Қарағанды облысының əкімі Нұрмұхамбет Əбдібековтің тұрғындар алдындағы есебі Жаңа кезең – жаңа міндеттер



жүктеу 368,08 Kb.
Pdf просмотр
бет5/13
Дата27.12.2019
өлшемі368,08 Kb.
#25173
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Облыста орталықтандырылған сумен жабдықтау 225 ауылдық елді мекенде 

қол жетімді немесе 53,4%, қалалар бойынша бұл көрсеткіш - 85,3%. 

Биыл  екі  нысанда  жұмыс  жалғасады:  Қарағанды  қаласы  №3  су  бұру 

магистралін жаңғырту; Приозерск қаласы тазалағыш құрылғыларын жаңғырту.  

Приозерск  қаласындағы  жүргізіліп  отырған  жұмыс  сумен  жабдықтау  жəне 

субұру  жүйесінің  тозуымен  байланысты  мəселені  шешуге  мүмкіндік  беріп  қана 

қоймайды, сонымен қатар, өңірде экологиялық ахуалды жақсартады.  

«Энегрияүнемдеу-2020»  республикалық  бағдарламасына  сəйкес  Мемлекет 

басшысы  жалпы  ішкі  өнімнің  қуатсыйымдылығын  төмендету  бойынша 2015 

жылға 10%, 2020 жылы 25%-ға  төмендету  міндетін  қойды.  Бүгіннің  өзінде 

облыстың ЖӨӨ қуат үнемдеу 2010 жылмен салыстырғанда 15%-ға төмендеді.  

Бюджеттік  сала  нысандарында  электрқуатын  үнемдеу  сағатына 2 млн.кВТ, 

жылу энергиясы – 822 мың Гкал.құрады.  

Аймақтарды абаттандыруда да ауқымды жұмыстар тындырылды.  

Абай  қаласында 15 апатты  үй  бұзылды.  Балқаш  қаласындағы  жағалау 

аймағы 


жəне 

Сəтбаев 


қаласындағы 

«Тағзым» 

мемориалды 

кешені 


абаттандырылды.  

44  балалардың  ойын  алаңы, 11 спорт  корты  орнатылды. 55 аулалық  аумақ 

абаттандырылды.  

Бизнестің  əлеуметтік  жауаптылығы  аясында  демеушілік  көмек  есебінен 

Жеңіс  саябағындағы  стела  жаңғыртылып,  Əлиханов  көшесіндегі  саябақ 

абаттандырылды.  

2016 жылы абаттандыру жұмысы жалғасын табады.  

 

Білім беру 



Ұлт  жоспарында  білім  жүйесін  дамытуға  бағытталған  нақты  қадамдар 

көрсетілген.  Бұл - колледж  базасында  білікті  мамандарды  дайындау,  қызметтік 

сауаттылығын  дамыту  негізінде  білім  мазмұнын  жаңарту.  Былтырғы  жылы  бұл 

саланың  бюджеті 69,2 млрд.теңгені  құрады,  ол  алдыңғы  жылмен  салыстырғанда 

700 млн.теңгеге артық.  

Мектепке  дейінгі  тəрбиемен 1 жастан 6 жасқа  дейін  қамту – 87%, ал, 3 

жастан 6 жасқа дейінгі қамту – 97,5%. 

Балаларды қамту жұмысы:  

–  мемлекеттік-жеке  меншік  əріптестік  механизмі  арқылы  жеке  меншік 

бақшаларды  ашу  есебінен  жүргізілуде,  Қарағанды  жəне  Саранда 800 орындық 

жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар ашылды; 

–  қолданыстағы  балабақшаларда  бос  алаңдарды  пайдалану  жəне  жаңа 

балабақшалар  құрылысы  есебінен.  Бұл  Сəтбаев,  Балқаш,  Қаражал,  Приозерск, 

Шахтинск қалалары мен Бұқар жырау ауданында 600-ден астам баланы қосымша 

қамтуға мүмкіндік берді. 

Өткен  жылы  қаржыландырудың  барлық  көздерінен 1 790 мектепке  дейінгі 

орын құрылды, ол 6 балабақша құрылысына сəйкес келеді.  

Биыл  Балқаш,  Қарағанды,  Жезқазған  қалаларында 960 орынды 

балабақшаларды пайдалануға беру жоспарлануда.  

Орта білім беру саласында мектептерді заманауи компьютерлік техникамен, 

интерактивтік құралдармен, кең жолақты ғаламтормен, сондай-ақ, жаңа кейіптегі 



пəндік бөлмелермен қамтуда жұмыстар жүйелі.  

Облыс  мектептерінің  компьютерлік  паркі 2014 жылмен  салыстырғанда 2 

мың компьютерге көбейіп, 33 мың бірлікті құрады. Бұл бір компьютерге келетін 6 

оқушыны 5,4-ке қысқартуға мүмкіндік берді, республикалық көрсеткіш – 10.  

ҰБТ  қорытындысы  бойынша  облыстың  орташа  балы 79,6% құрады,  бұл 

республикалық көрсеткіштен 0,2 балға жəне 2014 жылғы облыстық көрсеткіштен 

2,6 балға жоғары.  

Аталған көрсеткішпен облыс республикада 10 орыннан 7 орынға көтерілді. 

Республикалық  олимпиадалар  бойынша  облыс  командалары  жалпыбілім 

беретін  пəндер  мен  соңғы  жеті  жылдағы  ғылыми  жобалар  конкурсының 

қорытындысы  бойынша  үздік  олимпиада  командасы  атағын  тұрақты  иеленіп 

келеді. Өткен оқу жылы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми байқаулардан 88 

медаль иеленді. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 10 медальға артық.  

Барлық  білім  ұйымдарында  үштілді  білім  беруді  дамытудың  жол  картасын 

жүзеге  асыру  бойынша  мақсатты  бағытталған  жұмыстар  атқарылуда.  Ағылшын 

тілін  оқытуды  жүзеге  асыратын  балабақшалар  саны 20%-дан 51%-ға  өсті. 13 

мектеп  көптілді  оқыту  бойынша  республикалық  пилоттық  бағдарламаға  енді. 

Дарынды балаларға арналған бес мамандандырылған мектепте оқыту 3-тілде.  

Қажетті  мамандарды  дайындау  мақсатында  үштілді  енгізу  бойынша 4 

педагогикалық  колледжде  жұмыс  басталды. 13 колледжде  қызмет  көрсету 

саласындағы  студенттерге  көптілділік  енгізілді,  бұл  «ЭКСПО-2017»  тұсында 

өзекті болып отыр.  

Мемлекет  басшысы  өз  сөзінде  қазақстандық  жəне  əлемдік  білім  жүйесінің 

үздік  дəстүрлерін  жинақтаған  Назарбаев  интеллектуалды  мектептердің 

тəжірибесін  трансляциялау  қажеттігіне  баса  назар  аударып  келеді.  Осы 

тапсырманы орындауда өткен жылы бұл бағытта жұмыс жасаған мектептер саны 

2-ден 27-ге дейін артты.  

Облыс  мектептерінде  аса  маңызды  жəне  өзекті  мəнге - білім  беретін 

робототехника иеленуде. Былтырғы жыл бойы облыс қалалары мен аудандарында 

робототехниканың 30 зертханасы  құрылды.  Бұл  бағытта  біз  өзге  аймақтардың 

алдында келеміз.  

Бейіндік мектептерде балаларды біліммен қамтамасыз ету жағдайын жасау 

бойынша  жұмыстар  жалғасуда.  Инклюзивтік  білімде  интегративтік  жүйемен 

толықтай  қамтамасыз  ету  үшін  облыста  «Инклюзивтік  балабақша – инклюзивтік 

мектеп – инклюзивтік колледж» жобасы жүзеге асуда. Қарағанды қаласында №27 

мектеп  базасында  «Бейінді  мектеп – баршаға  ортақ  мектеп»  экспериментальды 

бағдарламаны енгізу жалғасуда.  

Балалардың  аталған  санатымен  кəсібибейінділік  жұмысын  күшейту  үшін 

оқу жылының басынан арнайы түзету мектеп-интернаттарының базасында еңбек 

оқуы  күшейтілген  жəне  алған  дағдысы  туралы  сертификат  беретін  кəсіби 

сыныптар ашылды.  

Жалпы  облыста  кəсібибейімдеудің 172 бөлмесі  ашылды,  алдыңғы  кəсіп 

негізінде  үзіліссіз  білім  беру  моделі  табысты  енгізілуде,  ұялы  құрылғыларға 

арналған «Кəсіп навигаторы» қосымшасы жұмыс істейді.  

Əлеуметтік  жетімдіктің  алдын  алу  жəне  жетім  балалардың  отбасына 

орналасуын насихаттау жұмысын күшейту мақсатында «Отбасындағы – бақытты 

балалық» жобасы іске асуда, жоба аясында облыстық теларналарда қамқорлыққа, 



жүктеу 368,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау