309
А қ ы н ә л е м і Үш і н ш і б ө л і м
Бұл екі өлеңдегі лирикалық кейіпкердің
өзінің өткен өмі рін,
қилы тағдырын сапарға шыққан жолаушының жол қиындығын еске
алуы арқылы, символ түрінде жеткізуі ғана емес, ырғақтық өл шем-
дері де бір-бірімен туыстасып тұр.
Жұматайдың бұл өлеңіне Жұмекеннің «Темірқазығының»
әсері болғандығын мынадан да көруге болады: Жұматай өлеңі нің
алғашқы шумағы шығарманың негізгі өзегі болған. Өйткені осы
шумақты ұйтқы етіп, ақынның бірнеше нұсқада өлең жазғандығы
осыны аңғартады. Ал бұл шумақ Жұмекеннің «Темірқазығы ның»
басталуын бірден еске салары сөзсіз. Жұматай аталмыш шу мақ-
тың негізінде жазған өлеңдерінің ең үздігін, өз көңілі толар лықтай
туындыны ғана қалдыруды көздеген болуы тиіс. Алайда ақын
өмірден өткеннен кейін жарық көрген «Көктемгі хаттар» жинағын
дайындау барысында мұндай ерекшеліктердің ескерілмей қалуы
асығыстықтың салдары деп білеміз. Мұны осы жинаққа жазған
пікірінде М.Неталиев те көрсетіп өткен [99].
Ақынның
Әуелеп шырқап әнді үздік
Жүретін, досым, біл сен де:
Ақындық деген жалғыздық ,
Бәрібір қайда жүрсең де [25.34], – деген шумағындағы негізгі
ойды Мұқағалидың «Өмірде ақындардың бәрі жалғыз» [97.269], –
деген әйгілі жыр жолымен байланыстырудың біржақтылық бо лары
даусыз. Өйткені мұндай ұқсастықтар өмірдің типтік жағдайла ры нан
да туындай беруі мүмкін.
Ақынның цитата түріндегі реминнисценцияларына халық
мақал дарынан алынған жолдарды мысал етсек болады:
Жайсаң елім, биік елім, ер елім,
Тек сен айтқан даналыққа сенемін.
Иілгенге иіл деген сен едің,
Шалқайғанға шалқай деген сен едің [25. 117], – дегенде халқы-
мыздың көпке белгілі мақалы көркемдік тұрғыдан игерілсе,
Күледі ел маған, «Күледі жақсы соң күлген»,
Еркек боп тусам, ерітсем дедім тоңды үнмен [25.54], – дегенде,
тіпті орыс мақалы шебер аударылып өлеңнен өз орнын тапқан.
Ж.Жақыпбаевтың шығармашылығынан бұдан өзге де автор-
лық емес сөз түрлерін көрсетуге болар еді. Бірақ біз іріктей келе,
солардың ең негізгілерін ғана сөз еттік. Бұл орайда біз автор лық
емес сөз түрлерінің ұлы қаламгерлер шығармашылығынан жиі
көрінетінін және бұның да суреткерлік шеберлікті әрі туынды-
гердің өзінен бұрынғы немесе өз тұсындағы қалам иелерімен рухани
сабақтастығын, байланысын танытатын құбылыс екенін ескеруіміз
қажет.
310
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Ж.Жақыпбаев туындыларының мәтіндік ерекшелігіне байла-
нысты ондағы сөздік сарындарға (мотивтерге) де тоқтала кетуіміз
керек. «Лирикадағы тұтас поэтикалық
бағдар өзінің сөздік тақы-
рыбының басымдылығымен айқындалатын кезі жиі кездеседі;
Мысалы, сентименталист ақындарға «мұңды», «қажыған», «ымырт»,
«қайғы», «табыт», т.с.с. сөздер тән» [100.30], – дейді белгілі әде биет
теорияшысы В.М.Жирмунский.
Жұматай өлеңдеріне тән сөздік сарындардың бірі – «жұлдыз»,
«аспан», «биіктік». «Жұлдыз» сөзі мұнда халық перзенттерінің өлмес
бейнесі ретінде алынады. Ал «аспан» осы бейненің орын алатын
әлемі. Мұның айқын көрінісін біз жоғарыда біршама талдаған
«Құрдас жұлдыздар» өлеңінен көре аламыз. Бұл шығармадағы «жұл-
дыз» – аяулы ақындар Сәкен, Ілияс, Бейімбеттер, ал «аспан» пен-
деліктен жоғары, бәріне көрнекті, сол көрнектілігімен үлгі боларлық
әлем. Ақынның кей өлеңдерінде «жұлдыз» сөзі айтылмаға ны мен,
аспан
әлеміне деген ұмтылыс, талпыныс – осы сарынның бас қаша
көрінісі. Оған «Бір күлермін ғарыш жаққа кетерде...» өлеңі дәлел
бола алады. Жұматайдың көркемдік әлеміндегі ғарышқа ат тану –
жұлдызға айналу сапары.
Жұматайдың лирикалық қаһарманы жұлдыздар әлемімен сыр-
ласып, оған ең түйінді деген сауалдарын қояды:
«Қалай, – деп, – ағам?» қарадым аспанға кілең,
Бағасын жұлдыз көрсетті бас бармағымен [25.9], – дейді ақын
О.Сүлейменовке арнаған «Аға» атты өлеңінде. Мұндағы лири ка лық
қаһарман үшін жұлдызға айналар тұлғаның бағасын тек «жұлдыз-
дар» ғана бере алады.
Енді бір өлеңдегі лирикалық кейіпкер өзінің сүйіктісін:
Жұлдызымен қоса туған тұлғаны,
Әкете алмас ешбір шайтан иектеп [25.255], – деп дәріптейді.
Мұндағы «жұлдыз» – сүйіктісін жырлау үшін онымен «бірге туған»
лирикалық ақын. Ал;
Мына әлемге жұлдыздардай көптеген
Көк төсінен қарайын ба өкпемен [25.115], –
деген жолдарда бұл
поэтикалық ойлау формасы айқынырақ көрінеді. Осы көркем
ойлау түрі бойынша жұлдызға айналудың, «көк төсінен қараудың»,
немесе «ғарышқа кетудің» сарыны өмірлік тұрғыдан қарасақ, оның
екі түрлі мәнінің бар екенін байқаймыз; біріншіден, бұл өмірдің
аяқталуы, екіншіден, халық тарихынан мәңгілік ақын есімінің орын
алуы. Сондай-ақ ақын жырға қосқан ару бейнесі де «жұлдыздар»
қатарынан орын алатын етіп көрсетіледі. Мәселен,
Бір мін жоқ менің күнімде,
Жалғызды жалғыз дейік те,
Сол ғана келер түбінде,
Жұлдыздай биік бейітке [24.44].
311
А қ ы н ә л е м і Үш і н ш і б ө л і м
Ақынның әрі шығармашылық конценциясын, әрі көркемдік
ойлау жүйесін танытатын бұл сарын мына жыр жолдарынан да
айқынырақ көрінеді.
Шыңға шық өлгің келсе егер,
Шыңға шық өлгің келмесе [24.242].
немесе,
Жаным бар мені шығарар шырқау биікке,
Малым жоқ бірақ түсірер мені төменге [24.97], –
немесе,
Біз байғұстың суретін жұрт көкке ілсе,
Ғұмыр бойы түспейтінін білмей ме?! [24.30]
немесе,
Жүр бері гүл төселген соқпақтармен,
Биікке тумысынан лайықтым [24.60].
немесе,
Көктегі елдің абыройын төкпеңіз,
Бар ма десе, жоқ болса да «көп!» – деңіз [24.71].
Ақын өлеңдеріндегі «гүл», «кемпірқосақ» сөздері эстетика-
лық көркемдікті білдірсе, «құбыла» сөзі билік басындағы
ларды,
әкімшілік жүйені білдіреді. «Мотивтің маңызды белгісі – оның
мәтінде жартылай жүзеге асқан болып көрінуге, онда толық қан-
ды емес жұмбақ түрде танылуға қабілеттілігі» [76. 266], – дейді
В.Е. Хализев. Ақынның бүкіл шығармашылығын жіті оқып шық-
қанда ғана аңғарылатын, бір қарағанда байқала
қоймайтын мұндай
сөздік сарындар да оның туындыларының басты бір мәтіндік ерек-
ше лігін көрсетеді.
Ж.Жақыпбаев лирикасының мәтіндік өзгешеліктері де оның
шығармашылығының «жұмбақ» сырларын ашуға қызмет ететін
болғандықтан, біз еңбегімізде аталмыш мәселеге арнайы тоқталдық.
Жұмыстарымыздың екінші тарауын құрайтын Ж.Жақыпбаев
лирикасының пішіндік көркемдігі мәселесіне біз санаулы қ ы ры нан
ғана келдік. Бұл тұрғыда әлі де айтылар мәселелер аз емес. Біз со-
ның ішінде ақын қолтаңбасына тән ерекшеліктерді айқын көрсе -
тетін тұстарға көбірек тоқталдық. Ақын шығармашылығы алғаш рет
зерттеліп отырғандықтан, жұмыс көлеміне лайықтап, ең ма ңыз ды
деген көркемдік ерекшеліктерді басты нысанада ұстадық.