Анықтамалық-жол көрсеткіш


«Астана медицина университеті» АҚ



жүктеу 0,75 Mb.
Pdf просмотр
бет4/25
Дата20.05.2018
өлшемі0,75 Mb.
#14292
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

АМУ-17 


 

57 беттің  

9 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы 

 

3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 



 

3.1.  Астана  медицина  университетінің  студенттеріне  арналған  анықтамалық-жол 

көрсеткіш. 

3.2.  Анықтамалық-жол  көрсеткіште  Астана  медицина  университеті,  университеттегі 

оқу  процесін  ұйымдастыру,  ішкі  тәртіп  ережелері,  білім  алушылардың  құқықтары  мен 

міндеттері,  пәндер  бойынша  тіркеу  тәртібі,  білім  алушыларды  ағымдық,  аралық  және 

қорытынды бақылауды ұйымдастыру тәртібі, ауыстыру тәртібі, студенттерді қайта қабылдау 

және  оқудан  шығару,  студенттердің  өздік  жұмысы,  материалдық  және  ақпараттық 

құралдарды пайдалану тәртібі туралы жалпы мағлұматтар берілген.    

3.3 


Анықтамалық-жол 

көрсеткіш 

2007 

жылғы 


27 

шілдедегі 

Қазақстан 

Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы;  ҚР  МЖМБС  5.04.019-2011  «Жоғары  білім  беру. 

Бакалавриат»,  ҚР  БҒМ  «Білім  алушылардың  үлгерімін  ағымдық  бақылау,  аралық  және 

қорытынды  мемлекеттік  аттестаттау  өткізудің  үлгілік  қағидаларын  бекіту  туралы» 

18.03.2008ж. №125 бұйрығы (2016 жылғы 13 мамырдағы өзгерістер және толықтырулармен); 

«Білім  алушыларды  білім  беру  ұйымдарының  түрлері  бойынша  ауыстыру  және  қайта 

қабылдау қағидаларын бекіту туралы» 20.01.2015ж. №19 бұйрығы, «Білім беру ұйымдарында 

білім  алушыларға  академиялық  демалыстар  беру  қағидаларын  бекіту  туралы»  18.03.2008ж. 

№124  бұйрығы,  «Білім  беру  ұйымдарында  білім  алушылардың  жекелеген  санаттарына 

мемлекеттік  стипендиялар  төлеу  ережесін  бекіту  туралы»  ҚР  Үкіметінің  №116  қаулысы 

(2016  жылғы  03  маусымдағы  өзгерістерімен);    ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2011 

жылғы 20 сәуірдегі «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру 

қағидаларын бекіту туралы» №152  бұйрығы негізінде әзірленді. 

3.4  Жалпы  медицина  факультетінің  деканы  алдағы  оқу  жылының  Анықтамалық-жол 

көрсеткішін  әзірлеуге  және  «Жалпы  медицина»  мамандығының  студенттерін  қамтамасыз 

етуге жауапты. 




 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

АМУ-17 


 

57 беттің  

10 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы 

 

3.1 «Астана медицина университеті» АҚ-тың жетістіктері 



 

«Астана  медицина  университеті»  АҚ  тарихы  –  50  жыл  бойы  қалыптасу  және  даму 

жолы. 

 Қазақстан  КП  Орталық  комитетінің  және  Қазақ  КСР  Министрлер  кеңесінің  1964 



жылғы  26  қазандағы  №729  қаулысына  сәйкес  Целиноград  мемлекеттік  медицина 

институтының  негізі  қаланды.  ЦММИ-дың  алғашқы  педагогтар  құрамы  Алматы  медицина 

институтының  түлектері  мен  оқытушыларынан  құралды.  ЦММИ  «Емдік  іс»  мамандығы 

бойынша мамандар дайындады. Бірінші курсқа 300 

студент, екінші курсқа 100 студент қабылданды. 

1973  жылы  кафедрааралық  ғылыми-зерттеу 

зертханасы  ұйымдастырылды.  ЦММИ-дың  10 

жылдық мерейтойында институт қызметкерлерінің 

15-сі  докторлық,  72-сі  кандидаттық  диссертация 

қорғады. 39 кафедрада 226 оқытушы қызмет істеді 

және 2400 студент оқып жатты. 

1984  жылы  педиатрия  факультеті  ашылды 

және балалар аурулары кафедрасы құрылды. 

1989  жылы  орта  буын  медицина  қызметкерлерін  дайындау  факультеті  ашылды.  Осы 

кезде 3 факультеттің 34 кафедрасында 2759 студент білім алып жатты. 250 оқытушының 19-ы 

доктор және 131-і медицина ғылымдарының кандидаты болды. 

1990  жылы  кафедрааралық  зертхана  негізінде  орталық  ғылыми-зерттеу  зертханасы 

ашылды,  8  қабаттық  жаңа  оқу  корпусы  қолдануға  берілді.  1989  оқу  жылы  қазақ  бөлімшесі 

ашылды.  1992  жылдан  бастап  «Патологиялық  физиология»  мамандығы  бойынша 

кандидаттық диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес жұмыс істеп келеді.   

Медицина институтының негізі қаланғаннан бері басқару жүйесін уақыт талабына сай 

реформалау  және    ұйымдастыру  формасы  бірнеше  өзгерістерге  ұшырады.  1997  жылы 

институт  Қазақ  мемлекеттік  медицина  академиясы  болып  өзгертілді.  Осы  уақыт  ішінде 

академияда  3  диссертациялық  кеңес  ашылды.  Академия  негізінде  10  ғылыми  орталық  пен 

ғылыми-зерттеу  институттары  филиалдарының  негізі  қаланды.  1997  жылы  «Медициналық-

биологиялық  іс»  факультеті  ашылды.  Академия  республикалық  маңызды  «Астана 

медициналық журналы» және «Валеология» атты ғылыми-практикалық журналдарын алғаш 

шығара бастады. 

1993 жылдың наурыз айында қала атының өзгертілуіне байланысты институт Ақмола 

мемлекеттік медицина институты деп аталды. ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 25 ақпандағы №263 

қаулысына  сәйкес  ЖОО  академия  болып  өзгертілді.  ҚР  Үкіметінің  2003  жылғы  14 

наурыздағы  №249  қаулысына  және  ҚР  ДСМ  2003  жылғы  20  наурыздағы  №232  бұйрығына 

сәйкес Ақмола мемлекеттік медицина академиясы Қазақ мемлекеттік медицина академиясы 

деп аталды.  

1999  жылы  ҚР  Үкіметінің  1999  жылғы  28  қыркүйектегі  №1469  қаулысы  негізінде 

емдеу  және  педиатрия  факультетінің  түлектеріне  интернатура  ұйымдастырылды. 

Стоматология  факультетіне  интернатура  2007  жылы  ұйымдастырылды.  2001  жылы 

дәрігерлерді  жетілдіру  факультеті  ашылды.  2002  жылы  «Фармация»,  «Стоматология»  және 

«Шығыс  медицинасы»  факультеттерінің  негізі  қаланды.  «Хирургия»,  «Травмотология», 

«ЛОР-аурулары»  мамандықтары  бойынша  докторлық  диссертация,  «Микробиология»,  «Сот 

медицинасы»  мамандықтары  бойынша  кандидаттық  диссертацияларды  қорғау  жөніндегі 

Кеңестер ашылды. 2003 жылы  «Медициналық-профилактикалық іс» факультеті өз қызметін 

бастады.  



жүктеу 0,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау