1
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ
БҮГІНГІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ ОҚУ ТӘРБИЕ
ҮДЕРІСІНДЕ АЛАТЫН РӨЛІ
Тлепбергенова Г., «Бастауышта оқытудың
педагогикасы мен әдістемесі», 1 курс магистранты
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д. Сардарова Ж.И.
Жылдан-жылға дамып келе жатқан материалдық-техникалық мүмкіндіктер мұғалімдерге,
оқушыларға жоғарыда аталған бағыттардың әртүрлі аспектісін меңгеруге мүмкіндік береді.
Мұндай бағыттарды меңгеруде оқыту үдерісінде қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық
технология құралдарының алатын орны ерекше.
И.В.Роберт ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын микропроцессорлық
техника құралдары негізінде басқарылатын программалық, программалық-аппараттық және
техникалық құралдар мен құрылғыларды, сондай-ақ ақпаратты тасымалдаудың қазіргі құралдары
мен жүйелері, ақпаратты жинау, қорландыру, өңдеу, сақтау, тарату, пайдалану операцияларын
қамтамасыз ететін ақпараттық алмасу, компьютерлік желілердегі ақпараттық ресурсқа кіру
мүмкіндігі деп түсіндірген [1, 4 б.].
В.В.Гриншкун оларды программалық қамтамасыз етілу тұрғысынан қарастырып, білім беру
саласында қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарының негізін
перифериялық құрылғылармен жабдықталған дербес компьютердің құрайтындығын және оның
мүмкіндіктері программалық қамтамасыз етілумен анықталатындығын көрсеткен. Ол
программалық құралдардың негізгі көрсеткіштеріне жүйелік, қолданбалы және құрал-cаймандық
программаларды негіздеген. Жүйелік программалар ретінде компьютер мен жабдықтардың,
адамның арасындағы өзара әрекетті қамтамасыз ететін операциялық жүйелерді, сонымен қатар
қызметтік, сервистік программаларды қарастырған. Қолданбалы программаларға ақпараттық
технологияның құралдары болып табылатын программалық қамтамасыз етуді – мәтінмен,
графикамен, кестелік мәліметтермен жұмыс жасау технологиясын жатқызса, үшінші түріне
программалық қамтамасыз етуді өңдеуге арналған программаларды арнаған [4, 21 б.].
Бұдан, ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары ақпаратты жинақтау, сақтау,
өңдеу және бейнелеуді қамтамасыз ететін бірыңғай технологиялық тізбекке біріктірілген әдістер,
өндірістік үдерістер және программалық техникалық құралдар жиынтығы, ол өз кезегінде
ақпараттық ресурстарды пайдалану үдерісінің оңтайландырады, сондай-ақ, оның сенімділігі мен
жылдамдығын арттыратын құралдар болып табылатындықтан, оған келесідей анықтама береміз:
ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары компьютерлік техника мен желілерді
қолдану негізінде ақпараттық үдерістерді жүзеге асыруға бағытталған аппараттық және
программалық құралдар. Осы анықтаманың негізінде білім беру жүйесіндегі аппараттық және
программалық құралдарды ұсынуды жөн көрдік (1-кесте).
1-кесте
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары
Аппараттық
құралдар:
Педагогикалық мүмкіндігі
Компьютер
Кез келген ақпаратты өңдеуге арналған әмбебап құрал
Интерактивтік тақта Оқу сабақтарын ұйымдастыруға және семинарлар мен пікірталастар өткізуге
ыңғайлы құрал.
Принтер
Мұғалім мен оқушылардың дайындаған ақпаратын қағазға шығаруға
арналған құрылғы
Проектор
Сабақтың көрнекілік деңгейін арттыруға және оқушылардың өз
жұмыстарының нәтижесін көрсетуге арналған құрал
Телекоммуника-
циялық блок
Ресейлік немесе әлемдік ақпараттық ресурстарға кіруге мүмкіндік беретін
қашықтықтан оқытуға, басқа мектептермен хат алысуға көмектесетін құрал
Пернетақта
және
тышқан
Мәтіндік ақпаратты енгізуге және экрандағы нысандарды басқаруға арналған
құралдар
Сыныптағы
және
мектептегі желі
Ақпараттық желіге кіруге мүмкіндік беретін ақпараттық, техникалық және
уақыттық ресурстарды тиімді қолдануға көмектеседі.
Дыбыс-бейне
құралдары
Сканер, фотоаппарат, видеокамера, магнитофон қоршаған әлемнің
ақпараттық бейнесін оқыту үдерісіне енгізуге мүмкіндік береді.
2
Программалық
құралдар:
Педагогикалық мүмкіндігі
Ақпараттың өзегі -
интернет
Ұйымдастырылған ақпараттық массивтер – компьютердегі энциклопедиялар,
ақпараттық сайттар және Интернет жүйесі.
Виртуалды
конструкторлар
Көрнекілік, математикалық және физикалық нақтылықтың символдық
үлгілерін құрастыруға, осы үлгілерге эксперимент жүргізуге мүмкіндік
береді.
Жаттықтырғыш-тар Ақпараттық нысандармен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыруға – мәтінді
енгізу, экрандағы графикалық нысандармен жұмыс, жазбаша және ауызша
жұмыстар жүргізуге бағытталады.
Компьютерлік тест
программалары
Оқушылар автоматты түрде компьютер арқылы тапсырманы орындайды
және нәтижесін алады. Компьютер оқушыны бағалайды.
Оқытушы кешендік
жиынтық
(электрондық
басылым)
Жоғарыда аталған программалық құралдардың сәйкестігіне қарай дәстүрлі
түрде оқыту үдерісін автоматтандырады, мұғалім мен оқушы іс-әрекетін
дербестендіреді.
Басқарудың
ақпараттық
жүйелері
Білім беру үдерісінің барлық қатысушыларымен- оқушылар, мұғалімдер,
басшылық, ата-аналар, қоғам мүшелерінің арасындағы ақпараттық
ағындардың жүруін қамтамасыз етеді.
Аталған құралдарды өзінің ерекше қызметімен қатар, оқушылардың танымдық
қызығушылығын қалыптастырудың құралы ретінде қамтамасыз ету мәселесі де өзекті болып отыр.
Бұл ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын бастауыш мектептің оқу үдерісіне
қолдануды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қайта қарауды қажет етеді.
Бастауыш мектепте аталған құралдарды танымдық тұрғыдан қолданудың әртүрлі
психологиялық-педагогикалық аспектілері С.Пейперт, Б.Хантер, Дж.Нокс, Т.М.Ньюсем және т.б.
ғалымдардың еңбектерінде зерттелген. С.Пейперт «компьютермен оқытуда бала – өзінің
интеллектуалдық құрылымын құрушы құрылысшы. ... бала қазіргі техниканы меңгеріп қана
қоймайды, сонымен қатар жаратылыстану, математика пәндерінен, басқа да интеллектуалдық
дамуына қажетті ақпараттармен танысады» деген. Шынында дәстүрлі оқытуда бала дайын білімді
арнайы іскерліктерді меңгереді. Мұндай жағдайда ересектер балаларда өздігінен оқудың
дағдыларын қалыптастырудың қажеттілігін, оның нәтижесінде бала жан дүниесінің үлгісін
құратынын естен шығарады. Компьютермен жұмыс барысында оқушы өздігімен әртүрлі әуестігіне
байланысты (сурет салу, өлең құрастыру, ән айту) оқу дағдыларын меңгеріп, өзі үшін жаңаны
таниды, қоршаған әлемді зерттейді, білімді өздігімен ізденуге деген қызығушылығы, білуге
құштарлығы пайда болады. Бұдан компьютердің есте сақтаудан терең ұғынуға көшуге мүмкіндік
беруін, заттардың ұқсастық, айырмашылығын ерекшелеуін, ақылмен, санамен әрекет жасауға
төселдіруін,
өзіндік
қызығушылығына
байланысты
тапсырмаларды
орындай
білуге
дағдыландыруын балалардың танымдық үдерістерін дамытуда жүзеге асыру көзделеді.
Е.И.Машбиц еңбегінде аталған құралдарды оқыту технологиясына үлкен өзгерістер
енгізетін керемет құрылғы ретінде ұсынып, оны оқу үдерісіне қолдану тапсырмаға қойылатын
талаптар мен оның мазмұнын кеңейтуге, оқушылардың оқуға түрткісін арттыруға, оқу үдерісіне
белсенділігін дамытуға, оқушының әрекетіне жасалатын бақылаудың түрін өзгертуге, оқушыларда
өз әрекетінің рефлексиясын қалыптастыруға жағдай жасайтынын баса көрсеткен.
Соңғы жылдары В.Г.Житомирский, Д.В.Зарецкий, Я.А.Локтюшина және т.б. ғалымдар оқу
үдерісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетінде ақпараттық-коммуникациялық технология
құралдарын ұтымды пайдаланудың жолдарын белгілі бір психологиялық-педагогикалық көзқарас
тұрғысынан сипаттаған [8-9]. О.К.Тихомиров еңбегінде компьютермен жүзеге асырылатын адамның
әртүрлі іс-әрекетін ұйымдастырудың қағидалары мен заңдылықтары, психикалық даму заңдылықтары,
компьютер мен адам арасындағы қарым-қатынас, жеке тұлғаның дамуына ақпараттандырудың әсері
қарастырылып, адамның ойлау әрекетін компьютерлер және басқа да ақпараттық-коммуникациялық
технология құралдары арқылы түрлендіруді қолдайды. Мұндай жағдайда компьютерді қолданудағы
оқушылардың психикалық күйін диагностикалауға байланысты А.Н.Занковский семантикалық
саралау әдісін пайдалануды ұсынады.
Дей тұрғанмен, ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарының оқушының
әлеуметтік және когнитивтік дамуына кері әсері туралы психологиялық, физиологиялық,
педагогикалық көзқарастар қалыптасқан.
3
Бірқатар мамандар, бұл құралдарды бастауыш сыныпта қолдану оқушыларды қоршаған
әлемді танудағы бағытынан адастыруға, ойлауының ассимилияция үдерістері мен
интеллектуалдық дамуында олқылықтар болуына, кішкентай балалар тәрізді сезімдік ойлауға бой
алдыруы, компьютермен жұмыс істеуде нақтылық пен қиялдың, нақты мен тілектің арасындағы
үзілістің сезілуі; компьютерді қолдану арқылы орындалатын символдармен және абстрактылы
ақпаратпен жұмыс істеу тәжірибесінің пайдасын түсінуге дайын еместігі, программалауға қажетті
дағдылар баланың әрекетке дейінгі қабілеттеріне сәйкес келмеуі басым болатындығы жөнінде
пікірлер айтады. Мәселен, Дж.Нокстың еңбегінде компьютерлер балалардың табиғи дамуы мен
дене күшінің белсенділігін шектейді, сондай-ақ нақты нысандар мен жағдайларды ой елегінен
өткізуге кедергі болуы мүмкін деп көрсеткен [6, 65 б.].
Шынында да, компьютердің балаға әсер ету мәселесі жан-жақты. Әртүрлі зерттеулердегі
бастауыш мектепте компьютерді қолдану мәселесін талдау негізінде тек сауатты жоспарланған
педагогикалық үдеріс жағдайында ғана аталған құралдарды бастауыш сыныпта қойылған
талаптарды баланың психикалық даму деңгейіне байланысты ескере отырып қолданғанда ғана,
баланың психикасы мен денсаулығына кері әсері болмайтындығы туралы қорытынды жасауға
болады.
Егер басқа елдердің тәжірибесіне көз салсақ, мысалы АҚШ –та бұл мәселе 25 жыл бұрын
шешілген және компьютерді арнайы балаларға арналған жоғары сапалы, тексерілген
апробацияланған программаларды қолдану арқылы оқытуды қолға алған. Педагогтар,
психологтар, дәрігерлердің зерттеулері бойынша компьютерді қолдану – баланың денсаулығына
зиянды емес, керісінше баланы эволюциялық тұрғыдан дамытады. Д.Солпитердің «Бала және
компьютер» кітабы бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды оқытуға және оқуға компьютерді
қолдануға арналған. Автордың «компьютерлер сиқырлы құрал емес... компьютер баланың оқуына
және қоршаған дүниені білуіне мүмкіндік жасайды» деген ойымен келісуге болады. Бұл кітапта
дербес компьютерді қолданудың пайдалы жақтары, баланың денсаулығына тигізетін әсерлері,
қауіпсіздік шаралары, жақсы модельдерді таңдау тәсілдері туралы айтылған. М.Никитинаның
«Бала компьютер алдында» кітабында компьютердің баланың дамуы мен қалыптасуына әсері,
сергіту жаттығулары, балалардың интернетті қолдану мүмкіндігі, дамытушы ойындардың түрлері
және балаларға оқуға қажетті материалдар мен ертегілер, журналдар, мультфильмдер қамтылған
интернет сайттары берілген.
Компьютерді қолдануда баланың денсаулығын қорғау қиындық туғызатын мәселе. Оны кейбір
бақылаусыз орындалатын ойындарды ойнауға емес, тұлғаны дамыту үшін қолдану керек.
аталған құралдарды қолдану арқылы интерактивтік режимде басқарудың бірегей
мүмкіншіліктерін модельдеу және құрастырумен қатар, оқу үдерісіне оны қолданудың
педагогикалық мүмкіндіктері ретінде келесі қызметтерді алуға болады:
а) тәрбиелік қызметі, оқушыларды орындалатын жұмысқа жауапкершілікпен қарауға
мәжбүр етеді, сондай-ақ аталған құралдар есіркегенді білмейді, онда тапсырма дәл орындалуы
тиіс, әйтпесе келесі жұмысты орындау мүмкін емес;
ә) дербестендіру қызметі, сыныптағы әрбір оқушымен жеке, дара жұмыс істеуді
қамтамасыз етеді;
б) ынталандыру қызметі, оқудағы табыстары жөнінде ақпараттың жиі берілуі негізінде
оқушыларда оқуға деген жағымды мотивация қалыптасады, терең білім алуға ұмтылуға қажеттілік
пайда болады;
в) бейімдеуші қызметі, ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары оқушылардың
аралық әрекетін бағалай отырып, оқылатын материалдың ерекшеліктеріне лайықтап көмектесіп,
оқушыға өзінің әрекетінің келесі қадамын таңдауға мүмкіндік береді;
г) білімді қалыптастырудағы басқару қызметі, баланың әрекетін керекті арнаға бағыттауға
және оқу әрекетінің циклін тұйықтауға мүмкіндік береді;
д) бағдарлаушы қызметі, оқушының әрекетін бағалауда қарастырылып отырған мәселенің
маңызы неде екендігіне, кез келген сұраққа жауап беруде өзінің ойларын қалай қорыту
керектігіне, дұрыс шешім жасауға жол сілтеуге жағдай жасайды. «Нұсқау» ойлаудың дұрыс
жолына бағыттау, ишара білдіру болып табылады. Бұлардың барлығы қарастырылып отырған
идеяны ерекшелеуге, оның мазмұнын түсінуге және есте сақтауға көмектеседі;
е) белсендіруші қызметі: бірден кері байланыс жасауға мүмкіндік беруі оқушыларды
ынталандырады және қызықтырады, бұдан оқушы өзінің келесі әрекетінің жоспарын шын
көңілімен ойлап табуға талаптанады, талпынады;
ж) қорытындылау қызметі, оқушы әрбір есепті, сұрақты кезеңмен шешетіндігінен тұрады;
4
з) ізгілендіру қызметі, мұғалім мен оқушы арасындағы түсінбеушіліктен туатын
психологиялық тосқауылды болдырмауға мүмкіндік береді, сондай-ақ жұмыс барысында
оқушылар не істеу керектігін біледі, мұғалім оқу материалы қалай меңгерілгендігін қадағалап
отырады.
к) дәлдік қызметі, анық ақпаратты жеткілікті көлемде меңгерудегі оқушылардың білімі мен
іскерліктеріне дәл баға қоюға жағдай жасайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Роберт И.В. О понятийном аппарате информатизации образования // Информатика и и
образование. 2003, №1. - С. 2-6.
2. Бидайбеков Е.Ы. Проблемы компьютеризации национальных школ // в кн.: Компьютерные
технологии в учебно-воспитательном процессе школы и вуза. – Свердловск, 1990. - С.34-37.
3. Құрманалина Ш.Х. Методология и технология создания электронной методической
системы в условиях информатизации образования. –Алматы.: Алем, 2002. – 413 с.
4. Бидайбеков Е.Ы., Гриншкун В.В., Изтлеуова Г.К. Средства телекоммуникаций в
вузовском преподавании информатики. // Вестник АГУ, Физико– Математическая серия, №1,
АГУ им.Абая. – Алматы, 2000. – С.21- 27.
5. Хантер Б. Мои ученики работают на компьютерах / Б.Хантер. – М.:Просвещение, 1989.
– 289 с.
6. Нокс Дж. Что могуть дать компьютеры педагогике / Дж.Нокс // ИНФО. – 1991. - №5. –
С.107-112.
7. Гергей Т., Машбиц Е.И. Психолого-педагогические проблемы эффективного применения
компьютера в учебном процессе. - М.: Педагогика. 1991. – 195 с.
8. Житомирский В.Г. Вычислительная техника и учебный процесс. – Свердловск. 1978, - 128
с.
9. Зарецкий Д.В., Зарецкая З.А. Роль компьютера в управлении познавательной
деятельности младших школьников. / /Информатика и образование. – 1997.- №7. – С.89-95
Достарыңызбен бөлісу: |