Бұдан тысқары, облыстың 95 кəсіпкері Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының өңдеу өнеркəсібі саласындағы кəсіпорындарды қолдауға бағытталған
қаражатынан сомасы 10,7 млрд. теңге жеңілдетілген несие алу мүмкіндігін
иеленді.
Өткен жылы жеке инвестициялар есебінен сауда жəне қызмет көрсетулер
саласында құны 5,1 млрд. теңге тұратын 120 жаңа нысан пайдалануға берілді, бұл
оның алдындағы жылдан екі есеге жуық артық. Соның нəтижесінде 1000-ға тарта
тұрақты жұмыс орындары құрылып, бюджетке салық түсімін қамтамасыз ету
мүмкіндігі туды.
Инвестиция сомасы 1,5 млрд. теңге болатын туристік бизнестің 17 нысаны
іске қосылды, оның ішінде, 80 жұмыс орыны құрылған 6 жоба «Бизнестің жол
картасы – 2020» – бірыңғай бағдарламасы аясында қолдау тапты.
Нəтижесінде аймақта іс үстіндегі бизнестің 86 мыңға жуық субъектісі бар,
бұл салада 240 мың адам немесе тұрғындардың экономикалық белсенді бөлігінің
32%-ы қамтылған, өндірілген өнім сомасы 650 млрд. теңгеден асып түседі.
Жалпы алғанда, көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдау шаралары
кəсіпкерлерге жаңа технологияны енгізуге, өз бизнесін ашуға, кеңейтуге жəне
жаңғыртуға көмектесті.
Құрылыс
Құрылыс облыс экономикасын дамытудың басым бағыттағы əрі маңызды
құрамдас бөлігіне айналды.
2015 жылы бюджет қаражаты 45 əлеуметтік маңызды нысандар құрылысына
бөлінді, бұл 2014 жылмен салыстырған екі есе артық.
5 нысан пайдалануға берілді, оның ішінде, Бұқар жырау ауданының
Ботақара кентіндегі 464 оқушыға арналған қазақ орта мектебі жəне басқа да
нысандар бар.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында облыс
аудандарының ауылдық елді мекендерінде 27 дəрігерлік амбулаториялардың
құрылысы (Абай-3, Шет-6, Ақтоғай-2, Нұра-3, Осакаров-3, Бұқар жырау-4,
Жаңаарқа-1, Ұлытау-2 жəне Қарқаралы-3) басталды.
Тұрғын үй құрылысы жұмысы белсенді жүргізілді.
Тұрғын үй алаңы 2014 жылға қарағанда 1,6% артық, немесе 320,7 мың
шаршы метр (2 583 пəтер) тапсырылды.
Көктемгі су тасқыны зардаптарын жою шаралары аясында су басудан жапа
шеккен облыс тұрғындары үшін Бұқар жырау, Абай, Ақтоғай, Нұра, Қарқаралы,
Шет аудандарында, Шахтинск қаласында 346 үй салынды.
Жер астынан кен алынған аймақтар – Весовая, Крестовский, Перевалка,
ГРП елді мекендеріндегі тұрғындарды көшіру мақсатында Сəтбаев қаласында
жалпы аумағы 30,9 мың шаршы метрді құрайтын, 460 пəтерлік 9 тұрғын үйдің
құрылысы басталды.
2016 жылы жалпы аумағы 22,1 мың шаршы метрді құрайтын, 345 пəтерлік 6
тұрғын үйдің құрылысын қосымша бастау жоспарланған.
Қарағанды қаласында 200 кереуеттік көпсалалы балалар ауруханасының
құрылысы жалғасуда.
«Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Қарағанды жəне Сəтбаев
қалаларындағы 2 мектеп пен облыс орталығындағы балабақшаның құрылысы
аяқталады.
Жезқазған қаласында «Балапан» бағдарламасы бойынша салынып жатқан
балабақшаның құрылыс жұмысы жалғасуда.
Абай ауданының Құрма ауылындағы жəне Жаңаарқа ауданының Жұмажанов
ауылындағы 2 мектепті, сондай-ақ, Қарағанды қаласындағы тірек-қозғалыс
аппаратында кемістігі бар балаларға арналған мектеп ғимаратының жапсырма
құрылысын қолданысқа беру жоспарланып отыр.
Аумағы 201 мың шаршы метрден кем емес тұрғын үйді пайдалануға беру
міндеті қойылған. Құрылысқа бөлінетін шығыстардың мөлшері азайғанына
қарамастан, əлеуметтік тұрғын үйлерді салу көлемі бұрынғы жылдардың
деңгейінде қалады. Осы мақсатта «Қазақстандық ипотека компаниясы»
ипотекалық ұйымы» АҚ жəне «Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ
тарапынан тұрғын үйлер құрылысын салу көлемі ұлғайтылады.
Бұдан тысқары, Мемлекет басшысы белгілеген Бес институционалдық
реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарындағы
міндеттерді жүзеге асыру аясында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, сəулет, қала
құрылысы жəне құрылысқа қатысты іс-қимылдар туралы заңға құрылыс пен жаңа
нысандарды қолданысқа беру рəсімдерін ықшамдаған, сонымен қатар, құрылысты
салушылар мен мердігерлерге қойылатын талапты қатаңдатқан өзгерістер
енгізілді.
Жаңа нормативтердің қабылдануы инновациялық технологиялар мен
материалдарды қолдануға, құрылыс нарығында қызмет көрсететін қазақстандық
мамандардың бəсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады.
Сəулет
Сəулет-қалақұрылысы саласының негізгі міндеті тұрғын үй құрылысы мен
əлеуметтік мəдени нысандар құрылысы үшін жер телімдерімен қамтамасыз ету
мақсатындағы аймақтарды кеңейтуге бағытталған елді мекендер аумағын дамыту
болып табылады.
2015 жылы облыстық барлық маңызы бар қалалар мен облыстың аудан
орталықтарының бас жоспарлары бекітілді.
Облыстың қалалары мен аудандарын дамытудың Кешенді жоспарына сəйкес
11 кенттің: Жезді, Жəйрем, Шахан, Долинка, Новодолинск, Ақтас, Қарағайлы,
Ағадыр, Топар, Мұстафин жəне Көкпекті ауылының бас жоспары дайындалып,
бекітілді.
Облыстағы қалалар мен аудандарды егжей-тегжейлі жоспарлаудың 45
жобасы бекітілді.
Қалақұрылысы кеңесі жұмысшы тобының отырыстарында 2015 жылы
Қарқаралы ауданы Қарағайлы кенті, Абай ауданы Топар кенті, Саран қаласы Ақтас
кентінің егжей-тегжейлі аралас жоспарланған бас жоспарларының жобасы
қарастырылды.
Облыста 270 нысан құжатталды.
Биыл 12 ауылдың бас жоспарын дайындау жоспарлануда (Сарышаған,
Ақжал, С. Сейфуллин, Қарсақпай, Ақтау, Мойынты, Қарабас, Южный,
Молодежный, Қызылжар, Егіндібұлак, Шашубай). Əлеуметтік инфрақұрылым