АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет106/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   274

Д

100

ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ



244

245


F

қ

 өрнегінің мәнін (2) теңдіктегі өз орнына қойылатын болса, F



ω

 = F





– mа немесе 

F

ω

 = m(g–a) өрнегі пайда болады. Егер үдеу (а) төмен қарай бағытталған болса, 

лифт төмен түсе бастаған кезде лифтідегі адамның салмағы кеми бастайды. Егер 

лифт жоғары қарай үдей қозғалатын болса,  а үдеудің таңбасын қарама-қарсы 

өзгерту қажет, сонда лифтідегі адамның салмағы F

ω

 = m(g+a) өрнегімен анықтала- 

тын болады. Лифт төмен қарай еркін түсетін a = g жағдайда адамның салмағы 

F

ω

 = –m(g–a)-ға тең, a = g болғандықтан, (g – a) мүше нөлге тең болады, олай 

болса, лифтідегі адамның салмағы да нөлге тең болмақ. Осы жайт салмақсыздық 

деп аталған.

Ғарыштық  ұшу  кемелеріндегі  және  ғарыштық  стансаларда  пайда  болатын 

салмақсыздық күйдің құпиясы осындай.

Егер де лифт еркін түсу үдеуінен (g) артық үдеумен (х) төмен құлдилайтын 

болса, жағдай күрт өзгеретін болады. Лифтегі адам төбесімен лифтің төбесіне 

қысылатынын болжау оңай. Осы жағдайда адам лифт төбесіне аяғымен тік тұрғаны 

жөн болмақ.

Салмақсыздық күй ұшақтың немесе ғарыштық кеменің еркін түсу үдеуімен 

қозғалысы кезінде жылдамдықтың бағытына және қозғалысының жылдамдығына 

тәуелсіз түрде пайда болады. Жер атмосферасынан тысқары кеңістікте ғарыштық 

кеменің  қозғалтқышының  жұмысы  тоқтатылған  кезде  ғарыштық  кемеге  тек 

бүкіләлемдік тартылыс күші ғана әсер етеді. Осы күштің әсерінен ғарыштық 

кеме және ондағы барлық заттар бірдей үдеумен қозғалатын болады, сондықтан 

ғарыштық кемеде с а л м а қ с ы з д ы қ  күй байқалады.

Егер дене мен тірек жоғары қарай үдемелі қозғалатын болса, дененің салмағы 

оған әсер ететін ауырлық күштен артық болады. Осы жағдайда дене салмағының 



Д

100

ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ



244

245


модулі Р = m(g+а) теңдігіне тең. Сонымен, тірек пен ілгектің үдемелі қозғалысы 

тудыратын  дене  салмағының  артуы  а с қ ы н   с а л ма қ   деп  аталған.  Ғарышкер 

ғарыштық кеме орбитаға ұшып шығар кезде және Жерге қайтып оралар кездегі 

төмен құлдилап қалың атмосфера қабатына енген кезде асқын салмақтың әсеріне 

ұшырайды.

ДЕНСИТОМЕТРИЯ (латынша «денсус – тығыз, қою» + грекше «метрия – 

өлшеймін») – айғақталған фотографиялық қабаттардағы жарықтың жұтылуы мен 

шашырауын өлшеуге арналған әдістер жиынтығы.

ДЕҢГЕЙ – бір нәрсенің биіктігі мен аласалығының аңғартатын шама. Физика 

пәнінде көбінесе энергияға қатысты пайдаланылатын ұғым.



Акцепторлық деңгей – жартылайөткізгіштерде акцепторлық қоспалардың 

болуына байланысты пайда болатын энергия деңгейі.



Донорлық деңгей – жартылайөткізгіштерде донорлық қоспалардың болуына 

байланысты пайда болатын энергия деңгейі.



Дыбыстық қаттылық деңгейі – жиілігі 1000 Гц таза дыбыстық қысымның 

(децибел өлшеміндегі) деңгейі.



Ферми деңгейі – абсолюттік нөл температура маңындағы фермиондардың 

орналасқан ең жоғарғы энергиялық деңгейі. Итальян физигі Энрико 



Фермидің 

(1901 – 1954) құрметіне аталған.



Энергиялар деңгейі – кванттық жүйе энергиясының мүмкін болатын мәндері.

Энергияның айныған деңгейі – кванттық жүйенің айну күйіне сәйкес болатын 

энергия деңгейі.



ДЕҢГЕЙ ТОЛЫМДЫЛЫҒЫ – белгілі бір энергетикалық күйлердегі (берілген 

энергетикалық күй кезіндегі) заттардың бірлік көлеміндегі бөлшектердің саны. 

Қалыпты жағдайлардағы (жылулық тепе-теңдік кезінде) көп энергиялы деңгейлер 

толымдылығында төменде орналасқан деңгейлердің толымдылығы аз болады 

(Больцман үлестірілуі, Бозе – Эйнштейн үлестірілуі, Ферми – Дирак үлестірілуі). 

Заттардың тепе-теңсіз күйлерінде 



кванттық электроника құрылғыларында 

электрмагниттік толқындардың тудырылуының және күшейтілуінің қажетті шар-

ты болып табылатын толымдылық инверсиясының болуы мүмкін. Бөлшектердің 

энергиялар бойынша үлестірілу инверсиясы толтыру арқылы жүзеге асырылады.



ДЕРБЕС РАЗРЯД – газдағы өз әсерін ұстап тұру үшін сыртқы иондауышты 

қажет етпейтін электр разряд. Бұл разряд электродтарда жеткілікті жоғары кер-

неу пайда болған соң басталған разряд өзін демеп ұстап тұруға қажет иондар мен 

электрондарды тудырған соң пайда болады.



ДЕТЕКТИРЛЕУ (латынша «детектио – ашу, табу») – 1) нәтижесінде, әдетте 

өзге тербеліс жиілігі (едәуір төменгі) алынатын электрлік тербелістерді түрлендіру. 




Д

100

ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ



246

247


Тербелістердің қандай параметрлерінің модуляциялануына тәуелді детектирлеу 

а м п л и т у д а л ы қ, ж и і л і к т і к, ф а з а л ы қ, т.б. түрлерге ажыратылады. 

Көпшілік жағдайларда детектирлеу біржақты немесе сызықтық емес өткізгіштік 

(диодтар, транзисторлар т.б.) электрондық аспаптар арқылы жүзеге асырылады; 

2) айнымалы электр тогынан бір бағыттағы толқыма ток шығару.

Электрлік тербелістерді детектирлеуді жүзеге асыратын аспап д е т е к т о р 

деп аталған.

ДЕТЕКТОРЛАР  (латынша  –  ашқыш),  б ө л ш е к т е р д і ң   –   қарапайым 

бөлшектерді  (протондарды,  нейтрондарды,  электрондарды,  мезондарды, 

т.с.с.), 



атомдық  ядроларды  (дейтрондарды,  α-бөлшектерді,  т.б.),  сондай-ақ 

рентгендік және γ-кванттарды тіркеуге арналған аспаптар мен құрылғылар. 

Бұлар элект рондық  (детектор аумағына бөлшектер немесе кванттар енгенде 

электрлік импульс тудыратын) және т ректік  детекторларға (тек бөлшектердің 

детектор аумағынан өту сәтімен қатар оларды тіркеумен және олардың іздерін – 

тректерін) көрсететін детекторларға ажыратылған. Бұлардың жұмыс істеу принципі 

зарядты бөлшектердің қарастырылатын ортаның атомдарымен әсерлесуіне 

негізделген. Зарядты бөлшектердің кинетикалық энергиясы атомдарды иондауға 

немесе қоздыруға және Черенковтық сәуле шығаруға жұмсалады. Сондықтан 

заттарда пайда болған иондар мен фотондардың санына қарай осы зат арқылы 

өткен зарядты бөлшектің табиғаты мен энергиясын анықтауға болады. Детекторлар 

арқылы бейтарап бөлшектер де (олардың ортамен 

әсерлесуінен туған зарядты бөлшектер бойынша) 

зерттеледі.  Бірлік  уақыт  ішінде  есепке  алына-

тын бөлшектердің ең көп саны детектордың 

а ж ы р ату   м ү м к і н д і г і   деп  аталады.  Детек-

торлар жұмыс істеу принципі бойынша 4 топқа 

жіктелген.

Иондауыш  детекторлар  электрондық  де-

текторлар қатарына жатады. Бұлардың әсерлері 

тіркелетін бөлшектердің атомдары мен молеку-

лаларын иондауға негізделген. Егер бөлшектің 

электр заряды болмаса (нейтрондар, γ-кванттар), 

онда иондауды екінші реттік зарядты бөлшектердің 

тебіліс протондары, электрондары және позитрон-

дары тудырады. 1908 жылы ағылшын физигі Эр-

нест 

Резерфорд (1871 – 1937) қолданған алғашқы 

Телескоптық  санауышты  құрай- 

тын  бөлшектер  траекториялары- 

на  көлденең  орналастырылған  им- 

пульстік  екі  детектор  арқылы 

шапшаң бөлшектердің өтуі.



жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау