Қарағанды облысының əкімі Нұрмұхамбет ƏБДІБЕКОВТІҢ
тұрғындар алдындағы есебі
Жаңа кезең – жаңа міндеттер
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!
Біздің аймақтың атқарушы органдарының есепті кезеңдегі барлық
қызметі ел Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы,
инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы Жол» – болашаққа бастар жол»
мемлекеттік бағдарламасы жəне Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы
Жолдауларында алға қойған міндеттерін орнықты шешуге бағытталды.
Мемлекет басшысы бастамашы болған экономикалық саясатты
жүзеге асыру, жаңа индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламалары
жəне дағдарысқа қарсы басқа да шаралар облыс экономикасын дамытуда
жағымды жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Экономика
Өткен жылы экономикалық өсім 1,8%-ға қамтамасыз етілді. Аймақтың
жалпы ішкі өнімі 3 трлн. теңгеге жуықтады, бұл – ел бойынша 4 орын.
Өндірісте, ауыл шаруашылығында, шағын жəне орта бизнесте, тұрғын
үйлерді пайдалануға беру жəне басқа да бірқатар көрсеткіштер бойынша
жағымды серпін қамтамасыз етілді.
Орташа айлық жалақы көлемі 4,8%-ға ұлғайып, 110 349 теңгені
құрады.
Облыстың бюджеті үнемдеу режимінде қалыптасқанына қарамастан,
жалақы, жəрдемақы, шəкіртақылар жəне басқа əлеуметтік төлемдер толық
көлемде орындалды.
Өнеркəсіп, инвестициялар
2015 жылдан Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының
екінші бесжылдығын жүзеге асыру басталды.
Өнеркəсіп өнімінің көлемі 6,8%-ға артып, 1,4 трлн. теңгені құрады.
Өңдеу өнеркəсібінің өндірісі 10,4% өсіммен алғаш рет триллион
теңгеге жетті. Өңдеу өнеркəсібіндегі еңбек өнімділігі əр адамға шаққанда 60
мың АҚШ долларына жуықтады. Бұл – республика аумағындағы ең
жоғарғы көрсеткіш.
Нəтижесінде, индустриялық жəне технологиялық дамуға қатысты
біздің облыс көптеген көрсеткіштер бойынша көшбасшылардың бел
ортасында тұр.
Өндірістік кəсіпорындарды қолдау жоспары аясында Үкіметтің нақты
жұмыстар жүргізіп отырғанын атап өту қажет. Облыста онымен алты ірі
кəсіпорын қамтылған, олардың түйткілді мəселелері шешімін тапқан.
Бұл – теміржол тасымалы тарифтері жəне электр қуаты бойынша
шегеру коэфициенттерін қолдану, ҚҚС-ты қайтару, өнімдерді өткізу нарығын
кеңейту.
Аталған жұмыс биылғы 2016 жылы да жалғасатын болады.
2010 жылдан бастап, Индустрияландыру картасына енгізілген 94
жобаның ішінен, жалпы құны 141,9 млрд. теңге болатын 68 индустриялық
жоба жүзеге асырылды. Кəсіпорындарда 5 мыңнан аса жаңа жұмыс
орындары құрылды.
Олардың арасынан 2015 жылы сомасы 18,9 млрд. теңгені құрайтын
10 жоба жүзеге асырылып, 649 жұмыс орны құрылды. Олардың ішінде
«Евразия Инвест Ltd» ЖШС «Табиғи бие сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру»,
«Karazhal Operating» ЖШС «Барит» кенін өңдеу жөніндегі өнеркəсіптік
кешен», «Қоңырат мыс компаниясы» ЖШС «Катод Мысын өндіру жөніндегі
завод», «Қарағанды фармацевтика кешені» ЖШС «Фармацевтика заводы
үшінші кезегінің құрылысы» жəне басқалары секілді барынша тартымды
жобалар бар.
Индустрияландыру картасының жаңа өндірістерімен сомасы 291,1
млрд. теңгенің өнеркəсіп өнімдері шығарылды, оның ішінде, 2015 жылы –
91,2 млрд. теңге.
Жаңа индустрияландыру бағдарламасы аясында 6,5 мыңнан аса
жаңа жұмыс орындарын құра отырып, 1,2 триллион теңгеге 36 жобаны іске
қосу жоспарлануда. Оның ішінде, 800 жаңа жұмыс орындары құрылатын
101,1 млрд. теңгенің 10 жобасы – 2016 жылдың үлесінде.
Өткен жылы негізгі капиталға 355,1 млрд. теңге инвестиция құйылды,
оның 24%-ы өңдеу өнеркəсібіне тиесілі.
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы инфрақұрылымы негізгі
нысандарының құрылысы аяқталды, бұл жайт АЭА-ның қазіргі
қатысушыларына тиісінше қызмет түрлерін ұсынуға (электр қуаты,
теміржол қызметтері, сумен қамтамасыз ету жəне тағы басқалары)
мүмкіндік береді.
АЭА аумағына 3 жаңа компания тартылды. Жаңа жобалар бойынша
инвестициялар сомасы 21 млрд. теңге шамасында, 224 жұмыс орыны
құрылады.
Мемлекет
басшысының
тапсырмаларын
орындау
аясында
инвестиция тарту жəне инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі Кеңес
құрылды. Кеңес құрамына инвесторлар, ірі бизнес, даму институттары
жəне мемлекеттік органдардың өкілдері енгізілді.
Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы аясында индустрияландыру жəне
инвестиция саласындағы жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар
жалғасуда.
Оған
Қарағанды
облысынан 2 жоба: «Қазақстан
Республикасында көмір өңдеу жөніндегі кешен құрылысы» жəне
«Сарыарқа» АЭА аумағында кешенді балқытулар заводы құрылысы»
жобалары енгізілген.
Облыстағы кəсіпкерлік пен өнеркəсіптің дамуына жүйені құрушы
кəсіпорындардың тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді отандық
тауар өндірушілерден сатып алулары айтарлықтай əсер етіп отыр. Бұл
мəселеде Қазақстан Республикасы аумағында бүгінгі күні Қарағанды
облысы көшбасшылық орында тұр.
Жүйені құрушы кəсіпорындардың сатып алуларында тауарлар,
жұмыстар жəне қызмет көрсетулер бойынша қазақстандық мазмұн 74,4%-
ды (221,4 млрд. теңге) құрады.
Облыс бойынша жер қойнауын пайдалану саласында жалпы
таралымдағы пайдалы қазбаларға қатысты 64 келісім-шарт іс үстінде.
Құрылыс, автокөлік жəне теміржолдар, гидроқондырғылар үшін жер
қойнауын пайдалануға 24 жазбаша рұқсат берілген.
Агроөнеркəсіп кешені
Облыстың агроөнеркəсіп кешеніндегі жағдай өндірістің тиімділігінің
өсуімен сипатталады.
2014 жылмен салыстырғанда, жалпы ішкі өнім 162,9 млрд. теңгеге
шығарылып, өсім 7,3%-ды құрады.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен мал жəне құс басының өсу
үрдісі сақталуда.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 5515 бас мал сатып алынып,
сыртқары елдер селекциясынан 1055 бас əкелінді, Бұқар жырау ауданында
(«Жəке» ШҚ) жəне Абай ауданында («Сарыарқа АӨШ» ЖШС) 6 мың басқа
арналған бордақылау алаңдарының құрылысы жүргізілуде.
Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту мақсатында мал суару үшін
40 ұңғыма бұрғыланды.
Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауыл
шаруашылығының алдына қойылған міндеттерді орындай отырып, өсімдік
шаруашылығында тиімділігі төмен, суды қажетсінетін дақылдарды өсіру
көлемі шектеліп, оларды көкөністік, майлы жəне жемдік өнімдерге
ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Егістік алқаптарды диверсификациялау аясында 2011 жылмен
салыстырғанда бидай алқаптары 69 мың гектарға азайып, ал, мал азығы,
бұршақ тұқымдас жəне жарма дақылдары алқаптарының көлемі 79 мың
гектарға арта түсті.
2015 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары егістік алқабының жалпы
аумағы 995 мың гектарды құрады, оның ішінде, дəнді жəне дəнді бұршақ
тұқымдас дақылдар алқабы – 680 мың гектар.
Ылғал ресурстарын үнемдейтін технология қолданылатын алқаптар
аумағы 2015 жылы 550 мың гектардан асып түсті, бұл алдыңғы жылдан 80
мың гектарға немесе 17%-ға артық.
Тамшылатып суарылатын алқаптар 877 гектарды құрады, немесе
2014 жылдың деңгейінен 1,8 есе көп.
Азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 7,1%-ға ұлғайып, 86,4 млрд.
теңгені құрады.
Шетелдік инвестордың (чехтың «Бауэр» компаниясы) қатысуымен
«Өркендеу ШҚ» ЖШС-імен бірге инвестиция көлемі 43,6 млн. еуроны
құрайтын, жылына 31250 бас шошқа торайын өсіретін «Генетикалық
селекциялы-гибридтік орталық» (шошқа шаруашылығы) ірі жобасы жүзеге
асырылуда. Бұл жоба индустрияландыру жөніндегі институционалдық
реформаларға енгізілген.
Агроөнеркəсіп кешені саласында құны 32 млрд. теңге тұратын, 1155
жұмыс орыны бар 25 инвестициялық жоба іске асырылуда.
Өткен жылы инвестиция көлемі 2,1 млрд. теңгені құраған 3 жоба
қолданысқа берілді.
Инновациялық өнеркəсіп құру мақсатындағы бəсекеге қабілетті,
қауіпсіз жəне тұрғындар үшін қолжетімді отандық өнім шығаратын осы
жобалардың барлығы тұрғындардың экономикалық əл-ауқатын арттыруға,
жаңа жұмыс орындарын ашуға жəне азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге бағытталған.
Баға ахуалы
2015 жылдың желтоқсан айында облыстағы тұтыну бағаларының
индексі 2014 жылдың желтоқсан айына шаққанда 111,6% деңгейінде (оның
ішінде, азық-түлік тауарларына – 112,5%, азық-түлік емес тауарларға –
118,5%, ақылы қызметтерге – 104,8%) түзілді, бұл – облыстар арасындағы
ең төменгі көрсеткіш.
Əлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына сауда үстемесін
мейлінше аз қосу, негізгі азық-түлік түрлерін үздіксіз жеткізу жəне жалға
беру ақысының мөлшерін ұлғайтпау туралы 3 мыңнан аса меморандум
қолданыс үстінде.
30 əлеуметтік павильондарда əлеуметтік маңызды азық-түліктің
барлық түрлері нарықтағы бағадан 15-20%-ға арзандатылған бағамен
сатылуда. Ауыл шаруашылығы жəрмеңкелері əр апта сайын өткізіледі,
өткен жылы 500-ге жуық жəрмеңке ұйымдастырылды.
Сауда базарлары мен ірі дүкендерде саяжай өнімдерін саудалау үшін
400-ге жуық сауда орыны жеңілдетілген жағдайда ұсынылып, берілді.
Бағаның негізсіз өсімін анықтау үшін қалалар мен аудандардың
супермаркеттері мен ірі сауда нүктелерінде əлеуметтік маңызды азық-түлік
түрлерінің бағасына күн сайын мониторинг жүргізіледі, көтерме сауда
қоймаларында азық-түліктің бар екендігі тексеріледі.
Тұрақтандыру қоры құрылған. Тауарлар көлемі бойынша жеміс-көк-
өніс – 1325 тоннаны, ал, бакалея өнімдері 1070 тоннаны құрайды.
Жерді тиімді пайдалану
Шағын жəне орта бизнесті қолдау жəне дамыту, инвестициялар тарту,
жұмыс орындарын құру жəне облыстың əлеуметтік дамуы үшін 2015 жылы
келісім-шарттар негізінде барлау жəне пайдалы қазбаларды өндіру
мақсатында 913,6 гектар жер берілді.
2012-2013
жылдары
анықталған 1835,2 мың
гектар
пайдаланылмайтын жерден:
–1406,3 мың гектар жер мəселесі шешілді (игеру жөніндегі жұмыстар
жаңғыртылды жəне мемлекетке қайтарылды);
– жалпы аумағы 428,9 мың гектар болатын жердің қайтарылуын
қамтамасыз ету жəне айналымға тарту жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Бизнес
Кəсіпкерлікке қолдау көрсету аймақтағы басым міндеттердің бірі
болып қалуда.
Облыста «Бизнестің жол картасы – 2020» – бизнесті қолдау мен
дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жалпы сомасы 101,6 млрд.
теңге болатын 888 жоба қолдау тапты, бұл – республика бойынша үшінші
нəтиже. 2015 жылы бағдарламаға қатысушылардың саны 268 кəсіпкерді
құрады, өткен жылмен салыстырғанда өсімі – 12,6%.
Нəтижесінде бұрыннан бар 50 мыңнан аса жұмыс орындары
сақталып, 17 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылды. Бюджет кірісіне 15
млрд. теңгеге жуық салық төлемдері түсті.
Өткен жылы қаржылық емес қолдау бағдарламасы аясында 1500
адам оқытылды. Кешенді қызмет көрсетулерді ұсынудың үшдеңгейлі
жұмысының арқасында 9 мыңнан аса кəсіпкерлерге 26 мың кеңес берілді.
Бұдан тысқары, облыстың 95 кəсіпкері Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының өңдеу өнеркəсібі саласындағы кəсіпорындарды қолдауға
бағытталған қаражатынан сомасы 10,7 млрд. теңге жеңілдетілген несие
алу мүмкіндігін иеленді.
Өткен жылы жеке инвестициялар есебінен сауда жəне қызмет
көрсетулер саласында құны 5,1 млрд. теңге тұратын 120 жаңа нысан
пайдалануға берілді, бұл оның алдындағы жылдан екі есеге жуық артық.
Соның нəтижесінде 1000-ға тарта тұрақты жұмыс орындары құрылып,
бюджетке салық түсімін қамтамасыз ету мүмкіндігі туды.
Инвестиция сомасы 1,5 млрд. теңге болатын туристік бизнестің 17
нысаны іске қосылды, оның ішінде, 80 жұмыс орыны құрылған 6 жоба
«Бизнестің жол картасы – 2020» – бірыңғай бағдарламасы аясында қолдау
тапты.
Нəтижесінде аймақта іс үстіндегі бизнестің 86 мыңға жуық субъектісі
бар, бұл салада 240 мың адам немесе тұрғындардың экономикалық
белсенді бөлігінің 32%-ы қамтылған, өндірілген өнім сомасы 650 млрд.
теңгеден асып түседі.
Жалпы алғанда, көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдау шаралары
кəсіпкерлерге жаңа технологияны енгізуге, өз бизнесін ашуға, кеңейтуге
жəне жаңғыртуға көмектесті.
Құрылыс
Құрылыс облыс экономикасын дамытудың басым бағыттағы əрі
маңызды құрамдас бөлігіне айналды.
2015 жылы бюджет қаражаты 45 əлеуметтік маңызды нысандар
құрылысына бөлінді, бұл 2014 жылмен салыстырған екі есе артық.
5 нысан пайдалануға берілді, оның ішінде, Бұқар жырау ауданының
Ботақара кентіндегі 464 оқушыға арналған қазақ орта мектебі жəне басқа
да нысандар бар.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында
облыс аудандарының ауылдық елді мекендерінде 27 дəрігерлік
амбулаториялардың құрылысы (Абай-3, Шет-6, Ақтоғай-2, Нұра-3,
Осакаров-3, Бұқар жырау-4, Жаңаарқа-1, Ұлытау-2 жəне Қарқаралы-3)
басталды.
Тұрғын үй құрылысы жұмысы белсенді жүргізілді.
Тұрғын үй алаңы 2014 жылға қарағанда 1,6% артық, немесе 320,7
мың шаршы метр (2 583 пəтер) тапсырылды.
Көктемгі су тасқыны зардаптарын жою шаралары аясында су басудан
жапа шеккен облыс тұрғындары үшін Бұқар жырау, Абай, Ақтоғай, Нұра,
Қарқаралы, Шет аудандарында, Шахтинск қаласында 346 үй салынды.
Жер астынан кен алынған аймақтар – Весовая, Крестовский,
Перевалка, ГРП елді мекендеріндегі тұрғындарды көшіру мақсатында
Сəтбаев қаласында жалпы аумағы 30,9 мың шаршы метрді құрайтын, 460
пəтерлік 9 тұрғын үйдің құрылысы басталды.
2016 жылы жалпы аумағы 22,1 мың шаршы метрді құрайтын, 345
пəтерлік 6 тұрғын үйдің құрылысын қосымша бастау жоспарланған.
Қарағанды
қаласында 200 кереуеттік
көпсалалы
балалар
ауруханасының құрылысы жалғасуда.
«Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Қарағанды жəне Сəтбаев
қалаларындағы 2 мектеп пен облыс орталығындағы балабақшаның
құрылысы аяқталады.
Жезқазған қаласында «Балапан» бағдарламасы бойынша салынып
жатқан балабақшаның құрылыс жұмысы жалғасуда.
Абай ауданының Құрма ауылындағы жəне Жаңаарқа ауданының
Жұмажанов ауылындағы 2 мектепті, сондай-ақ, Қарағанды қаласындағы
тірек-қозғалыс аппаратында кемістігі бар балаларға арналған мектеп
ғимаратының жапсырма құрылысын қолданысқа беру жоспарланып отыр.
Аумағы 201 мың шаршы метрден кем емес тұрғын үйді пайдалануға
беру міндеті қойылған. Құрылысқа бөлінетін шығыстардың мөлшері
азайғанына қарамастан, əлеуметтік тұрғын үйлерді салу көлемі бұрынғы
жылдардың деңгейінде қалады. Осы мақсатта «Қазақстандық ипотека
компаниясы»
ипотекалық
ұйымы»
АҚ
жəне
«Қазақстанның
Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ тарапынан тұрғын үйлер құрылысын салу
көлемі ұлғайтылады.
Бұдан
тысқары,
Мемлекет
басшысы
белгілеген
Бес
институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам»
– Ұлт жоспарындағы міндеттерді жүзеге асыру аясында 2016 жылғы 1
қаңтардан бастап, сəулет, қала құрылысы жəне құрылысқа қатысты іс-
қимылдар туралы заңға құрылыс пен жаңа нысандарды қолданысқа беру
рəсімдерін ықшамдаған, сонымен қатар, құрылысты салушылар мен
мердігерлерге қойылатын талапты қатаңдатқан өзгерістер енгізілді.
Жаңа нормативтердің қабылдануы инновациялық технологиялар мен
материалдарды қолдануға, құрылыс нарығында қызмет көрсететін
қазақстандық мамандардың бəсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады.
Сəулет
Сəулет-қалақұрылысы саласының негізгі міндеті тұрғын үй құрылысы
мен əлеуметтік мəдени нысандар құрылысы үшін жер телімдерімен
қамтамасыз ету мақсатындағы аймақтарды кеңейтуге бағытталған елді
мекендер аумағын дамыту болып табылады.
2015 жылы облыстық барлық маңызы бар қалалар мен облыстың
аудан орталықтарының бас жоспарлары бекітілді.
Облыстың қалалары мен аудандарын дамытудың Кешенді
жоспарына сəйкес 11 кенттің: Жезді, Жəйрем, Шахан, Долинка,
Новодолинск, Ақтас, Қарағайлы, Ағадыр, Топар, Мұстафин жəне Көкпекті
ауылының бас жоспары дайындалып, бекітілді.
Облыстағы қалалар мен аудандарды егжей-тегжейлі жоспарлаудың
45 жобасы бекітілді.
Қалақұрылысы кеңесі жұмысшы тобының отырыстарында 2015 жылы
Қарқаралы ауданы Қарағайлы кенті, Абай ауданы Топар кенті, Саран
қаласы Ақтас кентінің егжей-тегжейлі аралас жоспарланған бас
жоспарларының жобасы қарастырылды.
Облыста 270 нысан құжатталды.
Биыл 12 ауылдың бас жоспарын дайындау жоспарлануда
(Сарышаған, Ақжал, С. Сейфуллин, Қарсақпай, Ақтау, Мойынты, Қарабас,
Южный, Молодежный, Қызылжар, Егіндібұлак, Шашубай). Əлеуметтік
инфрақұрылым нысандары мекен-жайын тіркеу мен оларға құжат беру
жұмыстары жалғасты болады.
Көлік инфрақұрылымы жəне көлік
Көліктік инфрақұрылымды дамыту жəне жетілдіру саласының
жұмысы жол қауіпсіздігін арттыруға, аймақта жүк жəне жолаушытасымалын
көбейтуге, тұрғындардың жұмыспен қамтылуына бағытталған.
Қарағанды облысы көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасының
аясында жол жөндеудің жол картасы жасалды. 2015 жылы жалпы
қолданыстағы 502 шақырым көлік жолдары жөнделді. Жолдардың жақсы
жəне қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 74% жетті. Сөйтіп, мұнда 2 000
жұмыс орны пайда болды.
Жол құрылысына жергілікті өндіріс материалдарын қолдануға баса
назар аударылуда. Ол 90% құрайды. Ол – қиыршық тас, құм, цемент,
темірбетон бұйымдары, жол белгілері жəне т.б.
2013 жылдан «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасын
жүзеге асыру барысында Орталық-Оңтүстік көлік дəлізіне қайта жөндеу
жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары жолдың Анар-Теміртау бөлігінде жалпы
ұзындығы 93 шақырымдық учаскеде.
Биылғы жылдың соңында аталған учаскеде жұмыс аяқталады жəне
төртжолақты автобан Астананы Қарағанды аймағымен жалғайтын болады.
Көліктік дəліз аймақ экономикасының күретамырына айналып, Астанамен
қатар Қарағанды облысының, бүтіндей ел экономикасының өсімін
арттыруға мүмкіндік береді.
2016 жылы Қарағанды облысында 2 мың жұмыс орнын ашатын
жалпы пайдаланыстағы 510 шақырым автокөлік жолын жөндеу
жоспарлануда. Сонда жолдардың жақсы жəне қанағаттанарлық үлесі 75%
жетеді.
Көлік саласында 241 автобустық маршрут қызмет жасайды, олар
арқылы автокөлік қатынасымен 235 елді мекен қамтылған.
Теміржолда 12 əлеуметтік-маңызды облысішіндегі бағыт бойынша
жолаушылар тасымалданады.
Қарағанды қаласы əуежайынан əуетасымалы бойынша Мəскеу,
Новосібір, Алматы, Өскемен, Қызылорда секілді қалаларға рейстер жүзеге
асырылады.
Сондай-ақ, əлеуметтік маңызды болып табылатын жəне облыстық
бюджеттен субсидияланатын облысішіндегі əуетасымалы «Қарағанды-
Жезқазған»
бағытында
жолаушы
тасымалы
ұйымдастырылған.
Əуетасымалының шығынын жабуға бағытталған бюджеттік қаражаттың
сомасы 2015 жылы 232 млн.теңгені құрады. 2016 жылы бұл мақсаттарға да
сəйкес шығындар ескерілген. Ұшу аптасына 2 рет жүзеге асады.
Сонымен қатар, Жезқазған қаласының əуежайынан Жезқазған-
Алматы жəне Жезқазған-Астана облысаралық əуеқатынасы аптасына 3 рет
ұйымдастырылған.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Жергілікті атқарушы билік органдарының жұмысында тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық мəселелеріне баса назар аударылады.
2015 жылы «Нұрлы Жол-болашаққа бастар жол» бағдарламасымен
Қарағанды қаласында 2 млрд.теңге көлеміндегі Ұлттық қор қаражаты
есебінен 8 шақырым жылу желісі қайта жөндеуден өтті.
Желілерді қайта жөндеу облыс орталығындағы 385 тұрғын үйді
сенімді əрі сапалы жылумен жабдықтауды молайтып, жылу қуатының
кемшіліктері мен ысырабын кемітуге мүмкіндік берді. Жылу беру
маусымының
қорытындысы
бойынша
жобаны
жүзеге
асырудың
экономикалық тиімділігі 100 млн.теңге шамасында.
Биылғы
жылы
«Нұрлы
Жол»
бағдарламасымен
жылумен
жабдықтауда Саран қаласы Ақтас кентінің қуаттылығы 11,2 Гкал болатын
қазандық құрылысы жобасын, Қарағанды қаласының жылу желісін
жаңғырту жəне сумен жабдықтаудың екі жобасын жүзеге асыру
жоспарлануда.
Бұл Ақтас кентіндегі 20 тұрғын үйге жəне 2 əлеуметтік мəдени
нысанға үздіксіз жылу беруге мүмкіндік береді. Облыс орталығындағы 31
тұрғын үйді жылумен жабдықтау сенімділігі мен сапасы күшейіп, Қарағанды
қаласының су құбырлары мен кəріз желілерінде апатты төмендетеді.
Есепті
кезеңде
«Жұмыспен
қамту
жол
картасы-2020»
бағдарламасымен Осакаров ауданы Молодежный кентінің 8,2 шақырымдық
жылу желісін жөндеу бойынша 2013 жылы жүзеге асырылған жоба мəреге
жетті. Ол болса, өз кезегінде, жылумен жабдықтаудың сапасын арттырып
қана қоймай, орталықтандырылған жылу көзіне қосылған тұтынушылар
санын көбейтті.
2015-2016 жылдың жылу беру маусымына дайындық барысында
облыстың жылуэлектрстансаларындағы 21 қазандық агрегатқа, 16
турбинаға жөндеу жұмыстары жасалды. Барлық 57 дербес қазандық пен
622 автоматтандырылған жылу жүйесінің құрал-жабдықтары, сонымен
бірге, 116,3 шақырым жылу желісі, 159,2 шақырым су құбырлары мен кəріз
желілері, 5195,2 шақырым жарық желісі, 799 шағын станса жөнделді.
Облыстың энергетикалық кешеніне 132 млрд. теңге инвестиция құй-
ылды. Бұл қаражатқа Қарағанды ЖЭС-3, Жезқазған ЖЭС жəне Балқаш
ЖЭС құрал-жабдықтары қайта жөндеуден өтті, суқұбырлары, жылу жəне
электр желілері мен шағын станса құрылысы жəне қайта жөндеу жүргізілді.
Нəтижесінде жылу желілерінің тозығы 70%-дан 61%-ға; электр
желілері 68%-дан 61,2%-ға; су құбырлары желілері 78%-дан 76,6%-ға
төмендеді.
2015 жылы электр энергиясын өндіру 13,7 млрд. сағ/кВт-тан 15,0
млрд. сағ/кВт-қа өсті, немесе 2014 жылмен салыстырғанда 9,2%.
2015 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен Қарағанды,
Жезқазған, Сəтбаев, Приозерск қаласының, Бұқар жырау жəне Ұлытау
аудандарының сумен жабдықтау жəне су бұрудың 12 нысанында құрылыс-
монтаждау жұмыстары жалғасты. Жыл қорытындысы бойынша 5 нысан
пайдалануға берілді. Оның ішінде 2 нысан Қарағанды қаласында,
Жезқазған қаласы мен Бұқар жырау, Ұлытау аудандарында бір нысаннан.
Ұзындығы 9 шақырым №2 су тартқышты қайта жөндеу аяқталды,
сондай-ақ, Қарағанды қаласының солжағалаулық кəріз коллекторы қайта
жөнделді. Жезқазғанда Қостангелді жəне Бекболат шағынаудандарындағы
42 шақырымдық суқұбырларының желісі жаңғыртылды.
Бұқар жырау ауданы Петровка ауылы жəне Ұлытау ауданы Алғабас
ауылында жалпы ұзындығы 24 шақырым жəне 10 шақырым суқұбырлары
желісі пайдалануа берілді. Ауылдықтар орталықтандырылған сумен
жабдықтауға қол жеткізді.
Облыста орталықтандырылған сумен жабдықтау 225 ауылдық елді
мекенде қол жетімді немесе 53,4%, қалалар бойынша бұл көрсеткіш -
85,3%.
Биыл екі нысанда жұмыс жалғасады: Қарағанды қаласы №3 су бұру
магистралін жаңғырту; Приозерск қаласы тазалағыш құрылғыларын
жаңғырту.
Приозерск қаласындағы жүргізіліп отырған жұмыс сумен жабдықтау
жəне субұру жүйесінің тозуымен байланысты мəселені шешуге мүмкіндік
беріп қана қоймайды, сонымен қатар, өңірде экологиялық ахуалды
жақсартады.
«Энегрияүнемдеу-2020» республикалық бағдарламасына сəйкес
Мемлекет басшысы жалпы ішкі өнімнің қуатсыйымдылығын төмендету
бойынша 2015 жылға 10%, 2020 жылы 25%-ға төмендету міндетін қойды.
Бүгіннің өзінде облыстың ЖӨӨ қуат үнемдеу 2010 жылмен салыстырғанда
15%-ға төмендеді.
Бюджеттік сала нысандарында электрқуатын үнемдеу сағатына 2
млн.кВТ, жылу энергиясы – 822 мың Гкал.құрады.
Аймақтарды абаттандыруда да ауқымды жұмыстар тындырылды.
Абай қаласында 15 апатты үй бұзылды. Балқаш қаласындағы
жағалау аймағы жəне Сəтбаев қаласындағы «Тағзым» мемориалды кешені
абаттандырылды.
44 балалардың ойын алаңы, 11 спорт корты орнатылды. 55 аулалық
аумақ абаттандырылды.
Бизнестің əлеуметтік жауаптылығы аясында демеушілік көмек
есебінен Жеңіс саябағындағы стела жаңғыртылып, Əлиханов көшесіндегі
саябақ абаттандырылды.
2016 жылы абаттандыру жұмысы жалғасын табады.
Білім беру
Ұлт жоспарында білім жүйесін дамытуға бағытталған нақты қадамдар
көрсетілген. Бұл - колледж базасында білікті мамандарды дайындау,
қызметтік сауаттылығын дамыту негізінде білім мазмұнын жаңарту.
Былтырғы жылы бұл саланың бюджеті 69,2 млрд.теңгені құрады, ол
алдыңғы жылмен салыстырғанда 700 млн.теңгеге артық.
Мектепке дейінгі тəрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейін қамту – 87%, ал, 3
жастан 6 жасқа дейінгі қамту – 97,5%.
Балаларды қамту жұмысы:
– мемлекеттік-жеке меншік əріптестік механизмі арқылы жеке меншік
бақшаларды ашу есебінен жүргізілуде, Қарағанды жəне Саранда 800
орындық жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар ашылды;
– қолданыстағы балабақшаларда бос алаңдарды пайдалану жəне
жаңа балабақшалар құрылысы есебінен. Бұл Сəтбаев, Балқаш, Қаражал,
Приозерск, Шахтинск қалалары мен Бұқар жырау ауданында 600-ден
астам баланы қосымша қамтуға мүмкіндік берді.
Өткен жылы қаржыландырудың барлық көздерінен 1 790 мектепке
дейінгі орын құрылды, ол 6 балабақша құрылысына сəйкес келеді.
Биыл Балқаш, Қарағанды, Жезқазған қалаларында 960 орынды
балабақшаларды пайдалануға беру жоспарлануда.
Орта білім беру саласында мектептерді заманауи компьютерлік
техникамен, интерактивтік құралдармен, кең жолақты ғаламтормен,
сондай-ақ, жаңа кейіптегі пəндік бөлмелермен қамтуда жұмыстар жүйелі.
Облыс мектептерінің компьютерлік паркі 2014 жылмен салыстырғанда
2 мың компьютерге көбейіп, 33 мың бірлікті құрады. Бұл бір компьютерге
келетін 6 оқушыны 5,4-ке қысқартуға мүмкіндік берді, республикалық
көрсеткіш – 10.
ҰБТ қорытындысы бойынша облыстың орташа балы 79,6% құрады,
бұл республикалық көрсеткіштен 0,2 балға жəне 2014 жылғы облыстық
көрсеткіштен 2,6 балға жоғары.
Аталған көрсеткішпен облыс республикада 10 орыннан 7 орынға
көтерілді.
Республикалық олимпиадалар бойынша облыс командалары
жалпыбілім беретін пəндер мен соңғы жеті жылдағы ғылыми жобалар
конкурсының қорытындысы бойынша үздік олимпиада командасы атағын
тұрақты иеленіп келеді. Өткен оқу жылы халықаралық олимпиадалар мен
ғылыми байқаулардан 88 медаль иеленді. Бұл 2014 жылмен
салыстырғанда 10 медальға артық.
Барлық білім ұйымдарында үштілді білім беруді дамытудың жол
картасын жүзеге асыру бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар
атқарылуда. Ағылшын тілін оқытуды жүзеге асыратын балабақшалар саны
20%-дан 51%-ға өсті. 13 мектеп көптілді оқыту бойынша республикалық
пилоттық бағдарламаға енді. Дарынды балаларға арналған бес
мамандандырылған мектепте оқыту 3-тілде.
Қажетті мамандарды дайындау мақсатында үштілді енгізу бойынша 4
педагогикалық колледжде жұмыс басталды. 13 колледжде қызмет көрсету
саласындағы студенттерге көптілділік енгізілді, бұл «ЭКСПО-2017»
тұсында өзекті болып отыр.
Мемлекет басшысы өз сөзінде қазақстандық жəне əлемдік білім
жүйесінің үздік дəстүрлерін жинақтаған Назарбаев интеллектуалды
мектептердің тəжірибесін трансляциялау қажеттігіне баса назар аударып
келеді. Осы тапсырманы орындауда өткен жылы бұл бағытта жұмыс
жасаған мектептер саны 2-ден 27-ге дейін артты.
Облыс мектептерінде аса маңызды жəне өзекті мəнге - білім беретін
робототехника иеленуде. Былтырғы жыл бойы облыс қалалары мен
аудандарында робототехниканың 30 зертханасы құрылды. Бұл бағытта біз
өзге аймақтардың алдында келеміз.
Бейіндік мектептерде балаларды біліммен қамтамасыз ету жағдайын
жасау бойынша жұмыстар жалғасуда. Инклюзивтік білімде интегративтік
жүйемен толықтай қамтамасыз ету үшін облыста «Инклюзивтік балабақша
– инклюзивтік мектеп – инклюзивтік колледж» жобасы жүзеге асуда.
Қарағанды қаласында №27 мектеп базасында «Бейінді мектеп – баршаға
ортақ мектеп» экспериментальды бағдарламаны енгізу жалғасуда.
Балалардың аталған санатымен кəсібибейінділік жұмысын күшейту
үшін оқу жылының басынан арнайы түзету мектеп-интернаттарының
базасында еңбек оқуы күшейтілген жəне алған дағдысы туралы
сертификат беретін кəсіби сыныптар ашылды.
Жалпы облыста кəсібибейімдеудің 172 бөлмесі ашылды, алдыңғы
кəсіп негізінде үзіліссіз білім беру моделі табысты енгізілуде, ұялы
құрылғыларға арналған «Кəсіп навигаторы» қосымшасы жұмыс істейді.
Əлеуметтік жетімдіктің алдын алу жəне жетім балалардың отбасына
орналасуын насихаттау жұмысын күшейту мақсатында «Отбасындағы –
бақытты балалық» жобасы іске асуда, жоба аясында облыстық
теларналарда қамқорлыққа, асырап алуға патронаттыққа алуға ұсынылған
балалар үйінің тəрбиленушілері туралы бейнебаяндар көрсетіледі.
Тəрбиеленушілерді отбасына орналастыру арқылы балалар үйінің
іріленуіне баса назар аударылып отыр. Осы мақсатта 2015 жылы елімізде
бірінші рет 7 балалар үйінде «Асырап алушы ата-ана мектебі» құрылды.
Нəтижесінде 2015 жылы балалар үйінің 66 тəрбиленушісі отбасына
орналастырылды.
Облыстың техникалық жəне кəсіби білім беру ұйымдарында дуальды
білім беру жүйесін енгізу жалғасуда. Соңғы жылдары бұл бағыттағы
колледждердің саны 17-ден 29-ға көбейіп, оқу орындарының жалпы
санының 40% құрады.
Отандық кəсіпкерлікті дамытудың маңыздылығы мен өзектілігін
ескере отырып, 2016 жылы жастар кəсіпкерлігін дамыту жобасы іске
қосылды. Жоба факультатив енгізу арқылы кəсіпкерлік негіздерін бизнес-
жаттықтырушылардың
қатысуымен
студенттердің
кəсіпкерлігін
қалыптастыруға кешенді қадам жасауды болжайды. Сонымен қатар,
жастар кəсіпкерлігін дамыту бойынша Ұлыбритания жəне біздің облыс
оқытушыларымен бірлескен шараларды өткізетін Британ кеңесімен
меморандум жасауды жоспарлайды.
Білімді жаңарту мазмұнында басты шарт оқытудың тиімділігі мен
заманауи тəрбиедегі педагогтардың жоғары құзыреттілігі болып табылады.
2012 жылы облыс педагогтары үшін үшдеңгейлі бағдарлама бойынша
біліктілігін арттыру курстары өткізілуде. Өз біліктіліктерін 17,7% педагог
арттырды, бұл білімге жаңаша тиімді қадамдар жасауға мүмкіндік береді.
Деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер лауазымдық жалақысына 30-дан
70%-ға дейін үстеме ақы алады. Оның жалпы сомасы 2015 жылы 915,6
млн.теңгені құрады.
2016 жылы ҚР БҒМ болжамды жоспары бойынша деңгейлік курстар
бойынша біліктілігін арттырудан 434 педагог өтеді.
Денсаулық сақтау
Азаматтардың денсаулығын сақтау мемлекеттік саясаттың маңызды
басымдығы болып қала бермек.
2015 жылы «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске
асыру мəреге жетті. Онда Қарағанды облысы негізгі индикаторы бойынша
оң көрсеткіштерге қол жеткізді.
Балалар өлімі 5%-ға, туберкулезбен ауыру жəне өлім 10,0-ден 3,5%-
ға, онкологиялық аурулардан өлім 9,9%-ға төмендеді. Бұл жай ғана сан
емес, оның соңында адам өмірін құтқару тұр.
Ең негізгі мақсат орындалды – облыста адам өмірінің ұзақтығы 70,3
жас болды.
Денсаулық сақтау саласының 2015 жылға қойған міндеттерді табысты
орындауы мақсатында медициналық ұйымдарды қаржыландыру 2,2%-ға
артып, 55,1 млрд.теңгені құрады.
Облыстың жедел жəрдем қызметін қамтамасыз ету үшін 125
млн.теңгеге 37 көлік алынды.
Тегін дəрі-дəрмекпен қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттен 36
ауру түрі бойынша амбулоториялық науқастарға бөлінген қаржы 2,7
млрд.теңге.
Облыс тұрғындарының дəріге қолжетімділігін қамтамасыз ету
мақсатында мемлекеттік медициналық мекемелерде төменгі бағамен дəрі-
дəрмек босатылатын 25 əлеуметтік дəріхана ашылды.
Облыста
диагностиканың
жəне
емдеудің
қазіргі
заманғы
технологиясы қолданылады.
Жоғары мамандандырылған көмек 130 технология бойынша 11
медициналық ұйымда көрсетіледі.
Медициналық қызмет көрсетуді кеңейту үшін жеке меншік бизнес
құралдары тартылуда. МЖƏ аясында 2015 жылы облыста мемлекеттік
ұйымдарда 308 млн.теңгеге 2 офтальмологиялық кеңестік-диагностикалық
орталық жəне томография компьютерлік кабинеті ашылды. Бұл жұмыс
2016 жылы да жалғасып, сала жобаларын іске асыру үшін 1 млрд.теңгеден
артық қаржы тарту көзделуде.
2016 жылы Қарағанды облысының денсаулық сақтау саласында
басты бағыт – медициналық қызмет көрсету аясын жетілдіріп, аурудың
алдын алуға баса назар аудара отырып, медика-санитарлық қызметті
дамыту, саламатты өмір салтын насихаттау болмақ.
Жұмыспен қамту
Əлеуметтік-экономикалық саясаттың басты басымдықтарының бірі –
еңбекке қабілетті халықты өңір экономикасын дамытуға жұмылдыру.
Халықты еңбекпен қамтамасыз етудің кешенді жоспарына сəйкес,
есептік мерзімде 52908 адам қамтылып, олардың арасында 37786 адам
жұмысқа орналастырылды.
Отыз бес мыңдай адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020»
бағдарламасы арқылы (2011 жылдан бері), оның арасында, 12333 адам –
былтырғы жылы еңбекке орналастырылды.
Есепті мерзім ішінде 47 инфрақұрылымдық жоба арқылы 795 адам
жұмысқа орналасты, 224 адам кəсіпкерлік негіздері бойынша оқытылды.
Бағдарламаға қатысушы 360 адамға 867,6 млн. теңге шағын несие берілді.
Кəсіптік білім алуға 292 адам жолдама алып, кəсіптік білім беру
мекемелерінің 614 түлегі жастар тəжірибесі арқылы жұмысқа орналасты.
804 адам əлеуметтік жұмыс орындарына орналасты.
Осы бағыттағы ауқымды жұмыстар нəтижесінде, еңбек нарығында
жұмыссыздықтың едəуір төмен көрсеткіші – 4,9% көлемінде сақталуда.
Жүйеқұрушы
кəсіпорын
«АрселорМиттал
Теміртау»
АҚ
жұмысшыларының еңбекақысы көлемін сақтау мəселесі шешімін тапты.
2015 жылдың қаңтар, тамыз айларында компания əкімшілігі
еңбекақының көлемін 25%-ға төмендету туралы бұйрық шығарған болатын.
Бұл бұйрықтарды жою үшін тиісті нұсқаулықтар беріп, айыппұл
түріндегі əкімшілік жауапкершілікке тарту нəтижесінде, кəсіпорынның жəне
еншілес компаниялардың 30 мыңнан астам жұмысшысының еңбек келісім-
шарттарына сəйкес – еңбекақысы, ұжымдық келісім-шарттар негізіндегі
қосымша төлемақылары сақталды.
Еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған жұмыстар
биылғы жылы да жалғасын табады.
Жастар саясаты
Жаңа Қазақстанның жастары – еліміздің ХХІ ғасырдағы əлеуетін
нығайтатын жаңа толқын. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өзінің əрбір
стратегиялық құжатында жастардың елді дамытудағы рөлін ерекше атап
көрсетеді.
Облыстағы 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 345 мың
адамды құрайды. Бұл – тұрғындардың жалпы санының 25,2%-ы.
Жастардың өзін-өзі серпінді дамытуы мен əлеуетін арттыруы үшін
облыстық жəне 18 өңірлік жастар ресурстық орталығы, жастардың
мемлекеттік емес 83 ұйымы жұмыс істейді.
Бос жұмыс орындарының жəрмеңкесі, жастар мүддесін көздеген
мемлекеттік жəне үкіметтік бағдарламаларды, жобаларды түсіндіру
жұмыстарының белсенді жүргізілуі, «Жасыл ел» студенттердің құрылыс
жəне еңбек жасақтарының жұмысы, балалар үйлері түлектерін əлеуметтік
бейімдеу қызметі жастар саясаты бағытының негізгі бір бағыты – жастарды
еңбекке орналастыру, жұмыспен қамту ісін жүзеге асыруға мүмкіндік
береді.
Өткен жылы 17 мыңнан астам жас еңбекке орналастырылды.
«Дипломмен – ауылға!» жобасы арқылы ауылды мекендерге 121 жас
маман жолдама алып, қызметке кірісті.
Жетім балаларды жұмыспен қамту, оларға əлеуметтік көмек көрсету
мəселесі үнемі бақылауда. Былтыр бұл санаттағыларға 114 пəтер бөлінді.
Биылғы
жылы
облыстың
əлеуметтік-экономикалық
дамуына
жастарды көптеп жұмылдыру мақсатындағы жұмыстарды күшейту
жоспарланған. Оның ішінде, жастардың жұмысқа орналасуына, жұмысшы,
ауылдық, шығармашыл, қызметші жəне өзге саладағы жастардың өзін-өзі
жан-жақты дамытуына, əлеуметтік бастамаларына қолдау көрсетіледі.
Қазақстан Тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай, еліміздің даңқын паш ететін
іс-шаралар ұйымдастырылады.
Мəдениет
Мəдениет саласында оң нəтижелерге қол жеткізілді.
Тарихи мұраның 14 нысаны қайта жөндеуден өтті, мəдени мұраға
арналған 5 басылым жарық көрді, археологиялық жəне тарихи
тақырыптардағы 12 ескерткіш зерттелді. Бұл зерттеулер барысында туған
өлкеміздің тарихын танудағы маңызы зор, айтулы тарихи жаңалықтар
ашылды.
Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында Қазақстан жəне
Ресейдің
ірі
ғалымдардың,
мұражай
мамандарының
жəне
тарихшыларының қатысуымен «Ұлытау – ұлт ұясы» халықаралық ғылыми-
тəжірибелік конференция, Ұлытау ауданында облыстық деңгейдегі іс-
шаралар өткізілді. Шығармашыл ұжымдар Астана жəне Тараз
қалаларындағы республикалық іс-шараларға қатысты.
Тарихи тұлғалар – Қазыбек би, Бұқар жыраудан бастап, кейінгі
əдебиет өкілдеріне дейінгі Сарыарқа жерінен шыққан мəдениет жəне өнер
қайраткерлерінің шығармашылық еңбектері енген «Сарыарқа кітапханасы»
100 томдық жинағы жарық көрді.
Бұл – қарағандылықтардың жас буын бойындағы патриоттық сезімді,
туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға қосқан үлесі. Ұлт
көшбасшысы Н.Назарбаев жария еткен «Мəңгілік Ел» идеясын жүзеге
асыруға бағытталған қарқынды жұмысымыздың айғағы.
Жұлдыздар гүлзарында ҚР халық əртісі Мақпал Жүнісованың
ескерткіш белгісінің ашылу рəсімі де айтулы жаңалықтың бірі болды.
Жалпы, 2015 жылы театрлық-көрсетілімдік мекемелер 1292,5 мың
көрерменнің басын қосып, 1663 спектакль мен 1206 концерттің
шымылдығын түрді.
Театрлық жəне концерттік ұжымдарымыз Қазақстанның түпкір-
түпкірімен қатар, алыс жəне жақын шетелдерге гастрольдік сапарға шықты.
Тілдерді дамыту
Облыста мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға арналған мақсатты
жұмыстар жүргізілуде.
Жыл бойы мемлекеттік тілді оқытатын орталықтарда 2298 адам білім
алса, ағылшын тілі бойынша 594 адам тəлім алған.
Бүгінгі күні халықтың 61%-ы мемлекеттік тілді меңгерген. Облыс
тұрғындарының (үлкен жастағы) 92,3%-ы – орыс тілін, 7,6%-ы – ағылшын
тілін, 4%-ы үш тілді меңгерген.
Спорт
Жоғары санатты спортшыларды дайындау, бұқаралық жəне балалар
мен жасөспірімдер спортын дамыту мақсатындағы жұмыстар жүйелі жолға
қойылған.
Есептік мерзімде облыстың 67 мыңнан спортшысы түрлі деңгейдегі
766 жарысқа қатысты. Нəтижесінде, спортшылар 8 мыңнан астам медальді
жеңіп алды.
Өткен жылдың алғашқы сөресі ретінде Қазақстан Республикасының
ІV Жазғы спартакиадасын атап өтуге болады. Бұл Спартакиадада облыс
спортшылары 130 медальді – 33 алтын, 41 күміс жəне 56 қола медальді
жеңіп алды. Қарағанды облысының командасы жалпы есепте 5
жалпыкомандалық орынға ие болды.
«Сарыарқа» хоккей клубы жоғары хоккей лигасының чемпионатында
жеңімпаз атанды.
2015 жылдың тамыз айында құрамында 48 спортшысы бар облыстық
команда Қазақстан Республикасы ІV Параолимпиадалық ойындарына
қатысып, 36 алтын, 15 күміс жəне 4 қол медальді қанжығасына байлады.
Жалпы, облыс бойынша 6089 спорттық-бұқаралық іс-шаралар
өткізіліп, оларға 348813 адам қатысты. Оның ішінде, 45 мыңнан астам
адамды қамтыған 8 облыстық спартакиада өткізілді.
Спорттық нысандармен қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстар
жалғасын тапты.
Бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі негізінде кəсіпорындар қаражаты
арқылы Қарқаралы ауданы, Шарықты селолық округінде жүзу бассейні (25
м.) бар спорт кешені («Алтай полиметаллы» ЖШС), Нұра ауданы,
Шахтерское селосында жабық жүзу бассейні («Шахтерское» ЖШС) іске
қосылды.
22 спорттық алаң мен 3 көпфункционалды хоккей корты орнатылды.
Ұлытау ауданында, Қарағанды қаласында дене шынықтыру-
сауықтыру кешендерінің, Абай қаласында жабық жүзу бассейнінің
құрылысы жалғасуда.
Мемлекеттік-жеке меншік əріптестік механизмі аясында Нұра
ауданының Шахтерское селосында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің
құрылысы жүргізілуде.
2016 жылы дене шынықтыру жəне спортпен шұғылданатын барлық
жастағы халықтың үлесін – 29,5%-ға дейін, оның ішінде, 7-18 жас
аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің үлесін 14,8%-ға дейін
арттыру міндеті тұр. Халықаралық санаттағы спорт шеберлерінің үлесін –
18,7%-ға жеткізіп, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін ХХХІ Жазғы
олимпиадалық жəне ХV параолимпиадалық ойындарға лицензия жеңіп алу,
ҚР Параолимпиадалық ойындарға қатысуды (Атырау қ., тамыз)
қамтамасыз ету жоспары бар.
Мемлекеттік қызметтер
Мемлекеттің жекелеген міндеттерін жүзеге асырудың бір тетігі ретінде
сапа, ашықтық жəне қолжетімділікке негізделген мемлекеттік қызмет
көрсету ісін алып қарауға болады.
Облыста мемлекеттік қызметтің 175 түрі көрсетіледі. 2015 жылы 4,5
миллионнан астам қызмет, оның ішінде, 135 мыңнан астам қызмет – ХҚКО-
лар арқылы көрсетілген.
Электрондық нұрсқаға көшірілген қызметтер саны – 69. Электронды
үкімет порталы арқылы 37321 рет электрондық қызмет көрсетілді.
Бүгінгі күні облыста Халыққа қызмет көрсету орталығының 31 бөлімі
жұмыс істейді. Пошта байланысының 3 селолық округінде (Дубовка, Ақтас,
Жəйрем кенттерінде) ХҚКО-лардың өкілдіктері бар. Шалғай елді
мекендердегі азаматтарға қолайлы болуы үшін, шалғай елді мекендерге
шығып, қызмет көрсететін жеті мобильдік ХҚКО құрылды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуші мамандарға кеңес беріп, тəжірибелік
көмек көрсету мақсатында 38 іс-шара өткізілді.
Мемлекеттік
қызметті
пайдалану
реті
туралы
қызметті
тұтынушыларды құлағдар ету деңгейін арттыру үшін 408 іс-шара өткізілді.
Оның ішінде, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, брифингтер,
конференциялар жəне тағы басқа.
Сондай-ақ, 2013 жылдан бері Қарағанды облысының Электронды
қызметтер порталында халықты компьютерлік сауаттылық негіздеріне
оқытатын қызмет түрі ұйымдастырылды. Осы уақыт аралығында бұл
қызмет түрі 67 мыңнан астам, 2015 жылы – 23 мың рет пайдаланылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу деректерінің саны едəуір
төмендеді. Егер, 2014 жылы қызмет көрсету мерзімін бұзу дерегі 733 рет
тіркелсе, өткен жылғы бұл көрсеткіш – 65. Бұған қоса, жүргізілген жұмыстар
көрсетілген
қызметтерге
байланысты
арыз-шағымдар
көрсеткішін
төмендетуге де əсер етіп, былтырғы жылы бұл мазмұндағы арыз-
шағымдар тіркелмеген.
Құқықтық тəртіп
Құқықтық тəртіпті нығайту мақсатында тиімді əрі жоспарлы жұмыстар
жүргізілуде.
Есепті мерзім ішінде ішкі істер органдарының жұмысын жақсарту,
материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 10 млрд. теңгеден
астам қаражат бөлінді. Құқықтық тəртіпті нығайту мақсатындағы тиімді əрі
жоспарлы жұмысты жүргізу үшін қылмыстың, жемқорлықтың, есірткі
бизнесінің, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, экстремизм
мен терроризмнің, алдын алу жəне онымен күрестің, жол қозғалысы
қауіпсіздігінің өңірлік бағдарламалары жүзеге асырылуда.
«Қауіпсіз аула», құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдар
желісін кеңейту, өзгенің мүлкін ұрлаудың алдын алу, тəртіпсіздік пен
құқықбұзушылыққа
«нөлдік
шыдамдылық»
принципімен
қарауды
қамтамасыз ету сияқты бірлескен жобалар əзірленді.
Жыл сайын облыс аумағындағы қоғамдық тəртіпті 154 жаяу наряд пен
118 автопатруль қадағалап, əсіресе, қылмыс жиі болатын орындар
анықталады. ҚР Ұлттық гвардиясының 520 əскери қызметшісі күнделікті
қызмет атқарады.
Автожолдардың апатты-қауіпті учаскелеріндегі нарядтардың жиілігі
қамтамасыз етілді. Балқаш, Қарқаралы қалалары жəне Топар кенті
бағытында жол-патрульдік полициясының қосымша 4 экипажы жасақталды.
Қаланың көше-жол желілерінде «зияткер қиылыс» 5 жүйесін енгізу
бойынша жоба іске асты.
Қолданылған іс-шаралар қарақшылық санын – 8,1%-ға, пəтер тонау
көрсеткішін – 4,6%-ға, тəртіпсіздік көрсеткішін 8,2%-ға төмендетуге
мүмкіндік берді.
Облыстың автожолдарындағы жол-көлік оқиғаларының саны – 6%-ға,
апаттан көз жұмғандар саны – 17,6%-ға, жол-көлік оқиғасында
жарақаттанғандар саны 1,9%-ға төмендеді. Көлікті мас күйінде тізгіндеген
жүргізушілердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының саны
22,5%-ға азайды.
Ішкі саясат
Елдің 2015 жылғы қоғамдық-саяси күнтізбесі мерейлі күндерге толы
болды: Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің
70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституцясының жəне Қазақстан
халқы Ассамблеясының 20 жылдығы.
Сондай-ақ, өткен жылдың басты саяси жаңалығының бірі – Ұлт
көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқының жаппай
қолдауы арқылы айқын жеңіске жеткен күні – 26 сəуір күнгі Президенттік
сайлау күні. Саяси науқанда біздің өңір халқы да белсенділік танытты.
Еуропарламент, ЕҚЫҰ, ТМД, ШЫҰ, ОИС, ОДКБ сияқты халықаралық
ұйымдардың бақылаушылары өткен сайлаудың ұйымдастырылуына,
ашықтығына жəне əділдігіне оң бағасын берді.
Ішкі саясат саласындағы жұмыстар ішкі саяси тұрақтылықты
нығайтуға,
ел
Президентінің
Қазақстан
халқына
жыл
сайынғы
Жолдауларын жүзеге асыру тетіктерін түсіндіруге бағытталды.
Есептік мерзімде мерейтойлы күндерге орай, қоғамдық маңызы бар 2
мыңнан астам тақырыптық іс-шаралар өткізілді.
Бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы пікір тудырған өзекті
мəселелерді анықтап, дер кезінде түйінін шешу мақсатында да ауқымды
жұмыстар атқарылды. Жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар
мен қала, аудан əкімдеріне 98 тапсырма жүктелді.
Біздің облыс – елдің көпэтносты өңірлерінің бірі. Қарағанды
облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы 40 түрлі этнос өкілдері өзара
ынтымақтастық танытқан жəне қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың бел
ортасында жүретін 75 этно-мəдени бірлестіктің жұмысын үйлестіреді.
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында, дəстүрлі түрде,
тоғызыншы жыл қатарынан облыстың 27 этно-мəдени бірлесігі этно-мəдени
бірлестіктерге қолдау көрсету мақсатында берілетін 700 мың теңге
сыйлыққа ие болады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылында Достық үйінің салтанатты
ашылуы қарағандылықтар үшін ерекше сый болды. Жаңа төрт қабатты
ғимарат барлық этно-мəдени бірлестіктерге есігін айқара ашты.
Қоғамдық-саяси бағыттағы жұмыстар азаматтық қоғам институттарын
үдемелі дамыту мен ішкі тұрақтылықты қолдау үшін өз жалғасын табады.
Биылғы жыл – өзінің 80 жылдығын атап өтетін Қарағанды облысы
үшін де, ұлы мерейтой – Тəуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтетін Қазақстан
үшін де аса маңызды жыл. Осынау атаулы күндерге біз үлкен
жетістіктермен аяқ басуға ниеттіміз.
Біздің басты міндет – Тəуелсіздік құндылықтарын дəріптеу, Қазақстан
Республикасы Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың
басшылығымен жүзеге асқан қайта жаңғыру жолын насихаттау.
Қазақстандық жолдың жаңа кезеңі – бұл экономиканы нығайтуға,
халықтың əл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа міндеттер. Сондықтан,
біз, облыс тұрғындары, ортақ мүддеге жұмылып, Қазақстанның дамуына
сүбелі үлес қоса береміз. «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім,
реформалар, даму» Жолдауында айқындалған өркендеу жолын
жалғастырып, өз Отанымызды гүлдендіруге бар күш-жігерімізді саламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |