Қаржылық көзқарас жағынан мемлекеттік бюджеттің үш негізі түсініктемесі бар


Мелмекеттік бюджет есебінен берілетін несие саясаты



жүктеу 1,35 Mb.
бет5/5
Дата22.02.2018
өлшемі1,35 Mb.
#10453
1   2   3   4   5

3.4 Мелмекеттік бюджет есебінен берілетін несие саясаты

Бюджеттік кредит – бюджеттен қайтарымды, мерзімді және ақылы негізде бөлінетін ақша. Бюджеттік кредиттеу – бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім қабылдау рәсімдерін қамтитын процесс. Кредиттік шарт – бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезінде тараптардың құқықтық қатынастарын белгілейтін, кредитор, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және қарыз алушы арасындағы келісім.



Бюджеттік кредиттер: орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға; мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін іске асыруға; облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кассалық алшақтығын жабуға; мемлекеттің жүз процент қатысуымен қаржы агенттіктерінің (бұдан әрі – қаржы агенттіктері) мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына бағытталады.

Бюджеттік кредиттер тиісті қаржы жылына арналған республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттік бағдарламаларда көзделген бағыттар бойынша және сомалар шегінде беріледі.

Бюджеттік кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу мақсаттарына, қарыз алушының шаруашылық қызметінің залалдарын жабуына, көрсетілетін қызметтер үшін сенім білдірілген тұлғаларға (агенттерге) ақы төлеуге берілмейді.

Бюджеттік кредиттер мынадай талаптар сақталған жағдайда беріледі:

1) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болмауы;

2) қарыз алушының бюджеттік кредит бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін жағдайының болуы;

3) қарыз алушының бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша берешегінің болмауы.

Бюджеттік кредиттер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Қазақстан Республикасының орта мерзімдік фискалдық саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

Бюджеттік кредиттер беру мынадай принциптерге:

1) кредит шартына сәйкес бюджеттік кредитті өтеу міндеттілігін көздейтін қайтарымдылық принципіне;

2) міндеттемелердің орындалуын Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәсілдермен қамтамасыз ететін жағдайының болуын көздейтін қамтамасыз етілу принципіне;

3) бюджеттік кредитті бергені үшін қарыз алушыға ақы төлеуін көздейтін ақылылық принципіне;

4) бюджеттік кредитті беру мерзімін белгілеуді көздейтін мерзімділік принципіне сәйкес жүзеге асырылады.

Бюджеттік кредиттеу өлшемдері

Бюджеттік бағдарлама мынадай өлшемдер сақталған жағдайда бюджеттік кредит беру арқылы іске асырылады:

1) орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес келу;

2) іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі;

3) бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы;

4) қарыз алушының Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өлшемдерге сәйкес кредиттік қабілеті.

Бюджеттік кредиттеу субъектілері кредитор, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, қарыз алушы, соңғы қарыз алушы, сенім білдірілген өкіл (агент) болып табылады. Бюджеттік кредиттеу субъектілерінің құқықтары мен міндеттері осы Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріне сәйкес кредиттік шартпен және (немесе) тапсырма шартымен айқындалады.



Кредитор – Қазақстан Республикасының бюджеттік және азаматтық заңдарына сәйкес бюджеттік кредит беретін кредит шартының тарабы. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттеу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі кредитор болып табылады.Бюджеттік кредиттеу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан әрекет етеді.Жергілікті бюджеттен бюджеттік кредиттеу кезінде тиісті жергілікті атқарушы орган кредитор болып табылады. Кредитор осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджеттік кредит беруді қамтамасыз етеді, кредит шарты талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік кредиттеу кезінде кредиттік шарттың тарабы болып табылады және:

1) қаржы агенттіктерін қоспағанда, қарыз алушы банктерді және сенім білдірілген өкілдерді (агенттерді) конкурстық негізде айқындауды;

2) бюджеттік кредиттердің нысаналы және тиімді пайдаланылуының, өтелуі мен оларға қызмет көрсетілуінің бақылауы мен мониторингін жүзеге асырады.



Қарыз алушы – бюджеттік кредитті алушы, негізгі борышты өтеу және сыйақы, сондай-ақ кредиттік шартқа сәйкес басқа да төлемдерді төлеу жөнінде міндеттемелер алатын кредит шартының тарабы.

1) жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары;

2) қарыз алушы банктер – Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

3) жергілікті атқарушы органдар;

4) шетелдік мемлекеттер қарыз алушылар бола алады.

Соңғы қарыз алушы – қарыз беруші банк оған кредитор немесе қаржы агенттігі айқындаған шарттармен беретін бюджеттік кредитті соңғы алушы.

Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар соңғы қарыз алушылар бола алады.

Соңғы қарыз алушыларды іріктеуді және кредиттеуді бюджеттік бағдарламаның мақсатына, сондай-ақ өздерінің кредиттік саясатына сәйкес қарыз алушы банктер жүзеге асырады.

1. Сенім білдірілген өкіл (агент) – тапсырма шартының негізінде кредитордың (сенімгердің) атынан және оның есебінен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредит беруге байланысты белгілі бір тапсырмаларды жасайтын тұлға.

2. Сенім білдірілген өкіл (агент) кредитордың (сенімгердің) тапсырмасы бойынша мынадай іс-қимылдарды орындай алады:

1) қарыз алушыларды - жеке тұлғаларды айқындау және олармен кредиттік шарттар жасасу;

2) бюджеттік кредиттерге қызмет көрсету;

3) қарыз алушылармен есеп айырысу;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берешекті өндіріп алу.

Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым сенім білдірілген өкілдер (агенттер) болып табылады.

Қаржы агенттігін қоспағанда, сенім білдірілген өкілді (агентті) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган немесе бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес белгілейді.

Кредитор (сенімгер) тиісті бюджет қаражаты есебінен сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырмаларды орындағаны үшін сыйақы төлеуді жүзеге асырады.

Сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырмаларды орындағаны үшін сыйақы төлеу мөлшері тапсырма шарттарында белгіленеді.



. Бюджеттік кредиттеу шарттары Кредиттік шартта бюджеттік кредиттің мынадай негізгі талаптары міндетті түрде болуға тиіс:

1) берудің мақсаты;

2) мөлшері;

3) валютасы;

4) мерзімі;

5) игеру кезеңі;

6) сыйақы ставкасы.

Бюджеттік кредиттің негізгі шарттары және қарыз алушылардың санаты кредитордың шешімімен белгіленеді.Кредиттік шартқа қосымша талаптар, соның ішінде бюджеттік кредитті беру тәсілін айқындайтын талаптар, бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету кестесі, бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері енгізіледі.



Бюджеттік кредиттің мерзімі – қарыз алушы бюджеттік кредит алатын, пайдаланатын, оған қызмет көрсететін және оны өтейтін уақыт кезеңі.Бюджеттік кредиттің мерзімі бюджеттік кредиттің қаражатын кредитордың шотынан аударған кезден бастап есептеледі.Бюджеттік кредиттер берілу мерзіміне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

1) қысқа мерзімді – 1 жылға дейін;



  1. орта мерзімді – 1 жылдан 5 жылға дейін;

  1. ұзақ мерзімді – 5 жылдан 30 жылға дейін.

Бюджеттік кредитті игеру кезеңі – бюджеттік кредиттің берілу мақсаттарына сәйкес іс-шараларды іске асыру үшін қарыз алушы бюджеттік кредитті пайдалана алатын уақыт кезеңі.

Бюджеттік кредиттің пайдаланылмаған бөлігі игеру кезеңі аяқталған күннен бастап үш күннің ішінде тиісті бюджетке қайтарылуға тиіс.



Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуы кепілмен, кепілдікпен, кепілгерлікпен немесе Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта көзделген басқа да тәсілдермен қамтамасыз етіледі.Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенттіктеріне республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін. Бюджеттік кредиттің қайтарылуын қамтамасыз ету қ±ны сыйақы сомасы ескеріле отырып, бюджеттік кредит мөлшерінен кем болмауға тиіс.Бюджеттік кредит жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бағалау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бағалау жөнінде көрсетілген қызметтерге ақы төлеуді қарыз алушы жүргізеді.

Сыйақы ставкасы сыйақы – бюджеттік кредит берілгені үшін қарыз алушы жүзеге асыратын төлем. Сыйақы ставкасы – жылдық проценттер түрінде көрсетілетін сыйақы мөлшері. Сыйақы ставкасы тіркелген немесе құбылмалы болуы мүмкін.Тіркелген сыйақы ставкасы – мөлшері бюджеттік кредиттің барлық мерзіміне өзгеріссіз белгіленетін сыйақы ставкасы. Құбылмалы сыйақы ставкасы – қаржы рыногындағы конъюнктураға байланысты өзгеріп тұратын сыйақы ставкасы. Бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы ставкасы, бюджеттік кредиттер бойынша қаржы агенттіктеріне сыйақы ставкаларын қоспағанда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шығарған мемлекеттік бағалы қағаздардың тиісті түрлері бойынша табыстылықтың орта өлшемді ставкасынан төмен емес шамада белгіленеді.Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шығарған тиісті мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша табыстылықтың орта өлшемді ставкасын анықтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Бюджеттік кредит беру тәсілі қарыз алушының төлем құжаттарына ақы төлеу бір мерзімде не аудару кестесіне сәйкес бөліп-бөліп немесе қарыз алушының тиісті құжаттар беруіне қарай қарыз алушының банк шотына аудару арқылы берілуі мүмкін.

Бюджеттік кредитті өтеу мен оған қызмет көрсету кестесі бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету кестесі бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі төлемдердің мерзімдерін, кезеңділігін белгілейді. Кредиттік шартта жеңілдік кезеңін беру көзделуі мүмкін.Жеңілдік кезеңі – бюджеттік кредит мерзімінің құрамына кіретін уақыт кезеңі, бұл кезеңде қарыз алушы кредитті қайтаруды жүзеге асырмайды.

Бюджеттік кредиттеу рәсімдері бюджеттік кредит беру туралы шешім қабылдау бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламалардың іс-шараларын бюджеттік кредиттеудің, әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспары мен орта мерзімді фискалдық саясаттың мақсатқа сай екендігін айқындауды; бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыру ұсынылатын бюджеттік бағдарламаның бюджеттік кредиттеу өлшемдеріне сәйкестігіне қатысты қарауын; бюджеттік өтінімді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қорытындысын бюджеттік комиссияның қарауын; бюджеттік комиссияның оң шешімі болған жағдайда тиісті қаржы жылына арналған бюджеттің жобасына бюджеттік бағдарлама енгізуді қамтиды.

Бюджеттік кредит беру рәсімі мынадай кезеңдерді:

1) бюджеттік кредиттің негізгі талаптарын айқындауды;

2) қарыз алушыны айқындауды;

3) кредиттік шарт және олармен байланысты шарттар жасасуды;

4) қарыз алушыға бюджеттік кредит беруді қамтиды.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері кезекті қаржы жылына арналған тиісті бюджеттер бекітілгеннен кейін бюджеттік кредиттердің негізгі шарттары мен қарыз алушылардың санаттары туралы кредитор шешімдерінің жобаларын бекітуге енгізеді.

Қарыз алушыларды: Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджеттік кредиттеу кезінде тапсырма шартына сәйкес сенім білдірілген өкіл (агент); қаржы агенттіктерін қоспағанда, қарыз алушы банктерді бюджеттік кредиттеу кезінде конкурс нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісі айқындайды. Қарыз алушы банктерді іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді; жергілікті атқарушы органдар бюджеттік кредиттеу кезінде қарыз алушылар осы Кодекске сәйкес айқындалады; шет мемлекеттерді бюджеттік кредиттеу кезінде қарыз алушылар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес айқындалады.

Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда бюджеттік кредиттер алады.Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджеттік кредиттеу сенім білдірілген өкілдер (агенттер) арқылы жүзеге асырылады. Бюджеттік кредит беру кредиттік шарт, тапсырма шарттары және бюджеттік кредит бойынша міндетемелердің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттар жасалып, тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады.Бюджеттік кредит беру кезіндегі қажетті құжаттар тізбесін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.Бюджеттік кредиттер беру жөніндегі қаржылық рәсімдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады.

Шет мемлекеттерге бюджеттік кредиттер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сєйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен беріледі. Шет мемлекеттерге бюджеттік кредиттер шет мемлекеттер бюджеттік кредит беру туралы халықаралық шартқа міндетті к‰ш беру ‰шін қажетті мемлекетішілік рєсімдерді ж‰ргізген жағдайда беріледі.Шет мемлекеттерді бюджеттік кредиттеудің тєртібі мен талаптары бюджеттік кредит беру туралы халықаралық шартта белгіленеді. Шет мемлекеттерге берілген бюджеттік кредит бойынша негізгі борыш шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасы алдындағы борышын қ±райды.

Бюджеттік кредитті пайдалану қарыз алушы бюджеттік кредит қаражатын бюджеттік бағдарлама паспорты мен кредиттік шартта көзделген мақсаттарға ғана пайдаланады. Бюджеттік кредит өз нысанасында пайдаланылмаған жағдайда қарыз алушы Қазақстан Республикасының заңдарына сєйкес жауаптылықта болады.

Бюджеттік кредитке қызмет көрсету – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның немесе сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бюджеттік кредит қаражатының пайдаланылуын есепке алу және қарыз алушының кредиттік шарттың талаптарына сәйкес негізгі борышты, сыйақыны және басқа да төлемдерді өтеуге төлемдер жасауды жүзеге асыру жөніндегі қызметі.Негізгі борыш – ол бойынша есептелген сыйақы, комиссиялық төлемдер, т±рақсыздық төлемдері (айыппұлдар, µсімдер) сомасы ескерілмей алынған және өтелмеген бюджеттік кредит сомасы. Негізгі борышқа қызмет көрсету – кредиттік шарт талаптарына сәйкес, белгілі бір уақыт кезеңіндегі сыйақының, өзге де төлемдердің жиынтық төлемдері.

Берешек – бюджеттік кредитті (кредиттік шартты) өтеу және оған қызмет көрсету кестесіне сәйкес мерзімі басталған, қарыз алушы төлемеген төлемдер сомасы.Сыйақыны есептеу кредитордың шотынан бюджеттік кредит аударылған күннен бастап ол толық өтелген күнге дейін бюджеттік кредит бойынша негізгі борыш сомасына қойылған сыйақы ставкасы бойынша жүргізіледі. Сыйақыны есептеу тәртібі кредиттік шартта белгіленеді.Сыйақыны есептеу үшін жылдың 360 күні және айдың 30 күні есепке алынады.Төлем мерзімі басталған кезде қарыз алушы негізгі борыш пен сыйақы бойынша тиісті бюджетке төлем тапсырмасымен ақша аудару арқылы кезекті төлемдерді жүзеге асыруға міндетті. Берешек пайда болған кезде бюджеттік кредитке қызмет көрсету төлемдердің мынадай кезектілігімен жүзеге асырылады:

1) есептелген т±рақсыздық төлемі (айыппұлдар, өсімпұл);

2) есептелген сыйақы;

3) негізгі борышты өтеу.



Бюджеттік кредитті өтеу - кредиттік шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты қарыз алушының µтеуі. Бюджеттік кредиттен қарыз алушылардың кредитормен немесе сенім білдірілген өкілмен (агентпен) келісім бойынша кредитті мерзімінен бұрын өтеуге құқығы бар. Қарыз алушы кредиттік шарттың талаптарын бұзған кезде кредитордың немесе сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тапсырма шартына сәйкес кредитті мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге құқығы бар. Қарыз алушыда бюджеттік кредит бойынша берешек пайда болған кезде кредитор немесе сенім білдірілген өкіл (агент) тапсырма шартына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен кредиттің өтелуін қамтамасыз ететін шаралар қабылдайды. Бюджеттік кредит бойынша берешекті өтеу есебінен өндіріліп алынған мүлік Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өткізілуге және (немесе) мемлекеттік меншікке айналдырылуға жатады.Бюджеттік кредитті өтеу есебінен мемлекеттік меншікке айналдырылатын мүлікке бағалау ж‰ргізуге арналған шығыстар тиісті бюджет қаражаты есебінен төленеді. Бюджеттік кредит бойынша берешекті өтеу есебінен мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру кезінде кредитор талаптарының мµлшері мүлік құнының сомасына кемітіледі.

Бюджеттік кредит бойынша жергілікті атқарушы органда берешек болған немесе ол бюджеттік кредиттің нысаналы мақсатына пайдаланылмаған жағдайда кредитор берешек сомасын немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған соманы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жергілікті бюджеттің есебінен шығаруды жүзеге асырады.



Қорытынды.

Қорыта келгенде, соңғы жылдары мемлекеттік бюджет жағдайы жақсарып келеді. Себебі кейінгі жылдарда мемлекеттік бюджеттегі артықшылықты (профецит) байқап отырмыз. Ол әрине оң нәтижелерге алып келетін жағдай. Мемлекет өз кезегінде әрқашан, яғни жыл сайын 1%-2,5%-3% ға дейін бюджет тапшылығын (дефецит) жоспарлап отырады. Ол тек қана біздің Қазақстан Республикамыздағы ғана тән нәрсе емес. Ол әрбір мемлекетте қаралады және жүргізіледі.

Бюджет тапшылығы шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізінде бөлінген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асып түсуін қамтып көрсетеді. Бекітілген республикалық бюджет тапшылығының көлемі ұлттық валютамен және жалпы ішкі өнімге пайызбен, ал облыстық бюджеттер, Астана және Алматы қалалары бюджеттердің тапшылығы ұлттық валютамен көрсетеді. Ал бюджет профециті-бұл бюджетке түсетін кірістер мен ресми трансферттер түсімдерінің және бұрын бюджеттен терілетін кредиттерді ауқымынан асып түсуі. Бекітілген бюджет профецитінің көлемі де ұлттық валютамен немесе жалпы ішкі өнімге пайызбен есептеледі.

Мемлекеттік бюджеттің соңғы бөлігі-бюджет тапшылығын (профецитін пайдалану) қаржыландыру ішкі және сыртқы мемлекеттік борышты өтеу жөніндегі шығыстарды қамтып көрсетеді;

Оның қос арналымы бар;

1) тапшылық болған жағдайда-ішкі көзден (Ұлттық банктен, комерциялық банктерден, бағалы қағаздар сатудан, есепке алу бойынша, шығыстарды жабуға бағытталған жыл басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары) және сыртқы қарыздардан қаражаттар тарту.

2) профецит кезінде-жоспардан тыс түсімдерді, біріншісі кезекте мелекеттік міндеттемелерді өтеуге немесе бірінші кезектегі бюджеттегі бағдарламаларды қосымша қаржыландыруға пайдалану.

Бюжеттік жоспарлау –мемлекеттің қаржы саясатының талаптарына бағындырылған қаржылық жоспарлаудың маңызды құрамды бөлігі. Мұндай жоспарлаудың маңызды экономикалық мәні елдің жалпыұлттық элеуметтік экономикалық дамуы негізінде түрлі деңгейдегі бюджетті жоспарлау мен олардың атқарылуы процесінде бюджет жүйесінің буындары арасында қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде болып отыр. Бюджеттік жоспарлау барысында қаржы елдің дамуының мемлекеттік бағдарламасының экономикалық және сапалық көрсеткіштеріне және оған қоса табиғи, материал, еңбек және қаржы ресурстарына белсенді ықпал жасады. Бюджеттің кірістері – бюджетке қайтарылмайтын негізінде салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті алынатын түсімдердің, соңында ақ капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістердің көлемі. Бюджеттің шығыстары- бұл бекітілген шегінде қайтарылмайтын негізінде бөлінетін қаражаттар.

Айта келе мен бюджет жүйесіне қосар усынысым бүгінгі таңға бюджеттік сыныптама негізінде, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты төмендегі көрсетілген кесте негізінде қажыландырылады.


Ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы.



















Фун.топ


Кіші фун

Бюд. Бағд

Бағдар

Кіші бағд

Атауы.


01













Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер




1










Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар







123







Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты










001




Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету













003

Жергілікті органдардың аппараттары













007

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру













008

Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары және құрылыстарын күрделі жөндеу













009

Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру

04













Бiлiм беру




1










Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту










004




Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарынің қызметін қамтамасыз ету




2










Жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта бiлiм беру










005




Ауылдық (селолық) жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру




9










Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер










002




Ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру




2










Әлеуметтiк көмек










003




Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету

07













Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық




1










Тұрғын үй шаруашылығы










007




Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру




2










Коммуналдық шаруашылық










014




Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру




3










Елді-мекендерді көркейту










008




Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру










009




Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету










010




Жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу










011




Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

08













Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк




1










Мәдениет саласындағы қызмет










006




Мәдениет ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету

12













Көлiк және коммуникация




1










Автомобиль көлiгi










012




Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарын инфрақұрылымын дамыту










013




Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Айтар болсақ 2005 дейін ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараттары, қаржыландыру процесінің бюджеттік бағдарлама әкімшісі аудан әкімінің аппараты болып табылатын. Қазақстан Республикасы Ел басының 2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» болып жариялау бағытында ауыл мәселесіне үлкен серіпініспен көніл аудара бастады. Ауыл жылдарында Үкімет тек қана ауыл шаруашылық деңгейін көтерумен шектелмей ауыл бюджетін жақсартуға өте үлкен үлес қосты.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысына 24 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту» туралы № 1362 қаулысымен, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты болып арнайы № 123 санды бағдарлама әкімшісі болып ашылды. Ашылған бағдарлама әкімшісі тек қана ауыл әкім аппаратын қаржыландыруменғана шектеліп қалған болатын. 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысына бір қатар өзгеріс пен толықтырулар енгізілді, өзегірске сәйкес ауыл бюджетіне мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарынің қызметін қамтамасыз ету, ауылдық (селолық) жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру, ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру, мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру, елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру, мәдениет ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету т.б, қызметтерін қаржыландыру тіке ауыл әкімінің құзырына кірді. Ауыл бюджеті бойынша атқарлылған жұмыстар әліде жеткіліксіз болуда, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың айтқанындай «Ауыл қалалардың анасы» демекші, ауыл жағдайын жақсарту мақсатында әліде ауыл бюджетіне көп көніл бөлу керек деп есептеймін.

Менің айтар негізгі ұсынысым ауыл бюджетіне жалпы білім жүйесіне, денсаулық сақтау саласына, құрылыс жұмыстарына жәнеде ауыл шаруашылық саласына бөлінетін несие қаражаттарының толық қаржыландырылуын ауыл бюджет құзырына жатқызса, Қазақ еліміздің әлемдегі бәсекеге қабылетті нарықтық экономикасы дамыған 50 елдің қатарына қосылуға деген ұмтылысы Тәуелсіз елдің реформалар тәжірибесімен туындаған жаңа экономикалық бағыт болады деп сенемін.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

    1. Вахрин П.И., Нешитой А.С., Финансы: Учебник для Ввузов.-Информационно-внедрический центр «Маркетинг» 2000 г. 502 с.

    2. Дробозина Л.А Финансы. Учебник для Ввузов.-М.:ЮНИТИ, 2000г. 527 с.

    3. Кажикаримов Б.К., Омирбаев С.А. Теория финансов. Учебное пособие. –Караганда.КарГУ 1996-80 с.

    4. Құлыпыбаев С. Қаржы. Оқу құралдары-Алматы; Мерей 2000 ж.-154 б.

    5. Құлыпыбаев С., Баязитова Ш., қаржы теориясы. Оқұ құралы-Алматы: Мерей, 2001ж-176 б.

    6. Мельников В.Д., Ильясов К.К., Финансы Учебник для вузов.-алматы: 2001 г. 512 с.

    7. Мельников В.Д., Ли В.Д., общий курс финансов. Учебник для вузов-Алматы: институт развития Казахстана, 2001г – 285с.

    8. Мамыров Н.К., Сахова А.Н., Ахметова Ш.С., Брузати Л.Н., М22 Госудаство и бизнес. Менежмет государственного сектора. Книга 3: Учебник –Алматы: Экономика, 2002 г. 736 с.

    9. Омирбаев С.М. Финансы: Учебное пособье для вузов.-Астана: 2003 г. -385

    10. Райзберг Б.А., Лозоковский Л.Ш., Стародубцева Е.Б. Современный экономический словарь. – М: ИНФРА-М, 1997-496с.

    11. Родионова В. М. Государственный бюджет и его роль в сбаланстрованности развития экономики. –М., Финансы и статистика 1992 год -143с.

    12. Айматова Г. Өтпелі кезеңнің пробелемалары және жүзеге асыру перспективалары. Ақша-кредит саясаты. /// Егемен Қазақстан: -2004 ж. №127-19 мамыр.

    13. Әжібеков Қ. Бюджеттің жүгі зіл батпан. /// Қаражы-қаражат; 7/2003 жыл.

    14. Ережепов С. Бюджте реального развития. /// Қаражы-қаражат; 1/2001 жыл.

    15. Құрмашева Қ. Мемлекеттік бюджеттің атқарылуы /// Егемен Қазақстан: -2004 ж. №115-14 маусым.

    16. Сапаралиев Ж. Жаңа бюджет жаланаң жаңалығы көп /// Қаражы-қаражат; 3/1999 жыл.

    17. Сахова А. Структура бюджетного планирование Қаражы-қаражат; 6/2003 жыл.

18.Қазақстан Республикасының Заңы: Қазақстан Республикасының « Бюджет кодексі» 2004 жыл 24 сәуір, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы №110 қаулысы

Қосымша 1.

Мемлекеттік бюджет сипаттамасы.


Негізгі қаржы жоспары

Мемлекет заңы

Әлеуметтік-экономикалық дамуды басқару механизімі




Мемлекеттік бюджет




Мемлекеттік орталықтандырылған ақша қоры

Ресурстар

Экономикалық категория

Қатынастар


Қосымша 2.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің сызбасы.



Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті.





Республикалық бюджет




Жергілікті бюджеттер




Обылыстардың бюджеті






Астана және Алматы қалаларының

бюджеттері




Облыстық

бюджеттер







Аудандық

бюджеттер






Облыстық бағыныштағы және қалалардың бюжеттері.




Қалалық бюжеттер




Аудандық бюджеттер





жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау