АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет24/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   274

А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



54

55

молекулааралық қашықтықтар алыс, сол себепті молекулалар бір-бірімен по-



тенциалды әсерлесе алмайды, сондықтан іс жүзінде өзіне тиесілі көлемде еркін 

(бос) қозғалады. 

Сұйықтар мен қатты денелерде – конденсацияланған орталарда – молекула-

лар (атомдар) бір-біріне едәуір жақын орналасқан, сол себепті олар өзара күшті 

әсерлеседі.  Осы  жайт  сұйықтар  мен  қатты  денелердің  өздерінің 

көлемдерін 

сақтауына  әкеп  соқтырады.  Бірақ  та  қатты  денелер  мен  сұйықтардағы  мо- 

лекулалардың қозғалыс сипаттары әрқалай, сол себепті олардың құрылымдары 

мен  қасиеттерінде  айырмашылықтар  болады.  Қатты  денелердегі  кристалдық 

күйде атомдар кристалдық торлардың тораптарының маңайында ғана тербеліс 

жасайды; осы денелердің құрылымдары жоғары дәрежедегі реттіліктермен – 

алыс 

және 


жақын реттілікпен сипатталады. Сұйықтарда тек жақын ғана реттілік бо-

лады және оған қоса 



сусымалылық пен аққыштық қасиеттер тән. П л а з м а- 

н ы ң  өзгедей агрегаттық күйден өзгешелігі ол – зарядталған бөлшектерден (ион, 

электрон) құралған газ. Агрегаттық күй ұғымының орнына кейде кең мағыналы 

ұғым – 


фаза пайдаланылады. 

АҒЫН – кез келген табиғатты заттардың (бөлшектердің, құбылыстардың) 

әйтеуір  бір  ортадағы  немесе  өрістегі  және  басқа  кеңістіктегі  қозғалыстарға 

қатысатын массаларының өлшемелік сипаттамасы. 

Жарық ағыны – жарықтың көріну сезімін тудыру қасиеті ескерілген жарық 

қарқындылығының сипаттамасы. 



Жылулық ағын – белгілі бір уақыт аралығында тұрақты температуралы бет 

арқылы өтетін жылу мөлшерінің уақыт аралығына қатынасы. 



Магниттік  ағын  –  кез  келген  бет  арқылы  өтетін  магниттік  индукция 

векторының ағыны. 



Сәуле ағыны – кез келген бет арқылы электрмагниттік сәуленің таситын толық 

қуаты. 


Сұйық ағыны – белгілі бір уақыт аралығында кез келген бет арқылы өткен 

сұйық массасының әлгі уақыт аралығына қатынасы. 



Ығысу ағыны – кейбір бет арқылы өтетін электрлік индукция векторының 

ағыны.


Энергия ағыны – кез келген бет арқылы электрмагниттік толқындар таситын 

қуат.


АДГЕЗИЯ (латынша «aдгезио – жабысу») – бір-біріне жанастырылған әр- 

текті (қатты немесе сұйық) екі дененің (фазалардың) беттік қабаттары арасында 

пайда  болатын  байланыстар.  Молекулалық  өзараәсерлесудің,  иондық  немесе 



А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



56

57

металдық байланыстардың нәтижесі болып табылады. Адгезияның дербес жағ- 



дайы – 

когезия (латынша – байланысқан, ілініскен) – бірдей денелердің бір- 

бірімен молекулалық өзараәсерлесу күштерінің әсерінен туындайтын ілінісу. 



АДИАБАТ (грекше  «адиабатос  –  ауыспайтын»)  –  тепе-теңдік  адиабаттық  

үрдісті кескіндейтін термодинамикалық күйді сипаттайтын сызық. 



АДИАБАТТЫҚ ҮРДІС, адиабаттық  процесс – физикалық жүйенің сырт-

тан жылу алмайтын және оны сыртқа шығармайтын үрдісі. Адиабаттық үрдіс 

жылуоқшаулауыш (адиабаттық) қабатпен қымталған жүйелерде өтеді, бірақ бұл 

үрдісті әлгіндей қабықшасы жоқ жағдайда да іс жүзіне асыруға болады. Бұл үшін 

үрдістің жүйе мен қоршаған орта аралығында жылу алмасуы үлгерілместей тез 

өтуі  қажет.  Газды  соққы  толқын  арқылы  адиабаттық  сығу  кезінде  бөлінетін 

жылуды сыртқа шығаруға және қатты қызуға үлгермейтіндей тез өтуіне жағдай 

жасалғаны жөн. Сол уақытта газдың адиабаттық көлемін ұлғайтуы сыртқы күш 

пен молекулалардың өзара тартылыс күшіне қарсы жұмыс істеуі нәтижесінде  

газды салқындататын болады. Осылайша салқындату г а з д а р д ы  с ұ й ы л- 

т  у  үрдісінің  негізіне  алынған.  Парамагниттік  тұздарды  адиабаттық  үрдіс- 

пен  магнитсіздендіру  абсолюттік  нөлге  жуық  температура  шығаруға  мүм- 

кіндік жасайды. Адиабаттық үрдіс қайтымды және қайтымсыз өтуі де мүмкін. 

Қайтымды  үрдісте  жүйенің  энтропиясы  тұрақты  болып  қалады,  қайтымсыз 

үрдісте – артатын болады. Сол себепті қайтымды үрдіс 

изоэнтроптық үрдіс 

деп те аталады. 



АДРОНДАР  (грекше  «һадрос  –  үлкен,  күшті»)  –  күшті  өзараәсерлесуге 

қатысатын  бөлшектер.  Бариондардың  (нуклондар  –  протон  мен  нейтрон  да) 

барлығы және мезондар адрондарға жатады. Күшті өзараәсерлесуде адрондардың 

кванттық сандары: ғажаптық, сұлулық, таңданарлық, т.б. сақталатындық қасиеті 

болады. Еркін күйде барлық адрондар (протоннан басқалары) тұрақсыз. Күшті 

өзараәсерлесу арқылы ыдырайтын адрондардың «өмір сүру» уақыты 10

–22

–10


–23

 

секунд, бұлар резонанстар деп аталған (кейбір мезондар қосылмайды).



Адрондар  құрама  жүйе.  Белгілі  адрондардың  көпшілігі  үш  кварктен,  ал  

мезондар – кварктен және антикварктен құралған.



АДРОНДЫҚ АТОМДАР – оң зарядталған ядроның кулондық тартылыс ар- 

қылы теріс адрондарды ұстайтын атомдарға ұқсас жүйелер. Пиондық (π

), каондық 



(К

), антипротонды (р



) және гиперондық (Σ

) атомдар байқалған. Адрондық атом-



дар заттарда теріс адрондардың баяулауы кезінде пайда болады. Негізгі кванттық 

санды n > (m/m



е

)

1/2



 жоғары күшті қоздырылған күйдегі атом электрон орнына ад- 

ронды қармайды (мұндағы m – теріс зарядты адронның массасы, m



е

 – электронның 




жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау