Артимиялар қазақша



жүктеу 61,39 Kb.
бет22/41
Дата05.01.2022
өлшемі61,39 Kb.
#36476
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
СӨЖ-1

Пароксизмдік тахикардия. Бұл кенет басталып, кенет аякталатын, минутына 140-250-ге жиілікпен жүретін, дамуы эктопия ошағынан импульстердің “автомат оғын жаудырғандай” бірінен соң бірі жиі шығуынан болатын ұстамалы тахикардия. Пароксизмдік тахикардияның патогенезі екі механизмнен болуы мүмкін:

  1. қозу толкынының оралып кіруі (“ге-еntгу” механизмі), яғни шыр айналуы;

  2. төменгі жетекші орталықтарының автоматизмдік қасиетінің күшеюі.

Эктопиялық ошақтың орналасуына қарай пароксизмдік тахикардияның мына түрлерін айырады:

1)суправентрикулалық



  • жүрекшелік,

  • түйіндік.

2)вентрикулалық.

Бүлардың әркайсысының ЭКГ-лық көрінісі өзіне сәйкес экстрасистолалық комплекстің көрінісімен бірдей. Жүрекшелік және түйіндік пароксизмдік тахикардияны бір-бірінен Р тісше арқылы айырады, ал Т тісше мен Р тісше кабаттасса, оларды айыру қиын. Сондықтан оларды біріктіріп, қарыншаүстілік тахикардия немесе QRS комплексі жіңішке тахикардия атайды, өйткені 0арыншалық комплекс деформацияланбаған.

 

 



Карыншаүстілік (“QRS комплексі жіңішке”) пароксизмдік тахикардия.

Жүрекшелік пароксизмдік тахикардияның басты себептері: күшті эмоциялар, бас миына күш салынуы, гормондық өзгерістер (тиреотоксикоз, жүктілік, климакс, пубертаттык кезең); никотин, алкоголь, кофенің әсерлері; WPW синдром; гипокалиемия; дигиталиспен «улану»; жүректің органикалык. аурулары.Түйіндік және карыншалық тахикар-дияның дамуында дигиталистік интоксикация және жүреісгің органи-калык ауруларының рольдері басым.

Карыншалық пароксизмдік тахикардияда QRS комплекстері деформа-цияланған, ол QRS  комплексі жалпақ тахикардия” аталады (9-сурет).

 

Карыншалық пароксизмдік тахикардия (“QRS комплексі жалпақ.” тахикардия).

Қарыншалық пароксизмдік тахикардияда, гиподиастолияның салдарынан гемодинамика бұзылысы ауыр болады. Жүректің жиі соғуынан қарыншалар қанға толып үлгермейді, соғу және минуттық көлемдер күрт төмендейді; басты ағзалар ишемияға ұшырайды, үлкен және кіші шеңберлерде жүрекшелердің алдында қан іркіледі, АҚ төмендейді, ал үстама ұзақка созылса — аритмиялық кардиогенді шок дамуы мүмкін.

Клиникалық көрінісіне тән белгілер: жүректің қатты соғуы; жүрек тұсында салмақ сезіну; кеуденің кысылу, мойынның, бастың солқылдау сезімдері; әлсіздік; бас айналуы, көз алдының қараңғылануы, талу; ентікпе мен жөтел; Ұстама кезінде науқастың тері жамылғалары куқылданады, ағыл-тегіл тер шығады. ЖСС минутына 160-220 шамасында, мойын веналары ісінеді, ырғақ маятник тәрізді немесе эмбриокардияға ұқсас. Тахикардия ұстамасы ұзақка созылса, жүрек шамасыздығының белгілері өрістей түседі.

Суправентрикулалық QRS комплексі жіңішке) пароксизмдік тахи-кардияның емі

Ең алдымен кезбе нервісін механикалык тітіркендіру әдістерін кол-данып көреді, бұлар әсер етпегенде дәрмектерге көшеді.


  1. Чермак-Геринг сынамасы — каротидтік массаж (қалқанша тәрізді шеміршектің жоғарғы шетінің төс-бүғана-емізік бұлшықетімен қиылысқан нүктеде ұйқы артериясын 10-20 с басу). Алдымен оң үйқы артериясын, ал одан оң әсер болмаса, 1-3 минуттан кейін, сол ұйқы артериясын басады. Жүректің тоқтап қалу қаупінен екі артерияны қатар басуға болмайды.

  2. Құсу рефлексін туғызу.

  3. Шарды үрлеп максимальды керу.

  4. Бетті салқын суға батырып, 10-30 с дем алмау – “суға сүңгу” рефлексі.

  5. Вальсальв сынамасы — демді барынша ішке алып, 5-10 с күшену.

  6. Данини-Ашнер сынамасы — бармақтардың ұшымен науқастың жабық көздерін, 1-3 минут аралықпен кайталап, 4-5с басу.

Кезбе нервісін тітіркендіру әдістерінен көмек болмағанда антиарит-миялық дәрмектерді келесі реттілікпен қолданады: калий дәрмектерімен бірге АТФ—ты 1% ерітіндісінің 1—2 — 4 мл вена ішіне бір өзін| ағызып енгізеді (түйіндік тахикардияда ең жақсы әсер етеді, 95% ты яды), ол әсер етпесе — верапамил 2,5% ерітіндісінің 4 мл бір өзін вена ішіне баяу енгізеді (минутына 0,4 мл), ол әсер етпесе -новокаинамидтің 10% ерітіндісінің 10мл физиологиялық ерітіндінің 10 мл-не қосып венаға енгізеді.

Жүрек шамасыздығы болса — тахикардия ұстамасын басу үшін жүрек гликозидтерін қолданған тиімді (дигоксин 0,025% — 1 мл, строфантин  0,05% — 0,5 (1 мл). Бірақ, WPW синдромында қарыншалар фибриллциясының даму қаупінен, гликозидтерді қолдануға болмайды.

Оның орнына ритмилен, аймалин, этацизин, этмозин ритмонормды пайдаланады.Пароксизмдік тахикардияның салдарынан және антиаритмиялық дәрмектердің әсерінен артериялык қысым күрт төмендеуі мүмкін. Мұндайда норадреналин 0,1%- 1 мл немесе мезатон 1% — 0,5 мл вена ішіне тамшылатып енгізеді.Дәрмектік ем әсер етпесе жүрекшеішілік электрокардиостимуляция немесе электрлік дефибрилляция жасалынуы тиіс.


жүктеу 61,39 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау