Г
107
∑
ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ
190
191
қарама-қарсы жақтан байқайтын болса,
гало сақиналары Күннің дискісінің
төңірегінен көрінеді.
ГАЛЬВАНИЛІК БАЙЛАНЫС – элементтер зарядтарының электр тізбектерінде
бір элементтен екінші элементке тікелей «ағуын» қамтамасыз ететін электрлік қосу.
Сыйымдылықтың байланыстан немесе индуктивтік байланыстан айырмашылығы
бұл байланыс өте төменгі жиіліктердегі, тіптен нөлдік жиілікке дейінгі (тұрақты
токты) байланысты қамтамасыз етеді.
ГАЛЬВАНИМАГНИТТІК ҚҰБЫЛЫСТАР – электр тогы өтіп тұрған қатты
өткізгіштердің электрлік (гальванилік) қасиеттеріне магнит өрісінің әсер етуіне
байланысты туындайтын құбылыстардың жиынтығы. Олардың арасындағы
ең маңыздыларының бірі магнит өрісі (Н) токқа (J) (J – токтың тығыздығы)
перпендикуляр болатын көлденең гальванимагниттік құбылыс. Бұл құбылысқа
өріске (Н) және токқа (J) перпендикуляр бағытта потенциалдар айырымы (Холл
электрқозғаушы күші) туатын – Холл эффектісі және өрістегі (Н) өткізгіштің
электрлік кедергісі ρ өзгеретін көлденең магнитрезистік эффект жатады. Бойлық
гальванимагниттік құбылысқа өрістегі Н||J кедергінің аздаған өзгерісі Δρ
ІІ
жа-
тады. Жұқа пленкалардағы және өткізгіштердегі (Δ
ρ/
ρ
0
)
⊥
және (Δρ/ρ
0
)ІІ үлгінің
өлшемдері мен пішіндеріне (өлшемдік эффектілер) тәуелді. Н артқанда бұл
тәуелділік жойылады. Ферромагнетиктердегі гальванимагниттік құбылыстарда
бірқатар ерекшеліктер бар, оларда магнит өрісі жоқ кезде өздігінен магниттелу
құбылысы байқалады.
Гальванимагниттік құбылыстардың негізгі себебі – магнит өрісіндегі за-
ряд тасушылардың –
өткізгіштік электрондардың және
кемтіктердің
траекторияларының қисық сызықты болуы (
Лоренц күші). Заряд тасушылардың
траекториялары магнит өрісіндегі –
еркін электрондардың траектория-
ларынан
магниттік күш сызықтарына
оралған шеңбер спиралдардан едәуір өзгеше
болады. Әртүрлі өткізгіштердің заряд
тасушыларының траекторияларының әрқилы
болуы гальванимагниттік құбылыстардың
әралуан түрлі болуына себебші болған.
ГАЛЬВАНИ ЭЛЕМЕНТІ – тотықтандыру-
тотықсыздандыру реакциялары есебінен
химиялық энергияны электр энергиясы-
на тікелей түрлендіретін құрылғы; токтың
химиялық көзі. 1786 жылы итальян физигі
Луиджи Гальванидің тәжірибесі:
«жануар электрі».
191
ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ
190
191
Г
107
∑
әрі физиологы
Гальвани (1737 – 1798) «жануарлар электрі» деп атаған
«құбылысты» ашқан болатын. Ол осы «жаңалығын» 1791 жылы жариялаған.
Осыны естіген оның отандасы Александр
Вольта (1745 – 1827) Гальванидің
тәжірибесін қайталап оның тұжырымының жаңсақтығын ашып, электр тогының
бақаның бұлшық етінің жиырылуы –
металл пластинаның электрод, ал
бақаның денесіндегі
сұйықтықтың электролит ретінде әрекет ететінін
дәлелдеген. Вольтаның осы жаңалығы 1799 жылы оның вольттік орамының
жасалуына себепші болған. Бұл орамның әрқайсысы екі электродтың (мырыш
пен күмісте) және теңіз суына шыланған картоннан құралған –
батарея бол-
ған. Осы батарея дүние жүзіндегі
ең алғашқы электр батареясы болған.
ГАЛЬВАНИ... (итальян физигі
Гальванидің (1737 – 1798) есімі бойынша)
– «гальваникалық», «гальванизм» т.б. сөздердің орнына қолданылатын күрделі
сөздің бастапқы бөлігі (мыс., гальваниметр, гальванипластика).
ГАЛЬВАНИМЕТР (гальвани... + метр) – шамасы аз токтар, кернеулер және
электр мөлшерлерін өлшеуге арналған сезгіштігі жоғары электрөлшеуіш аспап.
Электр тізбегінде токтың немесе тізбектің кез келген екі нүктесі аралығындағы
потенциалдар айырымының болатынын-болмайтынын анықтайтын нөлдік инди-
катор ретінде де қолданылады. Гальваниметрлер
тұрақты ток және
айнымалы
ток гальваниметрі болып екіге ажыратылады. Ең алғашқы гальваниметрді 1882
жылы итальян физиктері: Жак
Д
,
Арсонваль (1851 – 1940) мен Марсель
Депре
(1842 – 1918) бірлесіп жасаған, олар жасаған гальваниметр – апериодты гальва-
ниметр болған. Алғашқы гальваниметр магнит-электрлік жүйе принципі бойын-
ша жасалған. Онда орам өзегіне орналасқан магниттік тіл болған. Орамда ток
болмаған кезде магниттік тіл магниттік меридиан бойынша бағытталып тұрады.
Катушкадан ток өткен кезде, ол бағытын өзгертеді. Ток шамасын өлшеу тәсіліне
орай гальваниметр «тілді» және айналы түрлерге ажыратылған.
ГАЛЬВАНИТЕХНИКА (итальян физигі Луиджи Гальванидің (1737 –
1798) құрметіне + грекше «махине – өнер, кәсіп, шеберлік») – қолданбалық
электрхимияның металл және бейметалл (металл емес) бұйымдардың бетіне
электролиттік тәсілмен метал қабатын (қабықшасын) жалату, шөктіру. Гальванитех-
ника гальванистегия (гальвани және грекше «стего – қаптау») және гальваниплас-
тика (гальвано және грекше «пластикс – шаптау») деген салаларға ажыратылған.
Гальванистегия – бұйымның бетіне берік ілініскен (жапсырылған) жұқа қабат
қаптау, ал гальванопластика – бұйымнан оңай ажыратылатын салыстырмалы
түрде әжептеуір қалыңдау әрі бұйымның дәл көшірме бейнесін (матрицасын)
жасау. Гальванитехникалық үрдістер электролиттен (сәйкес металдардың немесе