қ
58
∑
ҚАБАТ – ҚЫСЫМ
574
575
Тұйық жүйе, яғни сыртқы күш әсер етпейтін жүйе үшін қозғалыс мөлшері-
нің сақталу заңы орындалады. Бұл жағдайда жүйенің жеке бөліктерінің қозға-
лыс мөлшерінің өзгеруі мүмкін (мыс., ішкі күштердің әсерлерінен), бірақ жалпы
жүйе үшін Q=Σm
k
υ
k
теңдігі тұрақты болады. Реактивті қозғалыс, қарудың атылуы
кезіндегі тебіліс (дүмпу), еспе винттің жұмысы, т.б. осы заң арқылы түсіндіріледі.
Жарық жылдамдығына (с) жуық жылдамдықпен қозғалған еркін бөлшектің
қозғалыс мөлшері немесе импульсі мына формула бойынша анықталады:
р =
m·υ
/
�
� � �
²
, мұндағы β = υ/с. Егер υ<<с болса, онда формула мынадай түрге
өзгереді:
р =
m·υ. Физикалық өрістердің де (электрмагниттік, гравитациялық, т.б.)
қозғалыс мөлшері болады.
Өрістің қозғалыс мөлшері өріс қозғалыс мөлшерінің
тығыздығымен сипатталады және ол – өріс кернеулігі немесе потенциалы ар-
қылы өрнектеледі.
ҚОЗҒАЛЫС МӨЛШЕРІНІҢ МОМЕНТІ, кинетика лық момент –
материалдық нүктенің немесе жүйенің механикалық қозғалысының өлшеуіш-
терінің бірі. Бұл момент әсіресе, айналмалы қозғалысты зерттеуде елеулі ма-
ңызы бар. Күш моменті тәрізді қозғалыс мөлшерінің моменті (К) де орталыққа
(нүктеге) және оське қатысты ажыратылады. О орталығына қозғалыс мөлшерінің
моменті – қозғалыс мөлшері (mυ) мен О орталығынан берілген түзуге дейінгі
(бойымен қозғалыс мөлшерінің векторы бағытталған) ең қысқа қашықтықтың
көбейтіндісіне тең, яғни К
0
=[r∙mυ] мұндағы r – қозғалыстағы нүктенің радиусы.
Ол
О орталығы мен
mυ арқылы өтетін жазықтыққа перпендикуляр бағытталады.
ҚОЗҒАЛЫСТАҒЫ ДЕНЕ МАССА –
салыстырмалық теорияның негізіне
сәйкес қозғалыстағы дененің массасы оның тыныштық жағдайдағы массасынан
(тыныштық массасынан) артық және де жылдамдық артқан сайын үздіксіз өсетін
болады. Классикалық механиканың көзқарасы бойынша дененің массасы оның
қозғалысына тәуелді болмайтыны белгілі. Ғарыштық жылдамдықпен ұшатын
кәдімгі денелер үшін массаның артуы елеусіздей аз шама, оны осы заманғы
ешқандай өлшеуіш аспаптармен өлшеу мүмкін емес. Бірақ та
жарықтың тара-
лу жылдамдығына (с) жуық шапшаңдықпен қозғалатын атомдық бөлшектер
үшін салмақтың артуы едәуір еленетін шамада болады. Мысалы, 1000 эВ энер-
гиялы 18 720 км/сек жылдамдықпен қозғалатын электронның массасы 2,957
есе, ал энергиясы 10 МэВ-қа тең және жылдамдығы жарық жылдамдығына
жуық электронның массасы 20,58 есеге артады. Жарық жылдамдығына тең
жылдамдықпен қозғалатын дененің массасы шексіз үлкен болса, денеге әсер
етуші үдеткіш күш те шексіз үлкен болмақшы.
қ
58
∑
ҚАБАТ – ҚЫСЫМ
576
577
Осы айтылғандардан ешбір материалдық нысан (объект) ешқашан жарық
жылдамдығына тең жылдамдықпен қозғала алмайды немесе одан аса да ал-
майды деген қорытынды шығады. Сондықтан
жарық жылдамдығындай
шапшаңдықпен тек тыныштық массасы нөлге тең нысан ғана қозғала ала-
ды. Осы жайт әлгіндей массалы дене жалпы алғанда тыныштықта бола ал-
майды, оның әрқашан да жарық жылдамдығымен (с) қозғалуы тиіс. Тыныштық
массасы нөлге тең нысан – жарық, дәлірек айтсақ, жарық кванты – фотон.
ҚОЗҒАН КҮЙ, кванттық жүйенің – негізгі (нөлдік) күйдің энергиясы-
нан артық болатын тұрақсыз күй. Кванттық жүйе (атомдар, молекулалар, атом
ядролары) электрмагниттік энергияны жұту немесе өзгедей кванттық жүйелер-
мен өзараәсерлесу кезіндегі, мысалы,
соқтығысулар кезіндегі кванттық
ауысу тәсілімен қозған күйге көшеді.
ҚОЗДЫРУ – жүйені тұрақты тепе-теңдік күйден шығару.
Тербелістерді қоздыру – жүйеде тербелістердің пайда болуына әкеп соқты-
ратын әсер.
Тербелістерді параметрлік қоздыру – тербелмелі жүйенің кейбір параметр-
лерін периодты түрде өзгерту арқылы қоздыру.
ҚОЗДЫРЫЛҒАН КҮЙ, к в а н т т ы қ ж ү й е н і ң – кванттық жүйе үшін
мүмкін дискреттік қатардың ең аз (минимал) энергиясынан жоғары энергиясы
болатын әлгі жүйенің атомдар молекулаларының және өзге кванттық жүйелердің
күйі. Негізгі күйден (ең аз энергиялы) өзге күйлер – қоздырылған күйлер деп
аталған. Жүйенің қоздырылған күйге ауысуы үшін оны энергия беріп қоздыру
қажет. Қоздырылған күйдің, әдетте, шекті «өмір сүру» ұзақтығы болады. Қоз-
дырылған күйге сәйкес энергия деңгейлері де
қоздырылған энергия деңгейлері
деп аталады.
ҚОЗДЫРЫЛҒАН ӨТКІЗГІШТІК – диэлектриктердің және жартылай-
өткізгіштерді жарықтау (фотоөткізгіштік) немесе осылардың беттерін электрон-
дармен атқылау (электрондармен қоздырылған өткізгіштік) кезінде бұлардың
электрлік өткізгіштігінің артуы. Қоздырылған өткізгіштік
электрлік-кемтіктік
жұптардың шығарылуының себебінен туындаған.
ҚОЗУ, атомның неме се молекуланың
– атомның немесе молекуланың
негізгі күйден артық энергиялы күйге
(жоғарыдағы энергия деңгейінің біріне)
ауысуы (өтуі). Қозу бөлшектердің соқтығысулары кезінде немесе бөлшектердің
электрмагниттік сәулелер кванттарымен өзараәсерлесуі кезінде (әдетте
бөлшектердің өзараәсерлесуден алатын энергиясы оны иондандыруға жеткіліксіз
болған жағдайда) туындайды. Атомның немесе молекуланың
негізгі күйден