Анықтамалық-нормативтік әдебиетпен, нормативтік құжаттармен, типтік жобамен, ведомство аралық нормативпен жұмыс істеуге дағдыланады



жүктеу 133 Kb.
Дата06.02.2020
өлшемі133 Kb.
#28456

Нысан

Әдістемелік нұсқау Ф СО ПГУ 7.18.2/07


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Филология, журналистика жєне өнер факультеті

«Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі» пәні бойынша 050205 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған


КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ

Павлодар 2009



Курстық жұмысқа Нысан

әдістемелік нұсқау Ф СО ПГУ 7.18.1/05





БЕКІТЕМІН

ФЖжӨ факультетінің деканы

________________ Ж.Т.Сарбалаев

«___»_____________2009 ж.
Құрастырушы: ф.ғ.к., профессор Ж.Т. Сарбалаев

оқытушы Г.А. Жұмабекова



Қазақ филологиясы кафедрасы

Курстық жұмысқа арналған


Әдістемелік нұсқау
«Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі» пәні бойынша 050205 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттері үшін

Қазақ филологиясы кафедрасының «_____»______________2009 ж. мәжілісінде ұсынылды. №____хаттама


Кафедра меңгерушісі_______________________Н.Қ. Жүсіпов


Филология, журналистика және өнер факультетінің «_____»______2009 ж. әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

№____хаттама.

ӘК төрайымы____________________ Е.Н. Жұманқұлова



Жалпы түсінік
Курстық жұмыс студенттердің өздік жұмысы боп есептеледі. КЖ негізгі пәндерді өтіп болған соң жазылады.

КЖ студенттерді өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландырады.

КЖ міндеті:


  • белгілі бір пәннен алған студенттердің теориялық білімдерін тереңдетіп, бекіту;

  • таңдаған мамандық бойынша белгілі бір мәселені шешуге алған білімін қолдану;

  • анықтамалық-нормативтік әдебиетпен, нормативтік құжаттармен, типтік жобамен, ведомство аралық нормативпен жұмыс істеуге дағдыланады;

  • мамандығы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуға дағдыланады.

Курстық жұмыстың көлемі қолмен жазғанда 40-45 бет , компьютермен басқанда 25 бет болады.

КЖ –да мыналар қамтылуы керек:



  • жоспар ;

  • тақырып өзектілігін көрсететін кіріспе;

  • негізгі бөлім;

  • қорытынды бөлім;

  • әдебиеттер тізімі.


КЖ қойылатын талап:


  1. КЖ тақырыбы

- КЖ тақырыбы типтік және оқу жұмыс жоспарына сай келуі тиіс;

- КЖ тақырыбы мыналарға негізделуі тиіс:

- ғылыми-зерттеу жұмыстарына негіз боларлық іргелі бөлімдерге бағытталуы керек;

- кафедра мүшелерінің терең ғылыми еңбектеріне сілтеме жасау.


КЖ ұйымдастыру

КЖ ұйымдастыруға мыналар кіреді:



КЖ-қа тапсырма семестрдің бірінші аптасында беріледі. КЖ-қа берілетін тапсырма арнайы бланкқа жазылып, оған студент пен жетекшінің қолдары қойылады, кафедра меңгерушісі бекітеді.

КЖ-қа жетекшілік ету

КЖ-қа жетекшілік ету жоғары білікті, ғылыми дәрежесі бар оқытушыға жүктеледі.

КЖ жазу барысында жеке, топтық кеңес беріледі. Кеңес беру сабақтан тыс уақытта өтуі тиіс, үзіліс кезінде кеңес берілмейді.

Кеңес беру уақыты кафедрада тұруы керек және студентке де беріледі.
КЖ-тың орындалуын қадағалау
КЖ жетекшісі кеңес беру кезінде жазылған жұмысты тексеріп, қателері көрсетіліп, түсінік беріледі.

Жұмыстың бір бөлігі тексерілген соң, оқытушы келісімімен студент келесі бөлімге өтеді.

КЖ-тың орындалу нәтижесі кафедра мәжілісінде қарастырылып отырады.

КЖ кестесінен қалып қойған студенттер кафедра мәжілісіне шақырылады.


КЖ-тың рәсімделуі және қорғалуы
КЖ қолмен немесе компьютермен орындалады.

Рәсімделіп, студенттің қолы қойылған КЖ жетекшінің қолы қойылу үшін тапсырылады.

Егер КЖ мерзімінде тапсырылса, жетекші беттерге қолын қойып, пікірін жазып, қорғауға жібереді.

Мерзімінен кеш тапсырған студент кафедра меңгерушісінің рұқсатымен қорғауға жіберіледі.

КЖ қорғау сессияға 1-2 апта қалғанда бекітілген кесте бойынша өткізіледі.

КЖ қорғау кафедра мәжілісінде бекітілген үш адамдық комиссия отырысында өткізіледі. КЖ жетекшілері міндетті түрде қатысуы тиіс.

КЖ қорғауда студент 3-5 минут көлемінде қысқаша баяндама жасайды. Комиссия мүшелерінің сұрағына жауап береді.

КЖ орындалу сапасы мен қорғалуы 100 ұпайлық шкаламен және дәстүрлі бағамен бағаланады.

Баға қойғанда мыналар ескеріледі:


  • қорғау кезіндегі баяндама сапасы;

  • сұраққа қайтарылған жауаптың анық, дұрыс болуы;

  • студенттің теориялық, ғылыми, практикалық дайындығының деңгейі;

  • КЖ-тың рәсімделуі;

  • Жетекші пікірі.

Бағаны түзету үшін КЖ қайта қорғауға жіберілмейді.
КЖ-тың сақталуы
КЖ қорғаудан соң тізімдемемен кафедраға тапсырылады. КЖ 3 жылға дейін сақталады.

«Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі» пәні бойынша курстық жұмыс тақырыптары

1. Қазақ тілі құрмалас сөйлемдер жүйесінің зерттелу тарихы

2. Құрмалас сөйлемнің грамматикалық, семантикалық сипаты

3. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері, олардың түр-түрге топтасу принцибі

4. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің қазақ тілі грамматикалық жүйесімен байланысы, грамматикалық жүйеде алатын орны

5. Аралас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты

6. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер, олардың грамматикалық, семантикалық сипаты, түрлері.

7. Қазақ тілі құрмалас сөйлемдер жүйесінің зерттелу тарихы және зерттеулердің түркологиялық зерттеулермен байланысы.

8. Құрмалас сөйлемнің қалыптасу кезеңдері

9. Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің құрмаласуы.

10. Салалас, сабақтас, аралас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлері

11. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық белгілері, байланысу амалдары

12. Аралас құрмалас сөйлемнің зерттелу жайы

13. Аралас құрмаластың байланысу тәсілдері

14. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің құрылымы, қызметі жөніндегі теориялық зерттеулер.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:


  1. Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құмалас сөйлемдер синтаксисі. Алматы, 1995.

  2. Қазақ грамматикасы. Алматы, 2002.

  3. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. Алматы, 1948.

4. Черемисина М.И., Колосова Т.А. Очерки по теории сложного предложения. Новосибирск, 1986.

5. Мелиоранскии П.М. Краткая грамматика казах-киргизского языка. ч.2. синтаксис, 1844.

6. Байтұрсынов А. Тіл құрал. Сөйлем жүйесі мен түрлері. III. Тіл танытқыш құрал. – Байтұрсынов А. Тіл таным. Алматы,1962.

7. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. Алматы, 1994.

8. Севортян Э.В. О некоторых вопросах сложноподчиненного предложения в тюркских языках. – Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков, III, Синтаксис, М., 1961.

9. Жиенбаев С. Синтаксис мәселелері. Алматы, 1941.

10. Ысқақов А. Құрмалас сөйлем мәселелері// Халық мұғалімі, 1940.

11. Кононов А.Н. Грамматика языка тюркских рунических памятников. Л., 1980.

12. Гаджиева Н.З., Серебренников Б.А. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков, синтаксис. М., 1986.

13. Әміров Р.С. Қазақ тіліндегі жалғаулықтар. Алматы, 1959.



14. Амиров Р.С. Особенности синтаксиса казахской разговорной речи. Алматы, 1972.
жүктеу 133 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау