КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
504
505
к
178
∑
бірмезгілде бірнеше фотонның
жұтылуы заттағы электрондардың
теңесуіне әкеп соғады.
Фотондарды жұтумен қатар
шығару орын алатын көпфотонды
үрдістер жиіліктерді оптикалық
түрлендірулерде пайдаланылады.
Мысалы, еріксіз комбинациялық
шашырау үрдісі
комбинациялық
жиіліктер генераторларында (к о м б и н а ц и я л ы қ л а з е р л е р д е )
пайдаланылады.
КӨПІР ТІЗБЕК, э л е к т р л і к к ө п і р – қысқыштарының (полюстерінің)
бір жұбына қоректендіру көзі, ал екіншісіне жүктеме қосылған, әдетте төрт по-
люс түріндегі тұйық электр тізбегі. Классикалық көпір тізбек төртбұрыш түрінде
тізбектеп қосылған – төрт иінді
көпір деп аталған
электрлік кедергілері Ζ
1
, Ζ
2
, Ζ
3
, Ζ
4
(көпір
тізбектің
иіні) бар төрт бөліктен құралған (сызбаға
қараңыз). Көпір сұлбасындағы а, b, c және d
нүктелері т ө б е л е р деп аталған; қоректендіру
көзі (U
қ
) бар тармақ
қоректендіру диагона-
лы, ал электрлік кедергілері бар жүктеме (
Ζ
ж
)
жүктеме диагоналы деп аталған. Көпір тізбектің
диагоналының әрқайсысы қарама-қарсы жатқан
төбелерді бір – бірімен қосады («Көпір тізбек»
деп аталуының себебі де осыдан).
Жүктеме тізбегіндегі ток күші ток көзінің
электрқозғаушы күшінің (ЭҚК-тің) кез кел-
ген мәнінде нөлге тең болады (теңгерілген
көпір тізбек). Көпір тізбектің өзге бір түрі –
қосарланған (6 иінді) көпір болады. Төртиінді көпірдің тепе-теңдік шарты Ζ
1
/
Ζ
2
= Ζ
3
/Ζ
4
орындалатын кезде көпір тізбектегі тұрақты токтың тепе-теңдігі иіндер
кедергілерінің біреуін реттеу арқылы жүзеге асырылады.
Айнымалы токтың
көпір тізбегінде тепе – теңдік шарты комплексті шамаларды байланыстыра-
ды; нәтижесінде осы шарт әрқайсысы нақты сандарды – иіндер параметрлерін
(кедергілерді, индуктивтілікті, сыйымдылықты, жиіліктерді) байланыстыратын
2-сызба. а, б – үшфотонды (гиперкомбинация-
лы) жарықтың шашырауы; в – төртфотонды
иондандыру
Көпір тізбек. Төртиінді көпір
тізбектің сұлбасы: а, b, c және d –
төбелер; Z
1
, Z
2
, Z
3
және Z
4
– иін-
дер; Z
ж
– жүктеме; U
қ
– қорек-
тендіру көзі
к
178
∑
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
506
507
екі теңдікке ажыратылады. Айнымалы токтың көпір тізбегін теңгеру үшін жалпы
жағдайда көпірдің ең болмағанда екі параметрін реттеу қажет болады.
Көпір тізбек электр- және радиотехникада, өлшеуіш техникада, телемеханикада,
байланыс техникасында пайдаланылады.
КӨПІРШІК – сұйықта, сұйық массада пайда болатын сырты жұқа сұйық
қабығымен қоршалып ауа (бу) толтырылған кішкене мөлдір шар тәрізді көбіктерден
түзілген дискреттік жүйе. Көпіршік
беттік тартылыстың және сұйық ағыны
әсерінен жұқарып өздігінен жарылады. Таза сұйықтарда көпіршіктің түзілуі үшін
аздаған көпіршік түзгіш заттар (спирт, сабын, белок) қосылады. Өзге дисперстік
жүйелер сияқты көпіршіктер де дисперсиялық және конденсациялық үрдістер
(процестер) кезінде химиялық реакцияның не асақанық ерітінді қысымының
төмендеуінен газдардың (СО
2
) түзілуі нәтижесінде пайда болады. Физикалық
ғылыми тәжірибелер жасау кезінде көрінбейтін қарапайым бөлшектердің іздерін
(тректерін) көрнекі көрсету детекторларында қолдау тапқан. Жылу мен дыбысты
өткізбеу қасиеті болғандықтан көпіршік құрылыс материалдарын жасауда, өрт
сөндіру ісінде, сыра, шампан шарабы өндірісінде қолданылады.
КӨПІРШІКТІ КАМЕРА – әсері бөлшектер траекторияларының маңында
аса қызған сұйықтың қайнауына негізделген, жоғары энергиялы зарядталған
бөлшектердің іздерін (тректерін) байқауға арналған аспап. Мұны 1952 жылы аме-
рикан физигі Дональд
Глезер (Глейзер) (1926 – 2013) ойлап тапқан. Көпіршікті
камерада абсолюттік таза резервуарға құйылған кез келген қоспалардан арылтылған
сұйық қайнау температурасынан
жоғары нүктеге дейін қыздырылады,
ал сұйықты тұрақтандыру үшін сыртқы
қысым түсіріледі. Камераға зарядты
бөлшектер түскенде, оның жүріп өткен
жолындағы зарядталған иондармен газ
(бу) көпіршіктері түзіледі. Сұйықты
қайнау температурасынан жоғары
нүктеге дейін қыздыруға болады, бірақ
осы асақызған сұйық тұрақты емес, ол
белгілі бір уақыт (τ) өткенде қайнайтын
болады.
Зарядталған бөлшек асақызған
сұйықтан өткен кезде (Т>Т
к
<Т
өқ
), (Т
өқ
– өздігінен қайнау температурасы)
Сұйық сутектік көпіршікті камерадағы
К
–
-мезондардың протондармен өзараәсер-
лесуі нәтижесінде Σ
+
, К
+
, π
+
, π
–
, К° бөл-
шектердің тууы, бұлар π
+
және π
–
-мезон-
дарға ыдырайды.