Ақпараттық технологияны кәсіптік оқыту мамандықтарында



жүктеу 132,77 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.11.2018
өлшемі132,77 Kb.
#22076


УДК 426.81

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ КӘСІПТІК ОҚЫТУ МАМАНДЫҚТАРЫНДА 

ҚОЛДАНУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Алмухамбетов Сейсекбай Сейтхалиевич, т.ғ.к; доцент 

Жексенбай Алтынай Темірғалиқызы, магистрант

 І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ, 

altynai_zheksenbai@mail.ru



s_almuxambetov@mail.ru



Бұл   мақалада   ақпараттық   технологияны   кәсіптік   оқыту   мамандықтарын

қолдану   арқылы   білім   алушылардың   сабаққа   деген   қызығушылығын   қалыптастыру

мәселесі қарастырылған.

Статья   рассматривает   вопросы   формирования   интереса   на   уроках   используя

инновационные технологии для специальности профиссионального обучения.

Article deals with the question of  formation of interest in the classroom using innovative

technologies for the specialty professional training.

Кілттік сөздер: Ақпараттық технология, электрондық оқулық.

Егеменді еліміздің тірегі – қазіргі білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры.

Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне

көшіп   келеді,   бұл   кезең   ақпараттық   кезең,   яғни   компьютерлік   техника   мен   оған

байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің

барлық   салаларына   кіріп,   оның   табиғи   ортасына   айналып   отыр.   «Білім   берудегі

ақпараттық  технология»  ұғымы  «оқытудың  жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі

ақпараттық   оқыту   технологиялары»,   «компьютерлік   оқыту   технологиялары»   және   т.б.,

тіркестермен тығыз байланысты.

ХХІ   ғасыр   ақпарат   ғасыры   болғандықтан   адамзатқа   компьютерлік   сауаттылық

қажет.  Бұл  сауаттылықтың   алғашқы   баспалдағы   мектептен   басталады.  Өйткені,   оқушы

мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар іс жүзіндегі білімінің алғы шарттарын

меңгеруі   тиіс.     Білім   берудің   негізгі   мақсаты   –   білім   мазмұнын   жаңартумен   қатар,

окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап

етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл

атқарады.   Осы   орайда   ел   Президенті   Н.Ә.Назарбаевтың   халыққа   жолдауындағы   «оқу

үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын

кеңейту   керек»   деген   сөзін   басшылыққа   ала   отырып,   сабақта   жаңа   ақпараттық

технологияларды   пайдалануға   жаппай   көшуіміз   керек.   Ақпараттық   технологияларды

сабақта   пайдаланудың   негізгі   мақсаты:   Қазақстан   Республикасында   біртұтас   білімдік

ақпараттық   ортаны   құру,   жаңа   ақпараттық   технологияны   пайдалану   Қазақстан

Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру

болып табылады.

Ал   теориялық   білімді   өмірмен   ұштастыру   үшін   компьютердің   қажет   екендігі

даусыз. Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды

дамытудың   жоғары   тиімділіктің   технологияларына   сүйенген   жаңа   білім   стратегиясына

көшу болып табылады. Қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне: оның іргерлігі, алдын алу

сипаты   және   осыларға   қол   жеткізу   мүмкіндіктері   жатады.   Бұл   өскелең   ұрпақты

ақпараттық   қоғаммен   зиялы   қарым   –   қатынасқа   оқытып   тәрбиелеуге   және   ақпараттық

мәдениетін   қалыптастыруға   жағдай   жасайды.  Ақпараттық   технологияны   бәсекеге

қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік

ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.




Бұл жерде ақпараттық технологиялар дегенiмiз - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды

даярлап,   оны   бiлiм   алушыға   беру  процесi.   Бұл   процестi   icкe   асырудағы   негiзгi   құрал

компьютeр   болып   табылады.   Aқпараттық   технологияның   негізгі   ерекшелігі   –   бұл

оқушыларға, білімгерлерге өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен

шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына

және   жеткен   жетістігінен   ләззат   алуға   мүмкіндік   береді.    Ол   үшін   мұғалім   өткізетін

сабағының   түрін   дұрыс   таңдай   білуі   қажет.   Ақпараттық   технологияның   мұғалім

жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың, білімгерлердің білім олқылықтарына үнемі зерттеу

жасап,   түзету   жұмыстарын   жүргізуге   пайдасы   бар.   Қазіргі   заманның   даму   қарқыны

мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. 

Сондықтан, ХХІ ғасыр – информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы

дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп,

жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты

талап етеді.

Бүгінгі   күннің   басты   талабы   еңбек   нарығы   мен   қоғамның   қажеттіліктерін

қанағаттандыруда   кәсіптік білім берудің беделі артып отыр. Осы мақсатта  2008 жылы

Қазақстан   Республикасында   техникалық   және   кәсіптік   білім   беруді   дамытудың   2008   –

2012   жылдарға   арналған   мемлекеттік   бағдарламасы   әзірленді[1].   Оның   мақсаты   - 

техникалық   және   кәсіптік   білім   беру   жүйесін   қайта   ұйымдастыру,  бәсекеге   қабілетті

дағдылары   бар   және   білім   алуды   жалғастыру   үшін   жеткілікті   әлеуеті   бар   экономика

салалары   мен   жұмыс   берушілерді   техникалық   және   қызмет   көрсету   еңбегінің   білікті

мамандарымен қамтамасыз ету. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды

мәселелердің   бірі   –   оқытуды   ақпараттандыру,   яғни   оқу   үрдісінде   ақпараттық

технологияларды   пайдалану.  Қазіргі   таңда   елімізде   білім   беру  жүйесінде   жаңашылдық

қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Бұл ақпараттандыру жағдайында оқушылар

меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр.

Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын

арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдері

іздестірілуде.  Ақпараттық   технология   электрондық   есептеуіш   техникасымен   жұмыс

істеуге,   оқу   барысында   компьютерді   пайдалануға,   модельдеуге,   электрондық

оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, ғаламторда жұмыс істеуге, компьютерлік

оқыту   бағдарламаларына   негізделеді.   Ақпараттық   әдістемелік   материалдар

коммуникациялық   байланыс   құралдарын   пайдалану   арқылы   білім   беруді   жетілдіруді

көздейді. 

Ақпараттық технологиялар келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі

талантты,   шығармашылығы   мол,   еркін   дамуына   жол   ашатын   педагогикалық,

психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Жедел   дамып   отырған   ғылыми   –   техникалық   прогресс   қоғам   өмірінің   барлық

салаларын   ақпараттандырудың   ғаламдық   процесінің   негізіне   айналды.   Ақпараттық

технологиялық   дамуға   және   оның   қарқынына   экономиканың   жағдайы,   адамдардың

тұрмыс   деңгейі,   ұлттық   қауіпсіздік,   бүкіл   дүниежүзілік   қауымдастықтағы   мемлекеттің

рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл

дүниежүзілік   қоғамдастықтың   өмір   сүруі   үшін   жаңа   жағдайларды   қамтамасыз   етуде

ақпараттық-коммуникациялық   технологиялар   маңызды   рөл   атқарады.   Білім   беру

саласында   электрондық   байланыс   жүйелерінде   ақпарат   алмасу,  интернет,  электрондық

пошта, теле-конференция телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуы керек.

Ал   ақпараттық-коммуникативті   технологияны   пайдалану   жөніндегі   қызметтің

мақсаты: 




1.   үйренушінің   шығармашылық   әлеуетін   дамыту;   коммуникативтік   әрекеттерге

қабілетті болуды дамыту; сараптамалық-зерттеу қызметі дағдыларын дамыту; оқу қызметі

мәдениетін дамыту;

2. оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның тиімділігі мен

сапасын арттыру; 

3.   қазіргі   қоғамның   ақпараттануымен   байланысты   пайда   болатын   әлеуметтік

тапсырысты өткізу [2].

Кәсіптік   оқытуда   ақпараттық   технологияларды   пайдалану   мен   оқушылардың

ақпараттық   құзіреттілігін   қалыптастыру   қазіргі   заман   талабына   сай   ақпараттық

технологияларды,   электрондық   оқулықтарды   және   интернет   ресурстарды   пайдалану

оқушының   білім   беру  үрдісінде   шығармашылық   қабілетін   дамытуға   мүмкіндік   береді.

Үшінші мыңжылдық  кезінде қоғамның даму көрсеткіші ретінде ақпараттық қоғамға өту

ісі алынады да, ал оның ең анықтаушы ролін ақпарат түсінігі атқарады. Ақпаратта жинау,

сақтау, өңдеу және тарату тәсілдері мен құралдары динамикалық түрде өзгеріске ұшырап,

солар арқылы қоғамның инфрақұрылымы қалыптаса бастады.

Кәсіптік   оқыту  мамандықтары   үшін   ақпараттық   технологияларды   пайдаланудың

тиімділігі: 

білімгердің өз бетімен жұмысына;



уақытын үнемдеуге;

білім – білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;



қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;



іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде (би 

өнері,  қол еңбегі, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.);

қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту 



мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе 

нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;

білімгердің ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.



Оқытушы сабағында ақпараттық технологияның  тиімділігін жүйелі түрде көрсете

біледі. Ақпараттық технологияны пайдалану іс-тәжірибесі тиімді әдіс деп ойлаймын.

Жалпы білімгерлердің ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы: 

Білімгердің пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады; 



Шығармашылық қабілеттері артады;

Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады



Компьютерлік сауатты болуға үйренеді. 

Көптеген   жаңа   технологиялармен   қатар   соңғы   кездері   технология   пәні

сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Осыған байланысты күнделікті

сабаққа: 

-мультимедия   (видео,   аудио   қондырғылары   мен   теледидарды,   электрондық

оқулықтарды); 

-компьютер компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта 

-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді. 

Мұндай   қондырғылар   оқушылардың   да   білімгерлердің   де   қызығушылығын

арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді.

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту үшін мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне

де байланысты. Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық

ғалым   мен   озық   тәжірибенің   бүгінгі   даму   деңгейінде   белгілі   болған   оқыту   әдіс-

тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап

алу   және   олардың   бірнешеуінің   жиынтығын   түрлендіре   тиімді,   үйлесімді   әрі




шығармашылықпен қолдану сабақтың сәтті өтуінің кепілі. Осы ретте мына мәселелерге

баса назар аударғым келеді [5].

Сонда,   оқу-жүйесінде   ақпараттық-коммуникативтік   технологияларды   қолдану

мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:

1. оқушылар   электронды   оқулықтармен   және   интернет   желісімен   жұмыс   істей

алады;


2. оқушының білімі қысқа мерзімде және кез келген уақытта бағаланады;

3. орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады;

4. интерактивті тақтаны еркін қолданады;

5. ақпараттық мәдениетін дамытады;

6.  сабақта уақыт та үнемделеді;

7.  оқушылардың коммуникативтік қабілеттері дамиды;

8. зерттеу дағдылары дамиды;

9. оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады;

10. әрбір оқушының шығармашылық мүмкіндігі ашылады.

Жаңа ақпараттық технология:

- Ғаламтор кеністігі;

- Электрондық оқулық;

- Интерактивті тақта және т.б..

1. Компьютер жұмысының тиімділігін құрайтын бір бөлік ол – Ғаламтор желісінің

қызметін пайдалану. Ғаламтор желісінде көп мұғалімге де, оқушыға да қажет көптеген

сайттар   бар.   Қашықтықтан   ұйымдастырылған   әр   түрлі   байқаулар   мен   олимпиядаларға

қатысу балалардың дүниетанымын кеңейтіп, оқуға деген қызығушылығын арттыра түседі.

Біріншіден, Ғаламторда қажетті материалдарды іздеп табуға, сондай- ақ түрлі пәндерді

оқыту бойынша сабақтардың толық кешендері; екіншіден – компьютер уақытты үнемдеуге

және көрнекілік материалдарды тиімді пайдалануға да болады. Оқу- тәрбиелеу үрдісіне

ғылым   негіздерін   тереңірек   оқытуға,   оқушылардың   танымдарын   кеңейтуге,   түрлі

бағдарламаларды   меңгеруге   бағытталған   үйірмелер,   факультатив   пен   курстар   енгізу

компьютерлік техниканы тиімді қолдану жағдайының бірі болып табылады.

АКТ  -  педагогтың  мүмкіндігін  күшейтетін  құрал,   бірақ   ол  мұғалімді   алмастыра

алмайды.   Компьютер   мүмкіндіктері   психология   мен   дидактика   тұрғысынан   талданып,

керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Окыту бағдарламасының

тек   сыртқы   емес,   ішкі   тиімділігіне   көп   көңіл   бөлген   жөн.   Компьютердің   сызбалық

мүмкіндігінің   молдығы   дәрістік   сабақтарды   бояулы   суреттермен,   сызбалармен,

кестелермен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады.

Ғаламтор   желісінде   жұмыс   істеу   де   оқушыларымызға   әлемдік   білім   мен   ғылым

жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ. 

Сонымен ғаламтор желісімен жұмыс жасағанда:

-  Жобалардың презентацияларын дайындау.

-  Ғылыми журналдардың сайттарына кіру.

-  Өзге мектеп оқушыларымен еркін әңгімелесу.

-  Электрондық поштаны пайдалану мүмкіндігі.

- Өзін - өзі бағалау.

2.   Электрондық   оқулықты   пайдалану   мұғалімнің   де   ғылыми-әдістемелік

потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында

компьютерлік   тесттер   арқылы   оқушыны   жекелей   бақылауды,   графикалық   бейнелеу,

мәтіндері   түрінде,   мультимедиалық,   бейне   және   дыбыс   бөлімдерінің   бағдарламасы

бойынша   алатын   жаңалықтарды   іске   асыруға   көп   көмегін   тигізеді.   Электрондық

оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін –

өзі   тексеру  жүйесі   бар.   Осы   электрондық   оқулықтың   артықшылығы   болып   табылады.

Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын



алмастырады.Электрондық   оқулықтарды   пайдалану   оқушылардың,   танымдық

белсенділігін   арттырып   қана   қоймай,   логикалық   ойлау   жүйесін   қалыптастыруға

шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.  Сондай ақ электрондық оқулық - бұл

дидактикалық   әдіс   –   тәсілдер   мен   ақпараттық   технологияны   қолдануға   негізделген

түбегейлі   жүйе.   Электронды   оқулықпен   оқыту   оқытушының   оқушымен   жеке   жұмыс

істегендей   болады.   Электрондық   оқулық   тек   қана   оқушы   үшін   емес,   мұғалімнің

дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады. 

Көп функционалды электрондық оқулықтар:

Оқушылардың өз бетінше білім алу қызметің ұйымдастыруға;



 Әр түрлі ақпаратты жинау, өндеу, сақтау, объектілерді, құбылыстарды модельдеу

сияқты,   оқыту   қызметін   ұйымдастыру   процесіңде   қазіргі   заманғы   ақпараттық

технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға;

  Оқу процесінде мультимедия технологияларын, гипермәтіндік және гипермедия



жүйелерін пайдалануға;

Оқушылардың   интеллектуалды   мүмкіндіктерін,   білім,   дағды,   іскерлік



денгейлерін, сабаққа дайындық денгейін бақылауға;

Оқытуды  басқаруға,  оқу  қызметінің,  тестілеудің  нәтижелерін  бақылау  процесін



автоматтандыруға интеллектуалдық денгейіне қарай тапсырмалар беруге;

Оқушылардың өз бетінше оқу қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасауға[6].



Қазіргі   заманда   ақпараттық   ағымдарды   басқаруды   қамтамасыз   етуге   мүмкіндік

береді.


Интерактивті тақтаны пайдалану:

-   Интерактивті   тақта   –   басқаруға   мүмкіндік   беретін   экран,   көп   функциональды,

сабақ барысында қолданатын қажетті құралдардың бәрі кіреді, атап айтқанда;

- Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті, ұқыпты

кескінмен салыстыруға болмайды.

- Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.

-   Сабақта   Aktiv   Vote   тестілеу   жүйесі   арқылы   тест   алу   мүмкіндігін   қолдануға

болады.


-   Aktiv   Wand   указкасының   көмегімен   тышқанның   қызметін   атқару   және

кішкентайларға да тақтаның жоғарғы бөлігіне қол жеткізу мүмкіндігі туады [4].

«Қазіргі   заманда   болашақ   жұмысшы   мамандарды   ақпараттық   технологиямен

байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап

көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде

оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. 

Ақпараттық   –   коммуникациялық   технологияны   оқу   –   тәрбие   үрдісінде   қолдану

оқушының   өз   мамандығына   қызығушылығын   арттырып,   шығармашылық   шабытын

шыңдап,   ғылыми   көзқарасын   қалыптастырып,   мамандық   сапасын   арттырып,   еңбек

нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.

«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, менің ұстаз ретінде де, еліміздің

ұлтжанды   азаматшасы   ретінде   де   арманым   еліміздің   әрбір   азаматы   терең   білімді,

интеллектуалды,   заманауи  техникаларды   еркін   меңгере   алатын,   әрқайсысы   еліміздің

дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған

Мемлекеттік бағдарламасы. 



2.  «Информатика негіздері» журналдары. 

3. Ғылыми-әдістемелік журнал, №5-2009 ж 


4. Интернет материалдары №72 «Gooqle» және №65 «Mail.ru» сайттары 2014 ж.

5. А. Салихова «Оқушылардың шығармашылығын дамыту»

6. Мутанов Ғ. Білім беру жүйесін ақпараттандырудағы жаңа қадам. // 

“Информатика негіздері”, №1, 2003. – 2-5 б.



жүктеу 132,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау