Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет38/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   95

142
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Румиден жұғысты болған мәжнүндік аңғарылмауы мүмкін бе, 
делқұлы есерліктен арасы ай мен күндей қашық жұмбақ рухқа 
тағзым. Ақындар әрнеден, қас әсемдіктен шаттық аңдайды, алле-
горияға өле ғашық. Ағылшын ақыны Уильям Вордсворт (1770-1850) 
«Нарцисстер» атты өлеңінде күндей сары хош иісті гүлдер ал қапта 
дөңгеленіп, қол ұстасып әндетіп билеп ойнайды, қамықса ақын ның 
көкейінен кетпес қас асыл мезет осы. Джалаледдин Руми, нақ бір 
шейх Мевлеви орденінің биші дәруіштеріндей дөңге леніп.
Руми туралы энциклопедиялық қысқа деректер ғана қыр 
-
дағы қызғалдақтай қаптап өскеніне дәстүрлі мүшелтой айда рын 
жариялағанда көзім жетті. («Абай» журналы, №2. 2007 ж, Жала-
лиддин Руми).
Румиге өзінен кейінгі тұтас бір ақындар ұрпағы еліктеді. «Румидің 
мәні» атты кітапты американ ақыны Колман Баркс құрас тырған. 
Ағылшын тілді елдерде бұл кітаптың таралымы күллі поэ ти калық 
жыр кітаптарынан асып түсті. Дж. Руми атында «Рух алхи миясы» 
атты әдеби сыйлық бар.
3.12.2007 – 3.01.2008.
Сәкен ИМАНАСОВ
ЖҰМАТАЙ 
 
(Ақын Жұматай Жақыпбаев туралы эссе) 
«Жақсының артынан сөз ереді, жаманның артынан бөз...» 
– деген де бір қанатты қағида бар ғой, менің ұғымымдағы 
Жұматай Жақыпбаев ақын да артынан сөз ерген жақсы да жайсаң 
жігіттердің бірі еді. Онымен ең алғаш рет 1969 жылы кездестім, 
білем. Талдықорған облыстық «Октябрь туы» аталатын газет 
редакциясында істеймін, сондағы әдебиет пен өнер бөлімінің 
меңгерушісімін. Осы өңірдегі өлең жазатын, әңгіме құрастыратын, 
әйтеуір өмір жолын әдебиет жағына бағыштаймын дейтін үлкен-
кішінің бәрі дерлік біздің алдымызға топырлап келіп жатады. Бәрін 
де жылы жүзбен қабылдап, қолдан келсе демеу болуға барымызды 
салып-ақ жүретін кезіміз еді. Күндердің күні болғанда маған сәлем 
беріп, қызыл шырайлы, суағарында сұлу ғана мұрты бар, насыбай 
ататын адамдарша астыңғы ернін жымыра сөйлейтін, жымия 
күлетін шымыр денелі бір жас жігіт келді. Асықпай ғана амандасып 
болды да, баппен қозғалып, қарсы алдыма келіп отырды. Аты-


143
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
жөнін, өзінің өлең жазатынын айтты-ау деймін. Әлденеге көңіл-
күйім болмай тұрды ма, мұндай жігіттердің күніге бірі кіріп, бірі 
шығып жататынына етіміз үйреніп кеткендіктен бе, сөзін самарқау 
ғана тыңдадым-ау деймін. Әйтеуір алғашқы кездесуде соншалық 
елпілдеп, емешегім үзіле қойды деп айта алмас едім. Ол маған қолмен 
жазылған бес-алты өлеңін қалдырды да, «оқып көрерсіз» деп, сол бір 
өзіне тән салмақты жүрісінің сәнін бұзбаған қалпында жағалай бас 
изеп, жымия қоштасты да, есіктен шығып кете берген. Кекеткені 
ме, келіскені ме, белгісіз, сол бір танау астындағы жымиысы ғана 
есімде қалып қойыпты. 
Араға біраз күндер салып барып, қағаздарымды ақтарып 
отырсам, сол жігіттің қалдырып кеткен өлеңдері жатыр екен. 
Алдымен аты-жөніне көзім түсті – Жұматай Жақыпбаев. Енді 
жазғандарына үңілейін. Пәлі, дерсің! Мынауың мықты ғой! 
Өлеңдері жұтынып-ақ тұр екен, қамшы салдырар емес. Жасырмай-
ақ қояйын, редакциямызға өлең жазатындар көп келгенімен, дәл 
мұндай шымыр да жұмыр жырлар кезіге бермейтұғын. Ара-тұра 
осы іспеттес шуақты шумақтар қолымызға тие қалса, жабыла оқып, 
жамырай талқылап, өреміз жеткенше өзеурей пікір айтып, тезірек 
жариялап жіберуге асығушы едік. Біздің бөлімде Шұғай Өсіпов
Свет Оразаев, Жайырбек Қаспақов сияқты жігіттер істейтін, кейін 
олардың қатарына аты шығып, атағы жайыла бастаған Ақұштап 
Бақтыгереева келіп қосылған. 
Міне, бұл жолы да басымыз түгел түйісе қалып, Жұматай 
өлеңдерін жапатармағай сүйсініп оқып жатырмыз. Свет, Ақұштаптар 
оны сыртынан жақсы білетін де болып шықты. «ҚазМУ-де оқыған, 
боксшы жігіт!» деп те жіберді біреулері. Оны білеміз дейтіндердің 
Жұматай жайындағы мінездемелері жақсы екен, әнеу күні өзім 
де бір көргеннен ұнатып қалғандай едім. Әсіресе оның кісіні 
жатсынбай, жатырқамай қарайтыны, үргелектемей, ойын да, 
бойын да көтере түсіп, өзін-өзі еркін ұстайтыны байқалып қалып 
еді. Маған сонысымен де жағып қалса керек. Өлеңін жарияладық. 
Бұдан кейін ол бізге жиі келіп, үзбей араласып жүретін болды. Сол 
жылдары мен Жаркент жақтан Әбен Дәуренбеков деген тағы бір 
жақсы ақынды тауып қайтып, қызметке де алдырған болатынмын. 
Көп ұзамай Жұматай да бізге келіп, жұмысқа орналасты да, 
мінезінің жұғымдылығынан болар, аз ғана күндер ішінде тонның 
ішкі бауындай араласып, жақындасып кете бергенбіз. Ол ұдайы өзін 
ірі ұстайтын, бірақ кіші екенін әсте естен шығармайтын тәкаппар 
қалпындағы інілігінен жазбады, мен аға болып қала бергенмін. Бір 
мен ғана емес, Жұматай дегенің айнала жүргендердің бәріне сүйкімді 
жігіт болып шықты. Өз бойына жарасымды әзіл-оспақ, сыпайы 
қалжың-қағытпаларымен үлкеннің де, кішінің де тілін тауып, 


144
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
басшылардың да ойынан шыға білді. Жатыпатар шымшымалары да 
жоқ емес, бірақ артық кетпейді, ешкімнің кемістігін айтып, шенеп-
мінемейді. Мысқылының өзін мысалмен түйіндеп, әжуасын әзілге 
айналдырып, ұтқыр да ұтымды айтқыштығымен жуып-шайып, төніп 
келе берген даудың алдын алып, жайма- шуақтандырып отырады. 
Өз шығармашылығына келгенде өте бипаз, асығып-аптығу 
дегенді білмейді, талғампаз, бір образ не ойына алған детальдің 
соңына түссе, қашан иі қанғанша ұзақ толғатып жүріп ала тыны, 
замандасы Әбдіраштың Жарасқаны айтқандай, «бір күн жазған 
өлеңін бір жыл насихаттайтыны» бар еді. Біз білетін Жұматай 
әртүрлі бас қосуларда, өзімен қатарлас жүретін жора-жолдас ара-
сында соларға арнап шығарған сексеуіл шоғындай ұшқын атқан 
экспромт-шумақтарын оңды-солды аямай шашып жүретін еді. 
Бірақ атқан оғы құр кетпейтін құла мергендей, кімге қарата айтса 
да, сол сөзін арнаған адамның бүкіл бітім-болмысын, мінез-құл-
қын, ішкі-сыртқы кескін-келбетін қолмен қойғандай дәл бе ретін 
еді, әлгі нысанаға алған үлкен- кішінің өздері де, ондай өлеңді ес-
тіген өзгелер де ұмытпай, біріне бірі айтып, қақпақылдай қағып ала 
жөнелетін. Біріне бірі жеткізіп, соған өздері де мәз-мәйрам бола 
күле жүріп, ауыздан ауызға таратып жіберетін. Әсіресе «Октябрь 
туы» редакциясында өзімен бірге қызмет атқарған жігіт-желең, 
қыз-қырқын, тіпті тікелей бастықтарына қарата айтқан бір шумақ, 
жарым шумақ өлеңдері көп болушы еді. 
Ол өзі, қалай десек те, табиғаты бөлек, жаратылысынан сұң  ғыла, 
туа бітті тектілігі бар, жүріс-тұрыс, бітім-болмысымен баяғы  ның 
сал-серілеріне ұқсап туған жігіт болатын. Жоққа бола күйге лек-
тене күйіп-пісу, болымсыз табысына бола күпіне мақтанып, асып-
тасуға мүлдем жоқ еді. Кейде мен оған: «Осы келе жатқаныңда, шы-
ныңды айтшы, қалтаңда ғой көк тиын жоқ, бірақ мыңды айдаған 
бай баласы сияқты маң-маң басасың, аспан айналып жерге түседі 
десе де асықпас маңғаздың өзісің» – дейтін едім. «Өзіңізге.., өзіңізге 
тартқамыз ғой, көке!» – дейтін де қоятын еді ол. Сұлу мұртын бір 
сипап, миығынан күлген қалпымен жөніне кете берер еді. 
... Зайдаға қосылғанша (ақын Зайда Елғондинова) салт басты, 
сабау қамшылы күйінде біраз жүріп қалды. Төрт-бес адам бас 
қосқан жерде, оның үстіне айналасы аузына қарап қолпаштай түсіп, 
көтермелеп отырса, ол өзін барынша еркін сезінетін еді, дом быра 
да шертетін, әншілерге де қосылып кетіп, қасындағыларға қарата 
достық әзілдің де жеті атасын қарша боратып, төңірегін түгел 
күлдіріп, өзі де күліп, мәз болып отырушы еді, көп кісілік думанды 
дүрмекті ұната бермейтін. 
Жұматайдың көбіне-көп қалжың нысанасына алатын адамы   ның 
бірі – аға досы, ақын Әбен Дәуренбеков болушы еді.«Әзілің жа  расса 


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау