықты еріндерімен қамтиды да, төменгі жақ

сүйегіндегі күрек тістермен қызыл иек табақшасына тіреп қияды.

Қабылданған азықты күйіс малы үстіртін шайнап, сілекеймен

шылайды да, тез жұтады. Азықты қабылдау аралығындағы үзіліс

кезінде мал қарын жынын лоқсу арқылы ауыз қуысына қайтарып,

ұқыпты түрде шайнайды да, сілекеймен шылап, қайта жұтады.

Осы айтылған процестерді күйіс қайыру деп атайды.

Қой мен ешкіде күйіс қайыру азық қабылдағаннан кейін 20-45,

ал сиырларда 30-70 минут өткен соң басталады. Күйістің басталу

мерзіміне мес қарындағы жынның қоюлығы, жібу дəрежесі əсер

етеді. Күйіс тынығу жағдайында, мал жусап жатқанда тезірек ба-

сталады. Дегенмен, мал баяу қимыл үстінде, не түрегеп тұрып та

күйіс қайыра береді.

Қалыпты жағдайда күйістің бір кезеңі 40-50 минутқа созы-

лып, одан соң мал тыныстап отырады. Тəулігіне күйіс кезеңі 6-8

рет қайталанады. Мал көбіне түнде күйістейді.



Шошқа азықты тіл мен еріннің көмегімен, ит тамақты күрек

тістері мен сойдақ тіс арқылы тістеп, үзіп жейді.

Мал суды төменгі ерінін батырып тұрып, тілін көмекейге

қарай қимылдатып, еріндерінің арасындағы саңылау арқылы

сорып жұтады. Ит сұйықты тілімен жалап ішеді. Тауық, күрке

тауық, кептер, дəнді шұқып, үйрек пен қаз оларды қасықпен

көтергендей жалпақ тұмсықтарымен іліп жесе, жас шөпті тауық

майдалап шоқиды, ал үйрек пен қаз орып жейді.

Азықты қабылдау жəне шайнау қарқыны көптеген сыртқы

жəне ішкі факторларға, жүйке жүйесінің қызметіне байланыс-

ты. Малды азықтандыруға қатысы бар түрлі тітіркендіргіштерге

шартты рефлекстер жеңіл пайда болады. Осы жағдайды мал-

ды азықтандыру процесін ұтымды ұйымдастыру мақсатында

пайдалануға болады.

Шайнау процесін сопақша мида орналасқан арнаулы жүйке

орталығы реттейді. Бұл орталық үлкен ми жарты шарларындағы

орталықтарға бағынышты болғандықтан шайнау процесі түрлі

қолайсыз сыртқы əсерлердің салдарынан (айғай, шу т.б.) кез

келген уақытта ұзақ мерзімге тежеліп қалуы мүмкін. Ал шай-

нау процесінің ұзақтығы мен қарқыны сілекейдің бөлінуіне

үлкен əсерін тигізіп, азықтың қарын мен ішек қуысында дұрыс

қорытылуына көп ықпал етеді. Сондықтан малды өздеріне

үйреншікті, тыныштық жағдайында азықтандырған жөн.

Сілекей бөлу. Сілекейдің құрамы мен маңызы. Сілекей не-

гізінен үш жұп сілекей бездерінің - шықшыт, бұғақ жəне ал қым

бездері, секреті (72-сурет). Аталған бездермен қатар ауыз қуы-

сында көптеген майда бездер - тіл, таңдай бездері, орналасады.

Сілекей бездеріне альвеолалық немесе түтікше-альвеолалық

құрылым тəн. Олар сірнелі жəне шырышты торшалардан

түзілген. Осы торшалардың арақатынасына байланысты сілекей

бездері сірнелі (серозалы), шырышты жəне аралас бездер болып



бөлінеді.__
жүктеу 41,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау