АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет128/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   274

Е

15

ЕГІЗДЕР ПАРАДОКСЫ – ЕРІКСІЗ ТЕРБЕЛІСТЕР



296

297


Газ молекуласының еркін жол ұзындығы

фазалар ережесімен: f=k – φ+2, (мұндағы k – компоненттер саны, φ – фазалар 

саны) анықталады.

ЕРКІНДІК  ДӘРЕЖЕСІНІҢ  САНЫ, механикада – механикалық жүйенің 

мүмкін орын ауыстырулары арасындағы тәуелсіз күйлерді анықтайтын параметр 

саны. Еркіндік дәрежесінің саны жүйені құрайтын материалдық нүктелер са-

нына, сондай-ақ жүйеге әсер етуші механикалық байланыстарға тәуелді. Еркін 



материалдық нүкте үшін еркіндік дәрежесінің саны 3-ке тең, еркін қатты дене 

үшін – 6, қозғалмайтын айналу өсі болатын дене үшін 1-ге тең т.б. Кез келген 

голономды жүйе (геометриялық байланысты жүйе) үшін еркіндік дәреже саны 

жүйенің қалпын (орнын) анықтайтын өзара тәуелсіз координат санына (s-ке) тең 

және s=3n – k, (мұндағы n – жүйе нүктелерінің саны, k – геометриялық байла- 

ныстар саны) теңдігімен анықталады. Голономды емес жүйелер үшін еркіндік 

дәреже саны жүйені анықтайтын координаттар санынан геометриялық (инте-

гралданбайтын)  байланысқа  келтірілмейтін  кинематикалық  байланыс  санына  

кем  болады.  Механикалық  жүйенің  қозғалыс  теңдеулерінің  саны  және  тепе- 

теңдік шарттары еркіндік дәрежесінің санына тәуелді болады.



ЕРКІН  ЖОЛ  ҰЗЫНДЫҒЫ  –  микробөлшектердің  (молекулалардың, 

атомдардың, қарапайым бөлшектердің) өзі тәрізді басқа бөлшектермен тізбектес 

екі соқтығысы арасында жүрілген жолының орташа ұзындығы.  Соқтығысулар 

әртүрлі серпімді, серпімсіз, қоздырғыш немесе иондағыш бола алатындықтан 

соқтығысулар аралығындағы еркін жол ұзындығы да сәйкес түрде әлгілерге сәйкес 

аталады. «Еркін жол ұзындығы» ұғымы алғаш рет 



газдардың кинетикалық тео-

риясында пайдаланылды. Егер 1 секунд уақытта газ молекуласы өзіндей молеку-

лалармен ν рет соқтығысса және соқтығысулар аралығында бірқалыпты әрі түзу 

сызықты қозғала отырып орташа υ жол жүретін болса, осы жолдың ұзындығы  l = 

υ/ν = 1/ (



 



), мұндағы n – бірлік көлемдегі (газдың тығыздығы) молекула саны, 

σ –молекулалардың эффектілі қимасы. Қалыпты жағдайдағы кәдімгі газдар моле-

кулалары үшін ~ 10

–5

см, бұл шама молекулалар арасындағы орташа қашықтықтан 



100 есе артық.

Э фф е кт і л і к   қ и ма 

ұғымын  классикалық 

тұрғыдан  қарастырған 

кезде  және  еркін  жол 

ұзындығы  зарядталған 

бөлшектердің  серпімді 

с о қ т ы ғ ы с у л а р ы н а 

қатысты мағынасын жо-



Е

15

ЕГІЗДЕР ПАРАДОКСЫ – ЕРІКСІЗ ТЕРБЕЛІСТЕР



298

299


яды, себебі иондардың (электрондардың) атомдармен (молекулалармен) өзара 

әсерлесуі қашықтан да жүзеге асырылады.



ЕРКІН ТЕРБЕЛІС, меншікті  тербеліс  –  сыртқы әсерлер болмайтын 

кездері бастапқы энергия ықпалымен (потенциалдық немесе кинетикалық, мысалы, 

механикалық жүйелерде бастапқы ығысу немесе бастапқы жылдамдық арқылы) 

жүзеге асырылатын механикалық, электрлік немесе кез келген өзге жүйелердегі 

тербеліс. Еркін тербеліс – әрқашан

 өшетін тербеліс болады. Сызықтық жүйелердегі 

еркін тербеліс суперпозициялық қалыпты тербелістерге жатады.



ЕРКІН ТҮСУ – дененің Жердің тарту күші өрісінде бастапқы жылдамдығы 

нөл болатын (яғни бастапқы жылдамдығы болмайтын кездегі) қозғалысы. Еркін 

түсу тартылыс күшінің әсерінен жүзеге асады. қ. Дененің еркін түсуі.

ЕРКІН ТҮСУ ҮДЕУІ, ауырлық күшінің үдеуі – материалдық нүктенің 

ауырлық күш әсерінен алатын үдеуі. Ауасыз кеңістікте Жер радиусымен қарайлас 

биіктіктен түскен барлық дененің еркін түсу үдеуі бірдей болады. Бұл үдеу ауырлық 

күші тәрізді географиялық ендікке және дененің түсу биіктігіне байланысты өзгеріп 

отырады. Мұндай үдеуді кез келген дененің ауырлық ортасы ауасыз кеңістікте 

онша үлкен емес биіктіктен Жерге еркін түскенде алатын болады. Ауырлық күші 

секілді еркін түсу үдеуі географиялық орынның ендігіне (φ) және оның теңіз 

деңгейінен биіктігіне (Н) тәуелді. Еркін түсу үдеуі жуық шамамен 

g = 978,049 (1+ 0,005288 sin φ – 0, 000006 sin

2

 2φ) – 0, 0003086 Н. 



Еркін түсу үдеуі g = 981,56 см/сек

2

.



ЕРКІН  ЭНЕРГИЯ  –  изохоралық-изотермиялық  термодинамикалық 

потенциалдың  немесе 



Гельмгольц  энергиясының  атауларының  бірі.  Еркін 

энергия (А немесе F) термодинамикалық жүйенің (U



ішкі энергиясымен және 

оның 


энтропиясының (S) температураға (Т) көбейтіндісінің айырымы ретінде 

анықталады: F



 =U – ТS.  Еркін энергияны анықтау кезінде ішкі энергияның мәнінен 

шегерілетін ТS шамасы кейде б а й л а н ы с қ а н  э н е р г и я деп аталады.



ЕРІКСІЗ  АУЫСУ  –  кванттық  жүйенің  резонанстық  жиілікті  сыртқы 

электрмагниттік  сәуле  шығару  (берілген  жүйе  үшін)  әсерінен  жүзеге  асыры-

латын  ауысу.  Электрмагниттік  сәуленің  кванттарды  жұту,  сондай-ақ  оларды 

(еріксіз шығару) шығару арқылы да  еркісіз ауысу жүзеге асырылады. Еріксіз 

сәуле шығарумен өтетін еріксіз ауысудың жиілігі және полярлануы сыртқы сәуле 

шығарудың жиілігі мен полярлануына үйлеседі. 



Еріксіз ауысу кванттық гене-

раторлар мен кванттық күшейткіштердің жұмыстарының негізіне алынған.

ЕРІКСІЗ СӘУЛЕ ШЫҒАРУ, индукциялық сәуле шығару – кванттық 

жүйенің сыртқы (мәжбүрлеуші) сәуле әсерінен электрмагниттік сәуле шығаруы; 

еріксіз сәуле шығару кезінде  шығарылған электрмагниттік толқындардың жиілігі, 



жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау