Қазіргі кездегі бухгалтерлік есеп пен аудиттің ролі а. Р. Касимбеков



жүктеу 53,92 Kb.
Pdf просмотр
Дата24.12.2017
өлшемі53,92 Kb.
#5619


www.enu.kz

 

 

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН АУДИТТІҢ РОЛІ 



 

А.Р. Касимбеков  

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., 

Қазақстан Республикасы 

E-mail: 


Abylai_922@mail.ru

 

                                       



Бүгінгі  таңда  егеменді  Қазақстаның  нарықтық  жолға  кӛшуіне 

байланысты  жаңа  кәсіпкерлік  қызметтердің  пайда  бола  бастауына  сәйкес 

бухгалтерлік есептің маңызы мен рӛлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік 

есептің  мазмұны  мен  құрылымына  ӛзгерістер  енгізілді.  Елімізде  жүргізіліп 

отырған  бухгалтерлік  есеп  толығымен  халықаралық  қаржылық  есеп  беру 

талаптарына  сай  орындалады. Міне  осыларды  ескере  отырып  бұрын  есепші 

деп  саналып  келген  бухгалтер  маманы  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайына 

нықтап,  бағалап,  есептеп  отырумен  қатар  кәсіпорынның  алдағы  уақыттағы 

экономикалық  әл-ауқатын  дамыту  жолдарын  жоспарлай  білуі  қажет. 

Сондықтан  да  кез-келген  елде  бухгалтер  мамандарын  барынша  білімді  етіп 

даярлау  сол  елдегі  ұйымдарды  экономикалық  жағынан  тұрақты  дамуына 

кепілдік береді. 

Кез-келген    ұйымда    бухгалтерлік  есеп  жұмысын  жүргізу 

экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. 

Бухгалтерлік  есеп  арқылы  ӛндірілген  ӛнімді  есепке  алуға,  сатып-ӛткізуге, 

айырбастауға  және  одан  түскен  қаржыны  тиімді  де  ұқыпты  етіп  бӛліп 

жұмсауға,    яғни  кәсіпорындағы  шаруашылық    үдерістердің  барлығын 

басынан соңына дейін есептеуге болады. 

Қазіргі  кезде  Қазақстан  Республикасында  бухгалтерлік  есептің  әрі 

қарай  даму  және  жетілдіру,  нормативтік-құқықтық  актілерді  жасау  және 

бекіту, оның жаңа жүйеге-адекватты нарықтық экономикаға ӛтуін жеделдету 

жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Қазақстан  Республикасының  2007  жылғы  28  ақпандағы  «Бухгалтерлік 

есеп пен қаржылық есептілік туралы» №234 Заң Қазақстан Республикасында 

бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттейді.Бүгінгі таңда ел 

экономикасының  нарықтық  жолға  кӛшуіне  байланысты  жаңа  кәсіпкерлік 

қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен 

рӛлі  арта  түсуде.  Осыған  орай  бухгалтерлік  есептің  мазмұны  мен 




www.enu.kz

 

 

құрылымына ӛзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік 



есеп  жұмысы  ірі  және  жария  мүдделі  кәсіпорындарда  халықаралық 

қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалуда. 

Бухгалтерлердің 

қоғамдағы 

бүгінгі 

рӛлі 


бұл 

мамандықты 

шығармашылықты,  мәртебелі  және  жақсы  тӛлем  ақылы  етеді.  Инвесторлар, 

кредиторлар, жұмыс берушілер және билік пен қоғамды қоса алғанда, басқа 

да  ақпаратты  пайдаланушылар,  есепке  және  түрлі  кәсіпкерлік  сұрақтар 

бойынша есеп беруге және салық салу сұрақтарының ақпараттарына тәуелді, 

сүйенеді.  Мұндай  қызмет  кӛрсету  кезінде  маманданған  бухгалтерлердің 

мінез-құлқы түгелімен елдің және қоғамның экономикалық жақсы жағдайына 

мүмкіндік туғызады. 

Бүгінгі  бухгалтер  кӛптеген  ақпараттармен  әртүрлі  іс-әрекеттер 

жасайды, содан кейін «ол дұрыс жасап жатыр ма?» деген сұрақ туындайды. 

Осы  туындаған  сұрақтарға  жауаптар-есеп  бірлестігінің  қызметіне  бақылау 

жасау.  Сонымен  қатар  бұл  мамандыққа  қоғамдық  сенім  маңызды  болып 

табылады. 

Қазіргі  кездегі  нарықтық  экономиканың  құрылу  шарттары  және 

басқаруды жетілдіру, кәсіпорынның дамуында жаңа стратегияларды жасауда 

бухгалтерлік  есептің мағынасы  мен  рӛлі  күшейе  түсуде.  Бухгалтерлік  есеп 

кӛптеген  ауқымды  аймақтардың  бірі  - ӛндірілетін  ӛнімнің,  орындалатын 

жұмыс  немесе  кӛрсетілетін  қызметтің  ӛзіндік  құнын  калькуляциялау  және 

ӛндірістегі  шығындар  есебі  болып  табылады.  Нарықтық  экономикасы  бар 

елдердегі  кәсіпорындар  мен  фирмалар  практикасында бұл  аймақтар 

бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ӛндірістік есеп жүйесінде кӛрсетілген. Әсіресе 

қазіргі  біздің  елдегі  нарықтық  қатынастардың  құрылуы  шарттарында 

бухгалтерлік  есепті  жетілдіру, оның  ішінде  ӛндіріске  кететін  шығындар 

есебі және  ӛзіндік  құнды  калькуляциялаудың  маңызы  ӛте  зор.  Нарықтық 

қатынастардың  дамуымен бірге  кәсіпорындардың  дербестігі  ӛсті, соның 

ішінде  нарықтағы  сұраныс  пен  ұсынысты  есепке  ала  отырып  ӛз  ӛнімінің 

бағасын  қалыптастыру  нәтижесінде бухгалтерлік  есеп  және  оның  жүйесі  -

 калькуляциялаудың 

мәселелері 

ӛзгерді. 

Калькуляциялаудың 

осы 

шарттардағы мәселелері нарықта жұмыс істейтін кәсіпорындарды белгілі бір 



табыспен  қамтамасыз  ететін ӛзіндік  бағаны  есептеу.  Есептелген  ӛзіндік  құн 

деңгейін тұрақты тӛмендету мүмкіндігі және тиімді деңгейін қамтамасыз ету 

үшін ӛндірісті дұрыс ұйымдастыру керек. 



www.enu.kz

 

 

Осы  кезге  дейін  ӛндірістік  есепті  және  ӛзіндік  құн  сияқты  негізгі 



түсініктерге ортақ ой айтылмаған. Шығындарды 2 бӛлімге элементі бойынша 

және  калькуляция  баптары  бойынша  топтау  жайындағы  дебаттар  әлі  де 

басылатын  емес.  Теорияда  ӛндірістік  есеп  жоқ.  Ал  соңғы  жылдары  кӛп 

талқыланған  проблема  -  ӛзіндік  құнды  калькуляциялау.  ТМД  елдері 

ғалымдарының  назарын аудартқан  толық  емес  ӛзіндік  құнды  есептеу  әдісі, 

толық ӛзіндік  құнды калькуляциялаудың альтернативті  әдісі  болды.Бұл  әдіс 

АҚШ-та «директ-костинг» 

деген 


атау 

алса, 


Ұлыбританияда - 

«маржиналькост»,  Германияда  –  «шектік  шығындар  есеп  жүйесі»,  ал 

Францияда - «маржиналдық бухгалтерия» деп аталды. 

«Директ-костинг»  жүйесінің  негізгі  идеялары  шет  елдердің Дж. 

Фостер, 

К. 


Друри, Дж. 

Риса, Р. 

Энтони 

және 


т.б. 

ғалымдардың еңбектерінде ашылып 

жазылған. Ал ТМД елдерінің 

М.А. 


Вахрушина,  К.Ш.  Дюсембаева,  Т.П.  Карпов,  В.Э.  Керимов  еңбектерінде 

қарастырылған . 

«Директ-костинг» жүйесі негізіндегі басты принцип  – айнымалы және 

шығындарды бӛлек есептеу және тұрақты шығындырды есеп беру кезеңінің 

зияны ретінде қарастыруы. 

Осы  жүйе  бойынша  ӛзіндік  құнды  калькуляциялау технологиясы 

ӛндірістің кез келген кӛлемінде тұрақты шығындарды ӛзгермейтін кӛлем деп 

белгілейді. 

«Директ-костинг» жүйесінің бірнеше айрықша ерекшеліктері бар: 

ӛндірістік есепті айнымалы және тұрақты деп бӛлуі; 



ӛнімнің 


ӛзіндік 

құнын шектелген шығын 

бойынша 

калькуляциялау; 

табыс туралы есеп берудің кӛп кезеңдерден тұруы; 



Жүйе  ӛткізуге  негізделген. Ӛткізудің  кӛлемі  қаншалықты  кӛп  болса, 

кәсіпорын  пайданы  соғұрлым  кӛп  алады.  Дайын  ӛнімді  және  аяқталмаған 

ӛндіріс  айнымалы  шығындар  бойынша  есептеледі.  Айнымалы  шығын 

бойынша  ӛзіндік  құнды  калькуляциялау  ӛнімнің  баға  деңгейіне үлкен  әсер 

етеді, бизнестегі ӛндірістің басқа да сегменттерін ынталандырады. 

Сонымен  «директ-костинг»  -  айнымалы  шығындар  категориясына 

негізденген  басқару  есебінің  жүйесі.  Бұл жүйенің  жетіспеушіліктеріде  бар, 

бірақ  шығындарды  тарату  және  толық  есеп  жүйесіне  қарағанда 

артықшылықтары бар. 



www.enu.kz

 

 

Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық дамуы мемлекеттік 



сектордағы  бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық  есептілік  жүйесін  жетілдіруді 

талап етеді. Елдің қаржылық ресурстарын және мемлекет міндеттемелері мен 

актив  баланстарын  құрастырудың  ашық  және  айқын  жүйесін  қалыптастыру 

қажеттілігі туындады. 

Мемлекеттік  сектордағы  бухгалтерлік  есеп  пен  шоғырландырылған 

қаржылық  есептілікті  қоғамдық  сектордағы  халықаралық  қаржылық 

есептілік  стандарты  (ХҚЕС)  бойынша  құрастыруды  жетілдіру,  сондай-ақ, 

мемлекеттік  секторда  жүргізіліп  жатқан  реформаға  сай.  Реформалаудың 

мақсаты  стратегиялық,  транспарентті  және  кешенді  бюджеттік  процесті 

құрастыра 

отырып, 

мемлекеттік 

қаржыны 

басқару 


тиімділігін, 

жауапкершілігін,  есеп  беруін  және  ашықтығын  кӛтеру  болып  табылады,  ол 

үкімет 

қызметін 



бағалауда 

азаматтық 

қоғамда 

пайдаланылатын 

жоспарлаудан  орындауға  дейінгі  қаржылық  есептіліктің  тұтас  жүйесін 

білдіреді. 

ХҚЕС қолдану мемлекеттік қаржыны басқарудағы, ақшалай қаржы мен 

активтерді  тиімді  пайдалануға  бақылауды  жүзеге  асырудағы,  мемлекеттік 

басқарудың  барлық  секторының  қаржылық  ақпаратын  жинақтаудағы 

атқарушы  билік  органдарының  тиімділігін  бағалау  қажеттілігінен  туындап 

отыр.  қоғамдық  сектор  үшін  ХҚЕС  енгізу  арқылы  халықаралық 

стандарттарға  сай  келетін  бухгалтерлік  есеп  жүйесін  құру,  басқарушылық 

шешімдерін  қабылдау  барысында  қажет,  сапалы  ақпаратпен  қамтамасыз 

етуге мүмкіндік береді.  

Ортақ  бюджеттік  жіктеме  кірістер  шығыстар,  активтер  және 

міндеттемелер  бойынша  қаржылық  ағымды  білдіреді.  Бұл  ретте  Қазақстан 

Республикасының  Бюджеттік  кодексінің  127  бабына  сәйкес  республикалық 

бюджеттің  атқарылуы  туралы  есепті  министрліктердің,  агенттіктердің 

есептік  мәліметтерінің  негізінде  Қазақстан  Республикасының  қаржы 

министрлігі жасайды және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп 

құрамында Үкіметке ұсынылады. 

Бірақ  мемлекеттік  сектордағы  бухгалтерлік  есеп  пен  есептілік  жүйесі 

онда  қалыптастырылатын  ақпараттың  қажетті  сапасы  мен  сенімділігін 

толығымен  қамтамасыз  ете  алмады,  сонымен  қатар  бұл  ақпаратты  пайдалы 

қолдану  мүмкіндігін  бір  шама  шектеді.  Ескі  шоттық  жоспар  негізінде 

жасалған  министрліктер  мен  агенттіктердің  есептік  мәліметтері  Қаржы 

министрлігіне мемлекеттік сектор активтерінің шоғырланған баланстары мен 



www.enu.kz

 

 

міндеттемелерін  ұсынуға  мүмкіндік  бермеді,  сонымен  қолданыстағы  есепті 



жасау  әдіснамасы  қарыздарды  есепке  алмай,  тек  ақшалай  қаржылардың 

қозғалысы  туралы  есепті  ғана  кӛрсете  алды.  Сондықтан  ХҚЕС-ке  кӛшудің 

басты мақсаты – мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есеп жүйесін бәсекеге 

қабілетті  экономика  талаптарына  сәйкестендіру,  мемлекеттік  мекемелер 

қызметінің  қаржылық  жағдайы  мен  нәтижелерінің  объективті  динамикасын 

білдіретін ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік сектордың шоғырланған есебіне 

қызығушылық  танытқан  барлық  қолданушылар  үшін  қол  жетімді  етуді 

қамтамасыз  ету.  ХҚЕС-ке  сәйкес  дайындалған  Үкіметтің  жыл  сайынғы 

қаржылық есептері қоғамдық ресурстарды басқару және бюджеттік процеске 

қатысты  міндеттерді  орындау  бойнша  үкіметтік  есеп  беруді  кӛрсетуге 

қызметете алар еді. 

Экономиканың  шынайы  секторында  ХҚЕС-ке  кӛшудің  тәжірибесі 

кӛрсеткендей,  халықаралық  стандарттар  бойынша  жасалған  есептер 

шаруашылық  субъектілерінің  қаржылық  жағдайы,  қаржылық  есеп 

нәтижелері  және  ақшалай  қаржыларының  қозғалысы  туралы  нақты  түсінік 

береді.  ХҚЕС  бойынша  қаржылық  есептілікті  жасайтын  және  бухгалтерлік 

есепті  жүргізетін  кәсіпорын  ивесторлар  үшін  ӛте  тартымды  және  әлемдік 

экономикаға кіруге мүмкіндіктері молырақ. 

Соңғы  жылдарда  министрліктер  мен  агенттіктердің  жетекшілері  ӛз 

аппаратының  қызметін  жетілдіру,  бизнес  процестерін  оңтайландыру, 

қаржылық  және  басқарушылық  ақпаратының  сенімділігмен  шынайылығы 

бағасын алу қажеттігін сезінді. Халықаралық стандарттарға сай ішкі аудитті 

қалыптастыру  мен  дамыту  министрліктер  мен  агенттіктер  жетекшілеріне 

қаржыны  лайықты  басқаруға,  менеджментті  жақсартуға,  ал  ұйымдарға 

тәуекелдерді  басқару  процесінің,  бақылау  мен  копоративті  басқару 

тиімділігін арттыру мен бағалауға қатысты  жүйелі және дәйекті ұстанымды 

пайдалана  отырып,  мемлекеттік  функцияларды  орындауға  және  алға 

қойылған  мақсаттарға  қол  жеткізуге  кӛмектеседі.  Аудиторлық  жұмыс  жаңа 

ұстанымдарды  тиімді  қолданып,  кӛмекті  қажет  ететін  салаларды  айқындай 

білуі  қажет.  Сонымен,  ішкі  аудит  бухгалтерлік  есеп  жүйесін  мемлекеттік 

реформалау бойынша шараларды бекітуге қызмет етеді.    

 

 



 


www.enu.kz

 

 

Әдебиет: 

1. 

Аленова К.Т., Жұматаева Б.А., Досанова Б.У. «Мемлекеттік және 



бюджеттік  ұйымдардың  қоғамдық  сектордағы  халықаралық  қаржылық 

есептіліктің стандарттарына ӛту мәселелері» 

2. 

Сейдахметова  Ф.,    Жуматаева  Б.  «Этикалық  ережелерді 



бухгалтерлік есепте қолдануы»  

3. 


Бюджеттік мекеме консультанты //2013, №2. 

 

 



 

жүктеу 53,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау