Перигорд кезі (35-20 мың жыл) Орта палеолиттен кейін іле-шала бастаған бұл дәуірдің басты ескерткіштері мынадай: шеттері өңделген шақпақ тас құралдары сүйектен жасалған біздер найзаның ұштары және т.б. Бастапқы Перигорд кезеңінде салынған бейнелер кездеспейді, бірақ оның есесіне әсемдік заттар және бояу түрлері кеңінен таралған. Кейінгі Перигорд кезеңінде тасқа қашалып жасалған аңдар мен адамдардың бейнелері кездесе бастайды.
Slidehood.com
Ориньяк кезі (30-19 мың жыл). Бұл дәуірде адамдар мекендеген үңгірлердің қабырғаларынан саусақтарын кең жайып, оны бояумен айналдыра жүргізіп, шеңбермен қоршаған қолдардың таңбаларын кездестіреміз. Демек, алғашқы қауым адамы өз ізін таста қалдыруға, өзін мәңгі, әрі көрнекті етіп көрсетуге, өзінің өмір сүргендігін болашақ ұрпаққа жеткізгісі келген сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: |